БОЛЫМСЫЗДЫҚ (БОЛЫМДЫ-БОЛЫМСЫЗДЫҚ) КАТЕГОРИЯСЫ

22 апреля, 2018 9:49

 

Етістік түбір күйінде де, эр түрлі грамматикалық (лексика- грамматикалык) тұлгаларында да кимылдың, іс-эрекеттің, амал-процестің болуын (болғанын, болып жатқанын, болатынын, болу сипатының әр түрлі реңін) білдіреді. Сонымен бірге қимылдың, іс-эрекеттің болуы да өмірде болатын кұбылыс. Міне, кимыл, іс-әрекеттің, яғни етістік білдіретін мағынаның іске аспауы, болмауы арнайы грамматикалық амал-тәсілдер арқылы беріледі. Сөйтіп, етістік білдіретін кимыл, іс-әрекеттің карама-кайшы мэні, ол мағынаның болмауы етістік түбірлеріне (негізгі, туынды, күрделі), етістіктің лексика-грамматикалык категориялары (етіс, күшейтпелі етіс) тұлғаларына — ма, -ме, -ба, -бе, -на, -не косымшасы косылу аркылы жасалады да, тек етістіктің болымсыздык түрін жасап коймайды, болымдылық мәнге қарама- кайшы етістіктің болымсыздык (болымды-болымсыздык) категориясын да жасайды.

Болымсыздык категориясының бірден-бір тұлғалык көрсеткіші -ма, — ме, -ба, -бе, -па, -пе болымсыздык тұлгасы. Әрине, етістіктің болымсыздык мэнін беретін баска да аналитикалык жолдары бар. Атап айтканда, есімшенің — ған, -ген, -кан, -кен тұлгасы етістікке жок модаль сөзі, есімшенің -ган, -ген, — қан, -кен, -атын, -етін, -йтын, -йтін, -ар, -ер, -р, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, — пек тұлғалы негізгі етістіктерге емес (кейде емен) көмекші етістігі тіркесіп жасалады. Бірак бұлар болымсыздык категориясына жатпайды, оның грамматикалык сипаты (түбірмен 2-жак бұйрык рай тұлғасымен сәйкес келуі, тікелей жіктеле алмауы, етістіктің таза грамматикалық тұлгаларына негіз болуы) сәйкес емес. Болымсыздык категориясы етістіктің лексика- грамматикалык категориясы болып табылады. Себебі, біріншіден, бұл категорияның косымшасы етістік түбірге жалғанғанда, түбір семантикасына аздап болса да эсер етіп, өзгеріс енгізеді, яғни түбір беретін мағынаның болмайтынын білдіреді, екіншіден, етіс категориясы сияқты түбірдің грамматикалык сипатын сактап калады: 1) бұйрык райдың 2-жак жекеше анайы тұлғасымен сәйкес келіп, онымен омоформа жасайды; 2) тікелей жіктелмейді;

  • сол күйінде колданылмайды, етістіктің таза грамматикалык категорияларын жасауға негіз болады; рай, шак, (есімше, көсемше жэне тұйық етістік тұлгалары тек болымсыз етістік) тұлғасының үстіне гана жалғана алады, керісінше болмайды. Сондыктан Т.Маманов «болымсыздық қосымшалар -ма, -ме, -ба, — бе, -па, -пе негізгі етістіктер (етістік түбірлер мен модификациялы етістіктер), яғни етістіктің лексика-грамматикалык категориясы (И.С.) мен функциялык етістіктердің, яғни етістіктің таза грамматикалық категорияларының (И.С.) шекарасын көрсетіп тұратын белгі ретінде жұмсалады», — деп көрсетеді (М.Т. — ҚҚТ, 9-10).

Күрделі етістікте болымсыз форма бірде негізгі етістікке жалганса, бірде көмекші етістікке жалганады: айт-па-й жүр, сөй-ле-ме-й қалды, бер-ме- п еді жэне айтып жүр-ме, сойлеп қой-ма, беріп жібер-ме т.б. Әрине, бұлар қимыл, іс-әрекеттің болымсыздык мэнін білдірумен бірге негізгі немесе көмекші етістікке жалғануда белгілі стильдік мән беріледі, стильдік жүк аткарады, егер болымсыздык форма екі етістікке (эрі негізгі, эрі көмекші) де жалғанса, онда ол болымдылык мэн білдіреді, онда ол әдеттегі болымдылықтан өзгеше ерекше стильдік бояу болады: айтпа-й қойма-ды, жаз-ба-й отыр-ма- ды, сұра-ма-й кет-пе-ді т.б.

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля