ЖАЛПЫ ЕСІМ МЕН ЖАЛҚЫ ЕСІМДЕР

18 марта, 2018 22:41

 

Қазак тіл білімінде зат есімдерді жалпы есім жэне жалкы есім деп екі топка бөлу А.Байтұрсынов окулыгынан басталады. Ғалымның өз сөзімен айтқанда, «зат есім екі түрлі болады: біреулері-нәрсенің дербес өз басына гана койылған: жалқы есім. Екіншілері-нэрсенің біріне емес, барлык табына қойылған: жалпы есім»,-дей келіп, жалқы есімдерге- Ахмет, Ашымтай, Ағытай, Қызылжар, Семей, Қырым, Қытай, жалпы есімдерге: кісі, еркек, қала, дала, ел, жұрт, ұлт, өлке секілді мысалдар келтірген (7, 200).

Зат есімдерді семантикалық жэне грамматикалық жағынан осылайша жалпы және жалқы есімдер деп бөлу кейінгі оқулықтар мен зерттеулерде жалғасып келеді. Мысалы, проф. А.Ысқаков жеке я дара заттарға берілген зат есімдерді жалкы есім деп, тілдегі эр алуан деректі жэне дерексіз заттар мен ұгымдарды білдіретін зат есімдерді жалпы есімдер деп атаса, Ә.Төлеуов “Кейбір зат есімдер тобы жеке нэрсенің өзіне арнай қойылған атын көрсетсе, кейбіреуі жинакты, жалпылама нәрсенің атын көрсетеді. Мәселен, тау, ағаш, жусан, сексеуіл деген сөздер бірыңғай көптеген затгардың жалпылама атгарын көрсетсе, Асан, Алатау деген сөздер- көптеген заттардың ішінен бөліп алынған жеке нәрсенің арнаулы аты. Осындай магыналық ерекшеліктеріне қарай зат есімдер жалқы есім, жалпы есім болып екіге бөлінеді (51,6)„ -деп сипаттаған. Осы пікірмен үндестікті 2002 жылы шыккан академиялық грамматикадан да кездестіреміз. «Жеке адамдарға, дүниедегі жеке заттар мен кұбылыстарға атауыш болып келетін сөздер жалқы есімдер, ал бір-біріне ұқсас нәрселер мен кұбылыстардын, жан-жануарлардың жалпылама атауышы, ортақ атауы ретінде жұмсалатын сөздерді жалқы есім (32,443)» деп аталған.

Бұдан шығатын қорытынды-зат есімдерді жалпы жэне жалқы деп бөлуде заттың саны ескерілуі керек. Жалпы есім саны жагынан шексіз. Мысалы: қала- жалпы атау, өйткені кала өте көп. Ал Алматы- жалкы атау, өйткені бір каланың атауы. Олай болса, “жалқы есімдер жалпы есімдерден ажырату үшін қойылатын арнаулы атаулар (63,146),,.

Жалкы есімдер өз ішінде бірнеше мағыналық топтарға бөлінеді. Олардың ішіндегі ең үлкені-кісі аттары мен географиялық атаулар. Осымен байланысты тіл ғылымының екі саласы жалқы есімдердің екі түрін зерттеу нысаны етеді, яғни кісі атауларын зерттейтін сала ономастика деп, географиялық атауларды зерттейтін сала топонимика деп аталады

Сонымен қатар тілімізде саны жағынан сай келмейтін, бірак жалкы есімдерге жататын басқа да сөздер бар. Бұған газет-журнал, кітап атауларын жатқызуға болады. Мысалы, “Парасат,, журналы, оның таралымы 6000 болса да, мазмұны-біреу, бірақ басқа газет- журналдардан ажырату үшін жалқы есімге жатады.

“Қазак грамматикасында,, жалқы есімдердің тагы да мынадай топтары көрсетілген:

  • аспан, ғарыш әлеміндегі денелердің жеке атаулары (астрономиялык атаулар): Ай, Күн, Үркер, Жетіқарақшы, Ақбозат;
  • тарихи оқиғалардың аты: Ақтабан шұбырынды (1723 жылғы оқиға), Прием (1916 жылғы оқиға), ¥лы Отан согысы (1941-1945 жылдардагы оқиға);
  • сәйгүлікке, аңға түсетін құсқа, құмайтазыга қойылған аттар: Тайбурыл, Құлагер, Көкжендет, Бөрібасар (32, 444).

Жалпы есім мен жалқы есімдерге тән тагы бір ерекшелік- олардың бір-біріне ауысып отыруы. Мысалы: Арман, Жомарт, Болат, Қызғалдақ, Ләззат т.б. адам есімдері бұрын жалпы есім создері болғаны, ал алматылық, ақтаулық, таразылық сияқты жалпы есімдер бастапқы жалқы есімдерден жасалғаны белгілі. Бірақ А.Ысқақовтың көрсетуінше, жалқы есімдердің жалпы есімдерге ауысуларынан гөрі жалпы есімдерден жалқы есімдердің жасалуы көбірек кездеседі екен (63,146).

С.Омарбекұлы жалқы есім қатарына жататын сөздер мен жалпы есім қатарына жататын сөздердің өзара бір-біріне ауысып отыру факторын тілдегі омонимдер пайда болуының бір жолы деп қараған (32, 445). Шындығында да тілімізде мұндай сөздер жиі кездеседі: жібек-(матаның бір түрі)-Жібек (кыздың аты), жұлдыз- (астрономиялық атау)-Жұлдыз (қыздың аты), қарлығаш-(кұстың бір түрі)-Қзрлығаш (кыздың аты, эннің аты), раушан-(гүлдің аты)- Раушан (қыздың аты) т.б.

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля