БАРЫС СЕПТІК

24 марта, 2018 22:49

Барыс септіктің зат есімге жалганатын жалгаулары -ға,-ге-қа,-ке,-а,-е,-на,-не. Мысалы, ауылга, үйге, университетке т.б. Бұл септіктің грамматикалық магыналары өте көп. Оқулықтарда көрсетіліп жүрген мынадай мағыналары бар:

  • барыс септіктегі сөз істің, қимылдың, іс-эрекеттің барып тірелер жерін,

аяқталар шегін көрсетеді. Мысалы, Әкем қырық бірінші жылы майданға кеткенде сіздің жасыңыз 20 да екен      (Н. Ғабдуллин).

  • қимылдың, іс-әрекеттің кімге, неге бағытталғанын білдіреді. Мысалы, Ол

жолаушыға терезеден үңіліп қарады                       (Н.Ғабдуллин).

  • іс-эрекеттің, қимылдың мақсатын, не үшін істелетінін білдіреді. Мысалы, Әділбек эскери борышын өтегеннен кейін оқуга кетті.
  • барыс жалгаулы сөз өзі жалғанатын сөзінің семантикасына қарай кейде мөлшер, мезгіл мағынасында да қолданылады. Мысалы, Солардың арқасында екі арага, енді міне жол түсті, мың жылға созылатын құдалар жолы (Н. Ғабдуллин).

Барыс септігі қосымшасының жасырын түрде қолданылуы тілде өте сирек кездеседі. Мысалы, Астана барды.Сонау бір жылы келдің… Құлжа бардың. Сауда максатымен Жаркент, Құлжа барған (С. Бақбергенов).

Сондай-ақ С.Исаев «қазіргі тіліміздегі ер жету, бой жету тұрақты тіркестерді тарихи жағынан ерге жету, бойға жету түрлерінен, алдыңғы сөз барыс септікті тұлғадагы үлгіден қалыптасқан,н-дей келіп, қазақтың эр кездегі жазба нұсқалары тілінде бұл тіркестердің ерге жету, бойға жету түрінде кездесетіндігін, сонымен бірге жету етістігінің әдетте барыс септік тұлғадағы сөзді меңгеретіндігі (мемлекетке жету, мұратына жету, арманына жету, жасына жету т.б.) арқылы дәлелдеген (21,88).

Барыс септігіндегі сөздер сөйлемде толықтауыш, пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы, Ол не істерін білмей Аронға қарады (X. Есенжанов). Альпинистер туды таудың төбесіне тікті.

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля