20 января, 2018 15:09
Таңғыш — екі керегенің жігін біріктіріп байлайтын жіңішке құр. Мәселен, алты қанат үйдің жеті таңғышы болады. Оны киіз үйдің үлкен-кішілігіне қарай дайын- дайды. Қолы жеткен кісі таңғышты бірыңғай ешкі жүнінен сірілеп тоқиды. Бүған мүмкіндігі жоқ адам жұмсақ қой жүнінен ботакөз түрін салып мүйіздеп, көбінесе 9-13 жіптен екі шетіне қара су (жіп) жүргізіп, термелеп тоқытады.
Тарту жіп — белағаштың үстінен екі басына бекітілген күзуді тартатын жіп.
Ташизм (фр. іасһе — дақ) — абстрактілі экспрессио- низмнің түрі, «әрекет кескіндемесі» деген атаумен белгілі, дақпен жұмыс істеу арқылы анық тұлғаны көрсетпей, тек суретшінің еріксіз ой қиялын білдіру. Ташизм XX ғасырдың 40-50-жылдары идеология тота- литаризмге қатыстылығын психологиялық және көркем эстетика арқылы көрсету болып табылған. Ташизм ғылыми дамуға оппозициялық көзқарасты техникалық даму жетістіктермен білдіреді. Ташизм эстетикасы сюрреализмнің «автоматикалық жазу» идеясын қабыл- дап, сана-сезімге қатысы жоқ шығармашылықты қабыл- дайды. Теориясы және тәжірибе негізін кездейсоқтық, ретсіздік құрайды. |
Тез — сүйегі ауыр, көбінесе жиде ағашы сияқты қатты жасалынып, жерге мықтап қаққан бақаауыз немесе кертіп алған жуан, үш аяқты арқалық ағаш. Осындай ба- қаауыз немесе бөренедегі кертпекке салып, киіз үйдің ағаштарын түзетуді, әр түрлі формаға келтіруді тезге салу дейді. «Қисық ағаш жатпайды тез қасында» деген мақал осыдан қалса керек. Жиде сияқты қатты ағаштан жаса- латын кереге, уық, шаңырақ ағаштарын белгілі қалыпқа келтіріп, түзететін тездің ернеуіне қыстырылып тұрған көлденең құрал ысқаурын деп аталады.
Текемет — киізге ою-өрнек түсіріліп басылған киіз. Киіздің оюланған жағы өң жағы болып есептелген. Кей- де шеберлер түрлі-түсті жүннің өзін талдырмасыз оюлап салып, бір-бірінен ажыратылмайтындай айшықты түрлерімен әдемілеп те жібереді. Бұрынғы кезде теке- меттерге аппликация жолымен ою салынып, өрнектел- ген. Бұл туралы бұрын-соңды жарияланған да, жария- ланбаған да жазбаша ескерткіш материалдар көп кездеседі. Теріден жасалатын бүйымдар — қазақ халқы теріден үй тұрмыс-тіршілігіне, шаруашылық қажетіне жарай- тын ерлердің сыртқы киім-кешегі, ер-тұрман, қамыт- сайман, айыл-әбзелдерін, азық-түлік салатын қаптар- ды, сұйық сусын сақтайтын ыдыстарды жасаған. Әсіресе, көнек, торсықтар өзіне лайық үлгілермен безендірілген. Теріге басылатын оюлар өсімдік тектес алуан түрлі күрделі, не ыдыстың түріне қарай тұйық- талған шағын болып келеді. Ертедегі халық дәстүрінің кейбір бөлшегі бүгінде басқа мазмұнда жүзеге асып отыр. Тоқпақ — керілген желідегі еркек жіп пен ұрғашы жіптің шатысынан арқау жіп өткізілгеннен соң, жіп арасын түйгіштейтін, шеге тісті ағаштан жасалған құрал. Мұны тарақ деп те айтады. Өйткені, бір жағы- нан, тараққң ұқсайтындығы бар. |
Тоқыма бұйымдар — қойдың немесе түйенің жүнінен иіріп, бояп, киіз үйдің іші-сыртын жабдықтауға арнал- ған бау, басқұр, алаша, тақыр кілем (терме алаша), ңор- жын, жабу сияңты тоңылған бұйымдар. Қазақстанның оңтүстік-батыс аудандарында, сондай-ақ Қызылорда об- лысының бәрінде дерлік қазірдің өзінде түкті кілем тоқу дәстүрге айналып, кең тараған. Осындай кілемдердің: басқұр, алаша, тақыр, түкті кілем — бәрінің де негізі бір, бәрі де өрмек тоқуға негізделген. Ал оны көркемдік жа- ғынан байыту, мәнерлеп өрнектеу, әр түсті айшықты бояу қолдану әр заттың сипатына, тоқушының өз ңиялы- на, іскерлігіне байланысты әр жерде әр түрлі. Басқұр мен киіз басу үйдің керегесі мен уығының біріккен жерін жасыру мақсатымен жасалады. Ол, екіншіден, сәндік үшін жиһаз есебінен де саналады. Сондықтан оны термелеп, өрнек салып әсемдеп тоқиды. Басқұрға өрнекті тоқу кезінде салып отырады. Ол үшін өрнектің тақтасының екі бетіне әр түрлі айшықты өң беретін сәнді жіптер жүгіртіледі. Тоқу кезінде осы жіптерді жұптап іліп алып, белгілі бір өрнек салып отырады.
