25 ноября, 2017 18:25
„Ергенекон» дастаны — ғүндар мемлекеттік бірлестігі ыдырап, Көк Түріктердің алғашқы мемлекеті — Түрік қағанаты қүрылған кезеңге дейінгі аралықта 450 жыл ішінде болған оқиғаларды қамтитын, түркі халықтарының ата-тегін түрлі аңыз-әфсаналар бойынша жыр еткен ежелгі түркі ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі. Көне түркі жаз- ба әдебиетінің сюжеттік желісіне енген кейбір тарихи оқиғалар, аңыз-әфсаналар „Ергенекон» дастанында ұшы- рап қалады. Сол жәйтті дүрыс пайымдау үшін алдымен осы дастанның мазмүнын қысқаша айтып өтейік. Баяғы өткен заманда Көк Түріктердің елін Иль деген хан басқарыпты (Бүл арада әңгіме кейінгі тарихи дәуірлерде Түрік қағанатын қүрған тайпалардың арғы тегі саналатын ғүндардың бір бөлігі жайында болып отыр).
Бүл кезде түркі елі аса қуатты екен. Олардың жебесі жетпеген жер, әскері алмаған ел қалмапты. Бүлардың „даңқы жер жарып, беделі асқар таулардан асып түрған заманда» көрші отырған бір елдің әміршісі оларға зүлым- дық ойлапты. Түркілерді алдап соқпақ болады. Осы оймен олар түркілерге қарсы соғыс жариялайды. Қан майдан шайқас енді ғана қызып келе жатқан сәтте жау әскері де- реу шегініп, қаша жөнеледі. Бүл олардың айла-тәсілі еді. Түркі әскері соңына түсіп, қуып кетеді. Алайда өздеріне қолайлы жерге жеткенде жау жағы жалт бүрылып, қарсы шабуылға шығады. Қапылыста жау қоршауына түскен түркі әскері жеңіліп қалады. Жау оларды қырып-жойып, тірі қалғандарын түтқындап әкетеді.
Иль ханның балалары өте көп еді. Бәрі соғыста қаза та- бады. Тек кенжесі Қаян ғана тірі қалады. Иль ханның Тоғуз деген жиені де соғыста аман қалып, жауға тұтқын болған екен. Бір күні Қаян мен Тоғуз өздерінің әйелдерімен бірге түтқыннан қашып шығады.
Бүлар қашып шығып, өздерінің баяғы ескі жүртына ке- леді. Қаян мен Тоғуз жайылып жүрген төрт түлік малды көреді. Олар төрт түлік малдың әрқайсысынан бір-бір жүптан ғана алып, алыс жолға аттанады.
Қаян мен Тоғуздың ендігі арманы — артынан келген жау іздеп таба алмайтын, шөбі шуйгін жайылымы бар, жанға жайлы жерүйық мекен табу еді. Бүлар талай күндер, айлар, жылдар бойы сарылып жер кезеді. Ешбір жер үна- майды. „Бірі — шөпсіз, бірі — сусыз, бірі — күнсіз» болып шыға береді.
Түркілер ақыры айналасын аса биік көгілдір таулар қоршаған, сарқырап ағып жатқан асау өзендері бар жерге тап болады. Сол үлкен дарияның бір жағы — жеміс ағаштары жайқалып түрған бау-бақша, екінші жағы — шүйгін шөбінен түйе көрінбейтін кең жазира жайлау екен. Бүл жүмақ тектес жерді „Ергенекон» деп атапты.
Ергенекон жері түркілерге қүтты қоныс болыпты. Қаянның баласы Қаяттан тарағандар қаяттар, ал Тоғуздың баласы Түрілгеннен тараған туркештер тайпа- сы өмірге келіпті. Бұлардан тараған үрпақтар өсіп-өніп, төрт жүз жыл ішінде тұтас бір халыққа айналыпты.
Түркілердің малы да төрт жүз жыл ішінде көбейіп, Ер- генекон жеріне симай кетіпті.
Бір күні Ергенекон елінің әміршісі, кемеңгері, алып ба- тыры Бөрте Шене (бөрі) қарамағындағы халықты жинап алып, оларға қарап үндеу-сөз айтады:
— Уа, қасиетті Көк Бөрі ананың ержүрек оғландары (үландары) мен әулеті! Менің айтар сөзімді пайымда, жақсылап үғып ал! Біздің ата-бабаларымызға қадым за- мандардан бері осы Ергенекон жері қүтты мекен болған. Арада көп жылдар өтті. Көк Тәңірі бізді қолдап, өстік, өндік, көбейдік. Бүл үшін киелі Ергенекон жеріне бәріміз бас иіп, тағзым етейік.
Әйтсе де біздің үлы бабалар зираты жатқан қасиетті ата-мекеніміз анау заңғар таулардың арғы жағында екенін үмытпайық. Бір кезде бізге қорған болған асқар таулар- дың қоршауынан амалдап шығайық. Енді аттың басын ата жүртқа қарай бүрайық. Табғапггарды жерімізден қуып шығарайық. Сөйтіп, кек қайтарайық, жер қайтарайық!— Деді.
„Ергенекон» дастанында Бөрте Шене сөзін күллі ха- лық қалай қолдап-қолпаштағаны, алыс сапарға әзірлік, биік таулардан көштің шыға алмай түйыққа тірелгені, сонда бір темірші үстаның жетпіс түйе терісінен үлкен көрік жа- сағаны, сол арқылы темір тау бөктеріне көмір жағып, ақыры тауды ерітіп салынған жолмен керуеннің өткені, туған жерге жеткені, төрт жүз жылдан кейін табғапггардан кек қайтарғаны, „Түрік қағанаты» атты мем- лекет қүрғаны жырланады.
Міне, „Ергенекон» дастанының қысқаша сюжеттік желісі осындай болып келеді. Ал, енді осы дастанға негіз болған аңыз-әфсаналар мен тарихи шындықты бір-бірімен салыстырып көрейік. Академик Әлкей Марғүлан бүл дас- танда айтылатын дәуір оқиғаларының тарихи шындығы жайында: „Біздің заманымыздан үш ғасыр бүрын — Қытай өкіметі ғүндарға қарсы жойқын соғыс ашып, алты жүз жыл өткенде оларды қиратып бітірген. Бостандықты жақсы көретін ғұндар Алтай тауының, Жетісудың .төңірегіне жиналып, суармалы егін егіп, тау-кен жүмысы- мен шүғылданады. Темір, мыс алтын шығарады…, 350 жыл өткен соң ғүндардың қалғандары жаңадан көтеріліп, VI ғасырдың орта кезінде Түрік қағанатын қүрады. Түріктердің бүрынғы аталары Күнбатыс теңізінің жоғарғы жағыида тұратын. Олар ғұндардың бір үлы тайпасы еді»— деп жазады .
Бізге қытай, иран, грек тарихшылары арқылы жеткен аңыз бойынша, ғұндар өз жауларынан жеңіліп, халқы түгел дерлік қырылып, жалғыз бір бала аман қалыпты. Жау әскері оны өлтіруге қимай шөбі шүйгін бір көл жағасына тастап кетіпті. Баланы Көркем көл (Ыстық көл) маңайында жүрген бір бөрі асырайды. Аңшылар соңынан түсе берген соң әлгі бөрі баланы алып, Алтай тауына қарай кетіп қалады.
Бөрінің баланы асырап алған жері Ергенекон деп ата- лады. Ә. Марғүлан түріктердің ата-тегі туралы әфсананы жалғастыра түседі: „Ең таңсығы Ергенекон алабы, жан- жағын биік таулар қоршап алған кең алқап, қандай жау болса да таудан асып түсе алмайтын мықты бекініс іші толған байлық, шөбі, суы орасан көп. Бөрінің қаншығы осы арада бекініп, баладан он үл көтереді. Соның бірі ғүн үрпағы Ашина. Түрік қағанатын бірінші рет басқарған ғүн үрпағы Шене (бөрі)—ақылды, кемеңгер, ойшыл кісі болған, Тоныкөкке үқсас. Өзінің ерекшелігін білдіру үшін ордасының қақпасына бөрі басты сурет салынған ту бай- латып қойған».
Иә, Ергенекон елін қүтты қоныс етіп отырған күллі түркі жүртын атамекенге қайта көшіру сияқты аса жауап- ты істі атқарар сәтте Бөрте Шене: „Уа, қасиетті Көк Бөрі ананың ержүрек үландары мен әулеті!»—деп қауымға қарата үндеу-сөз айтады.
„Ергенекон» дастанындағы кемеңгер Бөрте Шененің осылайша халыққа арнау сөз айту дәстүрі кейінірек Түрік қағанаты түсында өмірге келген „Күлтегін» жырында өз жалғасын тапты. Мүнда қаған:
Түркі бектері, халқы —
Бүны тыңдаңдар!
Түркі халқын жиып Ел болыңдар!—
дей келіп, елді ішкі бірлікке, сыртқы жауға қарсы күреске шақырады .
Ежелгі түркі ауыз әдебиетінің мүндай дәстүрі араға сан ғасырлар салып барып жазба әдебиетте жалғаса түскенін „Қорқыт ата кітабынан» да көреміз. Мәселен, елді жау шауып, оны қорғау үшін хан сарайына оғыз батырлары жиналып жатқан сәтте Қорқыт атаның айтатын үзақ мо- нологы бар. Ол: „Тыңдаңыз, хан ием, кімдер келген екен»—деп басталады. Мүның өзі „Ергенекон» дастанын- дағы Бөрте Шененің халыққа қарата айтқан сөзін еске салады. Өз еліне, халқына қамқор екі кемеңгердің ой- пікірлері өзара астасып жатады.
Алтын Орда мемлекеті ыдырап, жеке-жеке дербес хандықтарға бөлініп кеткенде Жәнібек пен Керей бас- таған қазақ қауымы оңтүстік өңіріне, Моғолстанға қдрай үдере көшкені тарихтан жақсы мәлім. Бүл көщудің қиындығы мол болып, бас-аяғы он шақты жылға соэыла- ДЫ.
Бүл тарихи оқиғаның аңыз-әфсаналарға айналып кет- кен сюжеттік желісі бар. Мүнда Әз-Жәнібек ханның кеңесшісі қарт жырау Асан Қайғы (XV ғасыр) өзінің экел- маясына мініп алып, халқына „қой үстінде бозтарғай жүмыртқалаған жерүйық» іздейді.
Көпті көрген кемеңгер жырау Жәнібек ханға:
Ей, хан, мен айтпасам білмейсің,
Айтқаныма көнбейсің …Тіл алсаң іздеп қоныс көр,
Желмая мініп жер шалсам,
Тапқан жерге ел көшір
Мүны неге білмейсің!?—дейді .
Сөйтіп „Ергенекон» дастанына өзек болған идея —- ха- лыққа қүтты қоныс, жерүйық, бақытты өмір іздеу сары- ны араға сан ғасырлар салып барып, Асан Қайғы жырау-толғауларында қайталанады. „Ергенекон» даста- нындағы әфсаналарда да, Асан Қайғы жайыңдағы аңыздарда да жерүйыққа үш талап қойылады. Олар: ічалға қолайлы — шөбі шуйгін жер, жау әскері бармайтын к,оныс, адамы жузге келмей өлмейтін мекен.
Сонымен „Ергенекон» дастаны түркі халықтарының шығу тегін, түрлі тайпалық топтарға бірігуін, көне кәсібін, өмір сүру салтын аңыз-әфсаналар мен жекелеген тарихи деректер бойынша жыр еткен, бізге толық күйінде жетпе- ген ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі саналады.
Сақтар мен ғүндар дәуірінде айтылып, ел арасында кең тараған „Алып Ер Тоңа», „Атилла», „Оғыз қаған”, „Шу батыр», „Көк бөрі», „Ергенекон» дастандарының негізгі мүраты — елдің тәуелсіздігін сақтау жолында аяибай күресетін, қастасқан жауын жеңбей қоймайтын, хальцқты азаттыққа жеткізетін, ақылына қайраты сай батырлардың сом тулғасын жасау болып табылады. Қазақтың батырлық жырларының айтатын түпкілікті ой-пікірі де ежелгі түркі дастандарымен сабақтасып жатады. Басқаша айтсақ, қазақтың батырлық жырларының өзекті идеясы — ешқашан да жаудан жеңілмейтін, күрес жолындағы бар- лық қиындықты жеңіп отыратын, ақырында ел арманын іске асыратын мінсіз батырды көпшілікке үлгі етіп үсыну.
Академик Ә. Марғүлан сақтар мен ғұндар, оғыздар мен қыпшақтар, қаңлылар мен үйсіндер секілді ежелгі тайпа- лар туралы айта келіп, бүлардың бәрі „тарихи дәуірлерде бүгінгі қазақ даласында тіршілік жасап, олардан тараған рулардың көпшілігі бері келе қазақ елінің іргесін қүруға негіз болды» деп жазады.
„Тарихи дәуірлерді тексеріп қарағанда, біздегі қаһармандық жырдың шығуы, сақ, ғүн, үйсін, қаңлы зама- нынан басталады. Ғүн, үйсін, қаңлылардың сол кездегі қонысы Алтай, Алатау, Жетісу, Арқаның жоны, Сырдың өн бойы болған. Өткен дәуірдің жыршылары қандай ерлік жырын жырласа да, оның бәрі материалистік негізге тіреліп, болған тарихи оқиғаны, тарихи фактілерді жыр- лаған» (169, 352, 367).
Жоғарыда аталған ежелгі түркі дастандары бертін келе Түрік қағанаты түсында жазылған ерлік жырларынан өзінің көркемдік дәстүр жалғастығын тапты