20 апреля, 2018 9:43
ЕТІСТІК ТҮБІРІНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Етістік категорияларының ерекшеліктерін айқындамас бұрын соларға негіз болатын тұлга — етістік түбірінің ерекшеліктерін аныктап алу кажет, өйткені, кейінірек көрсетілгендей, етістік түбірдің түрленуінде, сөйлемде колданылуында баска сөз таптарынан ерекшеліктері бар: лексикалық магына білдірсе де, сол күйінде сөйлемде қолданыла алмайды, тікелей жіктелмейді т.б.
Қазіргі казақ тілінде етістік — ең күрделі сөз табының бірі. Бұл оның лексика-семантикалык ерекшелігінен, түбір тұлғасы мен оған үстелетін грамматикалык формаларының кат-кабаттылыгынан және олардың
аракатынасынан, грамматикалық категорияларының эр түрлілігінен, жаңа сөз жасау жүйесінен, колданылу аясынан, сөйлемде атқаратын синтаксистік кызметінен т.б. лексика-грамматикалык касиеттерінен байкалады. Етістіктің зат есім сиякты көне сөз табы екендігі, басқа сөз таптарын жасауға негіз болатындығы, ягни тарихи-генеалогиялык ерекшеліктері өз алдына бір төбе.
. Ең алдымен, етістік семантикальщ жагынан тілімізде қимылды, вроцесті, эр түрлі өзгеріс, құбылысты білдіретін сөздер болып табылады.
} Қазіргі кезде сөздерді топтастырудың лексика-семантикалык, морфологиялық түрлену жүйесі, синтаксистік кызметі сиякты үш түрлі принципінің белгілері етістік деп танылып жүрген сөздердің өн бойынан айқын байкалады да солардың негізінде етістіктің жеке сөз табы болып бөлінуі ешбір күмэн тудырмайды.
Етістіктер баска да мағыналы сөз таптары сияқты түбір күйінде де, өзіне тән әр түрлі грамматикалық тұлгаларда да қолданылады деп асыгыс айтып жүрміз. Бірак, етістіктің осындай түр-тұлғаларының колданылуында бірден сырт көзге іліне бермейтін ерекшеліктер бар екенін көрсеткен жөн. Ең алдымеге, ол ерекшелік етістіктің түбір тұлғасының лексика-грамматикалык сипатым еи байланысты. Қазіргі казақ эдеби тілінде етістіктің түбір тұлғасы (негізгі түбір болсын, туынды түбір болсын) сырт қарағанда етістіктің кейбір грамматмкалық категорияларының формаларымен, атап айтканда, бұйрык райдың 2-жақ анайы тұлғасымен сэйкес келеді. Бірден ескертетін жайт — егер бұйрык райдың (2-жақ) формасы бірінші және үшінші жақ тұлғаларын жасауға негіз тұліга болса, онда ол 2-жақ бұл парадигма жүйесіне кірмеуі керек, яғни бір грамматикалық түрлену жүйесінің түрлері, бір жағынан, бір-бірінен функциялық, мағыналық, тұлғалық сияқты өзіндік ерекшеліктері аркылы ажырайгьш, екінші жағынан бір-бірімен тең дәрежедегі тілдік кұбылыс болып саналады.
Олай болса, бір ұгымды, яғни етістіктің белгілі бір тұлгадағы грамматнкалық мағынасын жэне оны білдіретін грамматикалық формасын бірде — егістіктің түбір тұлгасы деп, екінші бірде — бұйрык райдың жекеше, анайы екінші жақ тұлғасы деп, екі түрлі атаудың каншалыкты кажеттігі бар? Біріншіден, бұл екеуі бір гана грамматикалық кұбылыс болса, оны бір-ақ түрінде тана атау керек. Екіншіден, бұйрыктық, жақтық (екінші, анайы) мағына етістік түбірге тэн магына болса, онда ол тұлга етістіктің белгілі бір грамматикалық категориясының (райының) бір грамматикалық түрі, көрінісі (бұйрық рай) бола алмас еді. Етістіктің түбірі білдіретін жалпы грамматикалық мағына етістіктің барлық басқа тұлғаларында сакталып тұратын қимылды білдіру іиағынасы да, ал 2-жақтық, бұйрықтық магына — етістіктің белгілі сөздермен (сен деген бастауышпен) сөйлемде белгілі (жақтық, жекешелік, бұйрыктык) карым-катынаска түсудің жэне соның негізінде белгілі тұлғада жұмсалу_дың нэтижесінде пайда болатын мағына. Яғни бірінші мағына толык мэнді сөз болгандыктан лексикалық магынаның жалпылануы (жалпы грамматикалык) негізінде (сөз табы ретінде) қалыптасқан, түбірге тэн кимылды білдіру — жалпы грамматикалық мағына да, екінші — сөйлеу процесінде сен деген сөзбен байланыска түсу нәтижесінде (субъектілік-предикаттык катынаска түсу нәтижесінде) пайда болатын мағына. Мысалы, кимылды білдіру етістік түбіріне тән болса, зат есім түбіріне заттық мағына, сын есім түбіріне заттың эр түрлі сьгаын, сапалық, қатыстық белгісін, түсін т.б. мағыналарды білдіру тән болып келеді. Сөздің түбір тұлғасы білдіретін негізгі жалпы грамматикалык мағынасы сөз табына карай топтаудың бір межесі болып табылады да, ол сөз сол сөз -табының грамматикалық тұлғалары арқылы түрленудің нәтижесінде кейін сюйлеу процесінде пайда болатын категориялық грамматикалык мағыналармен катар өмір сүреді. Яғни түбір тұлғаға жаңа грамматикалық форма жалғанып, оған жаңа (категориялық) грамматикалық магына үстелгеннен түбір білдіретін негізгі жалпы грамматикалық мағына жоғалып кетпейді. Егер түбір тұлга білдіретін грамматикалық магына ондайда жойылып кетсе, он да жалганған грамматикалык тұлға сол сөз табының сөз түрлендіруші формасы емес, басқа сөз табын жасайтын сөз тудырушы немесе сөзжасам көрсеткіші болғаны, сөйтіп ол сөз баска сөз табына ауысып кеткені, я бұл сөз табының түбір тұлгасына ондай грамматикалык мағына тэн болмағаны. Ал бұл Жерде ет істіктің шактық, болымсыздык, шарттылық, жақтық т.б. мағыналарды білдіретін тұлғалары түбір тұлға мағынасын өзгертіп жіберетін сөз тудырушы көрсеткіш бола алмайтыны түсінікті. Түбір тұлға білдіретін мағына мен сол сөз табының эр түрлі формалары үстелуі арқылы пайда болатын грамматикалық магыналардың салмағы, қызметтері бірдей емес. Басқаша айтқанда, түбір мен қосымшалар морфема ретінде морфологияның объектісі болғанмен, эр-түрлі лексика-грамматикалық қасиеттері арқылы бір-бірінен ерекшеленетіні сияқты олар білдіретін грамматикалык мағына да, яғни түбірде жалпы грамматикалық мағына да, косымша да, жеке грамматикалық мағына да бір-бірінен ерекшеленеді.
Түбір түлға білдіретін мағына негізгі лексикалык мағынасынан туындап, жалпылануы аркылы сол сөз табының сөз табы ретінде калыптасқаннан кейінгі орныккан, тұрақталған грамматикалык мағынасы, сондыктан ол мағына сөздің жеке тұрғандағы түрінен байқалса, сөз табының тұлгальщ мағыналары сөйлеу процесінде, ол сөздің басқа сөздермен қарым- катынаска түсу нәтижесінде пайда болатын жэне белгілі грамматикалық формалар аркылы берілетін мағына болып табылады. Ол форма арнаулы грамматикалык көрсеткіштераркылы көрінуі мүмкін немесе тілдің даму барысында грамматикалық көрсеткіштері түсіп қалып калыптасқан я белгілі бір тұлғадағы сөздермен синтаксистік қарым-катынасының тұрақталу нэтижесінде пайда болатын арнайы грамматикалық мағынаның көрсеткіші ретінде калыптасқан нөлдік форма болуы мүмкін. Сондыктан нөлдік форманың мэн- мағынасы түбір тұлға ыңғайында емес, білдіретін магынасы аркылы өзі енетін грамматикалык категорияның я парадигманың баска түрлерімен салыстыыла, жіктеле карастырылғанда ғана айқындалады. Яғни, мысалы атау тұлғаны басқа септік тұлғаларына негіз болатын түбір тұлғамен бір деп анықтау дұрыс еместігі жоғарыда айтылады, онда атау септік басқа септіктермен тең дәрежеде болмас та еді, септік категориясының бір түрі болып есептелмес те еді. Атау септіктің арнайы грамматикалык формасы болмағанмен, бір жағынан, оны түбір тұлгада бөлек етіп танытатынын, екінші жагынан, сол аркылы басқа септік түрлерімен белгілі дәрежеде бірлікте түрып, іштей олардан саралануға негіз болатын субстанттык мағынасы, сөйлемнің предикатымен жактық жағынан киыса байланысып, грамматикалық субъекті сияқты атқаратын кызметі бар екенін ескермеуге болмайды. Атау септіктің бұл ерекшелігі басқа сөз таптарының сөйлем ішінде атау тұлғада тұрып, бастауыш кызметін аткарып, субстантивтенуінен айкын көрінеді.
Сондай-ак етістік түбірдің грамматикаларда көрсетіліп жүрген бір ерекшелігі — олардың тікелей жіктелмеуі. Ал бұйрық райдың 2-жағы — жіктелу үлгісінің бір көрінісі, яғни сөйлеу процесі нэтижесінде пайда болатын грамматикалык мағына. Міне, осы айтылгандардың барлығы етістіктің түбір тұлгасы мен 2-жақ бұйрық тұлғасы бір форма емес екендігін, тек сырттай сэйкес келетіндігін, «етістіктің түбірі — бұйрық райдың 2-жағы» деген анықтаманың кате екендігін, етістіктің түбірі басқа сөз таптарының түбірлері сияқты жеке тұрып қолданыла алмайтынын көрсетеді. И.Е.Мамановтың: «Түркі тілдерінде түбір етістіктер ешкашан басқа сөздермен тіркеске енбейді де, сол күйінде дербес сөйлем мүшесі бола алмайды. Етістіктер есімше, көсемше, |кимыл есімі, рай формаларымен түрленгенде басқа сөздермен синтаксистік қатынасқа еніп, сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалады», — деген пікірінің өте дүрыс екенін байқаймыз.
Етістіктің түбір түлгасы қимылды, іс-әрекетті, процесті т.б. білдіреді жэне ол — етістіктің жеке сөз табы ретіндегі жеке түрғандагы семантикалық белгісі, негізгі жалпы грамматикалық магынасы, ал бүйрық райдын 2-жагы сол етістіктін сөйлеу процесінде басқа создермен қарым-қатынасқа түсудін нәтижесінде пайда болатын, грамматикалық нөлдік форма арқылы көрінетін түрлену магынасы, яғни категориялық магынасы болып табылады.
Ал енді қазак тілінде бұйрық райдың 2-жак анайы түрінің сырт түлғасы әуелден-ақ етістіктің түбір тұлгасымен бірден болган ба? Деген заңды сұрак туады. Оған жауап беру үшін бұйрық райдың жакка карай жіктелу ретін еске түсірейік.
Жекеше | Көпше |
Мен бар-айын, кел-ейін Сен бар-, кел- Сіз бар-ыңыз, кел-іңіз Ол бар-сын, кел-сін | Біз бар-айық, кел-ейік Сендер бар-ындар, кел-іңдер Сіздер бар-ыңыздар, келіңіздер
Олар бар-сын, кел-сін |
Әрине, 1 жэне 3-жақтарда бұйрықтык магына 2-жактағыдай емес. Ол түсінікті де, өйткені адам өзіне-өзі (1-жақ) немесе көрінбеген бөгде біреуге (3- жақ) тыңдап отырған адамга (2-жақ) қаратылган сияқты толық мэнде бұйыра алмайды. Сол ерекшелігіне жэне 1 мен 3-жақтың қосымша тұлгасына карап, кейбір ғалымдар, 1 жэне 3-жакгарда бұйрык рай жүйесінен бөліп карау керек деген де пікір айткан. Бірак бұлардың ондай мағына ерекшеліктері оларды бөлек-бөлек грамматикалық категорияның я парадигманың көрсеткіші деуге негіз бола алмайды.
Осы жүйедегі 2-жақтың жекеше, сыпайы түрі мен 2-жактың көпше анайы жэне сыпайы түрінің тұлғаларына назар аударайық. Олардың косымшалары: 2-жақ жекеше сыпайы түрінде -ңыз, -ңіз, -ыцыз, -іңіз, көпше анайы түрінде -ңдар, -қдер, -ындар, -іңдер, сыпайы: -цыздар, ніздер, ыныздар, іціздер. Бұл косымшаларды -ын (-ің, -н), -ыз(-із) -ың (+ін, +ң), -дар -(дер), -ын (-ІН, -н) ыз(із)+дар(дер) көптік ұгымның көрсеткіші, -ыз(із)- сыпайылык мәнді білдіруші, ал -ың, -ің, -ң — екінші жактың көрсеткіші.
Демек, бұйрықтық жэне 2-жақтық (категориялык) грамматикалық магынаны білдіретін арнайы грамматикалык форма, яғни, етістіктің түбір тұлғасынан өзге екенін көрсететін грамматикалық көрсеткіші осы болған. Ол жеке тұрғанда (2-жақ анайы, жекеше түрінде) түсіп қалып колданылған да, бұл форма сырттай ғана етістіктің түбір тұлғасымен ұқсас болып кеткен, ал баска қосымшалармен қабаттасып келгенде, оның құрамында сақталып қалған. Бұл процесс кейінгі кездің жемісі емес, ертеректе болған, сөйтіп, бұйрык райдың 2- жак жекеше, анайы түрінің магынасы сакталып, грамматикалык формасы түсіп калып, нөлдік тұлгада жұмсалуы, ягни етістіктің түбір тұлғасымен сырттай сэйкес келуі тұракты нормага айналган.
Сөйтіп, біріншіден, етістіктің түбір тұлғасы мен бұйрық райдың 2-жақ тұлғасы бір емес, олар сыртқы түрі жағынан ғана сәйкес келеді, сондыктан оларды ажырата білу керек, екіншіден етістік түбірлері тікелей жіктелмейді, түбір тұлғасында белгілі бір магына кимыл білдіргенмен, түбір күйінде тікелей сөйлем ішінде колданылмайды, тек етістіктің белгілі грамматикалық тұлғаларын (есімше, көсемше, шақ, рай т.б.) жамылып жэне сол тұлғалар негізінде ғана жіктеліп барып жұмсаларды. Тек қана қазіргі тілімізде отыр, тұр, жатыр (жат), жур деген калып етістіктері тікелей жіктеліп, колданылады. Қалып етістіктері тек тікелей жіктеле алу жағынан ғана емес, басқа да сипаттары жағынан ерекшеленеді: 3-жак жіктік тұлгасы мен бұйрық райдың 2- жак тұлғасы сәйкес келеді: ол отыр — сен отыр, ол тұр — сен тұр, ол жүр — сен жүр, тек жатыр етістігі ғана 3-жакта ол жатыр болып, бұйрық райдың 2- жағында сен жат болып беріледі.
Сондай-ақ калып етістіктері есімдерше, етістік тұлғаларының ішінде есімдерше жіктеледі.
Мен отырмын, тұрмын, жатырмын, жүрмін, көрермін;
Сен отырсың, тұрсың, жатырсың, жүрсің, көрерсің;
Сіз отырсыз, тұрсыз, жатырсыз, жүрсіз, көрерсіз;
Ол отыр, тұр, жатыр, жүр, көрер.
Біз отырмыз, тұрмыз, жатырмыз, жүрміз, көрерміз;
Сендер отырсыңдар, тұрсыңдар, жатырсыңдар, жүрсіңдер, көрерсіңдер;
Сіздер отырсыздар, тұрсыздар, жатырсыздар, жүрсіздер, көрерсіздер;
Олар отыр, жатыр, тұр, жүр, көрер.
Қалып етістіктерінің мұндай ерекшеліктері олардың түбір тұлға емес екендігінен болып отыр. Қазіргі кезде түбір деп айтылып жүргенмен, етістіктің белгілі формалары негізінде калыптасқан да, онда сол формалардың грамматикалық касиеті калып койған. Жатыр етістігінің жат түрінде колданылуы оның түбір емес екендігін көрсетеді. Сондай-ак отыр етістігі ол тұр — ол тұрар тұлғасынан калыптаскандығы белгілі. Ал тұр мен жүр де, етістіктің тұрұр жэне жүрүр тұлғаларынан калыптасқан, кейін соңғы -ұр, -үр қосымшасы түсіп қалғанмен, оның грамматикалык қасиеті, процессуальдық мэні сакталып калудың нэтижесінде қалып етістіктері осындай ерекшеліктерге, ягни эрі түбір тұлға ретінде 2-жақ бұйрық рай тұлғасымен омоним форма құрап, эрі процессуальдық мэні сақталып, осы шақтың (нақ осы шақтың) негізгі грамматикалык көрсеткіші болып саналып, 3-жак жіктік жалгау тұлғасында, нөлдік формада жұмсалуға ие болған.
Сонда калып етістігінің осы мэндері бір тұлғадағы ерекшеліктері ме? деген сұрак туады.
Қалып етістіктерінің осындай эр түрлі мәндері бар бір гана тұлғасының көрінісі емес. Мысалы, тұр — түбір десек, сен тұр — бұйрық райдың 2-жағы (жекеше, анайы түрі), ол тұр — 3-жакта жіктеліп қолданылған, бұлардың мағыналары кандай әр түрлі болса, формалары да сондай әр түрлі, түбірден басқасы — әр грамматикалық категорияның нөлдік формалары.
БОЛЫМСЫЗДЫҚ (БОЛЫМДЫ-БОЛЫМСЫЗДЫҚ) КАТЕГОРИЯСЫ
Етістік түбір күйінде де, эр түрлі грамматикалық (лексика- грамматикалық) түлғаларында да қимылдың, іс-эрекеттің, амал-процестің болуын (болғанын, болып жатқанын, болатынын, болу сипатының эр түрлі реҢін) білдіреді. Сонымен бірге кимылдың, іс-әрекеттің болуы да өмірде болатын қүбылыс. Міне, қимыл, іс-әрекеттің, яғни етістік білдіретін мағынаның іске аспауы, болмауы арнайы грамматңкалык амат-тэсіддер арқылы беріледі. Сөйтіп, етістік білдіретін қимыл, іс-әрекеттің қарама-кайшы мэні, ол мағынаның болмауы етістік түбірлеріне (негізгі, туынды, күрделі), етістіктің лексика-грамматикалық категориялары (етіс, күшейтпелі етіс) тұлғаларына — ма, -ме, -ба, -бе, -на, -не қосымшасы қосылу арқылы жасалады да, тек етістіктің болымсыздық түрін жасап коймайды, болымдылык мэнге қарама- қайшы етістіктің болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясын да жасайды.
Болымсыздық категориясының бірден-бір түлғалық көрсеткіші -ма, — ме, -ба, -бе, -па, -пе болымсыздық тұлғасы. Әрине, етістіктің болымсыздық мәнін беретін басқа да аналитикалық жолдары бар. Атап айтқанда, есімшенің — ған, -ген, -қан, -кен тұлғасы етістікке жоқ модаль сөзі, есімшенің -ған, -ген, — «Қйн, -кен, -атын, -етін, -йтын, -йтін, -арГнёр, -р, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, — пек тұлғалы негізгі етістіктерге емес (кейде емен) көмекші етістігі тіркесіп жасалады. Бірақ бұлар болымсыздық категориясына жатпайды, оның грамматикалық сипаты (түбірмен 2-жақ бұйрық рай тұлғасымен сэйкес келуі, тікелей жіктеле алмауы, етістіктің таза грамматикалық тұлғаларына негіз болуы) сәйкес емес. Болымсыздык категориясы етістіктің лексика- грамматикалық категориясы болып табылады. Себебі, біріншіден, бұл категорияның қосымшасы етістік түбірге жалғанғанда, түбір семантикасына аздап болса да әсер етіп, өзгеріс енгізеді, яғни түбір беретін мағынаның болмайтынын білдіреді, екіншіден, етіс категориясы сияқты түбірдің грамматикалык сипатын сақтап қалады: 1) бұйрық райдың 2-жак жекеше анайы тұлғасымен сәйкес келіп, онымен омоформа жасайды; 2) тікелей жіктелмейді;
- сол күйінде қолданылмайды, етістіктің таза грамматикалық категорияларын жасауға негіз болады; рай, шақ, (есімше, көсемше және тұйық етістік тұлғалары тек болымсыз етістік) тұлғасының үстіне ғана жалғана алады, керісінше болмайды. Сондықтан Т.Маманов «болымсыздық қосымшалар -ма, -ме, -ба, — бе, -па, -пе негізгі етістіктер (етістік түбірлер мен модификациялы етістіктер), яғни етістіктің лексика-грамматикалык категориясы (И.С.) мен функциялық етістіктердің, яғни етістіктің таза грамматикалық категорияларының (И.С.) шекарасын көрсетіп тұратын белгі ретінде жұмсалады», — деп көрсетеді (М.Т. — ҚҚТ, 9-10).
Күрделі етістікте болымсыз форма бірде негізгі етістікке жалғанса, бірде көмекші етістікке жалғанады: айт-па-й жүр, сөй-ле-ме-й қалды, бер-ме-п еді жэне айтып жүр-ме, сойлеп қой-ма, беріп жібер-ме т.б. Әрине, бұлар кимыл, іс-эрекеттің болымсыздық мэнін білдірумен бірге негізгі немесе көмекші етістікке жалғануда белгілі стильдік мэн беріледі, стильдік жүк аткарады, егер болымсыздык форма екі етістікке (эрі негізгі, эрі көмекші) де жалғанса, онда ол болымдылық мэн білдіреді, онда ол әдеттегі болымдылыктан өзгеше ерекше стильдік бояу болады: айтпа-й қойма-ды, жаз-ба-й отыр-ма- ды, сүра-ма-й кет-пе-ді т.б.
ЖЕТЕКШІ ЖӘНЕ КӨМЕКШІ ЕТІСТІКТЕР
Толык лексикалык мағыналы етістіктер жетекші етістіктер деп аталады. Мысалы, Кешкі алты боп калды, қонақ үйдің фоэсіне жинала бастадық (Ш.Жиенқұлова). Мұндағы жетекші етістік жиналу лексикалық мағынаны білдіріп тұр, ал осы тіркестегі баста етістігінің тойды баста дегендегі колданыстағы бастау мағынасы жоқ, сондықтан оның лексикалық мағынасы болмағандыктан, ол жетекші етістік емес, грамматикалық мәндегі көмекші етістік болады.
Жетекші етістіктің барлыгы сөйлемде субъектінің іс-әрекетін білдіреді. Мысалы, -Әже, мынау өзіміздің … — деп ұмтыла бергенде Балзия оның иығынан тартып қалган (С.Жүнісов).
Жетекші етістікке тән бірнеше белгілер бар:
- Жетекші етістіктің міндетті түрде лексикалық мағынасының болуы
кажет.
- Жетекші етістік көмекші етістіктен бұрын тұруы керек. Бұл орын тәртібі үнемі тұрақты болып келеді.
Тіліміздігі кез-келген лексикалық мағынасы бар етістіктің бэрі бірдей жетекші етістік болз бермейді. Мысалы, келе берді, айта салды, кездесе қалды, жылап жіберді, окып шыкты, жазып бітті т.б.
Грамматикалык дамудың нәтижесінде өзінің бастапкы лексикалык мағынасынан айырылып, грамматикалық кызметке көшкен етістік түрі көмекші етістіктер деп аталады. Тілде көмекші етістіктердің саны аса көп бімёс. Бірақ блардьің тілде атқаратын кызметі орасан зор. Қазак тілінде отызға тарта көмекші етістіктер бар. Олар: ал, баста, бар, бер, біл, бақ, де, еді, ет, екен, емес, жазда, жатыр, жүр, тұр, отыр, кел, кет, кой, көр, жібер, жөнел, сал, түс, таста, кал, шық, кара, өт, біт.
Көмекші етістіктердің өзіне тэн бір ерекшелігі көмекші етістіктердін лексикалык мағынасының болуы. Мысалы, Екі көзі көкпеңбек, беті-мұрны кызарган, сағал сары Баймағамбет Абайдың мінезіне күліп жіберді (М.Әуезов). Берілген сөйлемдегі жібер көмекші етістігі қолданылған, ол етістікте ешкандай лексикалық мағына жоқ, күліп жіберді дегенде эңгіме күлу туралы болып отыр.
Профессор А.Ысқақов көмекші етістіктердің қызметі туралы былай дейді: «Олардың көмегі арқасында, мағыналары каншалықты олқы бола тұрса да, мағынасын толык дербес сөз арқылы білдіре алмайтын неше алуан өте нэзік семантикалык, грамматикалық абстракты мағыналар жасалып я беріліп отырады. Мысалы, иіөлдеп кеттім жэне шөлдеп қалдым, серпіп жіберді жэне серпіп тастады… деген етістіктердің бірі-бірінен ерекшеленетін нэзік реңктерін тек көмекші етістіктердің жетекші етістіктерге үстейтін мағыналарынан ажыратуға болады» [63, 246].
Көмекші етістіктер жетекші етістікке көсещпе, есімше жұрнактары аркылы тіркеседі. Мысалы, кел + е қойды, кет + іп қалды, кел + ген еді, келе + тін болды, кел + се екен, кел + іп алды т.б.
Кейде бір жетекші етістікке бірнеше көмекші етістіктер тіркесе береді. Мэселен, біткелі калып еді т.б.
Көмекші етістіктердің колданылу аясы, жетекші етістікке тіркескенде оларга косатын мағынасы мен түрлену сипаты жагынан бэрінде бірдей емес. Сондықтан олардың өзі іштей толымды жэне толымсыз көмекші етістіктер болып екіге бөлінеді.
Толымды көмекші етістіктердің катарына келесілер жатады: ал, бер, бар, баста, бақ, бол, біт, жатыр, жібер, жүр, жөнел, кел, кет, көр, қал, қара, қой, таста, тұр, отыр, өт, сал, шық, де, қыл.
Толымды көмекші етістіктер әрі жетекші, әрі көмекші кызмегте жұмсала алады. Мысалы, Ол жүдырықпен қойып калды, олардан қалып койды дегендегі алдыңғы тіркесте қал етістігі көмекші, екінші тіркесте жетекші болып тұр.
Ал толымсыз көмекші етістіктерге е, ет, жазда, де сөздері жатады. Олар тілде үнемі көмекшілік қызметте гана колданылады. Көмекші етістіктердің бәрі категориялар мағынасын білдіріп, категориялардың аналитикалық формаларын жасауға қатысады.
БОЛ, ЕТ, ҚЫЛ КӨМЕКШІ ЕТІСТІКТЕРІ
Бол, ет, қыл көмекші етістіктері тілде эр алуан қызмет атқарады. Бұл үш көмекші етістіктің сөзжасамдық кызметі өте күшті. Бұлар аркылы жасалган құранды етістіктер тілде өте көп. Бұл көмекші етістіктер есім сөздерден етістік жасайды. Мысалы, Еламанда қыбыр етпеді (Ә.Нұрпейісов). Кейбір көргенін әңгіме етіп қояды (М.Әуезов). Берілген мысалдардағы қыбыр етпеді дегенді кыбырламады, әңгіме етіп дегенді әңгімелеп деген туынды түбір етістіктер ауыстыруға болады. Өйткені қыбыр етпеді мен қыбырламады, әңгіме етіп пен әңгімелеп дегендер мағынасы жағынан бірдей. Олардың алғашқылары есім сөздерге көмекші етістіктің тіркесі арқылы жасалса, екіншілері есім сөздерге жұрнақ жалғану арқылы жасалған. Бұлар синтетикалық жэне аналитикалык тәсіл арқылы жасалған, яғни бұл көмекші етістіктер құранды етістік жасап тұр.
Бұл үш етістіктің мағынасы, түрленуі мен атқаратын қызметі жағынан ортақтықтары болумен бірге, өзгешеліктері де жоқ емес. Ет жэне қыл көмекші етістіктерінің ұксастықтары көбірек. Ол ұқсастық олардың мағынасымен байланысты. Қыл етістігі туралы ғалым Жұмағали Шәкенов былай дейді: «Бұл «ет» сөз-формасымен мағыналас, заты оның синонимі іспетті. Мысалы, еңбек етеді дегенді еңбек қылады деуге әбден болады. Сол сияқты дәме еткен — дәме Қылган, бүгірық етті — бүйрық қылды дегендердің де білдіретін ұғымы бір» [57,
71].
2002 жылы шыккан академиялык грамматикада бұл аталған етістіктердің кұранды етістік жасаудагы кызметі туралы былай делінген: «Бұл қызметті кез келген көмекші етістік атқара алмайды, тек белгілі көмекші етістіктер ғана осы кызметті аткара алады. Олар: бол, ет, қыл көмекші етістіктері. Осы көмекші етістіктердің есім сөзді етістікке айналдыруын олармен мағыналас туынды түбір етістіктермен салыстыру арқылы олардың мағына бірлігін тануға болады» [32, 537].
Бол, ет, кыл көмекші етістіктері арқылы жасалған құранды етістіктер бір күрделі сөз болғандыктан, етістікке тэн түрлену жүйесі бойынша барлык формаларды кабылдай береді. Мэселен;
АНАЛИТИКАЛЫҚ ФОРМАНТТАР
«Аналитикалық формант» термині есімге де, етістікке де тэн. Аналитикалық формант грамматикалық категориялары бар сөз таптарына қатысты. Олардың ішінде сапалық сын есімнің шырай категориясының аналитикалык формасы бар екенін кейбір ғалымдар көрсетіп жүр. Өте үлкен, ёң жақсы, тым эдемі, өте таза т.б. қолданыстағы сөздер асырмалы шырайдын аналитикалық формаларына жатады. Сондай-ак сен үшін, ауылдың маңы, үйге карай деген тіркестерді септіктің аналитикалық формасы дейтін пікірлер де кездеседі.
Грамматикалық категориясы бар зат есім мен сын есімдегі грамматикалык аналитизм мәселесі дэлелденбегендіктен, аналитикалык формант ұғымы тек етістікпен байланысты қаралып жүр. Түркі тілдерінде сөздің аналитикальщ формасы туралы теорияның негізін салушы, түркі тілдеріндегі етістіктің аналитикалық формаларын зерттеуші ретінде ғалым А.А.Юлдашевті атауға болады.Ал қазақ тіл білімінде профессор Н.Оралбаева қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттарын жалпы зерттеген, оның етістіктің барлық категорияларына қатысты екенін дэлелдеген, аналитикалық формант, форма теориясының негізін қалаған. Әр категорияға қатысты негізгі аналитикалық форманттарды көрсеткен.
Аналитикалық формант туралы айтпас бұрын аналитикалық форма ұғымына түсінік берген жөн. Аналитикалық сөз формасының өзіне тән бірнеше белгілері бар.
Біріншіден, сөздің аналитикалық формасы дербес сөз бен көмекші сөздің бірлігінен тұрады. Ғалым Ә.Хасенов аналитикалық формаға былайша сипаттама береді: «Аналитикалық форма дегеніміз — атауыш сөздер мен көмекші сөздер тіркесінен жасалған құранды форма. Мәселен, ауылдың жаны, саған бола келдім, сен туралы, елу шақты т.б. аналитикалық формалы сөздер» [53, 232]. Дербес (атауыш) сөз бен көмекші сөздің тіркесі дегенде міндетті түрде оның грамматикалық мэні ескерілуі қажет. Тек қана грамматикалық сипаттағы дербес сөз бен көмекші сөздің тіркесінің аналитикалық форма бола алатыны есте болуы керек. Мысалы, күліп жіберді, өте үлкен, тап-таза т.б.
Екіншіден, сөздің аналитикалық формасы грамматикалық категориясы бар сөз таптарына қатыстьш
Қазақ тілінде грамматикалық категориялары бар сөз таптары деп зат есім, сын есім жэне етістік аталып жүр. Осы үш сөз табының ішінде етістіктің аналитикалық формасы дәлелденді. Ал зат есім мен сын есімнің аналитикалық формасы элі ғылымда шешімін таппаған мәселелер қатарында қалып отыр. Зат есім мен сын есімнің грамматикалық категорияларының мағыналарын білдіретін көмекші сөздер бар. Аталған үш сөз табының ішінде зат есімнің септік категориясының аралас аналитикалық формасы және сапалық сын есім шырайының аналитикалық формасы бар.
Үшіншіден, сөздің аналитикалық формасын жасайтын көрсеткіш — аналитикалық формант.
Аналитикалық формант — сөздің аналитикалық формасын жасаушы көрсеткіш. Мысалы, келе жатыр, айта бастады, білсе екен, өте жақсы деген сөздердегі =е жатыр, =а баста, =са екен, өте дегеңдец^^аналитикалык форманттар. Аналитикалық формант деп қосымша мен көмекші сөздің бірлігінен тұратын, не тек көмекші сөзден тұратын категория мағынасын білдіретін морфологиялық көрсеткішті атасақ, ол сөздің синтетикалық формасын жасайтын грамматикалық қосымшамен бірдей қызметтегі тілдік бірлік болып саналады.
Төртіншіден, сөздің аналитикалық формасын жасаушы аналитикалық форманттың құрамы тұрақты, оны езгертуге болмайды. Мәселен, қимылдың өту сипаты категориясының магынасын білдіретін =а бер форманты түбір етістікке тіркесіп, қимылдың қайталануын, созылуын білдіреді: айта бер, жаза бер. Осы формант тек осы құрамда ғана осы мағынаны білдіреді, оның құрамын өзгертсек, бұл мағынаны білдірмейді. Мысалы, бұл форманттың құрамындағы =а жұрнағының орнына =п жұрнағын қойып =п бер түріне көшірсек, ол
қимылдың созылуын, кайталануын білдірмейді: айтып бер, жазып бер. Бұл аналитикалык формант кұрамының тұрақтылығын дэлелдейді.
Бесіншіден, аналитикалык форманттар грамматикалық категориялардың мағынасын білдіретін көрсеткіштерге жататын болғандықтан, олар грамматикалык мағына береді.
Демек, аналитикалык формалы сөз лексикалық мағынамен бірге грамматикалық мэнді де білдіреді. Мысалы, өте үлкен дегендегі үлкен сөзінің лексикалық мағынасы да өте сөзінің асыру мэні де яғни грамматикалық мағынасы да қоса кабат көрінеді. Күліп жіберді, келе бастады десек, күлу кимылы да жэне оның тез, кенет жасалу мағынасы берілсе, келе бастады дегенде келу қимылы да жэне оның басталу мағынасы да қоса беріліп тұр.
Етістіктің аналитикалык форманты деп қосымша мен көмекші етістіктен тұратын, белгілі бір категорияның мағынасын білдіретін біртұтас күрделі морфологиялык көрсеткішті айтамыз. Етістіктің аналитикалык форманты көп жағдайда бір косымша мен бір көмекші етістіктен құралады.
Аналитикалық формант құрамында келетін қосымшалар — көсемше, есімше, шартты рай мен қалау рай жұрнақтары. Осы аталған косымшалармен тіркесетін тілде отызга жуык комекші. етістіктер бар болса, олардың бірлігінен жасалған аналитикалық форманттар саны жетпістен астам. Мысалы, -а ал, -п ал, -а бер, -п бер, -а баста, -а бар, -п бар, -п біт, -п кел, -п шык, -а шык, -а жазда, -п жібер, -п қал, -а кал, -п кет, -е кет, -п кой, -п сал, -а сал, -п түс, -е түс, -п отыр, -п тұр, -п жүр, -п жат., -п жатыр, -а жатыр, -п таста, -п бақ, -п өт, -п біт, -п көр, — ған бол, -гы кел, -а көр, -са екен, -са игі еді, -п еді, -ғай еді, -атын еді, -мақ еді, — са еді, -ар еді, -п келе жат, -а көрме, -п жүре бер, -п сала бер, -п кеп кет, -п кеп жібер, 0 еді, 0 емес, 0 жок т.б.
Аналитикалык форманттар кұрамы жағынан жала>ү_…(дараф және күрделенген (күрделі) аналйтикалық форманттар болып екіге эөлінеді. Бір, екі, үш морфемалы аналитикалык форманттар жалаң аналитикалык форманттар деп аталады. Мысалы, Қатты өзгеріп, жаны толқынға түскен Абай элі оңалған жоқ (М.Әуезов). Менің күлкім түрткі болды да, сахнада тұрған артистердің бэрі күліп жіберді (Қ.Байсейітов). Толып жаткан үйді бір аралап іиыщысы келеді (М.Әуезов). Мұнда 0 жоқ, -іп жібер, -кысы кел аналитикалық форманттар колданылган. Олар 0 жоқ форманты бір морфемадан, -іп жібер екі морфемадан, -кысы кел үш морфемадан кұралған.
Бір морфемалы аналитикалык форманттарға 0 еді, 0 екен, 0 емес, 0 жок форманттары жатады, олардың саны аз, бірақ тілде өте жиі қолданылады. 0 еді аналитикалык форманты — катыстык өткен шақтың көрсеткіші. Мысалы, Менін бүгінгі шарыктаған табысымды Александров, Жүргенов, Құрманбек көрсе ғой, куаныштан жүректері жарылып кетер еді (Ш.Жиенқұлова).
0 екен форманты да өткен шактык магына береді. Мәселен, Тәкежаннын үйінен Абай аттанғанда, күн кешкіріп, екінтіге такап калған екен (М.Әуезов). Жоғарыда 0 еді мен 0 екен аналитикалык форманттары өткен шақтык мағынаны білдіреді. Бірак 0 еді формантын субъекті өзі қатысқан өткен уақыттағы іс-кимылмен байланысты колданса, екінші мысалдағы 0 екен формантын субъектінің өзі қатыспаған, көрмеген өткен кездегі іс-кимыл туралЫ айткан кезде ғана колданады.
Төрт морфемалы аналитикалык форманттар күрделенген аналитикалык форманттар деп аталады. Мысалы, Қисса, ертегі, күйлерді бар ыкыласын қоя тындайды, нота біледі, ұнағандарын дереу нота дәптерлеріне жазып ала қояды (Ш.Жиенқүлова).
Күрделенген аналитикалық формант бір гана мағына береді, оның күрамындағы морфемалардың орны тұрақты, олардың арасына баска морфема косылмайды. і V
Аналитикалық форманттардың тілде 3 түрлі жолмен жасалғанын байкауга болады: 1) күрделі етістік арқылы; 2) еді, екен, емес, жок көмекші етістіктері арқылы; 3) аналитикалық форманттардың өзара бірігуі аркылы.
Аналитикалық форманттар етістік категорияларының магынасын білдіреді, солардың морфологиялық формасы болып жұмсалады. Аналитикалык форманттардың категорияларға қатысы тұрғысынан кимылдың ету сипаты категориясы мен модальдылық категориясының, рай категориясының, шақ категориясының, болымсыздык категориясының аналитикалық форманттары деп көрсетуге болады.
Аналитикалық форманттар түрлі категорияларға катысты. Бұл туралы профессор Н.Оралбаева: «… қазақ тіліндегі етістіктің грамматикалық категорияларында синтетикалық форма мен катар аналитикалык форманың кең колданьшатынын көрсетеді. Атап айтканда, етістіктің аналитикалык форманттары мына категорияларда қолданылады: модальдылык, кимылдың өту сипаты, рай, болымсыздық категориялары» [42, 72]. . Аналитикалык
форманттардың көпшілігі қимылдың (амалдың) өту сипаты категориясының мағынасын білдіреді. Мэселен, Осы сәтте есік коңырауы іиылдырлап қоя берді (Ә.Нұршайықов). Абай катты бір күдік ойлап, Қарабастың касына келіп сүрастыра бастады (М.Әуезов). Ақылбай Абайдың төменгі жағында отыр еді, қатарындағы Әйгерімге салмақпен сыбырлап күліп сөйлеп жатыр (М.Әуезов).
Аналитикалык форманттар модальдьіқ мағынаны да білдіреді. Модаль мағыналы аналитикалык форманттар сөйлеушінің кимылга көзкарасын білдіреді. Мысалы, айта алады, жеңе алады, сұрай алады, коргай алады. -а ал форманты аркылы сөйлеушінің амалга, кимылға көзкарасы, іс-эрекетке, кимылға деген пікірі беріліп тұр. Бұндай көрсеткіштер магынасы тұрақты, тілде үнемі осы бір мағынада колданылады. Жоғарыда аталган аналитикалык форманттан басқа да модальдық магынаны білдіретін аналитикалык форманттар бар. Олар: -гы кел, -а біл. Мысалы, сөйлей £іледі, шыдай біледі, тыңдай біледі, көре біледі, жаза біледі, айтқысы келеді, жасағысы келеді, білгісі келеді, барғысы келеді т.б.
Аналитикалық форманттар бұйрық рай мағынасын білдіреді. Мысалы, Айтпа, айтпа деймін анаған! Айтушы болма анаган!… — деп, әкесі жакты нұсқап, Абайдың ауызын ашырмай, шалкалатып жыга берді (М.Әуезов).
Аналитикалық форманттар калау рай магынасын білдіреді. Қалау мағынасы -са игі еді, -са екен, -са еді аналитикалық форманттары аркылы беріледі. Мысалы, Өзінікі болса игі еді (М.Әуезов). Соны тек бір кайырып айтсаңыз екен (М.Әуезов). Осылар айта берсе екен, араласа берсе екен (Ғ.Мұстафин).
Аналитикалық формантгар нақ осы шақ мағынасын білдіреді. -п отыр, —п жатыр, -п тұр, -п жүр, -п келе жатыр, -п бара жатыр аналитикалық форманттары нак осы шақ жасайды. МысальГ, Баймағамбет сөйлеп отыр (М.Әуезов).
Аналитикалық форманттар етістіктің болымсыздық мағынасын білдіреді. Болымсыздык мағынаны білдіретін екі аналитикалық формант бар. Олар: 0 + емес, 0 + жоқ аналитикалық форманттары. Емес, жоқ көмекшілерінің сөзге ешбір қосымшасыз тіркесетінін көрсету үшін оны мынадай 0 белгімен көрсетеді. Мысалы, Тіл тазалығы үшін күрес ешқашан толастамақ емес (Б.Момышұлы). Оған Бақтығұл қараған жоқ (М.Әуезов). Бірақ Абай жеткізетін емес (М.Әуезов).
соож
- Аналитикалық форманттардың сөз кұрамында алатын орны.
- Аналитикалық форманттардың кұрылысы.
- Күрделенген аналитикалық форманттардың мағыналық сипаты.
сөж
- Етістіктің аналитикалык форманттарының калыптасуы
- Аналитикалык формалы етістіктің тілдегі басқа ұксас құбылыстардан айырмасы
- Етістіктің аналитикалық форманттарының мағыналык ерекшеліктері
- Күрделенген аналитикалык формант кұрамындағы белсенді қызмет атқаратын аналитикалык форманттар
ЕТІСТІКТІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ТОПТАРЫ
Етістіктің семаптикалық топтары мәселесіне арнайы еңбек жазған жэне толық мәлімет М.Оразовтың «Қазақ тілінің семантикасы» еңбегінде берілген /68/.
Етістік сөз табының ішіндегі мағынаға, грамматикалық тұлғаға (формаға) өте бай. Сондыктан да түркітануда етістікті зерттеу қай заманда да жэне бүгінгі таңда тіл ғылымында ерекше орын алады. Лингвистикада семантика мәселесін ғылыми тұрғыда зерттеуге айрықша көңіл бөлініп, белгілі бағытта қарастырылып келеді. Қазак тіл білімінде сөздің магыналары және семантикасы жан-жақты ескеріліп /69 /, соган орай оларды түрліше мағыналык кырларына, табиғатына қарай топтастырып, жіктеу және бүгінгі ғылым тынысындағы жаңалықтармен жаңаша зерделенуде: М.Оразов, Ғ.Қалиев, Б.Қасым, Қ.Қасабек т.б.
Түркі тілдеріндегі сөздердің лексика-семантикалық жүйесін, онын ерекшеліктерін ескере отырып, семантикалық топтарға топтастырып, пікір, үлгі көрсеткен тілшілер: К.Дмитриев, А.Юлдашев, Э.Тенишев т.б.
Қазақ тілінде етістіктер — сан жағынан да мол болуымен қатар, семантикасы мен атқаратын қызметі жақтарынан да аса күрделі, кызықтыратын сала. Әдетте, сөзді лексикалық бірлік деп тануга таяныш, тірек болатын белгі оның семантикасы, ал семантиканың тірегі — лексикалың магына екені белгілі. Етістік магынасы іс-эрекетті, кимылды, күйді т.б. білдіретін лексикалык бірліктер тобы. Мысалы, ұстау — істі, жүр, жүгір — кимылды, күл — күйді білдіреді. Оларды осы ұғымға ие болып калыптасуы — шындык өмірдің тілдік бейнесі. Олай болса, барлык танылған затқа тэн козгалыс, эрекетген адам санасына дерексіз үғым пайда болады да, оны тіл иесі, колданушылар қарым- қатынаста, тіл қызметінде, тілде дербес сөз ретінде таниды.
|
|||||||||||
|
|||||||||||
|
|||||||||||
|
|||||||||||
|
|||||||||||
|
ЕТІСТІКТІҢ ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРЫ
Тілдің грамматикалык жүйесінде сөз таптарының морфологиялык құрамына карай түбір жэне эр түрлі грамматикалык түр-тұлғаларға бөлінуі етістікке де тэн кұбылыс. Етістік — қазіргі кезде түбір күйінде колданылмайтын, түбір тұлға жэне неше түрлі грамматикалык мағынаның тұлғалық көрсеткіштері мен формалардың түрлену жүйесінің бірлігінен тұратын сөз табы.
Етістік — ең күрделі сөз табы ретінде субьектінің іс-эрекетін ғана емес, табиғатта, коғамда, жалпы өмірде ұшырасатын жайлардың жэне адамның ой- санасы аркылы туған түрлі амал-эрекет, іс-кимыл, жай-күй сиякты процестерді білдіретін сөз табы екендігі оның лексика-грамматикалық касиеттері мен семантикалық ерекшеліктерінен, түбір тұлғасы мен грамматикалык формаларының кат-қабаттылығынан жэне олардың өзара аракатынасы мен грамматикалық категорияларының эр түрлілігінен, колдану аясы мен сөйлемде аткаратын қызметінен айкын байкалады. Осы қасиеттеріне байланысты етістік категориялары, бір жағынан, лексика-грамматикалык, екінші жағынан, таза грамматикалық, үшінші жағынан, өзара жеке грамматикалык категория жасауға (шақ категориясын) негіз болатын формалары (есімше, көсемше) немесе бүтіндей басқа сөз табының грамматикалык сипатын ғана көрсететін айрықша түрі (тұйық етістік) тұрғысында (21.168) қарастырылып, әр категориялары бір- бірінен грамматикалық жэне семантикалык сипаттары жағынан ажыратылады да, олар тұлгалану жэне түрлену ерекшеліктеріне орай жэне білдіретін мағыналарына карай түр-түрге бөлінеді. Осыдан келіп етістіктің эр категориясы өзіндік сипатка ие болады.
САБАҚТЫЛЫҚ-САЛТТЫЛЫҚ КАТЕГОРИЯ
Бүкіл етістікті қамтитын салттылық, сабактылык мэн эрі лексикаға, эрі грамматикаға катысты категория ретінде тюркологияда зерттелуі жағынан аса дами қоймаған мәселердің бірі. Етістіктің салт етістік, сабакты етістік деп бөлінетін түрлері ертеден айтылғанмен, олар етістіктің салттылык-сабактылык категориясы ретінде танылмаған. Категория ретінде салт, сабакты етістіктер арнайы зерттеудің тақырыбы болмаған. Сондыктан да ертеде шыққан тюрколог ғалымдар еңбектерінде етістіктің салттылық, сабақтылык мағынасы мүлдем аталмайды. Кейінгі түрік тілдері грамматикаларының авторларының еңбектсрінде етістіктің салт етістік, сабакты етістік түрлері аталады, бірақ оны етістіктің жеке категория ретінде танымайды. Олар етістіктің салттылык, сабақтылық мағынасын етіс категориясының ішінде атайды. Ендігі бір топ ғалым-түркологтар етістіктің салттылық, сабақтылық категориясын етіс категориясынан бөліп, оның жекелігін көрсетеді. Бұл топтағы ғалымдар етістіктің салттылық, сабақтылығын жеке категория ретінде тани отырып, оның етіс категориясымен байланысы барына, салттылық, сабақтылыкка етіс жұрнақтарының әсері болатынына тоқталады. Сөйтіп, етіс көрсеткішінің етістіктің салттылық, сабақтылығын жасайтынын көрсетеді. Келесі топтағы ғалымдар етістіктің салт, сабақтылық мағынасын бөліп жеке қарағанмен, оны категория деп санамайды.
Етістік жалпы грамматикалық мағынасы жағынан нені білдірсе де және қандай тұлгада тұрса да, не сабақты, не салт мәнін білдіріп гұрады. Етістіктің бойындағы осы салттылық-сабақтылық қасиет оның эрі семантикалық сипаты, эрі етістікке ғана тән ерекшелік болып саналады. Етістікке тэн салтгылық пен сабақтылықты таныған ғалымдарда оны қандай категория деп атаумен байланысты эр түрлі пікір бар. Башқұрт тілінің ғалымдары сабақты, салт етістік категориясын лексика-грамматикалық категория санаса, кей грамматика авторлары оны лексика-семантикалық категория (35. 5-8.) дегенге
жақындатады. Бұдан жалпы салт жэне сабақты етістіктер туралы оқулықтарда белгілі дэрежеде мағлұмат беру ертеден келе жатқан дағдылы құбылыс екені байқалады. Ал қазақ тілінде алғаш жазылған Ахмет Байтұрсыновтың « «Тіл- құрал» атты оқулығында салт етістік пен сабақты етістіктер етістер құрамында аталып, «Сабақты етіс дейміз — еткен іске бір нәрсе сабақтаулы болса, …»; «Салт етіс дейміз — өткен іске сабақталып, байланып тұрған һеш нәрсе болмаса,…» (7.231.) — деген ережемен берілген. Яғни етіс ішінде қаралған.
Қазақ тіл білімінде сабақты етістік пен салт етістік етістіктің жеке семантика — синтаксистік категориясы (13. 24) -деп танылады.
Етістік проблемаларын қазақ тіл білімінде ең көп зерттеген ғалым — А.Қалыбаева (Хасенова), бұл ғалымның негізгі еңбектері етіс проблемасымен, етісТіктің сөзжасамымен байланысты. Осы мәселелерді зерттеу үстінде ғалым сөз жоқ етістіктің салт-сабақтылык мағынасына да тоқгалып отырған.
А.Қалыбаева «Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты» атты моногафиясында салт, сабақты етістіктер мәселесіне тоқтала келіп, бұл жөнінде автордың «Бүгінгі түркі тілдеріндегі сабақты жэне салт етістік категорияларын тек семантикалары тұрғысынан қарап қоймай, тілдің әр саласын жан-жақты қарауға тиісті лексика-грамматикалық қасиеттері тұрғысынан да қарап, оларды өзінше лексика-грамматикалық категория деп тұжырымға келу қажет болады» (55.208) — деп айтқан өз сөзінен оның сабақты жэне салт етістіктерді лексика-грамматикалық категория қатарына жаткызғаны көрінеді. Осы еңбекте ғалым сабақты жэне салт етістіктерді лексика- семантикалық жэне грамматикалық тұтастықта алып қарауды да ұсынады. «Сабақты, салт етістіктердің обьектіні керек ету, етпеуі етістіктердің лексика- семантикалық мэнімен ұштасады, ал олардың түбір тұлғада тұруы, сөйтіп тұрлаусыз мүшелерді меңгеруі грамматика саласынан танылады. Бұл сабақты, салт етістіктерді семантика мен грамматика тұтастығы тұрғысынан баяндауға мүмкіндік береді (55.208.) — деп есептейді. Салт етістік пен сабақты етістік ғылыми грамматикаларда «табыс септеудегі тура толықтауышқа мағынасы сабакталып тұратын етістікті сабақты етістік, ал, керісінше, табыс септеудегі тура толыктауышқа мағынасы сабақталмай, жадағай істің өзін халді білдіретін етістіктерді салт етістік дейміз» (31. 290.) — деген анықтама беріліп, салт, сабактылык категориясы түбір сөзге катысты екені жэне бұлардың етіс жұрнактары аркылы бір-біріне ауысатыны айтылған.
1967 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институты шығарған «Қазақ тілінің грамматикасы» ғылыми окулығында жоғарыда айтылған салт етістік пен сабақты етістіктерге берілген сипаттамаларға қоса, аздаған толықтырулар бар. Мұнда етіс жұрнактарының ішінде ортақ етіс жұрнағының салттылык, сабақтылыкка әсер ететіні, етістік жұрнақтарының көбі етістіктің сабакты жэне салт мэнін беруге бейтарап болып келетіні айтылған. Сонымен бірге -ра /-ре, -сыра /-сіре, -мсыра /-мсіре, -ңра /-ңре, -ура /- уре, -ай /-ей, -ырай /-ірей, -ал /-ел /-л, -ғы / -гі т.б. жұрнақтары салт етістік көрсеткіші есепті өз алдына бөліп карау керек деп санаған да, ал -кылы / -кіле жұрнағы (шапкыла етістігінен баска жағдайда) сабақты етістік жасайтыны (31.163-164.) айтылған. 1974 жэне 1991 жылдары шыккан «Қазіргі казақ тілі» (морфология) оқулықтарында (63. 279-281.) салт және сабакты етістіктерге кысқаша түсінік беріле келе, екі нәрсеге көңіл бөлу керекгі, бірі — бір етістіктің эрі салт, эрі сабақты болып келуіне, екіншісі -салт, сабактылык касиеттің жалаң түбір етістіктермен коса күрделі етістіктерге де катысы бар екеніне назар аударылған. Ә. Төлеуовтың «Сөз таптары» деп аталатын филология факультеті студенттеріне арналған оқу құралында етістік ішкі лексика- семантикалық мәнінің сапалык белгісіне карай ажыратылып, ол кимыл обьектілерінің түріне қарай сабакты, салт етістік болып бөлінетіні, сөйтіп етістік болмыстағы іс не әрекеттің белгілі бір обьектіге сабақталып, не сабақталмай жалаң қолданылуы арқылы өздері меңгеретін сөздерінің белгілі формада тұруын талап ететіні, сабақты етістік пен салт етістіктің казак тілінде формалануы жагынан (косымша косылуы) бір-бірінен пәлендей айырма жок, бірақ олардың бір-бірінен мағынасы жэне кызметі жағынан айырмасы барлығы айтылады (52. 78.). Бұл пікір алалығы тюркологияда етістіктің салттылык, сабақтылык мэселесінің аз зерттелгенін көрсетсе керек.
Жалпы лингвистикада салт, сабақты етістіктерді обьектілі, обьектісіз кимыл деп атау калыптаскан. Етістіктің салт, сабактылығы тілдің грамматикалық құрылысында кең орын алатын грамматиканың теориясын дамытуда маңызы зор өзекті мәселелердің бірі екені ақиқат.
Салт, сабақты етістік категориясының кейбір жеке тілде ғана болмаса жалпы түркологияда, соның ішінде қазақ тіл білімінде де зерттелмей келе жатқаны, осы қысқа шолудан анық көрінеді. Бұл түркі тілдерінде салт, сабакты етістік категориясына байланысты теорияның дамымағанын көрсетеді. Соңғы кездері жеке тілдерде, соның ішінде қазак тілінде салт етістік пен сабакты етістіктердің ішкі сыры баска мэселелермен қатысты кұрамы мен мағынасының аумағы, сөз тіркесін жасаудағы қабілеті, олардың есім сөздерді Меңгеруіне байланысты қарастырылып жүр (5.).
Етістіктің салттылық, сабактылык мэнінің өзіндік айырмашылығы бар категория. Ол негізінен қимылдың жасалуына байланысты мағына. Шындык өмірде қимыл, іс-әрекет субьекті арқылы іске асатыны, қимылды субьекті жасайтыны ешбір күмэн туғызбайтын басы ашык мәселе. Ал субьект жасайтын кимылдың кай затка бағытталуын етістік өзінің лексикалык мағынасымен бірге көрсетеді және сонымен бірге қимылдың субьектіге бағытталғанын да білдіреді. Ол салт етістіктерге тэн мэн-мағына. Мысалы, Кейде күн шықпай, Біжікен зиратының басына барып, күн бата қайтады (Ғ.Мүсрепов) сөйлеміндегі «күн шыкпай» дегенде, шыкпаган күн, «зиратының басына барып» дегенде барған — ол, «күн бата» дегенде, батқан — күн, «кайтады» дегенде, кайтатын — ол. Бұлардың бәрінде де қимыл — субьектінің кимылы. Осы етістіктер білдіретін қимыл субьектіге бағытталады дегенді қимыл жасаушы — субьекті деп түсінбей, қимылга түсетін де субьектінің өзі деп түсіну керек. Өйткені мүнда кимылдың жасалуына катысты субьектіден баска зат — обьекті жоқ. Осы пікірді аңғару үшін сабакты етістікке мына мысалды келтірейік. Жақып Құнанбай отырған бөлменің есігін ашты (М.Әуезов); Мен біразын көзбен көріп, дәмін таттым (С.Бегалин) деген сөйлемдерде «ашу, тату» етістіктері сабакты етістіктерге жатады. Осындағы етістікті білдіретін қимыл да субьекті арқылы жасалады. Бөлменің есігін ашқан — Жақып, біразын көрген, дэмін татқан — мен. Бұл етістіктер білдіретін қимылдардың әрқайсысын жасаған кимыл иесі -субьектісі бар екені анық. Бірак мұнда кимыл субьектіге емес, обьектіге бағытталған. Анығырақ айтсак, мұндағы кимыл обьектіге жасалған. «Ашу» кимылына түскен обьекті — есік, «көру» кимылына түскен обьекті — дәм. Бұдан сабақты етістікте кимыл субьектіден басқа затка жасалатыны, яғни кимылды субьекті басқа затка жасайтыны көрінеді. Міне сондықтан да ғылыми еңбектерде салт етістіктер білдіретін кимыл субьектіге, ал сабакты етістіктер білдіретін кимыл обьектіге бағытталады деп саналады. Салт етістіктегі кимыл субьектіге бағытталады дегенді субьекті жасайтын қимыл деп түсінуге де болады. Ал субьекті жасайтын қимылдың бэрі салт етістікке жата бермейтіні белгілі. Өйткені сабакты етістік білдіретін кимылды да субьекті жасайды.
Салт, сабакты етістіктерді тануда ғылыми эдебиеттерде айтылып жүрген кимылдың субьектіге не обьектіге бағытталуына байланысты болады деген жалпылама аныктама жеткіліксіз сондықтан, олардың бір-бірінен ерекшелігін ажырату кажет. Олар:
- Салт етістікте кимылды субьекті жасайды, бірак ол кимылға түсетін, кимыл жасалатын субьектіден басқа зат болмайды. Ал сабақты етістікте қимылды баска зат жасайды ягни сабакты етістікте қимылға түсетін обьекті зат
болады.
- Салт етістік тек субьектіге катысты кимылды білдіретін болғандыктан, салт етістіктегі кимыл бір затка ғана катысты болады. Ал сабакты етістіктер субьектінің обьектіге жасалатын қимылын білдіреді. Сондықтан да ол кемі екі затка байланысты кимыл болады. Оның бірі — субьекті, екіншісі обьекті. Сабакты етістік үшін сөйлемде субьектінің аталуынан гөрі кимылга түсетін, қимыл жасайтын обьектінің аталуы өте маңызды.
- Салт етістіктер тек субьектіге қатысты кимылды білдіретін обьектісіз етістіктер болса, сабакты етістіктер кимылдың белгілі бір обьектіде өтуін кажет ететін обьектілі етістік (35. 20-21.).
Сөйлемде қандай сөйлем мүшесінің колданылуы, етістіктің кажет етуіне байланысты болады. Өйткені сөйлемнің ұйткысы — етістік. Етістік сөйлемді ұйымдастырушы болса, оның ұйымдастырушылык кызметі обективті өмірде сол кимылдың жасалуын білдіретін ұғымдардың мәні салт, сабакты етістіктердің сол сөйлемде қолданылу ерекшелігіне байланысты болады. Өйткені қимыл обьективті өмірде өзінен-өзі жасала калмайды. Қимылды жасаушы болады, кимылға түсетін зат болады, кимылды жасау мезгілі, жасалатын орны, т.б. болады. Қимылдың мәнін ашатын, оған катысты ұғымдар, жағдайлар болады. Қимылды жан-жакты, анык түсіндіру үшін, олардың бэрі де қажет. Сөйлемде етістік өзінің мэнін ашатын осындай ұғымдардың аталуын қажет етеді. Мысалы: «Ол казір диванда газетті жайлап окып жатыр»- деген сөйлемді алып, сөйлемдегі сөздерге талдау жасайык. Біріншіден бұл сөйлемдегі «окып жатыр» деген етістіктің мағынасы кімнің окығанын айтуды қажет етеді, өйткені қимылдың субьектісі аталу керек, сондықтан сөйлемге «ол» деген субьекті сөз кірген. Екіншіден, ол етістіктің мағынасы қимылға түскен обьектінің атауын керек етеді, сондықтан сөйлемде қимылдың обьектісі «газет» сөзі айтылған. Үшіншіден, осы етістіктің мағынасы кимылдың қайда жасалуын атауды тілейді, сондыктан сөйлемге «диванда» деген сөз кірген, ол қимылдың болған орнын көрсетіп тұр.Төртіншіден, аталған етістік мағынасы қимылдың қалай жасалғанын анықтауды керек етеді, сондықтан сөйлемде «жайлап» деген көсемше тұлғалы сөз колданылған. Бесіншіден, бұл етістіктің мағынасы толық ашылу үшін қимылдың жасалу мезгілін білдіру қажет, сондыктан да сөйлемге «казір» деген үстеу сөз кірген. Осы мысал етістік тек лексикалық мағынаны білдіріп қана коймай, ол өз бойында келешек сөйлемнің қаңкасы үшін қажет болатын сөздердің кіруін шеше алатынының дәлелі. Бұдан сөйлемде белгілі мүшелердің колданылу, колданылмауы етістіктің салттылық, сабақтылык магынасына байланысты болатыны көрінеді. Етістіктің осы магынасына байланысты обьектілік, субьектілік катыстағы сөздер үшін сөйлемде бос орындар болады, сөйлемдегі осы бос орындар сондай кызметтегі сөздер аркылы толыктырылып отырылады. Ал салт, сабакты етістіктерді ажыратудың өзі сөйлемде осы тура обьектінің болу болмауына, етістіктің оны қажет ету етпеуіне байланысты анықталады. Салт етістік баяндауыш болған сөйлемде тура обьектіге арналған бос орын болмайды, сондықтан ол — тура обектісіз етістік, яғни обьекті жөнінен салт етістік ноль валентті. Ал сабақты етістікте тура обьектіге арналған бос орын болады, оны сондай мәндегі, қызметтегі сөздермен толықтыру қажет етіледі. Етістік сөйлемде қолданылғанда табыс септіктегі сөзді -тура толықгауышты керек етіп, сабакталуды тілеп тұрады, оған сөйлемде қалдырылған бос орын да болады. Осындай тура толықтауышты керек ететін мағынасы бар сабакты етістіктер — тура обьектілі етістіктерге жатады. Олар тура толықтауышпен тығыз лексика- семантикалык байланыста келеді.Ал тура толыктауыш сөйлемдегі ойды анықтайтын, нақтылайтын негізгі етістіктің серігі болып табылады.
Етістік — сөйлемнің жэне сөз тіркесінің негізгі тұтқасы, тірегі. Ол іс-әрекет пен обьекті арасындағы грамматикалык байланысты шешеді. Сондыктан етістіктің сөйлем жасауда негізгі ұйткы болуы тегін емес. Өйткені кез-келгенсөйлем есім сөздердің етістікпен қосыла, бірге колданылуы арқылы етістіктің төңірегінде (салттылық не сабактылық мәннің бірін білдіретін ) құрылады. Сабақты етістіктің мағынасы нактылы, анық болуы үшін сөйлемде табыс септіктегі сөздің колданылуы міндетті. Сабақты етістік өзінің лексикалық және грамматикалық мағыналарының күші арқылы тіркесетін сөзден белгілі бір септікті талап етеді. Табыс септіктегі обьекті сөзсіз сабақты етістіктің мэні ашылмайды. Салт етістіктің мәні анык, нақтылы болу үшін, қимылды кім жасағаны, яғни атау септіктегі сөз айтылуы тиіс. Бірақ ол сөйлемде үнемі айтыла бермеуі де мүмкін. Оның айтылмауы салт етістіктердің мағына толымсыздығын туғызбайды. Өйткені салт етістіктен болған баяндауышта кимылды кім жасаганын көрсетіп түратын жақгык жалғау тұрады. Сондықтан қимыл иесі сөйлемде айтылмаса да, оның кім екенін баяндауыш болған салт етістік көрсете алады. Сонда сабақты етістік те, салт етістік те сөйлемде табыс септіктегі жэне атау септіктегі субьекті сөзді міндетті түрде керек етіп тұрады. Ал сабақты, салт етістіктер басқа септіктегі сөздердің сөйлемде айтылу, айтылмауына бейтарап қарайды, бұл жерде міндетті түрде болу керек деген міндетгілік жоқ. Бірак басқа септіктегі есім сөзбен сабақты етістік те, салт етістік те тіркесе береді. Басқа септік тұлғадағы есім сөзбен тіркесу жағынан сабакты, салт етістіктерде көзге түсетін айырма жоқ. Обьектіге жасалатын кимылдың да, субьектіге жасалатын кимылдың да жасалатын мерзімін, орнын белгілі септікте көрсетуге болады. Ол септіктердің бәрі жанама обьектіге жатады. Жанама обьектілер қимыл атаулының бэріне қатысты. Сондыктан етістік жанама кимылга қатысты мағыналық топқа бөлінбейді. Түркі тілдерінде етістік мағынасының ең үлкен топтары салт және сабакты етістіктер тілдегі бүкіл етістіктерді қамтиды. Тілдегі мағыналы етістік атаулының бэрі осы екі магыналы топтың біріне жатады. Етістіктің салт, сабақты болып бөлінуі олардың калайда болмасын түлғалық ерекшеліктеріне емес, негізінде лексикалык мағыналарына байланысты болып келеді. Өйткені салттылык, сабақтылык мэн оның жалпы грамматикалық мағынасының басты мэнді көрсеткіші емес, соның негізінде ғана пайда болған екінші семантикалык сипаты (21.171.). Салт етістікті де, сабақты етістікті де тудыратын грамматикалык формасының жоқтығы оның жалпы грамматикалык магыналарына байланысты болып келеді. Қазақ тілі етістіктерінің грамматикалык семантикасымен байланысты калыптаскан салттылык пен сабактылық категориясының сырттай білініп тұратын, өзіне тэн арнаулы қосымшасы болмаса да, субьекті мен обьектінің грамматикалық катынасын өзгертіп түратын ішкі семантикалық мазмүны болады. Ол мазмұн етістік түбіріне табыс септікті калау, каламау қабілетін түпкілікті семантика- синтаксистік касиеттің бірі етіп таккан (63. 280-281.). Етістік бойындағы салттылық, сабактылық мағына етістік түбірінің тұрақты қасиеті болғандықтан да, ол табыс септіктегі обьектіні меңгеру не меңгермеу шеңберінде ғана калып қоймайды, сонымен бірге басқа септіктерді де меңгереді. Ендеше етістіктін салттылық, сабактылык категориясы етістіктің семантика-синтаксис саласындагы өзгешеліктерімен танылған лексика-грамматикалық категория. Етістік мағынасының сабақтылык жэне салттылык ерекшелігі семантикалык категория шеңберінде ғана калып қоймайды, сонымен бірге грамматикалык кызмет те атқарады. Өйткені етістіктің салттылык-сабактылык мэні оның жалпы грамматикалық мағынасының негізінде пайда болған екінші семантикалық сипаты. Сондықтан етістіктің салттылық-сабаісгылык категориясы етістіктің семантика-синтаксис саласындағы өзгешеліктерімен танылған лексика-грамматикалық категория саналады.