Торшер (фр. іогсһеге — алау, шырақ) — жарық бергіш зат, еденде тұратын шам. |
Трафарет (ит. іга/огеііо — тесілген) — сурет, жазу үшін арналған тесіктері бар пластина (металл не картоннан жасалған).
Триптих — үш бөліктен құралған кескіндеме компо- зициясы. Туырлың — киіз үйдің жабдығы. Уықтың қарынан асырып, үзіктің етегін ала керегенің аяғына дейін жа- былады. Туырлықтың жоғарғы ішкі шетіне кейде жал- пақтығы 70-80 см-дей өрнектеп жиектеме (қас) тігіледі. Ол шүғадан (қызыл, көк, т.б.) ойып жапсырылып, шеті түрлі-түсті жіппен кестеленеді. Туырлыңтың қасы үзікпен астасып, үй ішіне әсем көрік беріп тұрады. Ту- ырлықтың үстіңгі екі шетіне термелеп тоқылған бау та- ғылады да, уық үстінен айқастырыла тартылып байла- нады. Туырлық бау — туырлықты үстап түратын, түр салы- нып, 15-25 жіптен терілген, бір жағы әсемдік үшін жал- пақ етіп тоқылатын бау. Түрғын үй — қоршаған ортаның жағдайына, қоғам- дық және жеке психологиялық талаптарға сәйкес ғима- рат, өте маңызды тіршілік барыстары өтетін жер. Үйдің қоғамдық және тұрғын қызметі: бірге тұратын адамдар- дың басқа үқсас топтардан шектелген тобы (туысқандар, |
отбасы, балалар, студенттер немесе жұмысшылар); мик- роклимат құру, қоршаған ортаның өзгеруінен қорғану; тұрмыс-тіршіліктің өтетін жері (тамақтану, ұйықтау, жұмыс); санитарлық жабдықтау қызметіне байланыс- ты орындарды бөлу. Заттық ортаны жобалау — дизайн- ның маңызды мақсаты. Ол өмір тәсіліне бейімді және үй психологиясын зерттеу аймағында, үйдің социология- сы, экологиясы және демографиясын ескеру барысында құралады. Дизайнерлік жобаның маңыздылығы үйді түрлерге бөлу болып табылады. Оның негізінде таңдау- лы тәсілдер жатыр, мысалы, тұрғын үйдің табиғи жағ- дайға бейімделуі (оңтүстік, солтүстік, қыстық, жаздық, т.б.), қолдану мінездемесі (жекеменшік, ұжымдық, тұрақты, уақытша, көшіруге ыңғайлы).
Тұскиіз — үй қабырғасын сәндеуге арналған жиһаз. Көбінесе төсек тұсына ұсталатын болғандықтан, тұскиіз деп аталған. Арнайы басылған ең жақсы киізден жаса- лады. Оған әрі тығыз, әрі жұқа ақ жүннен басылған фетр сияқты киіз таңдап алынады (қалыңдығы 0,6-0,7 см), орта есеппен ені 150-200 см, ұзындығы 300-450 см болу керек. Тұскиізді безендіріп әшекейлеу үшін түсті барқыт, жібек, шұға, т.б. маталардың өр түрлі формадағы үлгісі пайдаланылып, неше түрлі етіп қиылып алынған ою- өрнектер тігіледі. |
Тұтқыш — қазан асып, қазан түсіру үшін екі қолға киетін, қолды күйдіріп алудан, күйе болудан сақтайтын, бөлек киізден қолғап сияқты тігілген, екеуі де ұзын бау- мен жалғастырылатын зат. Қолға киілетін болғандық- тан оны «тұтқыш» деп атайды.Түндік бау — түндіктің төрт бүрышынан байланатын бау. Үзік бау — үзіктің екі шетінен, үш жерден алты не- месе екі-екіден төрт баумен айңастыра тартылып байлай- тын, жалпақ етіп тоқылған уықтың үстіне бастырыла байланатын бау. Түс — табиғи ның көптеген жағдайларына байланысты (мәнері, стилі, |