26 марта, 2018 22:51
Бұл септіктің косымшалары -да,-де,-та,-те,-нда,-нде. Жатыс
септіктің басты мағыналары мыналар:
- істің, кимылдың болып жаткан орнын, мекенін білдіреді. Мысалы, Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады (М. Дулатов).
- жатыс септігіндегі сөз істің,кимылдың кай уақытта, кай мерзімде өткендігін білдіреді. Мысалы, Сабак қыркүйектің басында басталады дегенге, ауылдан Ботагөз ерте шығып, қалаға келгеніне айға жақындап қалған (С. Мұканов).
Жатыс септіктің қосымшасыз қолданылуы өте сирек кездеседі. Тек қана бірыңғай мүшелерде жатыс септігі жалғауы түсіп калады. Мысалы, Солтүстік Африка мен Аравияда мүйізі бар улы сұр жыландар өмір сүреді (журналдан).
Жатыс септігінде қолданылған сөздер мезгіл, мекен пысықтауыш және жанама толыктауыш қызметін атқарады. Мысалы, Кейбір жерлерде қоянның кеуегі тэрізді куыстар кездеседі. Көктемде сайсала суға толды. Жылқыда өт жок, осер малда өлім жок.