Болымсыз сөйлемдер

20 апреля, 2018 10:59

Сөйлемдердің мағынасына, формасына карап өзара болымды, болымсыз болып бөлінеді: Сөйлемдердің бұл түрлері болымды, болымсыз пікірді білдірудің формасы ретінде калыптасқан.

Толымды пікір затқа белгілі бір сапаға тэн, катысты екені жөнінде калыптасады.

— Платина — металл.

Болымсыз пікір затқа белгілі бір сапаға тән емес, катысты емес екені жөнінде қалыптасады: Ағаш металл емес.

Қазақ тіл білімінде, сол сияқты тюркология да, баска индоевропа тілдерін зерттеушілердің еңбектерінде де сөйлемдердің болымды, болымсыз болып бөлінуін дербес грамматикалык-семантикалык дэрежедегі бөлініс деп түсіндіреді.

Болымды, болымсыз сөйлемдер өзара грамматикалық ерекшеліктері аркылы ажырайды. Болымсыз сөйлес болымды сөйлемнің формаларының негізінде жасалады.

Болымдьшык, болымсыздык форма баяндауыштардың тұлғасы аркылы көрінеді. Өйткені болымды және болымсыз пікір субъект пен предикаттык сапаның катынасына байланысты. Район үлкен. Район үлкен емес.

Болымсыз сөйлем — болымсыз пікірді білдіретін форма. Бірақ бұл екеуі ылғи тепе-тең келе бермейді. Осыған бір дәлел ретінде келмейді, емес, алган жоқ емес сияқты баяндауыштык формаларды атауға болады. Болымсыз мағынадағы сөзді тағы болымсыз ету — тілДе белгілі коммуникативтік талап бойынша ғана пайда болатын формалар.

Баяндаушының болымсыз формасы болымсыз етістіктен (келмеді, келмеген) немесе есім, есімше сөздер мен жоқ, емес сөздерін тіркестіру аркылы жасалады: үлкен емес, көрген жок, көрген емес, алатын емес.

Болымсыз баяндауыштардың жасалуы:

  1. Етістіктердің болымсыз формасы аркылы жасалады. Сен акталма, бүлдіріп жүрген сен. (Б.М.)
  1. Болымсыз баяндауыш. -ган, -ген тулгалы есімше -жоқ құрамында жасалады: келген жоқ, көрген жок.

Бүл баяндауыштың жактык мағынасы екі түрде көрінеді. Бір амалы — тәуелдік жалгауы. Тәуелдік жалгауы негізгі компонент — есімшеге жалғанады: кергенім жок, келгенім жок. Бірак тэуелдік жалғау бұл типті баяндауыштың жактык магынасын білдіру үшін тек І-жақ көлемінде жұмсалады.

  1. Өткен шақ есімше мен емес сөзінің бірігуі арқылы жасалган баяндауыштык форманы даралап атау кажет: естіген емес, айтқан емеспін т.т. Болымсыз баяндауыштың бұл түрі -ган, -жоқ типті баяндауыштан ерекше жұмсалады. Ол іс-әрекетгің болмаганын ерекше жігермен нандырып айту үшін жұмсалады. Кино дегенді осы жаска келгелі көрген емеспін, естіген емеспін.
  2. -тын, -тін тұлғалы есімшеден жасалып, іс-әрекетті заттың тұрақты қалыпты сапасы, касиеті ретінде атайтын баяндауыштан болымсыз форма — ма, -ме жұрнағы аркылы жасалады: сөйлемейтін, іздемейтін. Ол өтірікке жүрмейтін.
  3. Есім сөздерден болған баяндауыштардың болымсыз түрі емес көмекші етістігінің катысуымен жұмсалады: биік емес, артык емес т.б. Үй биік емес, аласа.

Логика ғылымы ұғымдарды да болымды, болымсыз деп бөледі. Болымсыз ұгымды білдіретін сөздер мыналар: ешнәрсе, ешқандай, ешқашан, ешкім, сол сиякты, еш адам, еш колхозшы, еш кұрылысшы еш үй т.т. Бұл сөздер тек болымсыз сөйлемнің кұрамында жұмсалып оның болымсыздык мағынасын күшейте түседі.

Серік барған еді, адам жок екен.

Серік барған еді, ешкім жоқ екен.

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля