4 декабря, 2017 15:56
Қазіргі заманғы генераторға қьізмет көрсету жұмыстары төменгі іс- шараларға келтірілген. Бірақ та шалаөткізгішті элементтер болғандыктан, оларды пайдалануда бірнеше ереженің сақталуы талап етіледі.
1. Генератор қондырғысының аккумулятор батареясы өшіп тұрғанда жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді. Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда ак- кумулятор батареясын қысқа уақытқа өшіру кернеу реттеуішінің істен шығуына алып келеді. 2. Автомобиль борттық тізбегіне қарама-қарсы полярлықты («плюсті» «массаға» ) электр энергиясының көзін жалғауға жол берілмейді. Ол, мы- салы, басқа аккумулятор батареясынан қозғалтқышты іске қосқанда бо- луы мүмкін. 3. Жогарғы кернеулі ток көзін қолданып, генератор қондырғысы сұлбасында қандай да бір тексеру жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілмейді. 4. Автомбильде қандай да бір дәнекерлеу жұмыстарын жүргізгенде дәнекерлеу аппаратының «масса» клеммасы дэнекерленетін бөлшекке жалғануға тиіс. Генератор мен кернеу реттеуішіне баратын сымдарды ажыратып тастау қажет. Генератор қондырғысына техникалық қызмет көрсету мерзімділігі авто- мобильге техникалық қызмет көрсету мерзімділігімен сэйкестендірілген. Автомобильдерге қызмет көрсетудің күнделікті қызмет көрсету (КҚК), бірінші жэне екінші техникалық қызмет көрсету (ТҚК-1, ТҚК-2) жэне мезгілдік қызмет көрсету (МҚК) түрлері бар. Әр қызмет көрсетудің мерзімі автомобильдің пайдалану жағдайына байланысты жэне ол бес санатқа бөлінеді. Пайдалану жағдайының ең қолайлысы 1-санат болып табылады (қаладан тыс асфальт-бетонды жэне цеменз-бетонды жолдарда пайдалану); ал ең қиьін пайдалану жағдайы — 5-санат (топырақ жолдарда пайдалану). 1-санатта ТҚК-1 мен ТҚК-2 мерзімділігі орташа жеңіл автомо- бильдерге 4000 шақ. мен 16000 шақ., ал жүк автомобильдеріне 3000 шақ. мен 12000 шақ. құрайды. Мезгілдік қызмет көрсету автомобильді қысқы жэне жазғы пайдалануға дайындағанда, жылына екі рет жүргізіледі. Күнделікті қызмет көрсетуде автомобиль жолға шығар алдында қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда ге- нератор қондырғысы аккумулятор батареясын қуаттандыруын тексереді. Генератор қондарғысы қалыпты жұмыс істеп тұрғанда қозғалтқыш иінді білігінің жоғарғы айналу жиілігінде аспаптар панеліндегі ампер- метр аккумулятор батареясының қуатталуын, вольтметр 13-15 В кернеуін көрсетуі керек, ал аккумулятор батареясының қуаттануын бақылайтын шам сөнуі керек. |
Мұндай тексеруді жэне генератор жетегі белдігінің тартылу жагдайын тексеруді эр ТҚК-1 кезінде жүргізу керек. Бос тартылған белдік козғалтқыштан айналу сэтін генераторға бергенде тайғанақтайды және ол жетек тегеріші мен белдіктің тозуына алып келеді. Генератор өзіне жүктемені алмайды. Белдікті қатты тарту генератор мойынтіректерінің жұмыс істеу уақытын азайтады. Барлық осы операциялардан басқа, ТҚК-2 кезінде генератор мен кернеу реттеуішінің сыртын шаң мен ластан таза- лау керек жэне олардың шықпаларындағы сымдардың тартылысын тексе- ру керек. Керек болған жағдайда тегеріш бекітілісінің сомынын қатайтады жэне генератордың қозғалтқышқа сенімді бекітілуін тексереді. Бекітілу бүрамалары сенімді тартылуы жэне өздігінен шешіліп кетуден сақталуы керек. Автомобиль алғашқы 50-60 мың шақырым жол жүргеннен кейін, ал ары қарай эр ТҚК-2 кезінде щеткалары биіктігін жэне түйіспелі сақиналары мен мойынтіректерінің жағдайын тексереді.
Бұл үшін генераторды автомобильден шешіп, щетка ұстағышының бекітілу бұрамаларын ажыратады, генераторлар щетка ұстағышын шешеді, щетка ұстағышта щетканың жеңіл қозғалуын тексереді. Содан кейін щет- каны ұстағышынан шығарып жзне олардың биіктігін өлшейді. Бастапқы көлемі 6,5 х 6 х 13 мм болған щетканың тозғандағы биіктігі 8 мм дейін, ал 5 х 8 х 18 мм болатын щетканың ұстағыштан шығып тұратын бөлігі 5 мм-ден кем болса, щеткаларды ауыстырады. Егер ұстағышта щетка нашар қозғалатын болса, онда ұстағыштың саңылауын этилденбеген бензинге малынған матамен сүртеді. Егер түйіспелі сақиналардың бетінде май мен лас болса, оны да айтылған тәсілмен тазалау керек. Мойынтіректерінің жағдайын щеткаларды шешіп алғаннан кейін, генератор зэкірін қолмен айналдырып тексереді. Мойынтіректердің жағдайы қалыпты болғанда, зәкірдің айналуы шусыз жэне жеңіл болуы керек. |