1 апреля, 2019 20:26
Киікті қазақ киелі жануар деп есептейді. Ел арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Киіктің қаншалықты киелі екендігін кім білсін, бірақ өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық. Ақбөкендердің басына қаншама зобалаң заман туғанмен, миллиондаған жылдар бойы тұқымын сақтап қала алды. Осының өзі ақбөкендердің өмірге өте бейімділігін, өсімталдығын аңғартады. Егер ақбөкендердің басқа түз тағыларынан ерекшеліктері болмаса, ежелгі мамонттармен бірге құрып кетер еді. Ақбөкендердің табындары жүздеген, мыңдаған бастан тұрады. Әдетте табынды текелері емес, ұрғашы киік бастап жүреді. Текелері күйек науқаны біткеннен кейін табынға көп қосыла бермейді, әсіресе киіктер бұзаулайтын кезде олар жеке жиналып, бөлек табынмен жүреді. Ақбөкендер күйекке түсер алдында, қазан, қараша айларына қарай қоң жинап, жұмырланады. Бұл кезде текелердің кеңсірігі дөңестеніп, әукесі салбырап, сақалы төмен түседі. Ұрықтандыруға көп уақыт жұмсалмайды, әрбір теке бір-екі күннің ішінде 40-50 киікке дейін шабады. Соңғы кездерде ақбөкенді мүйізін алу үшін браконьерлер көп қырып жіберді де, текелердің саны күрт азайды. Ұрғашы киіктердің саны текелерден бірнеше есе басым болғандықтан, күйек кезінде кейбір шамасына қарамайтын, тәжірибесіз жас текелер әлсіреп, зорығып өледі немесе түлкі, қарсақ сияқты кішігірім жыртқыштарға жем болады. Күйек біткеннен кейін, ауа райы қатты суытып кетпей, жайылымға қолайлы болып тұрса, қаңтардың аяғы, ақпанның басына қарай қайта қоң жинап, әлденіп алады.
Ұрғашы киіктер текелерге қарағанда майды көп жинай алмайды. Күйек кезінде орташа ғана семіреді де, төлдер алдында 4,5 келідей іш май жинайды. Бірақ лақтарын емізген кезде тез арықтайды. Киіктер мамыр айының 10-15 аралығында жаппай төлдей бастайды, осы кезде ауа райы бұзылып, міндетті түрде жауын-шашын болады. Қазақтар оны «құралайдың суығы» деп атаған. Киік әдетте төлді егізден әкеледі. Алдын ала шыбын-шіркей болмайтын, үнемі жел есіп тұратын беткейді таңдап алып, лақтарын түрегеп тұрып туады. Құралайдың енесі басқа жануарлар сияқты лағының шаранасын жалап аршымайды, шарана жауынның суымен шайылып кетеді немесе жел қағып, кеуіп барып түседі. Жаңа туған лақтар жарты сағаттан кейін енесін еміп, екі-үш сағаттан соң аяқтанып кетеді, ал туғанына екі күн болған құралайды машинамен қуып жете алмайсыз.
Енесі алғашқы сағаттарда лақтарын емізген соң, біршама қашықтыққа ұзап, алыстан бақылап жүреді. Егер жыртқыштар пайда болып, қауіп төне қалса, лақтарының маңынан аулаққа қашып, ол жерден алып кетуге тырысады. Табиғаттың барлық заңдылықтарын іште жатып үйренген құралайлар енесі қасында жоқ кезде ешқандай тіршілік нышанын сездірмей, жыбырламай жатады. Лақтардың қоңыр бұйра терісі топырақтың түсімен бірдей болып көрінеді, екі-үш метр жерден қарасаңыз, жатқан бір төмпешіктер екен деп қаласыз. Мыңдаған жылдар бойы дала жыртқыштарынан, адамдардан қашып жүріп, жан сақтауға әбден бейімделген киіктердің тағы бір ерекшелігі – ешқашан жетім қалған лақтарын далаға тастамайды. Далада келе жатқан кез келген киік жолынан маңырап шыққан құралайды кездестіре қалса, жанына барып емізіп, өзімен ертіп кетеді. Киіктің лағы екі-үш күннің ішінде отығып кетеді. Алғашында ол көзіне түскен шөпті қармайды, бір аптадан соң ғана шөптің дәмін алып, таңдап жеуге көшеді. Жас туған киіктер лақтарын он-он бес күндей суат басына апармайды, оларды алысқа тастап, тек өздері ғана келеді. Бұл уақытта құралай тек енесінің сүтін ішеді, бір-бір жарым аптадан соң табынмен суатқа келіп, алғаш судың дәмін татады.
Көктем шыға, солтүстікке қарай жылжитын қалың табын жылдың бұл мезгілінде суаттарды көп іздей бермейді. Олар жаңа өнген шөптің нәрімен, таңғы түскен шықпен сусындайды. Жауынды күндері апталап су ішпей жүре береді. Киіктер Аралдың, Балқаштың тұзды суларын іше береді. Қыстың қарсыз күндері мұз жалап, шөлін қандырады. Әдетте табынды суат басына ұрғашы киік бастап келеді. Алдымен жан-жағына осқырана қарап, біраз уақыт айналаны бақылайды. Қалғандары «команда» болмай суға беттемейді, алдымен бастап келген киік су ішеді, содан кейін қалғандары азан-қазан маңырап келіп, суға бас қояды. Текелері суатқа ең соңынан келеді. Ақбөкен 1 минутта суды 12 рет жұтады екен және суды ұзақ сораптап ішпейді, 1,5-3 минуттың ішінде шөлін қандырады да, келген даласына қайта зымырайды. Бетпақдаладағы ақбөкендер өсімдіктің 81 түрімен қоректенеді. Олар әр түрлі шөптерді жылдың мезгіліне қарай таңдап жейді. Көктемгі айларда киіктер ақселеу мен құрақты қорек етеді. Жаз айларындағы аптаптарда жапырақты шөптер қурап кетеді де, жануарлар жусан, қырықбуын, шиді оттайды. Қыс кездерінде киіктер қарын жел үрлеп кеткен жоталардың жонынан азық тауып жейді. Ауыл маңайындағы маялап үйілген құрғақ шөпті олар жей алмайды, өйткені танаулары кедергі жасайды. Киіктер шөпті жерден жұлып жеуге ғана дағдыланған, сондықтан елді мекендерге жақындап баратын болса, тек қар астындағы күздік бидайды тебіндеп азықтану үшін барады. Зоолог мамандардың айтуынша, киіктердің басқа жануарларға ұқсамайтын тағы да бір ерекше қасиеті бар екен. Ұрғашы киіктер дүниеге әкелетін лақтарының еркек немесе ұрғашы болып тууын өздері реттейтін көрінеді. Егер араларында текелері азайып, ұрықтандырып үлгермей жатса, сол жылы табында кілең еркек лақтар қоздайды. Киіктер осылайша өз өсімін өздері бақылап отырады екен. Ақбөкендердің табыны жыл сайын лақтармен толықтырылып отырады. Осы кезде туған шібіштер (ұрғашы лақ) алты айдан кейін күйлеп, текеге шыға береді. Енді алты айдан кейін бұл шібіштер табынға қос-қостан лақ әкеледі. Ал еркек лақтардың жөні басқа, олар жетіліп, текелік жасау үшін 19 ай уақыт керек, өзімен бірге туған шібіштер бір рет лақтағаннан кейін, келесі жылдың күйегіне ғана араласады. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған ақбөкендердің қаңқаларына қарағанда, бұлар ертеректе Ұлыбритания аралынан бастап Аляскаға дейінгі кеңістікте өмір сүрген. Қазақстан аумағында Павлодар облысындағы Ямышево мен Подпуск ауылдарында, Семей қаласының түбінен, Нұра өзенінің бойынан, Жамбыл облысындағы Қараүңгір мен Үшбас үңгірлерінен ежелгі және орта антропогеннен қалған киіктердің сүйектері табылған. Тамғалы жартасындағы киіктің суреттері біздің эрамызға дейінгі VІІ-V ғасырларда қашалып салынған екен. ХІV-XVІ ғасырлардан бері ауыздан-ауызға тарап келе жатқан халық эпостарында қазақ жеріндегі сансыз көп ақбөкендер туралы айтылады. Көптеген елді мекендердің «Киік» деп аталуы да бекер болмаса керек. Осындай фактілерге сүйенсек, ертеректе Еуропа мен Азия құрлығын тұтастай мекендеген киіктер қазір тек қазақ даласында ғана қалыпты. Қазіргі сақталған киіктердің үш тобы бар. Олардың ең ірісі және сан жағынан басымы – Бетпақдала-Арыс тобы. Бұл ақбөкендердің мекені – Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл облыстарының елсіз жазықтары. Киіктердің селдіреген табындарын қалмақ даласынан көруге болады. Жайылым жердің аздығынан олардың басы көбейе қойған жоқ. Аздаған ақбөкен моңғол жерін мекендейді. Қазір олардың тұқымы құрып бітті деуге болады. 1978 жылғы Соколовтың жазғандарына қарағанда, сол кезде Шаргиин-Гоби мен Хойсыл-Гоби шөлдерінде 300 ғана бас киік қалған екен. Қалмақтың да, моңғолдың да киіктері Бетпақдаланың ақбөкендерінен аласа, кішірек болып келеді және бұл топтар өзара араласқа түскен емес. XІX ғасырдың аяғында XX ғасырдың басында Қырым, Таврия, Казказ өңіріндегі киіктердің өрісі тарылып, жойыла бастаған. «Қазақстанда 20-жылдардың басында ақбөкендердің саны күрт түсіп кетті. 1917-18-жылғы қыстың жұты түз тағысының жүздеген мың басын шығынға ұшыратты. Сол кездегі жергілікті үкіметтің шешімімен, 1919 жылдан бастап Сарыарқада киік аулауға қатаң тыйым салынды. Бірақ одан көп өзгеріс бола қоймады, 1927-28-жылы болған жұттан кейін ақбөкендерге жер бетінен мүлде жойылып кету қаупі төнді», – деп жазады 1955 жылы зоолог Слудский. 1930-32-жылдардағы жүргізілген ұжымдастыру науқаны, даладағы киіктердің жауы ит-құс, шыбын-шіркей, соналардың азаюы ақбөкендердің өсуіне өте қолайлы жағдай туғызды. Далаларда жайылған халықтың малын ұжымдарға жинап, халық отырықшылық өмірге бейімделген тұста ақбөкендердің өрісі кеңіп, санын көбейтуге мүмкіндік алды. Сол жылдары ауа райы да жылынып, қысы жұмсақ болды. Табындары көбейген ақбөкендер 1941-45-жылғы Ұлы Отан соғысы кезінде еркін өмір сүрді. Бұл Қазақстандағы ақбөкендердің ең көбейген кезі болды. Содан бергі уақытта дала еркесі – ақбөкен адамдардың жауыздығынан бірнеше рет жаппай қырғынға ұшырады. Сарыарқада қазіргі жүрген ақбөкендер саны – 47-48 мың ғана. Ал осыдан жиырма жыл бұрын түзде жосыған киіктердің саны 1 миллион 400 мың болған екен. Үкiмет ақбөкендердi 2006 жылы «Қызыл кiтапқа» ендiрдi. Және сол жылы жан-жануарларды қорғау мақсатында бюджеттен 200 миллион қаржы бөлдi. Ал үстiмiздегi жылы бұл қаржыны 270 миллионға жеткiзiп отыр. Әрине бұл игi шаралар қолға кеш алынып отыр. Дегенмен «Ештен кеш жақсы» деген емес пе? Өсiмтал жануар күтiмi көп, қорғауы жақсы болса, санаулы жылдардан соң саны қайта көбейiп, әлi-ақ даламыздың сәнiн келтiрер.
Қазақстанда 70 -жылдардың соңында 1, 8 млн. бас ақбөкен болғаны бүгінде біреулерге сенгісіз көрінуі мүмкін. Теңіз көлінен Бетпақдалаға дейінгі шетсіз-шексіз өлке аралығында еркін жайылған киіктің сол кездегі көптігі сонша, жолдар бойынан да, елді мекендер маңынан да аз кездеспейтін. Оның қазақстандық мөлшері әлемдегі осы жануардың 70 пайызын құрайтын еді. Одан кейін жылына 20-40 пайыз қысқарып, қазір тіпті 50 мыңға жетер-жетпес болып отыр.
Оның бұлайша жойылып кетуіне кезінде мүйізін кесіп алып, сату дүрмегінің дүмпуі әсер еткені белгілі. Он жылда олардың саны тағы да 21 мыңға құлдырап, жер бетінен мүлдем ғайып болудың аз-ақ алдында қалды.
Бір ғажабы, киіктің жаппай қырылуына басқаларды былай қойғанда “Охотсоюзпром” дейтін ресми мекеменің үлесі де аз болмаған. Мәселен, 1991- 1999 жылдарда аталған мекеменің (арнайы квота бойынша аулау доғарылғанға шейін) 397 мың ақбөкенді атқандығы мәлім. Дегенмен, бұл дерек нақты болмауы да мүмкін. Өйткені сол шақта дұрыс бақылау, анық есеп жүргізілген жоқ. Демек “мүйіз тапсырудың” қызған шағында заңды аңшылардың өз бас пайдалары үшін есесін жібермегендері анық.
Арнайы мәліметке сүйенсек, Бетпақдаладағы ақбөкендер популяциясы жасырын аулау жаппай етек алғандықтан құрып бітуге шақ қалған. Бұдан үш-төрт жыл бұрын “Киік ІІ”, “Киік ІІІ” ғылыми жобасының негізінде жүргізілген зерттеулер осыны айқын байқатты. Жезқазған аймағындағы 12 елді мекенде (бұлар кезінде киіктердің миграциялық жолы болған жерлер ретінде таңдап алынды) болғанымызда бірнеше мотоциклді браконьерлік топтың бар екені анықталды. 15-25 адамнан топталып, киік аулаған олардың әрқайсысы әр күн сайын 5-7 текені атып алып жүрген.
Осы орайда, ата-бабаларымыздың аң аулауда жөн-жосықсыз жайратып салуға жол бермегендігі еске түседі. Ежелгі аңшылар түз тағыларын шектен тыс азайтып алмау үшін ұтарлап қуу әдісін қолданған. Ол бойынша мінілген атқа бір-бір жүйрік қосақтаған төрт-бес адам жазық далаға шыққан соң, араларына 15-20 шақырымнан ашық дәліз қалдырып, шеңбер құра қоршайды. Сосын таң алакеуімде бірінші аңшы екіншісіне, екіншісі үшіншісіне қарай киіктерді жосылта қуатын болған. Жүйрік жануарларға ілесе алмай ат болдырғанда қосақтағысына ауысқан олар киік қашан шаршап жығылғанша қуған. Қашып құтылуға шамасы жетпеген ақбөкендер әбден қалжырағанда амалсыздан жантая кетеді екен. Сонда аңшылар асықпай қарап, тек еті қоңдыларын ғана іріктеп әкетіп отырған. Ал екі-үш сағаттан соң күш жинап, орындарынан тұрған киіктер әдеттегіше жайылып жүре берген.
Айта кету керек, бүгінде ақбөкендердің мүлдем жойылып кетпеуіне үміт бар. Мемлекеттік және үкіметтік емес, сонымен бірге халықаралық ұйымдардың бірлескен бірқатар іс-шаралары арқасында былтыр киік саны 49 мыңға жетті. Бір кездегі 2 миллионнан бар қалғаны осы ғана. Алайда, бұл көрсеткіш олардың сақталуына толық сенім туғызды алмайды. Неге десеңіз, ауа райының қолайсыз жағдайында түгел қырылып қалуы да кәдік. Сондықтан даланың ғасырлар бойғы еркін еркесін қайта көбейту маңызды шараға айналуы керек. Егер шұғыл амал-әрекет қолданылмаса, оны сақтау үшін генетикалық клондауға мәжбүр болуымыз мүмкін. Жағдаяттың осындай екені халықаралық табиғатты қорғау одағының Бангкокта өткен үшінші конгресінде де талқыланды.
Өкінішке қарай, киіктің экологиялық қызметін көпшілік біле бермейді. Экожүйедегі ірі жануар ретінде қорек тізбегіндегі немесе энергия айналымындағы алғашқы реттік консумент болып табылуы (өсімдікті жеп, энергиясын бірінші алатын жануар) энергия айналымына, әсіресе, азот айналымына пайдалы әсер етіп, детритофагтардың дамуына қолайлы жағдай туғызады.
Ол – қазақ даласының байырғы сәні әрі айрықша жарасымды тіршілік иесі. Халқымыздың небір ғибратты аңыз-әңгімелері, ақындардың өлең-жырлары ақбөкен сұлулығымен, киелігімен сабақтастырылатындығы аян. Заманында Қара теңізге дейінгі байтақ өлкені кезген киіктің бағзыдан төл өрбітетін мекені – Орталық Қазақстан аймағы. Қыс түсе Бетпақдаланы, Арысқұмды, Қарақұмды, Үстіртті паналап, жаз шыға Арқа төсін толтырып, көсіле жайылуы күні кеше-тін. Енді көзден бұл-бұл ұшқалы тұрғанда, соңғы тұяқтарын сақтап қалуға барынша әрекет ету керек. Өкінішке қарай, облыста бұл мәселеге назар аудару әзірге көңіл көншітерліктей еместігін айтпасқа болмайды.
Ақбөкеннің қандай болатынын әуелі көз алдымызға елестетуіміз керек… Қыс мезгілінде суретке түсірілген киіктің бейнесі бөтен ғаламшарлық Альф фильмін еске түсіреді. Тура сол сияқты созылыңқы тұмсығы бар. Сонымен қатар, ол дем алған кезде сахараның шаңынан тазартады, суықта ауаны жылы етіп шығарады. Браконьерлердің басты мақсаты — жануарлардың өзгеше әдемі екі мүйізі үшін олардың басын құрбан етеді. Мүйізден қытай емшілері еркектің күшін жақсартатын дәрілер жасайды. Ақбөкендер түлеуден кейін қыс мезгіліндегісіне мүлдем ұқсамай кетеді, олар өзгеше әдемі және арықтау сияқты болып, ашық қоңыр түске боялады.
Нағыз сахара киігі!
Ақбөкенді табу оңай шаруа емес. Сахараға тасталынған құрал-аспаптар (комбайн, трактор бөлшектері) немесе жай ғана темір қалдықтары да біз үшін жүгіріп жүрген аңның дыбысын елестетеді.
Бірақ көп уақыт өтпей-ақ біз ақбөкендер үйірін байқадық және олардың артына түстік. Екі жүкті ұрғашы ақбөкен бір жаққа, еркек ақбөкен басқа жаққа қаша жөнелді. Жұптұяқтылар бастарын жерге ие, сағатына 80 км жылдамдықат жүрігеді. Ақбөкендер біздің уазиктерміздің маңайынан алыстап кеткенге дейін біз фотоапараттың шүріппесін бірнеше рет басып қана үлгердік. Бақылауды әрі қарай жалғастыруға шешім қабылдай алмадық. Мұндай ұзаққа созылған қуғындау аңдардың өліміне себеп болады: бұл олардың артқы аяқтарының жұмыс істемей қалуы немесе қан құйылуына әкеліс соғуы мүмкін. Атап айтқанда, барконьерлер ақбөкендерді осылай қуу тәсілдерін пайдаланады.
Кешке біз шаршап, шалдығып базамызға оралдық. “Жетістіктермен” бөлісе отырып: кей біреулерінің жолы болғандығын айтады, олар тек ақбөкендер үйірін тауып қана қоймай, сонымен қатар дүниеге келген ақбөкен баласын да көру мүмкіндігіне ие болдық. Оларды өз қолымызбен ұстап та көрдік. Келесі күні олардың сәтті “соқпағымен” жүріп отырдық. Міне, кейде жоғарыда байқалатын ақбөкен көкжиектерден жүгіріп бара жатады. Бұлар үнді күрескері Чингачгукка ұқсайды деп түсіндірді инспектор және із кесуіші Мұрат, бұл дегеніміз олардың жақын маңайда балалары бар. Шынында да, көп уақыт өтпей біз жаңа туылған құрсақты таптық, ол бұл жерде ақбөкендер ұрпағының жалғасы деп аталады. Жыртқыштарға олжа болуына жол бермеу үшін оның денесі жердің түсімен бірдей түске енген. Тек моншақтай көздероі ғана оны көрсетеді. Оның туғанына бірнеше сағат қана болған, бірақ ол бізді көре салып қаша жөнелмек болды. Кейіннен біз ақбөкеннің екі лағын кездестердік. Негізінен ақбөкендер екі лақтан туады, сирект үштен де кездеседі. Олар бір бірімен қатарласып жатыр, барқыт іспеттес жүндері әлі де ке еб қоймаған, нәзік аяқтары үзуліп кетердей, бірақ біз суретке түсіре бастағанда жаңа туған төлдің бірі пысықтығын көрсетті, ол секіріп тұрып, қаша жөнелмек болды. Біз ақбөкеннің лақтарын тапқан жерімізде қалдырып кеттік. Олардың енесі міндетіт түрде келеді. Бірақ аспанда бүркіттер қалықтап жүрді, бұл бізді біраз ойландырып қойды. Бірнеше сағат өткеннен кейін ақбөкеннің төлдері ереске жануарлардың қатарына қосылады, әзірге олар қорғаусыз. Инспектор қалай ақбөкеннің лағын тапқандары туралы әңгімелеп берді. Лақтың жанында бүркіт болған. Оны үркіту үшін аспанға мылтық та аттық дейді, бірақ бәрі пайдасыз болды. Сондан кейін ақбөкеннің лағын алып қауіпсіз жерге апарып қойдық.
Кері қайтқан жолда ақбөкендер үйірін кездестірдік. Олар біздің машинаның оң жағында болды Инспектор юізге:- Оларға назар аудармаңдар деді. Біз бәріміз басымызды екініші жаққа қарай бұрдық. Әрине ақбөкендер машиналамен қатарласып жүрмеді, бірақ олар алысқа да ұзап кетпеді. Мүмкін инспектор бізге қалжыңдаған да шығар.
Ақбөкен құрып кету шегінде бірінші рет емес
1869 жылы алғаш рет ақбөкендер басын санаққа алу жүргізілді. Сол кездердің өзінде Қытайға 5 эжыл ішінде 324 мың жұп мүйіз сатылды және 1 млн. сом ақшалай табыс табылды. Бұл сол кездегі уаұқытпен салыстырғанда керемен көп ақша! Бірақ мүйіз сатумен артығымен айналысып кетсе керек. Революция алдында қазіргі кездегідей жағдай болды, ақбөкендер популяциясы азайып кетті. 1919 жылы Үкімет бұл жануарларды атуға тыйым салды. Бұл ел үшін қиыншылыққа толы жылдармен қатар келді. Ақбөкендерді атуға тыйым салу 50-ші жылдары ақбөкендердің санының миллионнна асып кетуіне әкеліп соқты. Үкімет аңшылық кәсібіне рұқсат берді. 70-шы жылдары ақбөкендердің саны шамамен 700 мың болған. Жезқазған қаласының мейрамханаарында ақбөкен етінен жасалған кәуәптар мен басқа да тағамдар еркін сатылды.
Содан кейін ақбөкендер басы тез азая бастады. ОХОТЗООПРОМ Жезқазған бөлімінің инспекторы Владимир Щербинскийдің айтуы бойынша, ақбөке жойылып кету қаупіне үш себептермен душар болды: бірінді – 1993 жылдың суық қысы. Сол жылы ақбөкендердің көбісі Қарақалпақстанға ауып кетті, онда оларды көптеп атты, көбі Сырдария өзеніне ағып кетті. Сол қиын жылдары ақбөкендер адамдардың қораларына дейін кірді. Бұл бірінші күшті залал болды. Екіншісі, 1995 жылы қандай да бір ғарышқыт апат болды. Қазірге дейін ештеңе анық емес, бірақ қандай да бір зиянды затты лақтырысынды немесе ракета ұшыру немесе қону барысы киәктердің жаппай қырылуына әкеліп соқты.
Жер тірі ақбөкендер жатты, бірақ оның көзінің қарашығы жоқ болып кеткен,- деп есіне алады Владимир Семенович. – Оларды 200 мыңдап көмдік.
Үшінші соққыны мемлекет жасады — ол мүйізді сатуға рұқсат берді. Бұл ең жаман соққы болды. Браконьерлер жауанралардың терісін де сыпырмады, тек мүйізін ғана кесіп ала берді, бүкіл дала ақбөкендердің өлігіне толып кетті. Қымбат дегенде мүйіздер Қытайға бейне магнитофондарға айырбасталды, ал арзаны қытайдың кроссовкасына немесе кеспесіне де айырбасталып кеті. Екі жыл бұрын 700 мың ақбөкендердің 20 мыңы ғана қалды. Жүз ұрғашы ақбөкенге бір еркек ақбөкеннен келді. Сол кезде ғана мемлекет ойланды. 1999 жы осы бір керемет аша тұяқтыны атуға тыйым салынды. ОХОТЗООПРОМ-ға жануарларды браконьерлерден қорағу тапсырылды. 36 иснпектор ақбөкеннің Бетпақдала популяциясын қорғайды. «Seimar Social Fund» қайырымдылық қоры «SOS-ақбөкен» экологиялық акциясы шегінде инспекторларды адалаға арналған озық көліктер – уазиктермен, кунгалармен, радиостанциялармен, спутниктік байланыстармен қамтамасыз етті.
Бірақ, өкінішке орай, ақбөкенді әрқашан қорғау мүмкін емес жерлер де бар. Суық кездері бұл жаунарлар Қарақалпақстанға, Өзбекстанға және Түркменстанға ауады. Мұндай саяхаттан кейін қазақстанға бірнеше мыңдаған ақбөкендер қайтпай қалады – бұл елдерде ақбөкендерді қорғау бойынша арнайы бағдарлама жоқ.
Ақбөкендердің жойылып кету трагдегиясымен адам тағдырлары да байланысты. ҚР АШМ «ПО ОХОТЗООПРОМ» РМҚК жаунарлар және өсімдік әлемін қорғау бөілімінің бастығы Вадим Ча, жақында қолға түскен браконьерлердің бірінің өз өмірін қиғанын айтып өтті. Ол юіраз жылға сотталып кетуі мүмкін еді. Қызыл Орда обылысында қайғылы оқиға болды – контрабандистерді қуалау кезінде инспектор кездейсоқ браконьерлердің бірін атып жіберді.