ЖАМБЫЛ ЖӘНЕ ОНЫҢ АҚЫНДЫҚ ОРТАСЫ

19 ноября, 2017 11:39

Қазақ халқы табиғатынан ақын, жыршы халық. Белгілі шығыстанушылар, білікті орыс ғалымдары мұ- ны талай мойындап жазған.

 

 

Есте жоқ ескі замандардан бергі ел тарихының көр- кем шежіресін үздіксіз жасаушылар — сөз зергерлері — ақындар.

 

Ғасырдан ғасырға жалғасып, атадан ұрпаққа мирас болып келе жатқан қазақ сөз өнерінің екі үлкен айшық- ты мектебі бар тәрізді.

Бірі — өмір, замана жайында терең толғанатын ше- шендік, фәлсафалық, данышпандық мектеп. Мұның аты сақталып бізге жеткен түпкі атасы Асан Қайғы, одан бұл өнер ғасырлар аттап кешегі ұлы Абайдың қолына тиді.

Екіншісі — өле-өлгенше көмейі күмбірлеп жағы тал- маған дария — даңғыл жыраулар мектебі. Мұның әзірге біз білетін аты мәлім түпкі атасы-—• Сыпыра жырау. Оған іліктес Шалкиіз, Бұқар, Шөже, Майкөт жыраулар аталады. Сондай жыраулардың ең соңғы үздігі — Жам- был.

Ақындық өнердің табиғатын, сыпатын дәл танып,. оның тарихы мен бүгінгі болмысын терең зерттеген дәуіріміздің ғұлама білімпаздарының бірі академик Мұхтар Әуезов ақындықтың бірнеше саласын ажыра- тады: эпик ақындар — бұған Марабай; әнші акын- дар — бұған Біржан, Ақан, Жаяу Мұса, айтыс ақын- дары — бұған Шөже, Құлмамбет; халық мұңшыла- ры — бұған Асан Қайғы секілді ақындар тобын жатқызады. Сонымен бірге тарихи өлеңдер шығарып, хан, патша зорлығына қарсы күреске үгіттейтін жауынгер ақындардың да мол екенін ескертеді ғалым.

 

0

Автор публикации

не в сети 1 год

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля