28 февраля, 2018 17:58
Өндірістік оқу теориясында “оқыту әдісі” үғымымен қатар “инструктаж” термині қолданылады. Инструктаж дегенде нүсқау берудің пәні болып табылатын атқарушы өрекеттерді қалыпта- стыру ұғынылады. Инструктаж адамның кәсіптік қызметі сала- сымен ажырамас тұтастықта. Алайда, кәсіптік қызмет төжірибесі бар адамдардың инструктажын білімдер мен дағдылардың қажетті мөлшеріне өлі ие болмаған оқушылардың инструктажынан ай- ырмашылығы болатынын ескеру қажет.
Маманға нұсқау беру кәсіби міндетті шешудегі бағдарлар- дың жүйесін беруді білдірсе, ал оқушыларға нұсқау беру олар- ды белгілі бір әрекеттерге үйретуді білдіреді. Инструктаж өндірістік оқыту шеберінің қызметінде үлкен мөнге ие болады. Осыған орай мынадай сүрақты шешу қажет: инструктаж оқыту- дың өдістеріне, өрекеттің ережелеріне жата ма, өлде оқытудың төсілдеріне жата ма? Инструктажды оқытудың өдістеріне жат- қызған дұрыс емес сияқты. Өндірістік оқытудың өдістемесін талдау көрсеткендей, инструктаж әдістердің жүйесінің көмегімен жүргізіледі. Олар әртүрлі және оқыту процесіндегі инструктаж- дың функцияларына төуелді болып келеді. Осыған орай, инст- руктаж әртүрлі өдістермен іске асқандықтан, оны оқытудың ережелеріне жатқызуға болмайды, инструктажды оқытудың төсілдеріне жатқызған дүрыс сияқты, өйткені ол шебердің өрекетінің түтастай жүйесін түйіндейді. Алайда ол өңгімелесудің, сүхбаттасудың, көрсетудің төсілдерімен салыстырғанда өз қүра- мына қарапайым жөне күрделі әрекеттердің қолданысын, белгілі бір жүйедегі өр түрлі типтердің бағдарлық негіздерін енгізетін кешенді төсіл болып табылады.
Оқыту процесінде инструктаждың атқаратын функцияла- рын көрсетейік:
- Алдағы болатын оқу-өндірістік өрекеттің мақсаты мен міндеттерін түсіндіру. Оның үстіне практикалық өрекеттің мақ- саты қандай да бір затты дайындау, аппаратураның күйін келтіру, яғни еңбектің материалдық нәтижесі болуы мүмкін.
- Көсіптік дағдыларды қалыптастырудың негізгі қызметін атқаратын теориялық үғымдарды өзектілендіру.
- Практикалық өрекет барысында қолданылатын қүрылғы- лардың конструкциясын талдау.
- Оқу-өндірістік тапсырманы орындау үшін қажет қозғалы- стар мен қимылдардың қүрылымын зерттеу.
- Операциялар мен төсілдердің орындалуының сабақтасты- ғын түсіндіру.
- Қауіпсіздік техникасының шарттары мен жүмыс орнын үйымдастырудың ережелерін түсіндіру.
- Оқушылардың практикалық өрекетін басқару.
Бүл оқушылардың өрекетін дер кезінде түзеуге, жүмыс- тағы сапасыздықтың алдын алып, қателіктерді болдырмауға мүмкіндік береді.
Инструктаждың өдістемесі өр түрлі әдістемелік кеңестерде, қүралдарда берілген. Оларда бірнеше негіздері бойынша төмендегіше жіктеуге болатын инструктаждың өрқилы түрлері сипатталады:
- Оқыту процесіндегі орны бойынша:
- кіріспелік;
- ағымдық ;
- қорытындылық.
Кіріспелік инструктаж өндірістік оқыту сабағының басында жүргізіледі жөне әдетте, оқушылардың оқу-өндірістік өрекетінің алдында болады. Ал ағымдық инструктаж оқу-өндірістік жүмы- стың орындалу кезінде жүргізілсе, қорытындылық инструктаж сабақтың нәтижелерін түйіндейді.
- Инструктаж қамтитын оқушылардың саны бойынша:
- индивидуалды;
- топтық;
- фронталды.
Индивидуалды (жеке) инструктаж бір оқушыға арналады. Топтық (үжымдық) инструктаж әр түрлі операциялар мен өрекеттердің орындалуына қатысты майда топтарда жүргізіледі. Бүлар жеке оқушы үшін де, барлық оқушылар үшін де бірдей өрекет болуы мүмкін. Фронталды инструктаж бірегей операци- яларды немесе бір оқу-өндірістік жүмысты атқаратын оқушы- лардың үлкен тобына арналған.
- Үсыну формасы бойынша:
- жазбаша;
- ауызша.
- Көлемі бойынша:
- толық;
- ақпараттық саңылауларымен;
- шектен тыс.
Толық инструктаж оқытудың бастапқы кезеңінде қолданы- лады. Сондықтан оқу-өндірістік жүмысты атқару бойынша өрекеттердің толық жүйесін қалыптастырып, бағдарлар беру қажет.
Ақпараттық саңылаулары бар инструктаж оқушыларға ал- дағы жүмысты атқару үшін қажет техникалық ақпаратты өз бетімен табу міндетін қояды. Шектен тыс инструктаж оқушы- лардың ахуалды өз бетімен бағалауы және қажет ақпаратты іріктей білуі үшін керек ақпаратты білдіреді.