КАПИТАЛ МЕН ТАБЫС ІЛІМІ, КАПИТАЛДЫҢ ФОРМАЛАРЫ

14 марта, 2019 20:32

 КАПИТАЛ МЕН ТАБЫС ІЛІМІ, КАПИТАЛДЫҢ ФОРМАЛАРЫ

 

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ

 

І КАПИТАЛ МЕН ТАБЫС ІЛІМІ, КАПИТАЛДЫҢ ФОРМАЛАРЫ

 

1.1 Капиталдар нарығы және оның мазмұны

 

1.2 Кәсіпкерлік капиталдың қалыптасу көздері

 

ІІ КӘСІПКЕРЛІК КАПИТАЛ

 

2.1 Капитал айналымы

 

2.2 Капиталды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері

 

ҚОРТЫНДЫ

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

КІРІСПЕ

 

Капитал (ағылшынша — бас мүлік, бас сома, латынша — ең басты) — экономикалық ғылымның ең маңызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі.

Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы (көпес капиталы түрінде), — тарихи капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан кейін — өнеркәсіптік.

Капиталдың формалары толығырақ А.Смит пен Д. Рикардоның еңбектерінде зерттелген.

Капиталдың формаларымен экономикалық мектептердің қосарласып дамуы бұл категорияны тұңғыш зерттеушілердің — меркантилистер және физиократтар оған сыңар жақты қарауының себебі болды.

Капитал категориясына ең толық жан-жақты зерттеуді өзінің «Капитал» (1867 ж.) деп аталған еңбегінде К.Маркс жүргізген. Капиталдың қызмет етуінің нақты формаларын зерттеумен қатар, ол оның мәнін, мазмұнын айқындап көрсетеді. К.Маркс капиталды зат деп қоймай, ол оны қозғалыс деп тұжырымдады. «Капитал» экономикалық ғылымның тарихында капиталды капиталистер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы ерекше белгілі тарихи қоғамдық қатынастар деп көрсетті. Осымен қатар Маркс капиталдың заттық түрі болады деп көрсетті — станок, машина, шикізат т.б. түрінде.

 

І КАПИТАЛ МЕН ТАБЫС ІЛІМІ, КАПИТАЛДЫҢ ФОРМАЛАРЫ

 

1.1 Капиталдар нарығы және оның мазмұны

 

Экономикалық теорияның классиктері капиталдың алғашқы қорлануын, капитализмнің қалыптасуының бастапқы кезеңі деп тұжырымдады.

Капиталдың алғашқы қорлануы (previos accumulation) өзіндік еңбекке негізделген индивидуалдық жеке меншікті жою процесі, жұмысшыларды өз еңбегінің шарттарына меншікті шектеу процесі. Ол бір жақтан, тікелей өндірушілердің тек қана жұмыскерге — идеалдық жұмыскерге, екіншіден, қоғамдык құрал-жабдықтар мен өмір сүруге қажет құралдардың капиталға алмасуы болып табылады.

Бұл жағдай Еуропада XVI-XVІІІ ғғ. орын алды. Сол замандағы кәсіпкерліктің барлық нысанының жандана дамуы, белгілі экономикалық және әлеуметтік шарттарды, жағдайларды талап етгі. Miнe, капиталдың алғашқы қорлануы кәсіпкерліктің әлеуметгік-экономикалық базасының қалыптасу шарттарын өмірге әкелді. Бұл пайда бола бастаған буржуазия табының барлық кәсіпкерлік қабілетгеріне жол ашты.

Біріншіден, еңбек «бостандык алып», жалдама жұмыскерлер табы қалыптаса бастады. Ал еңбек шарттары мен өмір сүруге қажет игіліктерден шектелген, тек өздерінің жұмыс күшін сатып қана күнін көретін адамдардьң көбеюі — бұл капиталистік өндірістің дамуының өте маңызды шарты болады.

Капиталдың алғашқы қорлануының экономикалық негізін шаруалар мен қолөнершілердің жаішай экспроприациялануы құрайды. Тауарлық-акша қатынастарының дамуы, ұсақ өндірушілердің іріктеліп жіктеле беруін күшейте түсті, ұсақ колөнершілер мен шаруалар ьдырай бастады. XVI-XVIII ғғ. батыс Еуропада мемлекет бірнеше заң қабылдау арқылы жұмысшы табының қалыптасуына елеулі ықпал етті. Бұл зандар тарихқа «экспроприацияланғандарға карсы қанды зандар» атымен кірді. Өйткені бұл зандар экспроприацияланған өндірушілерді жалданып жұмыс істеуге зорлықпен көндіруді көздеді және оларды капиталистік еңбек тәртібіне бағындырды.

Екіншіден, елдің ішкі жағында экономикалық бостандыкқа ие болған жерлер пайда болды және шетелдерден территорияларды басып алып, оларды отарға айналдыру кең өріс алды. Бұған Англияның тарихы классикалық мысал бола алады — бұнда лендлордтар шаруалардың жерін тартып алып, «қоршап тастау» әдісін жүргізді, осымен қатар отарлардан жерді тікелей тартып алу кең өpic алды.

Үшіншіден, капиталдың барлық нысандары — сауда, өсімқорлық, өнеркәсіптік — екпінді дамыды. Осымен бірге ақша түрінде, өндірістік құрал-жабдықтар түрінде қорлану жүріп отырды.

Өнеркәсіптік буржуазияның қалыптасуының алғашкы қадамдары, мүліктік жікгелумен байланысты, қолөнершілер ортасында дами бастаған. Бөлініп, кәсіпкер бейнесін алған, аса бай цех шеберлері және саудагерлер — сатып алушылар, ыдыраған ұсақ өндірушілердің жалдама еңбегін пайдалануды кеңейтті. Бірақ бүкіл әлемдік нарықтың дамуы, капиталды қорландыру қарқының жоғарылатуды талап етгі. Осы міндетті жүзеге асыру үшін мемлекеттің үкімет ақпараты кең пайдаланылды.

Капиталдың алғашқы қорлануын тездетуге, отарлық, соғыстар мен басып алған отарлар халқын шексіз тонау, мемлекет қарызы мен салық жинаудың өсуі өз үлесін қосты.

Бюджет тапшылығын жою үшін мемлекет ақша капиталының иелері арасында ірі сомаға заем орналастыратын болды. Бұл мемлекетке қарыз беруші бейнесін алған буржуазияға, үкіметтің міндеттемелеріне сәйкес төленетін, елеулі көлемдегі проценттерді иелеуіне мүмкіндік берді. Мемлекет несиесінің дамуы құнды қағаздардың, биржалық ойындардың дамуын жандардырды.

Капиталдың алғашқы қорлануының маңызды құралы болып протекционизм жүйесі қызмет етгі. Сыртқы сауда саясаты импорттық баж салығының жоғары болуын талап етті. Бұл басқа елдерден келетін тауарларға шек қоюға және өнеркәсіп тауарларын осы елден сыртқа шығарғаны үшін сыйлық төлеуге жол ашты. Бірнеше елдерде өнеркәсіп шикізаттарын сыртқа шығаруға тікелей тыйым салынды; жаңа өндіріс ашқан кәсіпкерлерге алғашқы капитал тікелей қазынадан ірі ақшалық субсидия нысанында құйыла бастады.

Капиталдың алғашқы қорлануын дайындап дүниеге әкелген өндіргіш күштердің дамуы, тауар-ақша қатынастарының өсуі және шамамен кең дамыған ұлттық нарықтардың қалыптасуы болды.

Әр елдердегі капиталдың алғашқы қорлануының негізгі заңдылықтарының баршасына тәң ортақ белгілерінің болуы, оның осы елдердің әрқайсысьна тән нақты нысаңдарының болуын жоққа шығармайды.

Бүгінгі біздің елдің басындағы өтпелі кезенді кейбіреулер капиталдың алғашқы қорлану процесімен теңдестіреді. Бірақ бұл процестер бір-бірімен толық үйлеспейді. Бүгінгі Қазақстан директивтік баға белгіленуіне және ресурстардың орталықтан бөлінуіне негізделген әміршіл-әкімшіл жүйеден, реттеудің нарықтық әдістеріне көшу кезеңінде отыр. Міне осы жағдай, капиталдың алғашқы қорлану процесінен, дәстүрлі үғым бойынша, негізгі айырмашылықты белгілейді.

Бұларға ортақ қасиет, ол жеке меншік түрінде жаңа материалдық негізде кәсіпкерлер табының қалыптасуы. Бұның ішкі және сыртқы қайнар көздері бар.

Ішкіге алдымен жекеше өндіру жатады. Ол мемлекетгік меншікке  келесі әдістер арқылы бөлуге мүмкіндік береді:

  • өнеркәсіптің ауыр (бұның ішінде әскери-өнеркәсіп кешені) және жеңіл салаларындағы қаражаттарды екіншінің пайдасына сәйкес қайта бөлу;
  • капиталды қызметтер мен сауда сферасында шоғырландыру;
  • жерді және табиғи ресурстарды отын-қуат кешендерінің және басқа да қуат сақтаушылардың «өз еркімен» өзіне қаратып алуы;
  • тандаулы (элиталық) кәсіпорындарға және оның иелеріне бартерлік айырбас жүргізулері үшін олар өндірген өнімнің бір бөлігіне жарлық ету құқын беру;
  • ( сыртқы сауданы ырықтандыру (либерализация) нәтижесінде түскен пайданы шетелдермен сауда жасайтын фирмалардың алуы;
  • «челнок» импортынан түскен табысты алу;
  • мемлекеттің кейбір мекемелерге елімізге шеттен келген спирт, арақ, темекі өнімдері үшін тағайындалған салықтық жеңілдіктерді беруі;
  • коррупция, рэкет, көлеңке экономика және т.б. Сыртқы қайнар көздеріне шетелдерден келіп жатқан несиелер жатады.

Капиталдың алғашқы қорлануының маңызы мынада: осы процесс барысында кәсіпкерлер үшін барлық өндіріс факторларына еркін жол ашылады. Бұлар тауар формасын алады және өздерінің кәсіпкерлік қабілеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 

1.2 Кәсіпкерлік капиталдың қалыптасу көздері

 

Капиталистік экономикалық қатынастардың дамуы капитал категориясын әрі қарай зерттеуді талап етті: жаңа концепциялар мен ой-пікір, тұжырымдардың пайда болуын тіледі.

Жақтаушылары басым көпшілік капиталға берілетін екі негізгі анықтаманы қолдайды: бірінші — капитал деген құрал-жабдықтар жиынтығы («заттық» концепция), екінші — капитал деген ақша сомасы («монетарлық»). Екі жақ та капитал шаруашылықта пайда табу үшін қолданылады дейді.

Осымен катар «капиталдар нарығы» деген түсінік бар. Нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың арақатынастарының объектісіне байланысты, осы түсінікке анықтаманың екі варианты болуы ықтимал.

Бірінші вариант. Өндіріс факторлары нарығында капитал деп олардың құндық өлшеміндегі физикалық капитал түсініледі: станоктар, машиналар, ғимараттар т.б. Бұл жағдайда капиталдар нарығы өндіріс факторлары нарығының бір бөлшегі болып табылады.

Капиталдар нарығының негізгі субъектілеріне бизнес сферасы және хаусхолд сферасы жатады.

Факторлар нарығындағы капиталға сұраныс — бұл өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін фирмалардың физикалық капиталға сұранысы. Көрініс жағынан Бұл фирманың инвестициялық жобаларына жұмсайтын қаржы құралдары болып табылады.

Өндіріс факторлары нарығында ақшалай салым түрінде капиталы бар үй шаруашылықтары бизнеске материалдарына сұраныс түрінде қолдануға өз капиталын береді. Бұл үшін олар салынған қаражаттарға процент түрінде табыс алады.

Физикалық капиталдың фирма меншігіне айналуына, немесе, оның уақытша пайдалануға берілуіне байланысты, төлемдер екі түрге бөлінеді: капитал қызметтерінің толымсыздығы (пайдалану бағасы) үшін төлем және капиталдық активтер (сатып алу-сату бағасы) үшін төлем болып белінеді.

Капитал қызметтерін пайдалану құны капиталдың ренталық (прокаттық) бағалануы болып табылады. Бұл нарықтық котифқа түрін, немесе, фирманың капиталдың бір бөлігін жалға алғаны үшін оның иесіне төлейтін сома түрін алады.

Активтің бағасы — капитал бірлігінің қандай уакытта болмасын сату, немесе, сатып алу бағасы болып табылады

Екінші вариант. Қаржы нарығында капитал деп ақша капиталы түсініледі.

Қарыз капиталының нарығы деп ақша капиталы объектісінің кызметін атқаратын және осы капиталға сұраныс пен ұсыныс қалыптастыратын, өзара қатынастардың жиынтығы аталады. Қарыз капиталдарының нарығы ақша нарығына және капиталдар нарығына бөлшеді. Ақша нарығы мерзімі бір жылға дейінгі банк операцияларын жүргізумен байланысты болады. Капиталдар нарығы банктің орта мерзімді және ұзақ мерзімді операцияларына кызмет етеді. Осы нарық өз кезегімен ипотекалық нарықка (кепіддік қарыз куәлігімен операциялар жүргізу) және қаржылық (құнды қағаздармен операциялар жүргізу) нарыққа бөлінеді. Қаржы нарығының субъектілеріне банктер және олардьң клиенттері (ипотека нарығындағыдай), қор биржалары жатады, операциялардың объектілеріне — жеке кәсіпкерлердің және мемлекет институттарының құнды қағаздары жатады.

Ақша нарығы мен капиталдар нарығы қарыз капиталының туындысы, екіншілік нарықтар болып табылады. Осылардың әрқайсысының өз инструментарін, яғни айналыста болатын нақты қаржы бағалылықтары болады. Осылардың бір-бірінен айырмашылықтары бар және олар төмендегі жағдайлармен байланыста болады:

  • статусымен (акция, немесе, облигация);
  • меншіктің типімен (жеке, немесе, мемлекеттік);
  • іс-әрекет ету мерзімімен;
  • өтімділік дәрежесімен;
  • қауіп-қатер сипатымен (банкроттық немесе нарықтық) және қауіп-қатер дәрежесімен (қатерлі, аз қатерлі, қатерсіз).

Мысалы, АҚШ-тың капиталдар нарығының инструментариіне жататындар:

  • АҚШ федераддық өкіметшің ұзақ мерзімді саясатын қаржыландыруға тағайындалған казначейлік облигациялар;
  • қаржы жүйесі арқылы әлеуметтік бағдарламалардың типтерін қаржыландыру үшін үкіметтщ ерекше рұқсатымен эмитентілген (шығарылған) мемлекеттік мекемелердің құнды қағаздары;
  • жергілікті үкімет органдары шығаратын муниципалдық облигациялар;
  • жекеменшіктік фирмалар эмитентеген корпорациялардың акциялары мен облигациялары.

Капиталдар нарығын инвестициялық қорлар нарығы деп жиі атайды. Инвестиция (капиталдық салым) деп құрал-жабдықтардың және материаддық қойманың (запас) кобеюіне экономикадағы капиталдар өсуіне жасалған шығындар аталады.

Капитаддың жеткізушілері — үй шарушалықтары,оны тұтынушылар — бизнестщ фирмалары.

Жеткізушілер мен тұтынушылардың бір-біріне әрекеті көп. Бұлардың байланыстары қаржы жүйесі, коммерциялық банктер, инвестициялық қорлар, брокерлік кеңселер т.б. арқылы жұріп отырады. Олар үй шаруашылықтарының шамалы жинақтарын қаржы құралдардың көп сомаларына айналдырады және оны капиталды тұтынушылар арасында орналастырумен айналысады. Капиталды беру нысаны әр түрлі болуы мүмкін: тікелей жаңадан шығарылған акцияларды жазылғандар арасында тарату түрінде, немесе, заемдық қарыз, корпорациялардың облигациясын сатып алу түрінде және фирмаларға тікелей қарыз беру арқылы. Бұл процесте берілген қаржылар үшін төленетін процент өте маңызды рөл атқарады.

ІІ КӘСІПКЕРЛІК КАПИТАЛ

 

2.1 Капитал айналымы

 

Іс-әрекеттерінің қандай мерзімінде болмасын, кәсіпкер инвестициялар жасап отырады, олардың сипаты мен көздері іс-әрекеттің кезеңіне тәуелді болады.

Кәсіпкерлік бизнесті ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде капиталдың алғашқы салымын жасау керек. Старттық (cope) капитал деп өндірістің бастапқы кезеңінде жасалатын капиталдың алғашқы сомасы мен ағымдағы шығындар сомасының жиынтығы аталады. Старттық алғашқы капитал кәсіпорның тіркеуге, банкте есеп-шот ашуға, ғимарат сатып алуға, немесе оны жалға алуға, ғимаратты жөндеуге, немесе, оны қайта құруға, машиналар, жабдықтар, приборлар, патенттер, лицензиялар сатып алуға жұмсалады.

Ағымдық шығындарға шикізат пен материалдар, жалдау төлемі, жалақы, әлеуметтік қорларға аудармалар және т.б. жатады.

Сөйтіп старттық капитал кәсіпкердің өндірістік қорлар (негізгі және айналыс) сатып алуға жұмсалатын негізгі және айналмалы капиталға қажеттігін, жалақыға, басқаруға жүмсайтын басқа өңдірістік және өндірістік емес шығындарға кажеттігін көрсетеді.

Старттық капиталдьң және кәсіпкердің қаражаттарының орнын жауып, өтеп отыру үшін меншікті (ішкі), немесе, несиелік (сыртқы) құралдар (қаржылар) қолданылады.

Меншікті және несиелік құралдардың көздері факторлардың екі түрімен белгіленеді:

объективтік — кәсіпкерліктің ұйымдастыру — құқықтык фор-масымен, шаруашылықтың және нарықтың конъюнктурасымен, ұлттық экономиканың болмысы және дамуымен, мемлекеттік реттеуші органдарының талаптарымен;

субъективтік — кәсіпкерлік қабілетпен, кәсіпкердің жағдайымен және оның жеке мүмкіндіктерімен.

Меншікті қаражаттардың қайнар көздеріне мыналар жатады: негізгі қызметгерден түсетін пайда, қаржылық операциялардан түсетін пайда, жарғылық қор, амортизация коры және т.б.

Несиелердің қайнар көздері: несие мен қарыздар, тұрақты пассивтер және несиелік карыздар.

Қаржы ресурстарының алғашқы қалыптасуы жарғы капиталы жасалып кәсіпорын құрылғанда басталады.

Жаргы капиталы — бұл фирманың негізгі жоне айналмалы

*  қаражаттарының қайнар көзі. Ал жарғы капиталының кайнар көзі

*  мыналар: акциөнерлік капитал, құрылтайшылардың жарналары, салалық, қаржы ресурстары, ұзақ мерзімді несие, бюджет қаражат-тары. Жарғы капиталының көлемі өндіріс процесіне инвестиция-ланған ақша қаражаттарының негізгі және айналмалық колемін бейнелейді.

Сырттан қаржыландыру қарыз алу немесе акция шығару арқылы жүреді.

Несие бұл қарыз капиталының қозғалу нысаны, ол қайтарылып беріледі және иесіне пайда әкеледі.

Қарыз капиталының қайнар көздері:

  • рантьелердің капиталы, яғни кәсіпкерлік қызметпен айналыспай процентке өмір сүретін адамдардың капиталы;
  • көпшілікгің жинақтары; кәсіпкерлік қызмет сферасын өзгерткен адамдардың капиталы; бюджетгік қалыстар;
  • кәсіпорындарының бос капиталы; тауарлық несие түрінде бір кәсіпорнынан екіншіге көшіп отыратын капитал;
  • банкнота шығару нәтижесінде пайда болған капитал. Несиенің болуы өндіріс процесінің үзілмей жүруіне көмекгеседі.

Кәсіпкерлер көбінесе коммерциялық жоне банк несиесін қолданады. Сонымен қатар, несиелер қысқа мерзімді (бір жыл ішінде қайтарылады) және ұзақ мерзімді болады.

Қысқа мерзімді қарыздар жалақы төлеуге, шикізат алуға немесе дайын тауарларды сату үшін, күнделікгі шығындарды етеуге қодда-нылады. Қысқа мерзімдік несиелердің жиі қолданылатындары:

  • коммерциялық несие — бір кәсіпорын екіншіге береді;
  • қаржы институтгарынан алынатын несие;
  • инвесторлардан алынатын қарыз.

Ұзақ мерзімді қаржыландырудың көзіне бөлінбеген пайда, акциялар мен облигацияларды сату және ұзақ мерзімді қарыздар жатады.

Ұзақ мерзімді заемдар — бір жылдан артық пайдаланатын қаржылар. Бұлар көбінесе қымбат жабдықтар, ғимараттар сатып алу үшін, зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қолданылады.

Ірі корпорациялардың көбі облигация шығарудан косымша қаражаттар табады. Облигация бұл құнды қағаз. Ол оның иесінің белгілі көлемде ақша сомасын кәсшорынға өткізгенін куәлайды. Осы ақша оған белгілі мерзімде қайтарылуы керек және ол оған жылына бір немесе екі рет процент алуына қүқық береді.

Корпорация үшін облигацияларды сату инвестициялар тартудың қолайлы формасы:

Бұның себептері:

  • Бұнда несие, бірақ қоғамнан алынатын;
  • банкі сияқты, облигацияға процент көбінесе жылына екі рет төленеді (купондық толем);
  • ұзақ мерзім, әдетте 10 жыл (кейде 30 жыл) өтеу мерзіміне дейін.

Банкінің несиесінен облигация шығару үнамды, бірақ банкілікпен салыстырғанда бүның проценті жоғары болуға тиісті, өйткені баскаша болса облигацияны ешкім сатып алмайды. Корпорациялардың облигациясы, әдетте номиналына сәйкес сатылатын, борышқорлық қолхат болып табылады.

Акциөнерлік қоғамдар көпшіліктің капиталын акция шығару аркылы өздеріне тартады. Акция құнды қағаз, ол иесінің ақша сомасын өткізгенін долелдейді және иесіне дивиденд алу қүқын береді және оның иесі сол компанияның басқаруына қатынасуға қүқық алады.

Егер облигацияны иеленушілер компанияның тек несие берушісі болса, акциөнерлер компанияның меншік иелері болады. Бұл жағдай акциөнерлерге директорлар кеңесін сайлауға және табыстарды бөлуге қатынасуға қүқық береді.

Акцияларға ашық жазылудың өзіндік артықшылықтары және кемшіліктері болады.

Артықшылақтар: біріншіден, қаражаттар жинауға көмектеседі;

сатудан түскен қаражаттар өндірістік қуаттарды кеңейтуге жәнр жаңғыртуға, қарыздарды өтеуге, қызметтерді көптарапты еруге және басқа мақсаттарға қолдануға пайдаланылады;

екіншіден, партнерлер мен клиенттерді информациямен қамтиды;

үшіншіден, фирма ішінде акцияларды сату арқылы персоналды ынталандырады;

төртіншіден, акцияларды пайдалану мүмкіндігін береді.

Кемшіліктерге жатқызу да болады:

  • басқарудағы бақылау мен икемділіктің төмендеуі;
  • акцияларды шығаруға және орналастыруға шығындар жасау;
  • нарықаың қысым жасау ықпалы (конъюнктура өзгергенде);
  • акциялардың шығарылуын және орналастырылуын ұйымдастыру үшін қабілетті команда күрудың кажеттігі.

Корпорациялардың акция шығару аркылы каржылануы қаржыланудың ең қымбат түсетін жолы болып табылады. Батыс компаниялары бұл жолды өте сирек, қаржылаудың басқа түрі болмаған жағдайда пайдаланады. Қаражат жетімсіз болғандықтан акциялар шығару безнесмендердің басқару қызметіндегі тәуелсіздігін төмендетеді.

Қашан болмасын қаржыланудың түрлері көп болған сайын кәсіпорынның даму мәселелері қиындай береді.

 

 

2.2 Капиталды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері

 

Кәсіпкерлік сфераның қандайында болмасын, кәсіпкер капитал жұмсап өзіне тезірек пайда табуды (алғашқы жүмсалған сомадан артық сомаға ие болуды) мақсат етіп қояды. Ол үнемі пайда табуды көздейді. Бұл үшін ол өндірісті үзбей, жалғастыра жүргізуі керек, яғни ұдайы өндіріс болуы қажет.

Ұдайы өндіріс өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді. Осы процесте өнеркәсіп капиталы үш функционалдық форма алады. Ұдайы өндірістік процесті, осыған қатынасатын өнеркәсіптік капиталдың функционалдық формаларының өзгеруі бағытынан қарасақ, оны мынадай түрде бейнелеуге болады:

A — T   … O … T1— A1

Бұл мынадай заңды сатылардан тұрады:

A — Т …

Өндіріс факторлары нарығында тауар формасын алған өндіріс факторларына ақша капиталы жұмсалады.

Сөйтіп, осы ақша капиталы өндіргіш капиталға айналады. Бұл капиталдың функциясы — өндіріске жағдайлар жасау:

… Ө …

Өндіріс процесінде өндіргіш капитал тауарлық капиталға айналады және ол үстеме (қосымша) құн өндіру функциясьш атқарады:

… Т1 — А1

Тауарларға сіңген үстеме құн, оны нарықта өткізген соң, кәсіпкердің қарамағына түседі. Бұл сатыда тауар капиталы тағы да жаңадан ақша капиталына айналады. Тауар капиталының функ-циясы — үстеме (қосымша) құнды өткізу, сату.

П капиталдың бір формадан екінші формаға айналатын қозғалысын оның ауыспалы айналымы деп атайды. Формула көрсетіп түр — капиталдың ауыспалы айналымы пайда жасауды көздейді:

d=A> — A

Мұнда А—бастапқы жүмсалған капитал, d—үстеме құн.

Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзілмей қайталанып жүріп отыратын жеке акт емес процесс деп қарасақ, онда Бұл капиталдың айналымы болады.

Капиталдың айналымы мен оның ауыспалы айналымы бір-бірімен тура келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай формада авансталған капитаддың тек бір бөлшегі қайтып келеді; барлық капиталдық құн өз иесіне өзінің бастапқы ақшалай формасының толық қайтып түскеңце капигал толық айналым жасайды.

Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей жүрмейді. Капиталдық құнньщ айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал непзгі және айналмалы болып бөлінеді.

Негізгі капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек заттарының және жұмысшы күшінің төлем құндары жатады. Капиталдың осы бөлшектерінің айналымының айырмашылықтары, өндіргіш капиталдың құнының өз элементтерінің жасалынатын өнімге өзінің құның алмастыруының әдістерінің әр түрлі болуымен байланысты болады.

Негізгі капитал — бұл өндіріс процесше тұтас қатынасатын, бірақ өз құның өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал. Негізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. Шикізат, отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, Бұлардың құны әрбір ауыспалы айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем құны да жатады.

Айналмалы капитал — өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады

Негізгі капитал материалдық (физикалық) және моралдық жағынан тозады.:

Материалдық тозу: негізгі капиталдың элементтері физикалық тұрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады.

Материаддық тозу мынадай жағдайларда орын алады:

  • жұмыс кезеңінде капиталдың қызмет ету процесінде;
  • табиғат күштерінің әсерімен жұмыссыз қалған кезенде. Материалдық тозудың екі жағы болады:
  • техникалық өндірістік — тұтыну құнының жойылуы;
  • құндық — құнның жаңа өнімге көшуі.

Моралдық тозу — Бұл негізгі капиталдың,еңбек құралдарының құнының төмең деуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты, құнының бағалылығының жойылуы.

Моралдық тозудың екі түрі болады:

  • еңбек өнімділігінің өсуіне сәйкес берілген еңбек құралдары арзандау, аз құнмен ұдайы өндіріледі;
  • құны бүрынғыдай машиналар өндіріледі, бірақ техникалық жағынан жетілуі, өнімділігі, рентаблділігі жоғары болады.

Аталған екі жағдайдада негізгі капиталдың құны жойылады, темендейді, ойткені еңбек күралдарының бағасы олардың пайдалылығымен есептелінеді (белпленеді).

Осы жағдай амортизациялық қор құруға мәжбүр етеді. Осы қордың қаражаты жыл сайын жасалып отыратын, амортизациялық жарналардан құралады.

Амортизация корының қаржылары ескірген еңбек күрал-жабдықтарды толық алмастыруға, жабдықты жөндеуге, жетілдіруге, сондай-ақ қосымша машиналар, станоктар және т.б. сатып алуға пайдаланылады. Демек, амортизация қоры өндірісті ұлғайтуға пайдаланылады, қорланудың қосымша көзі ретінде қызмет етеді.

 

Капиталдың қызмет ету мерзімінің сипаттамалары өте маңызды экономикалық көрсеткіштерге жатады. Өйткені, басқа кәсіпкерлермен бәсекелестік жағдайда ұтысқа тек уақыт үнемдегендер жетеді.

Басқа кәсіпкерлермен бәсекеде уақыт ұтқан алдымен жеңіске жететін болғандықтан, капиталдың қызмет ететін уақыт мерзімін сипатгайтын көрсеткіштер ең маңызды экономикалық көрсеткіштерге жатады.

Мысалы, капиталдың айналу шапшандығы, оның бір жыл ішіндегі айналым саны арқылы есептеледі:

п = о/т,

мұнда /7 — айналым саны,

0 капитал айналымының өлшем бірлігі (1 жыл), Т — берілген капиталдың айналым мерзімі (ай).

Капиталдың айналымы, көрсеткіш ретінде, сату көлемі мен жұмсалған капиталдың ара сәйкестігін сипаттайды, яғни акгивтердің таза салымы қандай дәрежеге жеткенше өткізу (сату) жүріп отыратынын көрсетеді:

К1 = Сатудың көлемі/Салынган капитал.

Бұл фирманың айналмалы капиталға салымының әрбір теңгесі бір жылда бес айналыс жасағанын көрсетеді.

Айналыс санын біле отырып, біз күнмен есептелген бір айналыстың орташа ұзақтығының көрсеткішш есептей аламыз (От):

Айналыстың көрсеткіштері көсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудағы мағынасы өте зор болады, өйткені айналмалы құрал-дардың ақша формасына айналу шапшандығы, кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді.

Айналмалы капитал мен қысқа мерзімді міндеттемелер сомасының сәйкестігі, қазіргі әрекет ететін капитал мен кәсіпкердің төлем қабілетін байланыстырады.

 

 

 

Қазір әрекет ететін капитал — Бұл айналмалы қордың сомасының қысқа мерзімді қарыз міндеттемелер сомасынан артықтығы:

Негізгі және айналмалы қорлардың кызметтерін сипаттау үшін олардың пайдалану тиімділігін көрсететін көрсеткіштер қолданылады. Бұлардың екі түрі бар:

1) Қайтарым (қор қайтарымы) көрсеткіштері:

Қор қайтарымы негізгі капитал дорежееінің «гікелей Квййемі бо-лып табылады. Қор қайтарымының керісінше көрсеткіш орсыйымдылығы деп аталады.

2) Сыйымдылық (қор сыйымдылыгы) көрсеткіштері:

Қор қайтарымынын көрсеткіші негізп капиталдың бірлігіне қанша өнім шығарылады деген сұраққа жауап береді. Мысалы, егер өндірілген өнімнің көлемі 927 мың теңге, ал негізгі өндірістік корлардың уақыт мерзіміндегі орташа көлемі 600 мың теңге болса, онда қор қайтарымы мынандай болады:

Осы көрсеткіштерді пайдалану салалық құрылымдарға, өндіріс сипатына жөне т.б. байланысты болады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Соңымен Капитал-бұл тауарлар мен қызметтер өндірудеқолданылатын адамдардың жасап шығарған өндіріс құрал-жабдықтары мен ақшалай жинақтары.

Марстік теорияда өндігріс факторлары өзгеше сипатталынады: заттық факторлар мен жеке фактор.марксизм үшін бұлайша бөлу аса маңызды, өйткені ол барлық заттық факторлар қосымша құн өндірмейтіндігі, ал тек жеке фактор-жұмыс күшінің құн, қосымша құн өндіретінін көрсетеді.

Өндірістің дамуының әрбір жаңа кезеңінде оларсыз өндіріс жемісті түрде дами алмайтын жаңа факторлар пайда болып отырады. Қазіргі заманғы өндірісті, мысалы, кәсіпкерлік ақпарат, технология, экология және т.с.с. факторларсыз елестету қиынға түседі. Алайда жүйенің негізін құрушылар болып еңбек, жер, капитал қалады.

Жекелей факторлардың ешқайсысы өнім шығарып, табыс бере алмайды. Сондықтан өндіріс процесі факторлардың өзара бірігуінің қарым-қатынасын білдіреді. әр кәсіпкерді өнімді максималды шығаруға жеткізетін факторлардың ара қатынасын табу мәселесі ойландырады.

Шығарылған өнім саны оны өндіруген қолданылған өндіріс факторлары мен олардың комбинацияларына тәуелді. Факторлардың әр түрлі комбинациясы бар болса, бұл олардың оптималды үйлесіміне жеткізетін вариантттттың бар екендігін білдіреді.

Демек, өндірістік функция-бұл өндіріс факторларының  шығындарының жиынтығы  мен максималды өнім шығыру арасындағы өзара байланысты көрсететін техникалық арақатынас.

әдетте, факторлар   шамасы өзгермей,  тұрақты болады. Осында келесі   варианттардың  болуы мүмкін, яки барлық  факторлар бір мезгілде өзгереді  немесе тек олардың біреуі өзгереді. Бұл жағдай табыстылыққа шектеулі әсер етеді, ол төмендейді.

Сонымен ендігі кезде біз капиталдың қалыптасуы және оның нарығы мен мазмұны туралы айтып, толық сипаттай бердік. Осымен бірге кәсіпкерлік капиталдың қалыптасу көздері, капиталдың айналымы, капиталдытиімді пайдалануының көрсеткіштері жайында мәлімет бердік. Капиталдың формалары және табыс іліміне келе отырып,  әрине табыс туралы қорытындылап кеткен жөнді болуда.  Себебі әрқашанда оның шектеулілігі, табыстың ұлғаймалы және кемімелі көлемі, бізге болашақта қажетті.

Осы түрлі көрсеткіштердің жабайысына айналмалы капиталдың айналуының коэффициенті жатады, Бұл осы кезеңдегі айналмалы капиталдың орташа қалысының, осы кезеңде өткізілген өнімнің құнының (сатудан ақшалай түсім) бөлінісіне тең болады.

Мысалы, бір жылда сатылған өнімдерден ақшалай түсімі — 2000 млн. теңге болса, ал фирманың айналмалы капиталының орташа калдығы — 400 млн. теңге, онда айналмалы капиталдың айналуы-ның коэффициенті:

Қосымша өнімнің шеттетілуі меншіктің кез келген нысанында орын алатындықтан, ол қоғамдық шаруашылықтың объективті қажеттілігі болып табылады. Олай болса қанаушылық шеттетілудің белгілі бір дәрежесіне, қоғамдық қатынастардың бүкіл жиынтығына байланысты. Батыс елдерінде жалдамалы қызметкерлердің жалақы қоры үлттық табыстың 60—80 процентін құрайды. Тек 20—40 процентін өндіріс құрал-жабдықтарының иесі ием-денеді. Ал бүрынғы кеңес елінде жалдамалы қызметкер иемденетін жаңа жасалған құнның үлесі әр қилы есептеу-лерге қараганда, 30—40 процент, ал мемлекетке тиесілі үлесі табыстың 60—70 процентін құрайды немесе жеке меншік үстемдік ететін қоғаммен салыстырганда, ол 1,5—2 есе жоғары болғаны. Осыдан мынадай заңды сүрақ туын-дайды: егер жаңа жасалған құнды капитал иесі иемден-генде қанаушылық орын алатын болса, өвдірілген өнімнің 60—70 процентін мемлекет иемденетін жағдайды қалайша сипаттауға болар еді? Егер орын алатын объективті экономикалық (этикалық емес) негізге сүйенер болсақ, онда қосымша құн нормасы 1) капиталистердің жалдэімалы жұмысшыларды қанау дәрежесін сипаттайтын бірдей ұғымды бере алмайды. Қосымша құн бірнеше негізгі бөліктерге бөлшектенеді. Біріншіден, қосымша кұн қор жинауға кетеді: екіншіден, салық жүйесі арқылы косымша құнның бір бөлігі мемлекеттік бюджетке туседі, үшіншіден, қалған белігі жеке тұтынуға кетеді. Қосымша құнның тек соңғы бөлігі ғана қанаушылық белгісінің ауқымы мен дәрежесш анықтай алады. Осының езінде де бір ескерер жәйт: қосымша құнның капиталистің жеке тұтынуына кет-кен бөлігінің барлығын «заңсыз» иемдену деп айтуға бол-майды. Біріншіден, тіпті еңбек құн теориясьша сүйенгеннің өзівде, капиталист-кәсіпкер өндірісті үйымдастырғаны үшін өз еңбегінің белгілі бір бөлігіне ие болуы керек. Екіншіден, капиталды пайдалануға берудің өзі қызмет көрсетудің түрі, ол да теленуі тиіс. Осы қызметі үшін бөлінген капиталдан процент талап етіледі. Жалдамалы қызметкер де ез жинағын банкте үстай отырып, белгілі дәрежеде процентпен (кіріс) табысқа ие болады. Сон-дықтан қосымша күнның массасы мен нормасы қанаудың ауқымы мен дәрежесін дәл анықтай алмайды. Сөз жоқ, егер жұмыс күші құнынан темен төленетін болса, оңда қанаушылық орын алады. Ал, К. Маркс зерттеген кез жұмыс күнінің ұзақтығы тәулігіне 10—12 сағат болғаны, оның үстіне сол өндіргіш күштер даму дәрежесінде техника қауіпсіздігі сақталмағаны да ақиқат. Жалдамалы қызмет-керге жұмыс күшінің құны толық теленетін болса, қоғамдық өндірісте орташа еңбек жағдайы сақталатын бол-са, алатын жалақы қоғамдағы материалдық және рухани игіліктерді пайдалану мүмкіндігін берсе, қанаушылық түсінігі өзінің экономикалық мазмүнын жойып, адам-гершілік-этикалық мағынаға ие болар еді.

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля