ДИЗАЙНЕРГЕ АРНАЛҒАН СӨЗДІК-АНЫҚТАМА ( Е )

7 января, 2018 14:43

Ежелгі эстетика — б.з.б. УІІ-УІ ғасырлардан бастап, б.з. У-УІ ғасырларына дейінгі ңезеңде Ежелгі Рим және Грецияда дамыған эстетиңалық ой-сана. Түпңі тегі аңыз- дық көзқарас болып келетін ежелгі эстетика құлиеле- нушілік кезеңнің жарңын ңөрінісі болып табылады. Негізгі көзңарасы барлық ежелгі дүние сезіміне тән ңос- мологизм болып табылады. Ғарыш, ежелгі ұғым бойынша, шектелген орта болғанымен, өзінің үйлесім- ділігімен, өлшемділігімен, өзінде болып жатқан қозғалыстың дұрыстығымен аса сұлулықтың көрсеткіші бола алатын да ерекшелігі бар.

Бар нәрсенің сұлулығы сол жоғары деңгейдің маңында ғана деп ұғынған, ал адам- ның жасаған заттары табиғатқа еліктеу болып табыла- ды. Ежелгі гректің классикалық кезеңінде өнер бойын- да техникалық тәртіптің жинағы бар бүтін эстетикалық тұлға ретінде бөлініп шықпаған. Ежелгі Греция үшін өнер — өндірістік техникалық қызмет, яғни іеһпе — «ұсталық» және «өнер». Поэзия, мүсін, сәулет өнері, му-
зыка, риторика өте жоғары бағаланған, тек ңана өнер түрі ғана емес, қызмет саласы ретінде адам өмірімен тығыз байланыста, қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынас- та қаралған. Б.з.д. V ғ. сезімді-көрікті, интуициялық натурфилософтардың ғарыш туралы көзңарасының ор- нына адамға деген қызығушылық пайда болады (софис- тер, Сократ). Сократ сүлулыққа жалпы түсінік ретінде қарап, оны басқа сұлу заттардан ажыратып көрсеткен. Эстетикалық идеяның, түсініктің маңыздылығы тура- лы толғай отырып, Сократ, Платон және Аристотельдер өз шығармаларында эстетикалық қорытындыларға жол ашып берді. Үзақ және күрделі жолдардан өткен ежелгі эстетика өзінен кейінгі эстетикалық ойларға ықпалын тигізеді.

Ер-түрман — атқа салт мініп жүруге қажетті жабдық- тардың жиынтық атауы. Мінетін көлікті ер-тұрман жаб- дықтарымен түгелдей қамтамасыз етіп жабдықтау кез келген адамның ңолынан келе бермеген. Халық ішінен шыңқан шеберлердің қолынан ғана жасатушының ұлына немесе қызына арналып жасалған. Ер-түрман жабдықтарын жасау мен оны күнделікті өмірде пайда- ланудың жолдары қазақ қауымының әлеуметтік-эконо- микалың қарым-қатынас мәселелерімен тығыз байланысты.

Ер-тұрман жабдықтары киіз үйдің жасау-жиһаздары сияқты ойластырылып, ойдағыдай әшекейленуі, өрнек- нақыштары жарасымды да әсем, көрікті жасалуы тиіс. Ол үшін, біріншіден, көліктің қыр арқасын, әсіресе, шоқтығын баспайтындай ер оқпанының биіктеу, көтеріңкілеу болып жасалуы, екіншіден, ердің екі қап- тал арасының алшақтығы мен әр қапталдың дұрыс қиысуы қажет.

Қазақ ершілері ердің үзеңгісін кептірілмеген ңайың ағашынан да жасаған. Үзындығы 55-65 см, жуандығы 3,5-4 см шамасындағы ағашты шотпен немесе пышақ- пен кесіп алып, тезектің қозына салып жіберіп, арнайы үзеңгі формасындағы қалыпқа салып, кесілген жағын

ішіне қаратып иіп жасаған. Ерді және үзеңгіні ершілер кейде қойдың, ешкінің, т.б. жануарлардың сүйек- терімен немесе мүйізімен әшекейлейтін болған.

Сондай-ақ, қазақтарда балаларға арналған ердің түрі — ашамай жасалған. Ата-анасы балаларын атқа мінуге үш- төрт жастан бастап үйрете бастаған. Ашамайдың құры- лысы аса күрделі болмаған. Ердің алдыңғы және артқы жақтары айыр, биік етіп жасалған. Екі ұшында тесігі болған. Баланы ерге отырғызған кезде сол тесіктен та- яқша тығып өткізгенде, ол ат үстіндегі баланы мықтап үстап қалады. Аяғы үзеңгімен бірге ерге бекітіліп, киіз қалтаға кигізіледі.

Ер-тоқымға ерден басқа: терлік, желдік, тебінгі, үзеңгі, бау, таралғы, тартпа, айыл (төс айыл, шап айыл), өмілдірік, құйысқан, жүген, шылбыр, тізгін, ат көрпе, көпшік, пыстан, кежім, қамшы, шідер, түсау (түсамыс), кісен, қанжыға жатады. Әйелдерге арналған ер-тоқым (үзеңгі, үзеңгі бау, таралғы, ноқта, жүген, сулық, са- уырлық, салпыншақ) әшекейленіп жасалады.

Еркек жіп — кілем тоқу үшін керілген желі жіптердің күзуде тұрған үстіңгі жібі.

Ерші — ер-тоқым жасаушы шебер. Қазаң ершілері әдет- те бесаспап шебер болған. Ердің сүйегін ағаштан шауып жасап, оны көнмен, қайыспен, былғарымен қаптайды. Киізден, темірден, қоладан көмкерілетін басқа да тұрмандарды дайындайды. Ер-тоқымды күмістеу, ал- тын жалату және әр түрлі асыл тастардан көз орнату, тағы басқа тәсілдермен безендіреді. Ерші ұста, иші, өрімші әрі зергер болуы шарт. Ершілердің қолынан шыққан зерлі ер-тұрмандар өнер туындысы ретінде ба- ғаланады.

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля