Латын Америка елдері.

29 марта, 2019 20:02

Латын Америка елдері.

Жоспар:

  1. Америка
  2. Америка аралық конферециялар
  3. Америкадағы испан отарларының тәуелсіздік үшін соғыс.
  4. Америка Испания келісімдігі.
  5. Латын Америкасы елдерінің 1929-1939 жылдардағы даму.
  6. Латын Америкасы бірінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі жылдарда.
  7. Латын Америкасы Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында.

 

Америка-Батыс жарты шардағы екі құрлықтан тұратын дүние бөлігі. Атлант және Тынық мұхиттары аралығында жалпы аудан 42,5 млн км², Халқы 479 млн (1967) жылы. Оның құрамына Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтары, дүние жүзіндегі аса ірі арал- Герландия т.б жағалауға жақын аралдар кіреді. Солтүстік Америка мен Оңтүстік Американың бір-бірінен бөлек және дербес құрлықтар деп санауға негіз болады. Олар бір-бірінен Панама мойнағы аралығы және Вент-Индия аралдары Орталық Америкаға жатады.

 

Солтүстік Американың солтүстік-шығыс жағалауын мен Гренландия аралын алғаш рет 900 жылы шамасында нормандар ашты. Антиль аралын және Оңтүстік Американың солтүстік жағалауының бір бөлігін, Солтүстік Американың Кариб теңізі жағалауының оңтүстік бөлігін 1492-1503 жылы Христофор Колумб ашты (бұл жерлер Америка жағалауларына Христофор Колумбтың экспедициясы келуінен көп бұрын да белгілі еді деген жарамалдары бар). Бұл дүниенің жаңа бөлігі И талия теңізшісі Америго Веепуччидің есімімен аталды. Ол Батыс жарты шардағы Х.Колумбтың ашқан жерлері бұрын белгісіз болып келген дүниенің жаңа бөлігі екендігі туралы алғаш пікір айтты. Х.Колумб ашқанға дейін Американың байрығы халқы көптеген үлдіс тайпалары мен эскимостардан (Американың солтүстігінде) ғана тұратын. Европалықтар келіп үстемдік жүргізгенде, жергілікті халықты адам төзгісіз қуғындау, қанау тәртібін орнатты. Отаршылармен бірге неше түрлі аурулар да келді одан үндістер көп қырғынға ұшырап, күрт азайды, кейбір тайпалар мүлдем құрып та кетті. Олардың орнына Африкадан құлдар әкелінді.

 

Американың қазіргі халқы бұрынғы европалықтардың ұрпақтарынан және құл ретінде әкелінген африкалықтар мен жергілікті үндістердің араласуынан пайда болған. Американың халқы антропологиялық жағынан әр түрлі. Онда адамзаттық белгілі үш нәсілінің өкілдері (европеоид) араласып кеткен. Американың әр бөлігінде бұлардың араласу сипаты әр түрлі. Саны жағынан ең көбі европеоид, оның өкілдері Солтүстік Америка халқының 90% -і Оңтүстік Американың 1/3 бөлігі. Екінші орында будандар (үндінстер мен евролпалық араласуынан шыққан). Олар бірқатар елдердің (Мексика, Орталық Америкадағы елдер, Венесуэлла, Парагвай т.б) негізгі халықтары. Үшінші орында-муматтар (европалықтар мен африкалықтардың араласуынан шыққан. Венесуэлланың, Бразилияның, АҚШ-тың, Кубаның Орталық Америкадағы бірқатар елдердің халықтары солар. Монголоид нәсілінің ерекше бір тармағына жататын байырғы халық-үндістер Орталық және Оңтүстік Американың Бір қатар аудандарында (Боливия, Венесуэла, Колумбия, Экуадор, Перу, Бразилия, Мексика т.б) сақталған. АҚШ-та, Канада да т.б кейбір елдерде үндістер арнаулы резервацияларға қуылған. Америка Халқының басым көпшілігі индоевропа семьясы тілдерінде сөйлейді. Солтүстік Америкада ағылшын тілі, Мексикада, Оңтүстік Америка мен Орталық Американың бір қатар елдерінде испан тілі, Бразилияда португал тілі басым. Канада да мемлекет екі тілдің бірі француз тілі, Гаити мен Вест-Индияның ұсақ аралдарында да солай Үндістер-кечуа, аймара, аңтек т.б өз тілдерін белгілі бір шамада сақтап қалған, ал Африка халықтарының тілдері олардың этникалық топтарының біреуінде де сақталмаған. Бүкіл Латын Америкасында католик діні басым. Тек жолы өте қиын аудандарда тұратын, европалықтар мен араласпаған азғана үндіс тайпалары өздерінің тайпалық діндерін сақтап қалып отыр. Америкадағы ұлттардың сол жағынан көбі американдар, ағылшын-канадалықтар, мексикандар, бразилиялықтар, колумбиялықтар, аргентиндер, кубалық т.б. Америкада 50 мемлекет бар, оның 26-сы тәуелсіздік алған мемлекеттер, 24-і отарлар. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Американың саяси картасында біраз өзгерістер болды. Халықтың революцияның жеңуі нәтижесінде        Америкада тұңғыш соң мемлекет-Куба пайда болды. Америкада саяси суверенді жаңа мемлекеттер-Ямайка, Тринидад, Тобиго, Барбадас құрылды.

Америка республикаларының 1889 жылдан бері дүркін-дүркін шақырып тұратын конферециялары. Мұндай конферецияларды шақырып тұру идеяны Латын Америкасында өз үстемдігін күшейту, империялистік бәсекелестерін сол ауданнан ығыстыру мақсатында пайдаланып, Америка республикаларының 1-конферециясын шақырып (2 октябрь 1889-19 апрель 1890). АҚШ мұнда өзара экономик алысып тұру үшін америка республикаларының халқыаралық одағын құружәне оның жанынан шын мәнінде мемлекет департаментке бағынатын тұрақты коммерциялық бюро құру жайлы шешім қабылдайды.

Америкадағы испан отарларының испан үстемдігіне 0арсы азаттық соғысы (1810-1826). Америка елдерінде Испанияның-отарлық үстемдігі 16 ғ-да орнады. 19 ғ-дың басында Испанияның Америка құрлығындағы отарларының жер көл 27 млн км²-ге жетті олар 4 вице корольдыққа (Испанияның Америка құрлығындағы жері), 4 генерал-капетандыққа (вице-корольдықтық құрамына кіретін саяси әкімшілік бөлік) бөлінді 1810 жылдың қарсаңында отар елдерінде 20 млн халық тұрады, оның 300 мыңға жуығы Испанияда тұрып-өскендер, 3 млн-ы креалдар болды. Отар елдердегі халықтардың барлығына жуығы басшы әкімшілік жұмысына қарастырылады. Жер негізінен Испандықтардың, дәулетті креолдар мен католик игіркеуінің меншігіне айналды. Олар үндістерді (индеецтер), негрлері, будан халықтарды, мулаттарды аяусыз қанады. Испандықтар отар елдерінің экономикалық дамуына әдейі кедергі жасады. Жергілікті кедей халық, әсіресе үндістер отаршыларға қарсы талай рет ерлікпен күресті. Бірақ оның бәрі стихиялық сипат алды. 1810 жылы Латын Америкасындағы отар елдердің бәрінде (Перуден басқасы) көтеріліс бастады. Бұл тәуелсіз үшін соғыстың бірінші кезеннің (1810-15) бастамасы болды. Мұнда отар елдер тәуелсіздік ала алмады. 1816 жылы азаттық соғысының екінші кезеңі басталды. Соғыс арагідік үзіліспен 1826 ж-ға дейін созыладыв. Осы кезеңде оташылдар тамаша жеңіске жетті.1818 жылы Чили тәуелсіздік алды. 1819 жылы декабрьде Ұлы Колумбия федерациялық республикасы құрылды. 1821 жылы июньде Венесуэла, 1822 жылы Кито азат етіледі. Испан отаршыларына қарсы өз тәуелсіздігі үшін күрсе кезеңінде 1822 жылы Португалияның отары Бразилия тәуелсіз деп жарияланды. 1824 жылы Мексика федерациялық республикаға, 1825 жылы Боливия (жо5ары Перу) тәуелсіз елге айналды. 1826 жылы Перуде ең соңғы испан гаризоны тізе бүкті. Тәуелсіздік үшін соғыстың нәтижесінде Латын Америкасының барлық елдері (Куба мен Пуэрто-Рикадан басқасы) испан үстемдігінен азат етілді.

1953 жылы 26 сентябрь Мадридте қол қойылған келісімдер. 10 жылдық мерзімге жасамды, егер екі жақ келімді бұзғысы келетінін күші бұрын мәлімдемесе, жағы да екі мерзімге (әрқайсысы 5 жылдан) ұзартылады. Қорғаныс туралы келісім бойынша АҚШ «Испанияда соғыс оғродромандары сен соғыс-теңіз базаларын кеңейтуге, салуға және пайдалануға», сондай-ақ «құпия құрылыстар» тұрғызуға право алды; Испанияға американ соғыс материалдарын беру де көзделді. Солтүстік Американың оңтүстік бөлігіндегі жерлерде, Вест-Индияда және Оңтүстік Америкада орналасқан елдер тобын Латын Америкасы деп атайды. Латын Америкасында еуропалық қоныстанушылардың ұрпақтары, метистер, мулаттар, үнділер, африкандықтар тұрады. 18 елде ресми тілі-испан тілі.

Соғыс басталған кезде Латын Америкасы елдердің басым бөлігі бейтараптылық ұстады. АҚШ соғысқа кіріскеннен кейін Л        атын Америкасының 8 елі (Бразилия, Гаити, Гондурас, Гватемала, Коста-Рика, Никаранда, Панома) Германияға соғыс жариялады. Латын Америкасы елдері соғысушы жақтарға соғыс өнеркәсібіне қажетті шикізат пен азық-түлік сатып, бір талай қаржы қорын жинады. Еуропаның дамыған елдерінің соғысқа қатысуы олардың Латын Америкасына дайын өнеркәсіптік тауарлар шығаруын шектеді, соның нәтижесінде бұл аймақта ұлттық өнеркәсіптің дамуына мүмкіндік туды. Өндеуші, соның ішінде жеңіл өнеркәсіп орындары көбейді. Соғысқа дейінгі кезенде Латын Америкасының экономикасындағы шетелдік капиталдың 80%-і Ұлыбританияның үлесіне тән. Ал соғыс жылдарында АҚШ капиталының үлесі көбейді. Американ капиталының басым бөлігі Мексикада, Кубада және Орталық Америка елдерінде орналыстырылады.

Соғыстан кейінгі кезендегі Латын Американың елдерінің қоғамдық өміріне тән сипат әлеуметтік қақтығыстардың өсуі болды. 1918-1919 жж. Бразилияда, Аргентинада, Кубада, Перуде, Чилиде жұмысшы және шаруа қозғалысы өрледі. Латын Америкасының бірқатар елдерінде комунистік партиялар пайда болды, алайда олар саяси өмірінде елеулі рөл атқарған жоқ. Комунистердің пролетариат диктатурасын орнату арқылы ұран көтеруі және Коминтернге кіруі өкіметінің наразылығын тудырады.

Латын Америкасының бірқатар елдерінде студенттер қозғалысы күшейді. 1918 жылы Кордова (Аргентина) университетінің студенттері манифест шығарып, онда университеттерге автомания беру, студенттік өзін-өзі басқару жүйесін енгізу, оқу бағдарламаларын жаңарту туралы талаптар қойды. Студенттер қозғалысы нәтижесінде Латын Америкасында 250-жылдарда университеттік реформалар жүргізілді.

Латын Америкасы елдерінің саяси дамуында әр түрлі бағыттар орын алды. Кубада 1925 жылы Х.Мачадонның, Чилиде 1927 жылы К.Ибаньестің диктатурасына орнады. Олар Италия тәжірибесіне сүйініп, корпоративтік мемлекет құруға тырысты. 1909-1935 жж. Венесуэлада дектаторлық тәртіп болды. Аргентина мен Уругвайда либералдық-демократиялық билік қалыптасты. Бұл елдерде кейбір өнеркәсіп орындары, мұндай көздері национализацияланып, мемлекеттік сектор құрылды. Бірқатар әлеуметтік реформалар жүргізілді: 8 сағаттық жұмыс күні енгізілді, жалақы көбейтілді, зейнет ақы төлеу жзүйесі қалыптаса бастады.

1929-1933 жж дүниежүзілік экономикалық дағдарыс салдарынан дамыған елдердің өнеркәсібінің қысқаруы Латын Америкасының шикізаты мен азық-түлігіне сұранысты мүлде азайтып жібереді. Экспорттан түсетін қаржының азаюы көптеген кәсіпорындардың күйреуіне, жұмыссыздықтың өсуіне, халықтың тұрмыс дәрежесінің төмендеуіне әкелді. Дағдарыстан шығу үшін билеуші топтар экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесін енгізді.

Экономикалық дағдарыс саяси өмірге де әсер етті. 1930 жылы Аргентинада әскери төңкеріс болды. 1932 жылы Сальвадорда коммунистік партияның жетекші Фарабундо Марти басқарған көтеріліс болды, оны үкімет күшпен басып тастады. Никарагуада американдардың үстемдігіне қарсы қозғалыс күшейді, оны А.С.Сандино тұтқындалып, өлтірілді. Екі жылдан соң Никарагуада Сомоса диктатурасы орнады.

Кубада 1933 жылы Мачадо диктатурасы құлатылып, демократиялық үкімет құрылды. Жаңа үкімет демократиялық бостандықтары қалпына келтіріп, бірқатар әлеуметтік реформалар жүргізілді. Алайда 1934 жылғы төңкеріс нәтижесінде елде Ф.Батистаның диктатурасы орнады.

30-жылдардың ортасында Бразилияда, Аргентинада, Чилиде Халықтық майдан құру мақсатындағы қозғалыс кең орын алды. Мексикада 1934 жылғы сайлауда Ұлттық-революциялық партияның солшыл қанатының жетекшісі Л.Карденас президент болған жылдарда аграрлық реформа жүргізілді, 1 миллион шаруа жер алды. Ұлттық өнеркәсіпті дамыту үшін 1936 жылы парламент шетелдік компаниялардың меншігін нациолизациялау туралы заң қабылданды. Мұндай өндірісі тұтастай национализацияланып, мемлекеттің меншігіне көшірілді.

Соғыстың басталуына байланысты 1939 жылы қыркүйекте американ мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің кеңесі шақырылды. Кеңесте бейтараптылық туралы мәлімдеме қабылданды. Алайда 1941 жылы 7 желтоқсанда АҚШ соғысқа кіріскен соң, Венесуэла, Мексика және Колумбия Германиямен және оның одақтастарымен дипломатиялық қатынастардың үзді. 1942 жылы-Мексика мен Бразилия, 1945 жылы көктемде-Венесуэла, Парагвай, Перу, Уругвай, Чили, Аргентина фашистік одақ елдеріне соғыс жариялады. 1945 жылы ақпанда Мехикода американ елдерінің сыртқы істер министрлерінің конферециясы шақырылды. Онда «Чапультепек мәлімдемесі» қабылданды. Бұл құжатта бейбітшілікті сақтау және адам құқығын қорғау ең басты міндет, бұл міндетті іске асыру үшін американ елдері соғыстан кейін де өзара көмектесу және ынтымақтастық қатынастарын жалғастыруға тиісті деген ой айтылды.

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля