5 июня, 2018 8:31
Жоспары
- Субмәденнет, жастар субмәдениеті
- Жастардын бейформалдық бірлестіктерге кіруінің себептері жіктелуі, құрылымы
І.Субмәдениет, жастар субмәдениеті
Субмәдениет (лат. зи — төменгі, нем. кийиг — мәдениет) — дәлме-дәл аударымда «астыңғы мәдениет», ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Субмәдениет көбінде қоғамда ектем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. Қазіргі жағдайда субмәдениет үлкен аймақтық, ұлттық мәдени құрылым негізінде пайда бола отыра сол мәдениеттегі классикалық дәстүрден тысқары тұрады. Субмәдениеттің әлеуметтік бастауын әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, бейресми бірлестіктер т.б. құрайды.
Жаңа заман көптеген дүниелердің даму шыңына жеткен, жаңа лептің бастау алған кезеңі болды. Ол тек техникалык жетістіктер, ғылыми ашылуларға ғана байланысты емес. Сонымен қатар рухани, мәдени жаңашылдықтың да белен алған уақыты. Сондай заман нәтижелерінің бірі — фанатизмнің (табынушылықтың), психологиялық талғамдағы ұқсастықтың белгілі адамдарды ұлтына, жынысына қарамай, бір идея толқынына біріктіруі, яғни «субмәдениет» ұғымының қалыптасуы. Бұл үрдіс көп кешікпей Қазақстанға да келді. Субмәдениет өкілдерін, қала көшелеріне шықсаңыз, міндетті түрде көресіз және бірден танисыз. Өйткені олардың киім киістері де, өздерін ұстауы да, сөйлеулері де өзгеше. Сіздерге бір топ бейформалды бірлестік өкілдері, атап айтканда, басынан аяғына дейін қап-қара киінген, бет-келбетін де қарамен бояп алған адамдар немесе үсті-басы металдан жылтырап тұрған, не басқа да «ерекшелігі» бар, өзгелерге ұқсамайтын жастар кездесті ме? Шынымен де, бұл қызық сұрақ болғанымен, онын астарында үлкен мәселесі бар. Бұл «ерекше адамдар» белгілі бір субмәдениет өкілдерін құрайды. Осы субмәдениет біздің қоғамдағы жастар арасында белең алып барады.Субмәдениет -жастардың өзіндік қоғам құрып, белгілі бір топ ішіндегі бейформалды, яғни,қкоғамнан бөлек бірлестігі, осы бірлестік мәдениеті. Ошағы Батыстан бастау алатын субмәдениет ұғымы қазір бар әлемде кең таралған. Оған, әсіресе, жасөспірімдер көп қызығады.
Жастардың арасындағы субмәдениет туралы сөз қозғамас бұрын, алдымен бұл түсінік астарында не жатқандығын анықтап алу керек. Айқындап алуға деген қажеттілік қазіргі күнде тек «жастар субмәдениеті» ұғымына ғана қатысты емес, сонымен қатар «жастар», «субмәдениет» түсініктеріне де өзіндік талдау, түсіндірулердің көбейіп кеткендігінен туып тұр. Жалпы, субмәдениет — жас адамдардың ресми емес қатынастарының, олардың ерекше өмір сүру стилі мен тәртіптерінің, белгілі бір қағидалары мен құндылықтарының нәтижесі және «МЕН-ОЛАР» жүйесіндегі өздерін көрсетудің, дамытудың бір жолы.
Жастар субмәдениетінің өзіндік құндылықтары мен тәртіп нормаларын культқа айналдыруға уақыты жеткілікті жас адамдар аса көп шоғырланған үлкен мегаполистерге тән феномен екендігін айта кеткен жөн. Мұны «жастарға арналған мәдениет» (кино, әртүрлі жаппай көңіл көтеру, бизнес, сән, телехикаяттар т.б.) пен жас адамдардың контрмәдениетімен (дәстүрлі нормаларға қарсы тұру секілді) шатастырмаған жөн.
Жастар субмәдениеті — жайтардың үлкендер әлеміне толықтай бейімделуі жүргеннен соң, әрі карай өз мәнін жоятын дамудың белгілі бір кезеңі, яғни жеке адам дамуының өтпелі сатысы. Жастардың ресми емес қатынастары және олардың өздеріне ғана тән мақсаттарын табуы жеке субмәдениеттің қалыптасуының себебіне айналады.
Жастар субмэдениеті — киген киімнен, сөйлеу мәнерінен, жаргондардаң және айрықша әуестенулерден көрініс табатын үлкендер әлеміне, коғамның ережелері мен құндылықтарына деген өзіндік қарсылық. Мэселен, готтардың келбеті қорқынышты фильмдердегідей үрей туғызады. Олардың өзіндік символы — қара түнек. Түнде жүріп, сиқырмен айналысып, зираттарда түнейді екен. Сондай-ақ эмо дегендердің өзінше тағдырлары бар көрінеді, олар өздерінің тамырларын кесіп, тек қара мен алқызыл түсті ғана мойындайды. Ал скинхэдтер, яғни тақырбастылар туралы әңгіме басқаша. Бұдан да өзге субмәдениеттер бар. Мысалы, компьютерлік, ақпараттандыру технологияларын жаңғыртушылар. Зиянды хакерлер бірлестіктері де жок емес. Белгілі бір субмәдениеттің өкілі болып табылатын жастардың психологиялық ерекшеліктеріне келер болсак, ол мына бір жайттардан көрініс табады: ата- аналары мен мектеп тарапынан болатын бақылаулардан босауға деген ұмтылыстан, эмоцияға аса берілгіштіктен, жасөспірімдік әсірелеушіліктен, өмірге қатысты ойларының тым мінсіздігінен, адамгершілік ұстанымдарының тұрақсыздығынан, жеке адами құндылықтарының қалыптаспауынан.
Жастардың өмір сүру қалпы және тіршілік ұстанымы контрмәдениет шеңберінде болуы мүмкін емес сияқты. Себебі субмәдениет — жалпы мәдени құндылықтар мен нормаларға қайшы келмейтін жалпы мәдениеттің бір бөлігі, ал контрмәдениет — жалпы мәдени құндылықтар мен нормаларга қайшы келетін жалпы мәдениеттің бір бөлігі. Айталық, хиппи құбылыс ретінде алғаш АҚШ-та 60-жылдардың басында өзгеріп кеткен қажеттіліктер мен оны қанағаттандыра алмаушылык мәселелері негізіндегі контрмәдениетті көңіл күйдің көрінісі ретінде пайда болды. Ал Батыс және Шығыс Еуропа елдеріндегі «тақыр басты» жастар қозғалысының пайда болуы, оның Ресейдегі қатыгездену және саясаттану тарихы — бұл да жастар субмәдениетінің емес, контрмэдениетінің көрінісі. Қазақстан — белгілі дәстүрлер мен жанашылдыкты өзіне жинақтаған ерекше мемлекет. Біздің жастар, бір жағынан, қоғамның инновациялык потенциалы болып табылады және білім алуда, жаңашылдықты кабылдауда, мамандығы бойынша өсіп-өркендеуде және өмірдің басқа да салаларында жеткілікті белсенді. Бірақ сонымен қатар тәрбие мен құндылықтарды мүра ретінде қабылдаудағы дәстүрлерді де үмытпайды. Дәл осы санадағы дәстүрлілік пен діл ерекшелігі жастардың ерекше субмәдениетінін калыптасуын тежеп түр.
Негізі, жас адамдардың наным-сенім, өмір, бақыт, туыстарына деген махаббат, денсаулық, отбасы секілді құндылықтарға қарым-қатынастары оның рухани-адамшылық ішкі күйзелісі мен өмірлік мақсаттарын асыра бағалауымен байланысты. Біріншіден, жастар субмәдениеті жас адамдардың өз қолдарымен жастар үшін құрылады. Одан барлық адам бірдей өтпейді және субмэдениет казіргі әлеуметтік-мәдени ұстанымдарды жоюға емес, керісінше, жастарды сол коғамнын бөлшегі етуге негізделеді.
Субмәдениет — бұл қоғамның жай кедергі жасамауына болатын жастардың әлеуметтік белсенділігінің алаңы. Қазіргі жастардың жеке, өзіндік өмірге бүгінгі аса қиын және динамикалық (қозғалысты, көп сырлы) кезеңде аяқ басатындығын ұмытпауымыз керек. Оларға нағыз өмір туралы нақты кенестер беріп, уақытында өз өмірлік тәжірибемізбен бөлісіп, олардың бастан кешіргендеріне сыйластықпен қарауымыз қажет. Буындар арасындагы түсініспеушілік, негізінен, сол кезеңнің әлеуметтік құрылымдарын, өмір тарихтарын білмегендіктен туындайды. Тарихтың белгілі бір кезеңіне қазіргі ғылыми биіктен қарап, бүгінгі түсініктер тұрғысынан саралап, дәуір психологиясын есермей, мәселені сол заман адамдарының кандай көзқараспен танығандығын назардан тыс қалдырып жатамыз.
Ендеше, келешекте дұрыс қоғамды қалыптастыру үшін осындай бөтен мәдениет түрін қабылдамаудың жолын шешу керек. Керісінше, өзіміздің қазақы дініміз бен мәдениетімізге тән ерекшеліктерімізді тануға тиіспіз. ¥мыт қалған салт-дәстүрімізді қайта жаңғыртып, дамытып, өзіміздің қазақ деген атқа лайық мэдениетті, оның салаларын қазіргі жастарға насихаттау керек. Бүгінде мектеп, университет және отбасы жастарға жай «бақылаушы» позициясын ұстанбаулары керек, керісінше, жеке адамның бүкіл қоғам мүддесін игеру үшін жарыс мүмкіншілігіне тең дәрежеде ұмтылу позициясын қамтамасыз ету керек.
- Жастардың бейформалдық бірлестіктерге кіруінін себептері, жіктелуі, құрылымы
Жалпы алғанда, Қазақстандағы ресми емес қозгалыстарға белгілі бір стильдер мен бағыттардың араласып келуі тән. Қоғамдағы біркелкіліктің қаншалықты болмағандығына байланысты мәдени мұралар элементтерінің де соншалықты санқырлылығы байқала түседі. Соңғы жылдары музыкалык субмәдениет (поп, рок, рэп), гедонистік субмәдениет (байкерлер, рейверлер және т.б.), спорттык субмэдениет (паркуршілер, сноубордшылар, скейтбордшылар) айрықша даму үстінде. Готика, эмо, анимэ табынушылары секілді спецификалык субмэдениеттің түрлері бізде бар болғанымен, Ресей және баска да шетелдермен салыстырғанда өте сирек кездеседі. Түрлі музыкалық жанрлармен әуестеніп, өзіндік «стиль» калыптастыратын, бейнесі мен келбеті арқылы ерекшеленіп тұратын, сондай-ақ, іс-қимылдарында да белгілі бір өзгеше тұстары бар субмәдениет өкілдері қоғамның толық белсенділері болғысы келеді. Батысқа еліктегіш жастар қазіргі заманнан калғысы келмейді. Олардың барлығы, яғни бейформалдық бірлестіктер өздеріне тән шаралар үйымдастырып отырады. Соңғы аталған ресми емес бірлестіктер негізінен оқушылар, студенттер арасында психологиялык қалыптасу кезеңі мен ата-ана тарапынан болатын ол қылықтардың қатарласуы салдарынан орын алады.
Жастардың бейформалдык бірлестіктерге кіруінің бірнеше себептері баи
- Отбасындағы түсініспеушіліктер, отбасына қарсы шығу;
- Мектептегі үлгермеушілік және мектеп ұжымынан оқшаулану;
- Барлық адамдар сияқты юолуды каламау;
- Тұрақталу калауы, өзіне көңіл аудартқысы келеді;
- Криминалдың әсер етуі;
- Мода қуу;
- Батыстық бейнеге еліктеу;
- Өмірлік мақсаты болмау;
- Жас ерекшелік, эмоционалдык кажеттілік т.б.
Әлеуметтік — құкыктық критерии бойынша бейформалдық бірлестіктегі 3-ке жіктеледі:
- Просоциальді (жағымды бағыттағы)- жастарға жағымды, белсенді эсер| ететін.
- Асоциальді (бейтарап түрде)- бос уақытты өткізу үшін құрылған.
- Антисоциальді (жағымсыз бағыттағы)- жастарға кері әсерін тигізетік бірлестіктер.