Ағашты қашап-кесуден тәжірибе жүмысы

14 декабря, 2017 20:13

Практикалық жұмыс істеу үшін әрқашанда шеберхана, оның ішінде ағаш, темірге арналған, не басқа шикізаттармен жұмыс істейтін арнаулы орын болуы керек. Жұмысқа кіріспес бұрын сол орын- дарды керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, дайындап алындар.
Ертеректе халық шеберлері, көп орын талғамай жаз айларында далада, көлеңкелі жерде, қыста қоралардың, тамдардың ішінде жұмыс істеген. Ол уақыттарда бүгінгі күндегідей жақсы қамтама- сыз етілген шеберханалар болмаған, өр шебер өзінше, өзінің әл- ауқатына байланысты орын тауып жұмыс істеген.

Қазіргідей, арна- улы механикаландырылған станок, сөрелер не басқа құрал-сайман- дар болмаған. Соған қарай, әлдері келгенше тырысып, қазір халық арасында кеңінен тараған дәстүрлі құрал-саймандарын ыңғайына қарай өз беттерінше қолдан жасаған.

Уық, кереге жасауға арнап “тез”, теріні жұмсартып созуға арналған “талқы”, темірді қызды- рып созып не балқытуға арнап “көрікті” ойлап тапқан. Үрпақтан- ұрпаққа өтіп өз қасиеттерін біздің дәуірімізде де жоймай, өз орын- дарын тауып, жаңа заманның құрал-саймандарынан қалыспай келе жатқан ұлттық дәстүрлі құрал-саймандар да баршылық.

Оларға балта, балға, шапашот, аталғы-шот, имек, тік, ойыс жүзді қашау- лар, үскі пышақ, тістеуік, бұрғы, ара, біз, егеудің түрлері жатады.

0

Автор публикации

не в сети 3 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля