19 апреля, 2018 10:57
ЖАЙ СӨЙЛЕМ ИНТАКСИСІ
Сөйлем — синтаксис гылымының басты зерттеу нысаны. Қазак тіл білімінде синтаксистің объектісі сөз тіркесі мен сөйлем деп берілгенмен, сөйлемнің орны қай жағынан болса да ерекше. Біріншіден, адам ойын жарыкка шығарады, екіншіден, адамдар арасындағы тілдік карым-катынасты жүзеге асырады жэне тілдік жүйедегі негізгі мақсаттарды орындайтын бірден-бір тілдік бірлік болып табылады. Тек сөйлем аркылы ғана біз ойымызды екінші біреуге жеткізіп, өзара пікірлесе аламыз.
Алайда, синтаксистің нысаны сөз тіркесі мен сөйлем кұрылысын гана зерттеумен шектелмейтінін уакыт көрсетіп отыр. Қазіргі кезде синтаксис ғылымы өзінің ауқымын зерттейтін нысаны тұрғысынан ғана емес, сол нысандарға катысты арнайы проблемалар мен зерттеу эдістері тұрғысынан да кеңейткен. Мысалы, орыс ғалымы Н.Ю.Шведова казіргі синтаксистің зерттеуге тиіс нысандары ретінде негізгі бес түрлі тілдік бірлікті атайды: сөз тұлгасы, сөз тіркесі, жай сөйлем, кұрмалас сөйлем, мэтін. Бұлар қай жағынан да өзара тығыз байланысты болып, күрделі бір синтаксистік тұтастыкты кұрайды деп есептейді [57; 129]. Қазір осы аталғандардың ішінен тек сөйлемді ғана тіл біліміндегі ең
басты синтаксистік бірлік деп тану жөніндегі көзкарастар басым.
Орыс тіл білімінің өзінде синтаксистің нысаны туралы түрліше көкарастар қалыптаскан. Олар, негізінен, үш түрлі.
Біріншіден, синтаксис тек сөйлемді жэне оның бөліктерін, сөйлем мүшелерін ғана зерттейді, яғни синтаксис ғылымы тек сөйлемді ғана зерттейді, сөз тіркесі еленбейді.
Екіншіден, синтаксис тек сөз тіркесін зерттейді дейтін пікір. Бұл көзкарасты Ф.Ф.Фортунатов, В.К.Поржезинский, Н.М.Петерсон, А.М.Пешковский қолдайды. Бұл ғылымдар сөйлем сөз тіркесінің бір тармағы дейді.
Үшіншіден, В.В.Виноградов, Ю.Шведова, В.Н.Ярцева, О.С.Ахманова сиякты ғалымдар синтаксистің объектісі ретінде сөз тіркесі мен сөйлемді қатар карастырады.
Қазак тіл білімінде А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев т.б. еңбектерінде синтаксистің нысаны сөйлем деп карастырса, профессор М.Балақаев оған сөз тіркесін қосады. Сонымен синтаксистің нысаны сөз тіркесі мен сөйлем деп танылып келгенімен профессор Қ.Есенов оған күрделенген сөйлемдерді, Б.Шалабай мәтін мэселесін қосуды ұсынады. А.Ж.Жакыпов синтаксистің объектісі сөз тіркесінен басталып, сөйлеммен шектелмеуі тиіс деп, синтаксистің нысаны — сөз формаларынан басталуы тиіс дейді [29; 111].
Қазак тіл білімінде синтаксистік зерттелуі жүйелі дамып келеді, ірі зерттеулермен, жаңа бағыттармен толыгып отыр. А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов,
С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, С.Жиенбаев, М.Балакаев, Т.Қордабаев, Р.Әміров, Қ.Есенов, О.Төлегенов, А.Әбілкаев, Т.Сайранбаев сынды ғалымдар қазақ тілі синтаксис ғылымының дамуына үлестерін қосты.
Тіл мамандарының барлыгы да сөйлемнің көп кырлы, жан-жақты категория екендігін мойындайды. Біріншіден сөйлемнен сөз тіркесін де, сөйлем мүшелерін де, сөйлемнің окшау сөздерін де, бірыңғай мүшелерін де, айкындауыштарын да көре аламыз. Яғни сөйлемнің өн бойынан бірнеше тілдік категорияларды көреміз. Екіншіден, жай сөйлем — кұрмалас сөйлемді кұраудың да негізгі материалы. Құрмалас сөйлемдердің өзі осы жай сөйлем негізінде кұрала келіп, күрделі ойды білдіреді.
Тіл-тілде сөйлемнің қандай белгілері бар, сөйлем аяқталған ойды білдіре ме, элде біршама аякталған ойды білдіре ме деген сұрак төнірегінде эр түрлі
көзкарастар бар.
Сөйлем карым-қатынас кұралы бола отырып, өзіндік белгілерімен нактыланады, атап айтканда: предикативтілік, коммуникативтілік, модальділік жэне иннотация. Бірак бұл белгілер бірден калыптасқан жоқ. Іргелі дамыған орыс тілінің өзінде В.В.Виноградов сөйлемнің негізгі белгілері ретінде тек предикативтілік пен иннотацияны ғана жаткызып келді. Кейін оған модальділік пен коммуникативтілік те косылып, аясы ұлғая бастады.
Сөйлемнін негізгі белгісі туралы профессор Т.Сайранбаев: «Сөйлемнін негізгі белгісі ретінде предикативтілік, модальділік жэне интонация — үшеуін бірдей жаткызу орынды деп санаймыз. Предикативтілікке көбінесе тек жақ, шак мәселесі ғана негіз болады. Осы екеуі аркылы предикативтілік жүзеге аса алады»- дейді [42;6]. Ал модальділік белгісі ретінде — рай категориясы, модаль сөздер мен демеуліктер жэне интонацияны корсетеді. Профессор Р.С.Әміров «Жай сөйлемдер синтаксисі» деген еңбегінде: «Бастауыш-баяндауыштың катынасы — предикативтілік қатынас деп аталады. Тілде осы предикативтілік катынаска үзбей ілесіп жүретін грамматикалык формалар болады. Олар бірнешеу жэне бәрі де көбінесе баяндауыш мүшенің қүрамынан орын алады. [10;56], — деп шақтык формасы мен жактық формасына қоса рай формасын да көрсеткен. Предикативтіліктің сөйлемге тэн басты белгі екенін көрсетеді.
Предикативтілік. Сөйлемді сөйлем ретінде танытатын белгінің бірі ретінде предикативтілік аталады. Сөйлемнің предикативтілік қасиеті туралы зерттеулер қай тілде болмасын аз емес. Тілші-ғалымдар сөйлем атаулының кандай түрі болмасын предикативтілік касиетке ие жэне бұл оның басты белгісі болып саналады деп есептейді. «Предикативтілік — синтаксистің негізгі единицасы болып табылатын сөйлемнің функционалдық ерекшелігін танытатын синтаксистік категориясы; хабарды шындыққа катысты етіп, сол аркылы сөйлемді единица ретінде калыптастыратын сөйлемнің ең басты, шешуші белгісі, синтаксистің кұзырына енетін барлык единицаларға сөйлемді карама-карсы койып зерттеуге арналған категория» [37;392].
Предикативтілік сөйлемді формальдык, құрылымдык (структуралык) тұрғыдан карайтындар үшін — бастауыш пен баяндауыштың немесе синтаксистік бас мүшелердің катынасы, сөйлемді семантикалык кұрылым тұрғысынан карайтындар үшін — логикалык бас мүшелер деп есептелетін субъект пен предикаттың қатынасы, ал сөйлемді коммуникативтік кұрылым ыңғайында зерттеушілер үшін — тема мен реманың (актуалдык мүшелердің) катынасы ретінде танылады.
Модальділік. Сөйлемде айтылған хабардың ақиқат шындыққа қатынасы модальділік болып табьшады. Яғни сөйлеуші ақикат шындыкка калай карайды, оған қандай сипаттама береді, оны калай түсінеді — модальдық қатынастың мэні, міне осында. Модальділік, ең алдымен, сөйлемде көрінеді. Сөйлемнің модальділік касиеті иннотация аркылы, етістіктің рай, шак көрсеткіштері, түрлі етістік жұрнақтары, түрлі демеулік, тіпті сөздердің орны тэртібі, сондай-ак қыстырма мүшелер аркылы да беріледі.
Коммуникативтілік. Сөйлемді қатынас кұралы болу тұрғысынан сипаттау. Адам бір-бірімен тіл аркылы карым-қатынас жасайды. Тіл бірліктерін коммуникативтілік аспектіде, контекст, ситуация жэне сөйлеудің даилогтік формасында карастыру қолға алынып жатыр.
Сөз тіркесі, сөйлем мүшесі сөйлемді кұрайтын құрылымдык компоненттер болғанымен, бұлар пікір алысу дәрежесіне көтеріле алмайды. Адамдар арасындагы карым-қатынас сөйлемдер аркылы жүзеге асады. Тіл сөйлем ғана карым-қатынастың (коммуникативтілік) негіз болып табылады. Сөз тіркесі мен сөйлем мүшелерінің коммуникативтік дербестігі жоқ, бірак кұрылымдық дербестігі бар. Бұлар дара жұмсала алмайды, тек коммуникативтік дербестігі бар тұлғалардың (жай сөйлем, кұрмалас сөйлем, синтаксистік шалым, текст) кұрылымдық компоненті ретінде ғана танылады. Интонация. Сөйлем біршама аякталған ойды білдіргендіктен, оның өзіндік иннотациясы болады. Ол карым-катынастың максатын білдіреді, яғни сөйлемнің хабарлы, сұраулы, бұйрыкты әлде лепті мәнмен айтылатындығы сөйлем бойынан тұтастай көрінетін иннотациядан байкалады. Сондай-ак сөйлемнің өн-бойынан ғана көрінетін мұндай иннотацияда сөйлеушінің көңіл- күйі, айтылған ойы және сыйластык, салкын сыпайылық, енжарлык, мысқыл, ризашылык, кұрмет, күдік, күмэн, сенімсіздік, үміт т.б. сиякты тыңдаушыға қатысы байқала алады.
Интонацияның бұл рөлі тілдегі модальдық категориясымен шектесіп жатыр.
Сөйлем карым-қатынас құралы бола отырып, өзіндік белгілерімен баска тілдік бірліктерден (сөз, сөз тіркесі) нақтыланады. Бұл белгілердің эркайсысы жеке-жеке жұмсалмай, барлығы бірлікте келіп, сөйлемнің сөйлемдік касиетін нактылайды.
1-тапсырма. Берілген жай сөйлемдерді үлгі-схема бойынша талдаңыздар.
- Жомарт одан эрі шыдамады. (С.С.) — Ызгұтты ага, осыны жадыңда сактағайсың! (М.Ә.) Аң алғандағы көтеріңкі сезімі де жок- (С.С.) Аздан соң сам жамырайды. Одан кейін көп ұзамай маңайды кымтай бүркеп түн оралады. (С.С.) Сикорский енді тырп етпесінші, қэне! (Ғ.М.) Елдің бозбалалары сол ауылдан шыкпайды. Сен, Болат, концертке үлгермей калғанбысың? Бірак бұл жолы Ботагөз дыбысын шығарған жок (С.М.) Өркөкіректі бұрк-сарк кайнататын ашуы кайда? (С.М.) Асқар ұзақ уақыт ұйықтай алмады. Бірак жаткан калпынан тырп етіп козгалган жоқ, кимылдаған жоқ. (С.М.) Еламан да караңғы үйде көзі ашык жатыр. (С.С.)
- Келіншегінің сырын алгашқыда Еламан да түсінбеді. Соның өзінде де ол Акбаланы кінэға кимады. (Ә.Н.) Маржан кібіртіктей басып ұзай берді. (С.С.) Бүғін бірде-бір нәрсе карт ананың назарын аудармады. (Ә.Н.)
- Қар жаумаса нетсін!
- Тезірек бұлак басына жетіп алайык!
- Осы жөніміз, бағытымыз дұрыс па?
Кеш бата бұлакқа жетіп еру жасады. (С.С.) Ошаған отырған орнынан бір қозғалған жоқ. (С.С.) Қолбасының бес сайлы жорық шатыры тігілді. Әр жерден бір жамырай шыккан сауалдарга жігіттің жауабы мардымды болмады.
Жомарт Садырбайға бұйрык етті
- Бар! Осы қазір жылқыдан бір уйірді өзің Мүқатайдың аулыпа айдап апар! Айыбыңның өтеуі — сол! Тез жөнел!
Мүз — су қаймагы (М.Ә.). Өзіііің ауру сауын да айыра алмайды. Өне бойы соққы жегеп кісідей мылжа-мылжа. Кейде Абай жүріп келе жатқан сияқты емес (М.Әуезов). Айсыз ашық аспан. Жүлдыздар сайрап түр. Үркер төбеден ауып кетті. Шықырлаган аягыиаи өзге тырп еткен дыбыс жоқ. Аппақ, кең далада ауыл көсіле үйықтап жатыр. Ақ бесікте қүндақтаулы бала сияқты (Ғ.Мүстафип).
Айдала. Колдің биік қабагы. Маңайы қүлаққа үрган таиадай тып- тыныш. Әлсіз жел. Ец аягы ызыңдаган шіркейдей жанды мақлұқ сезілмейді. Күн батып барады… (С.Мүқанов).
Сөйлемдер | Предикативтілік | ||||
Интонация | Модальдылық | Шақ | Жақ | ||
1 | Ертеңіне таңертең Любка Сергейді жатақханадан кездестіре алган жок (А.Ф.). | хабарлы | болымсыз
(жоқ) |
бұрынғы өткен шақ (- ган, -ген) | III жақта айтылып тұр, грамматикалык көрсеткіші жоқ. |
2 | Кішіпейілдіктен қорлық көрген адамды естіген де, көрген де емеспін. | хабарлы
іП> |
болымсыз
(емеспін) |
бұрынғы
өткен шақ |
І-жақ,
грамматикалык көрсеткіші пін |
3 | Бұл теорияны қоргап, оның пайдасына не айтуға болады? | сұраулы
ІЛ’ |
болымды | жалпылама
жақсыз |
|
4 | Ізғұтты аға, осыны жадыңда сақтагайсың! (М.Ә.) | бұйрықты | болымды | II жақ |
Жай сойлем типтері
Синтаксис туралы гылыми зерттеулерде жай сөйлем құрамына, формасына, кұрылымына жэне мазмұнына қарай:
- Толымды жэне толымсыз жай сөйлемдер.
- Жалаң жэне жайылма жай сөйлем.
- Айтылу мақсатына карай бөлінетін жай сөйлемдер.
- Екі негізді жэне бір негізді жай сөйлем.
- Номинативті және етістікті жай сөйлем.
- Күрделенген жай сөйлем.
- Сөйлемдер коммуникативтік мақсатына карай хабарлы, сұраулы, лепті, буйрықты болып болінеді. Кез келген сөйлем қандай да бір дауыс сазымен айтылады. Онсыз сөйлем сөйлеушінің ойын, оның сол ойға, тыңдаушыга деген катысын білдіре алмайды. Бүл — интонацияның жалпы тіл- тілдегі маңызы.
Хабарлы сойлем. Белгілі бір ойды хабарлау мақсатында қолданылатын сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз.
Хабарлы сөйлемнің негізгі грамматикалық белгілері:
- Баяндауыштары, негізінен, ашық рай формалы етістіктен жасалды.
- Өзіне тэн интонациясы болады. Хабарлы сөйлем жай сөйлем жэне құрмалас сөйлем түрінде де кездесе береді. Мысалы, Көлқора табанына бір топ атты сау ете қалды. Түс кезінде үй алдында аттар пысқырып, қоңырау сылдырады (Ә.Н). Сондай-ақ, екі негізді, бір негізді қүрамда көрінеді: Кәлен көз қиығын қарт балықшыға қайта тастады (Ә.Н.).
Сүраулы сөйлем. Белгілі бір ой сурау мақсатымен айтылса, сураулы сөйлем деп аталады. Сураулы сөйлемнен кейін сурау белгісі қойылады. Сураулы сөйлемдер мыпа амалдар арқылы жасалады:
- ма, ме, па, пе сұраулық шылаулары арқылы. Мысалы:
- Сонымен, Мөцке қалай? Жагдайы жақсы ма? (Ә.Н.).
- Теңізге шықпаймыз ба? (Ә.Н.).
- Сұрау мағыналы гой, ау, ше шылаулары арқылы:
- Балалы болды деп есіттім ғой?
- Ие, кұр кол емес, күл шашары бар (Ә.Н.).
- Қаратаз ше?
- Ол да сонда… (Ә.Н.).
- Сурау интонациясы арқылы:
- Сен артыңа ерген жастарды адастыратын алапаттың тұрманысың.
- Алапат? (Ә.Әбішев).
Мэди ақырып калды:
- Мұнан жеті жыл бұрын? (Ә.Әбішев).
- Сұрау есімдіктері аркылы: «Бұл не? Қалың жаудан каймыкпайтын бетімнің мына кыздан кайтканы қалай? Мен кеше кандай едім? Қайрап алып калың жауға сермеген көк семсер емес пе едім? Бүгін кандай? Қанатым қайырылгандай, семсерім майрылғандай күйдемін, бұл калай?» (Ә.Әбішев).
- Болар, шыгар көмекші етістіктерінің қатысуымен жасалады:
- Көп керек шыгар? — Екі жүз елу пұт жетеді (Ғ.Мұст.).
Сұраулы сөйлемдерде койылатын сұрақтардың түрі мынадай болады: ашық сурақ, күмэнді сүрақ, таңырқаулы сүрақ, риторикалық сүрақ.
- Бұйрықты сөйлемдер. Белгілі бір ой бұйрык мақсатымен айтылса, бүйрықты сөйлем болады. Бұйрыкты сөйлемнің максаты — тыңдаушыны немесе айтушыны әлдебір кимыл эрекетке, іске итермелеу. Мысалы: Тапсырманы орындамай көрші! Бұйрык мағына сөйлеу үстінде түрліше реңкте беріледі. Бұл сөйлем тек бұйрык рай етістік формасынан гана, баска формаларды да катыстырып жасалады.
- Бұйрык мағыналы баяндауыштардың ішіндегі негізгі тірек форма —
етістіктің жалаң II жак бұйрық рай тұлғасы арқылы жасалады. Бұл баяндауышты тірек форма деуіміз — ол бұйрық магынаны ешбір коспасыз жалаң түрде білдіреді.
Дэп осылайша ел ішіиеп тері-терсек жипап жургеп Ебейсіиді бір күпі Тэңірбергенніц атқосшысы — ақчкөз жігіт іздеп кеп:
- Мырза іиақырып жатыр. Қәпе, дереу атқа міп,- деді (Ә.Нурпейісов, «Қап меп тер», 265-6.).
2.1 жакка катысты бұйрықты, іс-әрекетке жұмсауды -айып, -ейір, -айың, — ейін формалы етістіктер жасалған баяндауыштар білдіріледі. Етістік тудыратын бұл жұрнактардың тарихи жолын куғанда былай саралауға болады: -айып, -ай, — ын, -ейін, -ей, -ін, -ай, -ей бұйрык мағына беретін жұрнақ, -ьш, -ін, -ық, -ік, — жақтық көрсеткіштер. -ын, -н жақтык көрсеткіш ретінде бұрын жиі жұмсалган.
III жақка қатысты бұйрықты білдіру үшін келсін, айтсын тұлғалы бұйрык рай етістіктер баяндауыш ретінде жұмсалады.
- Ауызекі тілде бұйрык мағыналы сөйлем алгын, келгін формалы баяндауыштардың катысуымен де құралады: Сен кешке ол жерге барғын. Бұл баяндауыш өте ертеден колданылып, айтылып келеді.
- Бұйрықты тұжырымдылау етіп білдіру үшін алсаңшы, алсаңызшы түрінде кұралған етістіктер баяндауыш болып жұмсалады.
Сол кезде төмен отырған сары кісі басын көтеріңкіреп, дүңкілдеген келеңсіз жуан дауыспен:
- Әй, Бақтығұл, жөніңе көшсеңші!.. (М.Әуезов, «Қараш-караш окиғасы»,
38-6.).
Баяндауыш шартты рай тұлғасын қатыстыру арқылы жасалған; ал-са-ң- шы, ал-са-ң-ыз-шы. Қарапайым сөзде бұл баяндауыш -шы, -ші жұрнағын коспай да айтылатыны болады: Бүгін уақытында келсең!
Барсаң, келсең сияқты бұйрык мағыналы баяндауыштар әдеби норма шеңберінен тыс, тек қарапайым тілде жұмсалғанмен, ол сөз бастапкы бір формасын бұзудың, қыскартудың нэтижесінде пайда болган форма емес. Бұлар тілімізде ерте кездегі қалпының ізі.
- Бұйрықты бұдан гөрі тұжырымды етіп, үзілді-кесілді айту үшін II жак бұйрық форма — деген соң — II жак бұйрьщ форма болып кұралған баяндауыш (ал деген соң ал) жұмсалады.
- Көп деген соң көп!- дейді ол ақшагы кайырмай, уыстап тұрып (Ә.Н).
- Осы қызметте -іушіформалы есімше — болма қурамыпда жасалгап баяпдауыш та жумсалады.
Айтпа, айтпа деймін анаған! Айтушы болма анаған (М.Ә).
Бұл баяндауыш негізінен тек екінші жаққа тэн формада жұмсалады.
- Іске жұмсауды тілек, өтініш ретінде айту үшін алшы, келші түрінде құралған баяндауыштар қызмет етеді.
- Апырау, оязға шапсаңцаршы!- деді Оспан (Ғ.М).
- -айық, — ейік тұлгалы баяндауышқа синонимдік сыңар ретінде жұмсалатын -алық, -елік аркылы жасалған баяндауыш бар: баралық, келелік.
Соңғы формадағы баяндауыш эпостық жырларда және соған ұксайтын мәнерленген сөзде жұмсалады. Егінді даланы бөліп эуре болмалык дестік,- дейді Қасен (Ғ.Мұстафин).
- -апықшы, -елікші бұйрыкты өтініш, тілек ретінде білдіру үшін жұмсалады. Осы жерге суға түселікші.
- Іске косу кызметінде ерекше жұмсалатын тағы бір баяндауыштар бар. Бұл баяндауыштың бір түрі келер шақ етістік — сұраулык шылау ба (бе) болып кұралады: келесің бе, барасың ба.
Сен оны осында алып келесің бе, үйде біраз шаруалар бар еді.
Бүл сөйлемде алып келесің бе деген сүрау емес, ол екііииі адамды жүмысқа іиақырып түр. Іске қосуды өтінііи ретіпде гана емес, келер іиақ — бе болып қүралган баяндауыш — ауызекі сөйлеу үстіпде ерекше мэп тудыратын сөз болын есептеледі.
- Лепті сөйлемдер. Сөйлемдер белгілі бір ойды хабарлап қана коймайды, сөйлеушінің айтылған ойға көңіл күйін, сезімін қоса білдіру мақсатымен айтылса, лепті сөйлем деп аталады.
Лепті сөйлемдер адамның алуан түрлі көңіл күйін (куаныш, сүйініш, өкініш, реніш, ыза, қарсылык, жалыныш, мысқыл-әзіл т.б.) білдіреді. Бұл иннотациядан, баяндауыш формаларынан көрінеді.
- Эмоциялық мағына таңдану арқылы: Еламан бір сэт көзін жұмып тұрып, құшырлана жұтты.
-Қайран дала! Жарықтық, осы жусан дәрі-ау!… (Ә.Нұрп.).
- Компоненттері да, де жалғаулыктары аркылы біріккен күрделі баяндауыштар да, де (алды да кетті) эмоциялық күйді білдіру үшін кызмет етеді.
Кенет әлдекімнің: ойбай қасқыр келіп анау қойды алды кетті! — деген ащы айқайы шықты.
- Көңіл-күй баяндауыш сын есім — десеңші, етістік — десеңші болып та кұралады. Мыкты десеңші, жарады десеңші. Бұл баяндауыштар сұраулық сөз араласкан лепті сөйлемдер кұрамында жасалады.
Мына жердің табиғаты неткен тамаша десеңші!
Бұл машинаның моторы мыкты болса 500 шакырымды 3-ак сағатта алады десеңші!
- Көңіл-күй баяндауыштың бір түрі -тын, -тін формалы есімше немесе есім сөз жэне өзі есімдігінің бірігуі аркылы жасалады. Есімше, есім сөз жэне өз есімдігі матасып байланысады: түбін түсіретіннің өзі.
- Бір топ баяндауыштар тек өткен шақка катысты іс-эрекетті эмоциямен атау үшін кызмет етеді.
Солардың бірі -ган (-ым) тұлғалы есімше мен бар ма сөзінің тіркесуінен жасалады: барғаным бар ма. Сол куанышты хабарды естіген бойда жетіп барғаным бар ма!
Баяндауыш қызметінде жұмсалатын бұл тіркестің кұрамындағы негізгі сөздер өзара предактивтік катынасқа түсіп байланыскан. Бірак экспрессивтік мағына, соған байланысты иннотациялык қалып компоненттердің арасындагы синтаксистік қатынастың біртіндеп көрінбей кетуіне соғады. Сондықтан да -ган формалы есімше — бар ма құрамы бір баяндауыштык тұлға болып танылады.
- Өткен шакта болған іс-әрекетті көніл-күймен, әсерлі етіп айту үшін -ар, -ер тұлғалы есімше мен шылау ма, ме бірігіп жасалған баяндауыш та кызмет етеді; ала коярсың ба, айта қояр ма, ұшып келермін бе. Есім шығып, жанжал болып жаткан жерге ұшып барармын ба!
- Арманды, тілекті көңіл күй барысымен білдіру үшін пайдаланатын баяндауыш шартты рай тұлғасында жұмсалады:
Шіркін-ай, мына бастаған ісімізді ойдағыдай бітірсек!
- Ауызекі сөйлеу тілінде бір сөзді қайталап кұралған бармақ түгіл барамын сияқты баяндауыштар пайдаланылады.
Негізгі компонент ретінде ауыспалы осы шак, нақты осы шақ, өткен шак етістік сөзі келеді де, кайталанатын көсемше сөз істеген істі, эрекетті өкінішпен атау үшін сыңар — мақ, -мек, (-паң, -пек) т.б. формасында келеді.
Бармак түгіл барармын!