Бөлшектеп-жинауға арналған жабдықтар,

16 ноября, 2017 18:31

қурылғылар және саймандар,  Бөлшектеп-жинау жабдықтары,

 

Бөлшектеп-жинау жұмыстары автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізгенде, ең көп қолданылатын операция болып есептеледі. Ол операцияларды сапалы орындау үшін эртүрлі бөлшектеп бұзатын-жинайтын жэне слесарьлық- механикалық жабдықтар мен аспаптар талап етіледі, онсыз техникалық қызмет көрсету жэне жөндеу жұмыстарын сапалы орындау мүмкін еместігі белгілі.

Қажетті жабдықтар мен аспаптар мақсатына жэне көлеміне байланы- сты: стационарлық; жылжымалы жэне алып жүретін болып, жұмыс істеу тәсіліне байланысты әмбебап немесе арнаулы, ал орналасуы бойынша еденге орналасқан немесе үстелге орналасқан болып бөлінеді.

Автомобильдерге қызмет көрсететін немесе жөндеуге арналған жабдықтар мен аспаптар пайдалануға ыңғайлы, жұмысты орындауға сенімді, басқаруға жеңіл, қауіп туғызбайтындай болуға тиіс.

Престер. Автомобильдерді жэне олардың агрегаттарын бөлшектеп, қайта жинау үшін эртүрлі престер қолданылады (8.1-сурет). Олар еденге ор- натылатын жэне үстелге қойылатын болып бөлінеді. Қазіргі кезде жөндеу жұмыстарын жүргізуде көбінесе гидравликалық престер қолданылады. Олардың қолмен жұмыс істейтіні жэне электрмен жұмыс істейтіні бола- ды. Төмендегі көрсетілген престердің барлығы гидравликалық престерге жатады.

1                               2                                     3
 Бөтиектеп-жинауга арналган әртүрлі престер: 1 — еденге
орнатылатын 30 тонналыц пресс; 2 — үстелге қойылатын 10 тонналық пресс;
3 — столга орнатылатын 4 тоннальщ пресс

 

Қозгалтқыш жөндейтін стендтер. 1-КамАЗ, ЯМЗ-245 қозғалт- қыштарын жөндеуге арналған стенд еденге орнатылады, 0,55 кВт-тык электр қозғалтқышымен жұмыс істейді. 2, 3 — көпшілік автомобильдердің козғалтқыштары мен басқа да, салмағы 500 кг-ға дейінгі агрегаттарды койып жөндеуге арналған. Бұл стендтерді алдыңғы, артқы белдіктерді жэне беріліс қораптарын жөндеуге қолданады. Жұмыс істеуге ыңғайлы.

 

 

Тесетін станоктар. Жөндеу жұмыстарын жүргізуде сынған бұрандамаларды, жарамсыз болған тесіктерді қайта тесіп жөндеу жэне тағы басқа жұмыстарды жасауға арналған. Тесетін станоктар тігінен тесетін, көлденеңінен тесетін, агрегатты, арнаулы, т.с.с. болып бөлінеді. Бұлардың ішінде ең көп қолданылатын станоктар — 8.4-суретте көрсетілген тігінен тесетін станоктар. Бұл көрсетілген станоктармен диаметрі 16 мм. болатын тесіктерді тесуге болады.

 

Қайрайтын станоктар слесарьлық жұмыстарды орындауға, құрал- саймандарды өткірлеуге, бөлшектерді ажарлауға арналған.

 

 

Қысқыштар. Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету жэне жөндеу жұмыстарын жүргізгенде, бөлшектерді қысып қойып өңдеуге арналған. Бұл кысқыштарды жұмыс істегенде ыңғайына қарай бұрып қоюға болады. Қысқыштың тұрқын шойыннан құяды да, еріндерін желінбейтін сапалы болаттан жасайды.

 

Кілттер. Бұлар автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізгенде ең көп пайдаланылатын құралдар кілттер. Олар қолмен жұмыс істейтін, электрмен жұмыс істейтін және пневматикалық болып бөлінеді. Кілттердің түрлері 8.7-суретте көрсетілген.

 

Өлшегіш аспаптар жөндеу жұмыстарын жүргізгенде пайдаланылады.

 

Бөлшектерді алып-салуга арналған аспаптар автомобильдерді не- месе агрегаттарды жөндегенде қиын алынатын бөлшектерді ажыратып, жинастыруға арналған. Оның кейбір түрлері 8.9-суретте көрсетілген.

 

Жөндеу орнындағы жабдықтар техникалық қызмет көрсету жэне жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізу үшін жұмыс орнын қосалқы жарақ- тармен: бөлшектерді жуатын қондырғы; слесарьлық үстел; бөлшектерді қойып тасымалдайтын арба т.с.с. жабдықтайды.

 

 

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля