27 ноября, 2017 18:37
Күлтегін жырының авторы — Йоллығтегін Түрік қағанатының күшқуаты артты, жері барынша кеңіді, ел түрмысы түзелді дегенді төмендегідей етіп суреттейді:
Ол кезде қүл — қүлды болған еді,Күң — күңді болған еді.Үлы әкесін білмес еді .
Сондай-ақ, Орхон жазуларында суреттеліп отырған нәрсені тағы да ажарландыра, қүбылта түсу үшін оны соған үқсас өзге затқа балау әдісін, яғни метафораны ше- бер қолданады. Бүл сөзімізге „Күлтегін» жырынан мысал келтірейік:
Әкем қағанның әскері бөрідей бопты,
Жаулары қойдай бопты.
…Түргеш қағанның әскері Болшыда Отша, бөріше келді,
Соғыстық .
Мүндай метафораларға Тоныкөк жыры да бай.
Жауымыз тегіс жыртқыш қүстай еді,
Біз жемтік едік .
Немесе:
Екінші күні (тағы) келді,
Өртше жанып келді.
Соғыстық .
ТОНЫКӨК — қағанның кеңесшісі, ел қамын ойлаған ақылгөй, дана қарт. Сондықтан оның монологында перне- леп, астарлап нақыл-өсиет сөздер жиі-жиі қайталанып отырады:
Жүқаны бүктеу — оңай,
Жіңішкені үзу — оңай.
Жүқа қалыңдаса,
(Оны тек) алып бүктейді.
Жіңішке жуандаса,
(Оны тек) алып үзеді.
Ал енді Білге қаған мен Күлтегін батырдың кеңесшісі болған Тоныкөктің уағыз-өсиет сөздерінің сарыны одан мың жылдан кейін, яғни XVIII ғасырда өмір сүрген даңқты жырау, Абылай ханның ақылшысы Бұқардың жырлары- нан айқын сезіледі:
Ай не болар күннен соң Күн не болар айдан соң,
Қүлпырып түрған бәйшешек Қурай болар солған соң… .
Немесе
Қара арғымақ арыса,
Қарға адым жер мүң болар,
Есіл көзден нүр тайса,
Бір көруге зар болар .
„Тоныкөк» жырының авторы қүбылтудың гипербола, яки үлғайту әдісін шебер қолдану арқылы сөздегі суретті түрлендіріп жібереді:
Табғаш, оғыз, қүтан —
Бүл үшеуі біріге қалса, біз
Өз іші-тысымызды сақтап қалаалмаспыз .
Ежелгі түркі поэзиясындағы кейбір сөз тіркестері пе- рифраз секілді болып келеді. Мәселен, „Күлтегін» жырын- да автор „адамдар» деп айтудың орнына „ел-жүрт», „адамзат үлдары» деген сөз тіркесін қолданады. Осы жыр- дың өзінен төмендегідей нақышты сөздерді оқуға болады:
Жоғарыдан тәңірі баспаса,
Төменде жер айырылмаса…
Енді Білге қаған жырынан бір мысал келтірейік:
Тоғыз оғыз халқы —
Өз халқым еді.
Көк пен Жердің ашуынан Ол (халық) бізге жау болды.
Ежелгі түркі поэзиясының біз әңгіме етіп отырған үлгілерінде метономия да, антитеза да, эпитет те кеңінен қолданылғанын көреміз. Әсіресе, суреттеп отырған зат- тың немесе қүбылыстың айырықша сипатын айқындай түсетін тұрақты және әдеттегі эпитеттер бұл жырларда сөз зергерлеріне ғана тән шеберлікпен қолданылған. Мәселен, мынандай түрақты эпитет сөздер жиі үшырайды: мәңгі жас, пәк қыздар, көрер көзім, қасиетті жер-су (Отан деген мағынада), көк тәңірі, қара жер, шырын сөз, қызыл
қан, т. б. Енді әдеттегі, қарапайым эпитетке мысал келтірейік: боз ат, торы ат, жалтақ кісі, білгір қаған, т. б.
Бұл жырларда айтар ойды нақты, қысқа түрде, әрі бейнелі етіп жеткізу үшін қолданылған кейбір үтымды сөз тіркестері мақал-мәтел сияқты естіледі:
Бүл сөзімді мүқият тыңда,
Терең үқ.
Жырақ болса, жаман сыйлық берер,
Жақын болса, жақсы сыйлық берер…
Іші-ассыз,
Сырты — тонсыз…
Өлімнен үят күшті.
Көрер көзім көрместей,
Білгір ақылым білместей болды.
„Күлтегін» мен „Тоныкөк» жырларына тән тағы бір жәйт — бүл жырлардың кіріспесінде және қорытынды бөлімдерінде лепті үнмен мәнерлеп ғибрат айту, көтеріңкі сарынмен үндеу тастап, асқақтап сөйлеу сияқты дауыс ырғағы басым болады. Мүның өзі оқырманның сезімін жандандырып, оны тез әсерлендіру үшін жасалғанын аңғару қиын емес. Мәселен, қарт данышпан Тоныкөктің бүкіл түркі еліне қарата айтқан мына бір монологы бүған толық дәлел боса керек:
Мен былай дедім:
— Мен, білге Тоныкөкпін.
Алтын қойнауын асып келдік Ертіс өзенін кешіп келдік (Кім) келсе де „батыр!»—дедім.
(Олар бізді) білмейді.
Тәңірі Үмай, қасиетті жер-су
Жеңіс берген екен
Көп (екен) деп неге қашамыз?!
Абыз деп неге қорқамыз?!
Неге (оларды) басындырамыз?!
Шабамыз!— дедім,
Шаптық. Қудық
Міне, осылайша көпшілік қауым алдында көтеріңкі екпінмен үндеу тастап ақыл-өсиет айту, асқақтата сөйлеу дәстүрі араға сан ғасырлар салып барып қазақтың жырау- лар поэзиясында қайталанады. Мәселен, Жәнібек ханның кеңесшісі, данышпан жырау Асан Қайғы ханға қарата ба- тыл сөйлеп, екпіндете толғайды:
Ай, хан, мен айтпасам білмейсің Айтқаныма көнбейсің.
Шабылып жатқан халқың бар,
Аймағын көздеп көрмейсің.
Қымыз ішіп қызарып,
Мастанып, қызып терлейсің,
Өзіңнен басқа хан жоқтай Елеуреп неге сөйлейсің?!
…Ай, Жәнібек, ойласаң Қилы, қилы заман болмай ма,
Суда жүрген ақ шортан Қарағай басын шалмай ма,
Мүны неге білмейсің?
Хош-аман бол, Жәнібек,
Енді мені көрмейсің! .
Дәл осы сияқты көпшілікке үндеу тастап асқақтата сөйлеу, дидактикалық бағытта өсиет айту Шалкиіз жырау- дың Битемірге, Жиембет жыраудың Есім ханға, Бүқар жыраудың Абылайға қарата айтқан толғауларында кең қанат жая түскен.
Қазақ жырауларына тән осы дәстүр „Қобыланды ба- тыр», „Қамбар батыр», „Алпамыс» жырларында өз көрінісін тапқан.
Қазақтың батырлар жырының қайнар бастауларының бірі саналатын „Күлтегін» жыры адамның көңіл-күйін білдіретін эмоциялық көріністерге бай болып келеді. Әсіресе, Күлтегін жырының қорытынды бөлімі мейілінше әсерлі, оқырманның жан-жүрегін тебірентетіндей етіп жа- зылған:
Шешем — қатын, (онан) соңғы аналар, Жеңгелерім, келіндерім, ханымдыр, Тірілерің түгел күңдікте болар едіңдер, Өлгендерің жүртта, жолда жатыр едіңдер. Күлтегін жоқ болса,
Бәрің (де) өлімші едіңдер,
Інім Күлтегін қаза болды.
Өзім қайғырдым.
Көрер көзім көрместей,
Білгір ақылым білместей болды,
Өзім қайғырдым.
Тағдырдың тәңірі жасар,
Адам баласы бәрі өлгелі туған. Қайғырғаным соншама,
Көзге (ыстық) жас келер,
Көңілге ауыр шер келер.
Шексіз қайғырдым,
Қатты қайғырдым .
Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк ескерткіштері — мазмүны мен формасы жағынан да, тілі мен көріктеу қүралдары тұрғысынан да, өлең қүрылысы мен компози- циясы жағынан да ежелгі түркі поэзиясының нағыз клас- сикалық үлгілері болып табылады.
Орхон жазба ескерткіштерінің композициялық қүры- лысының өзіндік ерекшеліктері бар. Бүл ерекшеліктер сол дәуірдің әдеби дәстүріне байланысты болса керек. Біз әңгіме етіп отырған „Күлтегін», „Білге қаған» және „Тоныкөк» жырлары өз заманының белгілі бір әдеби талапта- рына сәйкес жазылғаны мәлім.
Тасқа қашап түсірілген бүл жазулардың әрбір руна- лық жолында, яғни қүлпытастағы әрбір қатар жазуда бір емес, бірнеше сөйлем бар. Дәлірек айтсақ, үзыннан-үзақ етіп қүлпьггасқа бедерлеп жазылған руналық бір жол жазудың өзі — бір ғана ойды білдіруге арналған бірнеше сөйлемнен (яғни бір топтамаға қамтылған сөйлемдерден) түрады. Мүнда автордың оқырманға айтпақ болған негізгі ойы әдеттегідей бір сөйлемнен екіншісіне емес, бір топта- мадан екіншісіне беріліп жатады.
Бір топтама көлемі жағынан — руналық жазудың бір жолына шамалас болып келеді.
Өмірдің өзі алға қойған бүл сауалдарға жауап ретінде нақ осы кезде „Құтты білік» дастаны жазылды.
Бүл дастан — мемлекетті басқару әдістерін, адам- гершілік принциптерін, қоғамдық-саяси мәні бар түрлі ережелер мен заңдарды, әдет-ғұрыптар нормасын қамтыған, энциклопедиялық дәрежеде жазылған көркем туынды. Дидактикалық сарында жазылып, ғибрат- уағыздарды бейнелі көркем тілмен жырлайтын бүл дастанда қарапайым халықтан бастап, Бограханға дейінгі түрлі дәрежедегі әлеуметтік топтардың, түрлі кәсіп иелерінің
мінез-құлық нормалары қандай болу керек, олардың әрқайсысының қоғамнан алатын орны қандай болуы тиіс екені баяндалады.
Саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық, оқу- ағарту, мәдениет, т. б. мәселелерді ғұлама-ақын өз дәуірінің талап-тілектері тұрғысынан жырлайды. Сөйтіп, Жүсіп Баласағұн өз заманының ойшыл ақыны, ірі ғалымы, мемлекет қайраткері ретінде тарих сахнасына шықты. „Қүтты білік» дастаны ақынның көзі тірі кезінде-ақ кеңінен тарап, түркі тілінде жазылған ең жақсы кітап сан- алады. Бұл шығарма әр елде түрліше атпен мәлім еді. Мәселен, Шын елінің адамдары „Адабул-мүлік» («Әкімдердің әдептілігі») деп ал Мешін жүрты „Айнкүлмамлакат» («Мемлекет тәртібі»), Шығыс елдерінің әкімдері „Зийнатул-умаро» («Әмірлердің сән-салтанаты»), парсылар „Шаһномаи туркий» («Түркілердің шаһнамасы»), турандықтар „Қүтадғу біліг» («Қүтты білік») деп атайды.
Бүл атаулардың қай-қайсысы болса да Жүсіп Бала- сағүнның „Қүтты білік» дастанының мемлекетті басқару істеріне, адамгершілік-мораль мәселелеріне арналғанын аңғартады.
„Күлтегін» (кіші жазу) жыры әрқайсысьі өз алдына дербес, әрі сюжеттік жағынан бір-бірімен тығыз байла- нысты сегіз топтамадан тұрады. Әрбір топтама — мазмүны жағынан бір-бір хикая болып келеді. Оның бірінші топта- масы қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі; екінші топтамасы — Түрік қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді; үшінші топтама — түріктердің әскери жорықтарын хикая етеді; төртінші топтама — көршілес табғаш халқының қастандық әрекеттері туралы әңгіме, бесінші топтама — табғаштармен қатынасу түріктерге ажал қатерін төндіретін жайында хикая; алтыншы топтама — түркі халқының көреген емес екенін, өкінішпен жырлауға ар- налған; жетінші топтама — түрік халқының даңқын көкке көтерген Білге қаған екендігі жөнінде айтылған жыр; сегізінші топтама — осы ескерткіш-жырды жазуға себеп болған жәйттерді баяндауға арналған.
Ежелгі түркі поэзиясында тән дәстүр бойынша, осьга- дай әрбір топтаманың өзі міндетті түрде мынадай үш эле-
менттен түратын болған: 1. Оқиғаның басталуы; 2. Сол оқиға желісінің біртіндеп үлғая түсуі; 3. Осы топтамада айтылуға тиісті ой-пікірдің түйіні. Мәселен, „Күлтегін» (кіші жазу) жырының екінші топтамасын мысал етіп келтірейік. Екінші топтама — Түрік қағанаты жерінің үланғайыр кең екендігін суреттеуге арналған:
Тоғыз оғыз бектері, халқы,
Бүл сөзімді мүқият тыңда,
Терең үқ.
Ілгері — күн шығысында,
Оң жақта — күн ортасында,
Кейін — күн батысында,
Сол жақта — түн ортасында,
Осының ішіндегі халықтың бәрі Маған қарайды!
Халықты осыншама көбейттім!.
Міне, осы топтаманың алғашқы үш жолы — оқиғаның басталуы — қол астындағы халыққа қарата айтылған үндеу сөз; одан кейінгі төрт жол өлең — оқиғаның өрістеуі — Түрік қағанаты жерінің кеңдігін суреттеуге ар- налған; топтаманың соңындағы екі жол жыр осы топтама- ның түйіні — түрік елінің жері кең, ал халқы көп екені айтылады.
Сөйтіп, „Күлтегін» (кіші жазу) жырында сегіз топтама, яғни сегіз хикая бар. Әрбір топтаманың өзі үш элементтен (оқиғаның басталуы, өрістеп үлғаюы, түйіні) түрады.
Енді Күлтегін ескерткішінің үлкен жазуы мәтінінің композициялық қүрылысына талдау жасап көрейік. Үлкен жазудағы Күлтегін жыры көлемі жағынан 428 өлең жолы- нан түрады. Мүның өзі қүлпытастағы руналық жазу бой- ынша есептегёнде үзыннан-үзақ 53 қатар жазу болып шығады.
Бүл жырдың ерекшелігі — бүл жыр бір-біріне толық дербес түрған алты хикаядан, яғни алты оқиғадан қүралған деуге болады. Бірінші хикая — түрік халқының үлы ата-ба- балары туралы; екінші хикая — түріктерді табғапггардың бағындырып алғаны жөнінде; үшінші хикая — Елтеріс қағанды сипаттауға арналған; төртінші хикая — Қапаған қаған туралы; бесінші хикая — Білге қағанды жыр еткен; алтыншы хикая — Күлтегін туралы жыр.
Түрік халқының ата-бабалары үлы адамдар болғанын жырлауға арналған бірінші хикая — қүлпытастағы руна- лық жазудың бірінші — төртінші жолдарын толық қамтиды.
Бірінші хикая — төрт топтамадан тұрады. Бірінші топта- мада — түрік халқының үстіне билік жүргізу үшін бір кез- де Білхе қағанның ата-бабалары отырғаны жырланады; екінші топтама — Білге қағанның ата-бабалары жасаған әскери жорықтар туралы; үшінші топтама — түрік халқының арғы ата-тегінің адамгершілік қасиеттері жоғары болғаны жайында; төртінші топтама — Білге қағанкың ата-бабаларын жоқтап-жылауға арналған.
Мунда да әрбір топтама міндетті түрде үш элементті қамтиды — бастаушы (орысша „зачин»), осы топтамадағы оқиғаның өрістеуі және түйіні.
Бірінші хикаяның бірінші топтамасына талдау жасап көрейіх; 1. Осы топтаманың бастауы үш жол өлеңнен түрады. Мүнда жер мен көктің және адамның жаралуы ту- ралы ә ңгіме болады:
Биікте Көк тәңірі,
Төменде қара жер жаралғанда,
Ехеуінің арасында адам баласы жаралған .
- Топтаманың екінші бөлімінде — оқиға өрістей түседі: Білге қағанның ата-бабасы адам баласы үстінен билік жүргізу үшін отырғаны екі жол өлеңде айтылады;
Адам баласы үстіне ата-тегім —
Бумын қаған, Істемі қаған отырған .
- Осы топтаманың қорытынды бөлімінде — екі жол өлеңде Білге қағанның ата-тегінің билік жүргізуі бүкіл түркі халқы үшін игілік әкелгені айтылады:
Отырып, түркі халқының ел-жүртын К,алыптастырған, иелік еткен .
Бірінші хикаяның алғашқы топтамасы осымен аяқталады. Бүл хикаяның қалған екінші, үшінші және төртінші топтамаларының композициялық қүрылысы да дәл осы үлгіде болып келеді.
Ал енді осы „Күлтегін» (үлкен жазу) жырының мазмүны жағынан аса қызықтысы, композициялық қүры- лысы зюр шеберлікпен жасалғаны — алтыншы хикаясы.
„Култегін» ескерткішінің (үлкен жазу) алтыншы хикая- сын Култегін батырдың жауынгерлік жорықтары жөнінде жазылтан ғажайып жыр хикаяның бірінші топтамасы Күлтегіннің әскери қызметінің алғашқы сәттері қалай бас- талғанын суреттеп көрсетеді, Бүл топтаманың бастауы — он жастағы бала жігітке Күлтегін деген ерлік есім қалай берілгенін төрт жол жырда баяндап береді. Сосын оқиға желісі үйғайып, Күлтегіннің туған жер үшін жүргізген қанды шайқастары (он жыл өлеңде) көрсетіледі. Ал, топ- таманың қорытынды бөлімінде (бір жол жыр) Күлтегіннің теңдесі жоқ жеңістері жыр болады:
Ісін-күшін беріп,
осыншама ел жиып,
інім Күлтегін өзі қайтыс болды.
әкем қаған өлгенде,
інім Күлтегін жеті жаста қалды.
Он жаста Үмай текті шешемнің бағына Інім Күлтегін ер атанды.
Он алты жасқа (келгенде) ағам қағанның ел-жүртын сонша молайтты.
Алты чуб, соғдаларға қарсы Аттандық, талқандадық.
Табғаш, Онтүтықтың бес мың әскері келді, Соғыстық.
Күлтегін жауға жалғыз үмтылды.
Онтүтықты қарулы басшыларымен қолға түсірді. Қарулыларды қағанға еншіледі.
Ол әскерді сонда талқандадық .
Бірінші хикаяның екінші топтамасы Күлтегін батырдың аса қатыгез жау Чача Сүңүнмен болған аяусыз шайқасын суреттеуге арналған:
Жиырма бір жасында Чача Сүңүнмен айқастық.
Ең ілкі Тадықын чурдың Боз атын мініп шапты,
Ол ат сонда өлді,
Екіншіде Ышбар Ямтардың Боз атын мініп
шапты.—
Ол ат сонда өлді.
Үшіншіде иегін Сілікбектің ерттеулі торы атын
мініп шапты,—
Ол ат сонда өлді .
Міне, бүл топтама да „Күлтегін» жырының басқа топта- малары сияқты үш элементтен түрады. Топтаманың баста- уында — Күлтегіннің соғыс кезінде неше жаста екені айтылады, содан кейін оқиғаның өрістеу бөлімінде — соғыс картинасы берілген, ең соңындағы бір жол өлеңде түріктердің жеңіске жеткені хабарланады.
Мүндай композидиялық қүрылыс „Күлтегін» жыры- ның барлық хикаялары мен топтамаларына тән болып ке- леді. Тегінде жырды композициялық жағынан дәл осылайша етіп қүру — сол көне түркі дәуірінің міндетті түрде орындалуы тиіс әдеби дәстүрінің бірі болса керек.
Күлтегін жырының бүдан кейінгі хикаялары түркілердің түргеш, соғды, аз оғыз, т. б. қарсы соғысы Күлтегіннің тайсалмай сол қанды майдандарда үлық Еркін, Қүшы Түтық, аздардың елтебері сияқты жауларымен жекпе-жек арпалысы суреттеледі.
Жырда Күлтегін түркі елінің „төрт бүрышындағы» бар- лық жауды жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. Күлтегін түркі халқын тәуелсіз етті, байлыққа кенелтті де- ген пікір айтылады. Жырдың басты идеясы — түркі халқын ауыз бірлікке, сыртқы жауға қарсы үйымдасқан күреске, ата-баба жолын берік үстауға шақыру болып та- былады.
Автор түркі халқы ата-баба дәстүрін берік үстаған кез- дерінде ешкімге тәуелсіз, жақсы өмір сүргенін жырлай келіп, ол осы жолдан тайып, дүшпаннан алданған сәттерінде:
Бек үлдары — қүл болды,
Пәк қыздары — күң болды —
дейді. Жыр соңында Күлтегін өлгенде бүкіл түркі халқы қатты қайғырып, аза түтқаны, оны жоқтап-жерлеу салта- натына әлемнің төрт бүрышынан көп елшілер, батырлар, тас қашайтын шеберлер, таңбашылар (мөр иесі), бектер, т.
б. келгені айтылады. Күлтегін батырды жерлеуге татабы елінен келгендерді Удар-Сеңгун, табғаш қағанынан — Ісиі- Лікең бастап келді. Күнбатыстағы Соғды, Бершекер, Бүхар үлыстарының халқынан — Нең-Сеңгун, Тархан үлы, „он оқ“ елі мен түргеш қағаннан — Мақраш таңбашы және Оғыз Білге таңбашы, қырғыз Тардуш Чур, Күлтегінді жер- леуге қатысқаны жырда зор шеберлікпен баяндалған.
Орхон жазба ескерткіштері ішінде „Тоныкөк жыры» ерекше орын алады. Бүл жырдың авторы бөлек, оны То- ныкөктің өзі жазған деген болжам бар.
Әйтсе де бүл жыр өзінің жазылу стилі, көркемдік тәсілдері, композициялық қүрылымы, идеялық мазмүны жағынан Күлтегін жырына өте-мөте үқсас. Әсіресе, ком- позициялық қүрылымы — топтамалар мен элементтердің атқаратын қызметі қүдды Күлтегін жырындағыдай болып келеді.
Әрине, „Тоныкөк» жырының сюжеті, оқиғалары басқаша болып келеді. Мүндағы басты қаһарман — қағанның кеңесшісі Тоныкөк. Ол өзі туралы:
Ақыл иесі,
Сөз иесі мен болдым,—
дейді. Ал дүшпандары Тоныкөктің ақыл алыбы — білге екенін мойындайды:
Қағаны — алып еді,
Ақылгөйі — білгір еді .
Егер „Күлтегін» жырында түркі елінің белгілі бір соғыстағы жеңісіне себеп болған негізгі нәрсе — Күлтегін батырдың ерлігі деп көрсетілсе, ал „Тоныкөк» жырында автор дәл сол жолғы шайқаста жеңіске Тоныкөктің ақыл- айласы арқасында ғана жеттік деп көрсетеді.
Бүл жырдың басты қаһарманы батыр емес, бүкіл түркі елінің дана қарты, тіпті Білге қаған мен Күлтегіннің әкесі Елтеріс қағанға да кезінде ақылгөй болған Тоныкөк қарт. Сондықтан бүл жырда уағыз-өсиет, нақыл сөздер көбірек үшырасады:
Жүқаны бүктеу — оңай,
Жіңішкені үзу — оңай .
Немесе:
Қол қосылса — күш өсті.
Яки:
Өлімнен үят күшті.
Ел басына қатер төнгенде Тоныкөк:
Осы сөзді есітіп,
Түні бойы үйқым келмеді,
Күндіз отырғым келмеді
дейді. Ол түркі елі үшін, оның қағандары үшін өзінің күш- қуатын аямағынан зор мақтанышпен айтады:
Елтеріс қаған үшін,
Түркі Бөгі қаған үшін,
Түркі Білге қаған үшін,
Қапаған қаған үшін Түнде үйықтамадым,
Күндіз отырмадым.
Қызыл қанымды төктім.
Қара терімді ағыздым.
Күш-қуатымды аямадым .
„Тоныкөк» жыры да көлемді. Ол 313 өлең жолынан тұрады. Мүның өзі қүлпытаста 62 руналық жазу жолына сиып түр. Жырдың жалпы оқиға желісін зерттеушілер он төрт топтамаға яғни он төрт хикаяға бөліп қарастырады. „Күлтегін» жырындағы секілді мүнда да әрбір топтама үш элементтен: оқиғаның басталуы, оқиға желісінің өрістеуі және қорытынды бөлімнен түрады.
Б і р і н ш і топтамада түркі халқының табғаштарға бағынышты болып қалу тарихы; е к і н ш і д е — аман қалған түркілердің бас қосып, бірігуі; ү ш і н ш і д е — сол біріккен халықты басқаратын қаған сайлаудың қиын болғандығы, қаған сайлаудағы Тоныкөктің зор рөл атқарғаны; төртіншіде — Елтерісті қаған етіп жария- лағаны, ел ішіндегі тыныштыққа сырттан қатер төне бас- тағаны; бесіншіде — оғыздардан тыңшы келіп, олар түркі елін шаппақ болып жатқаны; алтыншыда — түркі халқының жауларымен күрестің қиындығы және осы қиындықты жеңудегі Тоныкөктің рөлі; жетіншіде — оғыздармен болған соғыс туралы; сегізінші топтамадан бастап, он үшіншісіне дейін түркілердің түрлі тайпалармен жүргізген қиян-кескі соғыстары жыр етіп баяндалады.
„Тоныкөк» жырының ең соңғы — он төртінші топтама- сы бүкіл жырдың қорытындысы сияқты. Мүнда түркі- лердің өз елі, жері үшін жүргізген соғыстарын атап-атап айтады да, соның бәрінде түркілердің жеңіске жеткенін, сол жеңістердің өзінен-өзі келмегені, оған Тоныкөк өзінің ақыл-кеңесімен, ерлік істерімен қыруар үлес қосқаны сөз зергерлеріне ғана тән зор шеберлікпен суреттеледі. Бүл жырда түркі елінің сан қырлы өмірінде Тоныкөктің та- рихи рөлі ерекше атап айтылады;
Бүкіл түркі халқына Қарулы жау келтірмедім,
Атты әскер жолатпадым.
…Еліміз қайта ел болды,
Халқымыз қайта халық болды .
Тоныкөк ескерткіші — ежелгі түркі поэзиясына тән әдеби дәстүрде — көріктеу қүралдары, тілі, композиция- сы, т. б. жағынан зор шеберлікпен жазылған жыр-дастан болып табылады.
„Күлтегін» жырының ерлікті, елдікті мадақтау дәстүрі қазақтың батырлар жырында өз жалғасын тапты. Мәселен, қазақтың „Алпамыс», „Қобыланды», „Қамбар» сияқты жырларында батырдың жастық шағынан бастап, өмірінің соңына дейінгі ерлік істері жырланған.
Түрік қағанатының есімі мәшһүр әскери қолбасшысы, даңқты батыры Күлтегіннің он алты жастан бастап, қырық жеті жасына дейін, яғни өлгенге дейінгі ерлік істері эпос- тық сарынмен жырланады. Күлтегін тарихи адам болса да жырда ол бейне бір аңыз қаһарманындай ешқашан жеңілуді білмейтін батыр ретінде көрсетілген. Осы арада батырлық жырдың ең басты ерекшелігі жайында белгілі ғалым Р. Бердібаевтың төмендегі пікірін еске алғанымыз жөн: „Классикалық қаһармандық жырдың ең биік уәзипасы ешкімнен, ешқашан жеңілмейтін батырдың түлғасын мүсіндеу екені ертеден бері белгілі. Егер мүндай шарттылыққа «өзгеріс» ене қалса, ол жырға басқа жанр- лардың (аңыз, тарихи әңгіменің т. б.) ықпалы тигені болып табылады” (123, 220).
„Күлтегін» жырында эпостық баяндау сазы басым екенін айта келіп, М. Әуезов: „Мүнда батырдың жас шағынан бастап өмірінің ақырына дейінгі ерліктерін жыр- лайтын батырлық дастандардың сюжеттік қүрылысына үқсастық бар» деп көрсеткен болатын.
Күлтегін ескерткіші тарихи фактілер тізбегі емес, ежел- ден еркіндік аңсаған түркі халқының бақытты өмір жай- ындағы арман-қиялын, тәуелсіздік үшін ғасырлар бойы жүргізіп келген ерлік күресін, кескілескен шайқастарда қол бастаған хас батырларын жыр еткен батырлық эпосы- ның алғашқы үлгілері деп танығанымыз жөн сияқты.
Міне, осы түрғыдан қарағанда тайпа-үлыстық дәуірде өмірге келген „Алпамыс», „Қамбар», „Қобыланды» және „Шора батыр» сияқты қазақ эпостарының да „Күлтегін» жыры секілді тарихи негіздері бар болуы ықтимал. Бүл ту- ралы академик Ә. Марғүлан өзінің „Қазақтың ерлік жы- рындағы әлеуметтік сарындар» деген мақаласында қазақ эпосының халықтық сипаты мен тарихи негіздері бар- лығын ерекше атап көрсетті. Ғалым оғыз және қыпшақ тайпалары эпосының генезисіне қатысты көптеген жәйттерді айта келіп: „Өткен дәуірдің жыршылары қандай ерлік жырын жырласа да, оның бәрі материалистік негізге тіреліп, болған тарихи уақиғаны, тарихи фактілерді жырлаған»,— деп жазады .
Орхон жазба ескерткіштерінің қазақ әдебиетіне әсерін жан-жақты зерттеп, оны қазақ тіліне тәржіма жа- саған көрнекті ғалым М. Жолдасбековтың еңбегін ерекше атап көрсеткеніміз жөн.
Қазақ елінің ауыз әдебиеті бай, әсіресе, ежелгі дәуірден көненің көзіндей сақталып келе жатқан дәстүрлі дастандар — батырлық жырлары көбірек дамыған деуге болады.
Эпикалық шығармалар желісінде қара бастың қамы емес, халықтың мұрат-мақсаты үшін күрескен батырлар мадақталады. Қамбар батыр, Қобыланды батыр және Ал- памыстың ел үшін атқарған ерлік істері, олардың туған жері, елі үшін өз басын ажалға тігуі бүл сөзімізге толық дәлел.
Енді „Күлтегін» жырының мына бір жолдарына назар аударайық:
Жалаңаш халықты тонды,
Кедей халықты бай қылдым.
Аз халықты көп қылдым Тату елге жақсылық қылдым.
Төрт бүрыштағы халықты Бәрін бейбіт қылдым,
Тату қылдым,
Бәрі маған бағынды,
Ісін-күшін беріп,
Осыншама ел жиып,
Інім Күлтегін өзі қайтыс болды .
Түркі халқын сыртқы жаудан қорғау үшін „түн үйықтамай, күндіз отырмай», тыным таппай жүрген Күлтегіннің қанды шайқастардағы ең жақын көмекшісі, оның мінген түлпары болып көрінеді. „Ер қанаты — ат“ екені „Күлтегін» жырында да айтылады. Қанды шайқастарда Күлтегін батыр өзінің жеңіске жетуінің бір себебі астындағы Азман түлпары деп біледі. Мәселен, „Күлтегін» жырында батырдың түлпары туралы мынандай шумақтар бар:
Күлтегін Азман атын мініп,
Шабуылға үмтылды Алты ерін шаныпггы,
Шайқаста жетінші ерін қылыштады.
…Күлтегін Азман атын мініп,
Шапты, талқандады Әскерін жеңдік, елін алдық.
…Күлтегін Аз қаракерін мініп шапты Екі ерін шанышты .
Қазақтың батырлар жырында да ел қорғаған қаһарманның жан серігі, қүстай үшқан арғымақ атын сүйсіне жырлау дәстүрі кең тараған. Мәселен, ел басына күн туған сәтте мүздай қару асынып, жаудың қалың қолына қарай қарсы шауып бара жатқан Қобыланды ба- тырдың Тайбурыл аты жырда төмендегіше суреттеледі:
Аршындап бурыл гуледі,
Табаны жерге тимеді,
Тау мен тасты өрледі…
Көлденең жатқан көк тасты Тіктеп тиген түяғы Саз балшықтай иледі.
Сеңгір-сеңгір таулардан Секіріп бурыл жөнелді…
Омырау тері көпірді Бурыл көкке секірді…
Арандай аузын ашады,
Аяғын топ-тап басады,
Бір төбенің тозаңын
Бір төбеге қосады .
„Күлтегін» жырында батырдың әкесі Елтеріс қаған да үланғайыр түркі елін жаудан қорғау жолында жан аямай күрескен батыр ретінде бейнеленеді. Мәселен, Күлтегін батыр өзінің әке-шешесі туралы былай дейді:
Әкем Елтеріс қағанды,
Шешем Елбілге қатынды Тәңірі төбесіне үстап,
Жоғары көтерген екен,
…Әкем қаған осынша…
Қырық жеті рет аттанды,
Жиырма айқас жасады.
Тәңірі жарылқағандықтан Елдігін елсіретті,
Қағандығын қағансыратты.
Жауын бейбіт етті .
Өзінің ата-тегінің асылдығын мақтаныш ету, әрі олар- дың ерлік істерін сүйсіне суреттеу қазақтың батырлық жырларында да жиі ұшырайды. „Қарасай-Қази» жырында батырдың арғы әулетін, шыққан тегін ақын төмендегідей етіп суреттейді:
Батыр Мамай, қанды Орақ,
Ер Мүсаның үлы еді.
Баба Түкті Шашты Әзіз Арғы атасы сол еді.
Онан соңғы атасы Едіге менен Нүрадын Келе жатқан қашаннан Ел қамдаған ер еді (123, 126).
Ал ел бастаған хан мен қол бастаған батырдың ата-тегі, әулеті жайындағы жоғарыда айтылған бүл пікірлер сайын даланың данышпаны Бүқар жыраудың төмендегі түжыры- мына келіп саяды:
Жабыдан айғыр салсаңыз,
Жауға мінер ат тумас.
Жаман қатын алсаңыз,
Топқа кірер үл тумас.
…Таудан аққан тас бүлақ,
Тасыса қүяр теңізге …Жаманнан жақсы туса да,
Жақсыдан жаман туса да,
Тартпай қоймас негізге.
Сонау ғүндар дәуірінде өмірге келген ерлік эпостары- ның ең басты сипаты — батырдың жойқын күш-қуатын, алып түлғасьга, қаһарлы келбетін, орасан жеңістерін дара- лап суреттеу болып табылады. Күлтегін батырдың осындай ерекше жасалған дара түлғасын, ерлігін, қайсарлығын осы жырдан айқын көреміз:
Күлтегін жауға жалғыз үмтылды.
Онтұтықты қарулы басшыларымен қолға түсірді.
Қарулыларды қағанға еншіледі.
Ол әскерді сонда талқандадық.
Жиырма бір жасында
Чача Сүңүнмен айқастық .
Енді „Орақ-Мамай» жырындағы Орақ батырдың ерлік бейнесін сипаттайтын төмендегі жолдарға назар ауда- райық:
Он жетіде Орақты,
Қорғаймын деп елімді,
Көксерек атты сайлады,
Бұрынғы ерлер жолымен,
Қанжарын батыр қайрады,
Садақтың оғын жайлады,
Шоқпарын белге байлады .
Сонымен, Орхон жазба ескерткіпггері мен қазақтың батырлық жырлары арасындағы көркемдік дәстүр жалғастығын талдай келіп төмендегідей түйін жасауға бо- лады. „Күлтегін», „Білге қаған» және „Тоныкөк» жырлары өзінің идеялық мазмүны, композициялық қүрылысы, көркемдік бейнелеуі жағынан қазақтың ерлік пен елдікті жырлаған қаһармандық жырларының алғашқы үлгілері болып табылады.
Біз сөз етіп отырған „Күлтегін», „Білге қаған» және „Тоныкөк» жырлары тарихи тақырыпқа жазылған дастан- дар. Соның өзінде, бүл жырлардан қазақтың батырлық эпосына тән шынайы белгілер айқын көрініп түрғанын аңғару қиын емес. Елдің қамын ойлаған ержүрек батырға тән басты белгілер: батырдың текті ортадан шығуы, жас- тайынан халық қамын ойлауы, өзінің ерлік бейнесін елге ерте танытуы, нағыз батырға лайықты түлпар таңдауы, елін сыртқы жаудан қорғау үшін сан рет шайқасқа шығуы, әрі батырлық шайқастарда міндетті түрде жеңіске жетіп отыруы, сол арқылы халық қүрметіне бөлінуі сияқты болып келеді.
Ал, бүл қасиеттердің бәрі Күлтегін батырдың бойынан табылады