17 марта, 2018 17:56
Қазақ тілінің лексикографиясы туралы жалпы түсінік жэне оның зерттелуі
Гректің лексикос (сөздік), графос (жазу, жазамын) деген сөздерінен алынып біріктіріліп, бір тілдің сөз байлығын, тілде қолданылып жүрген сөздерді бір жүйеге келтіріліп, жинастырып сөздік жасаумен жэне оның теориясымен шұгылданатын тіл білімінің бір саласын — лексикография дейді. Лексикография жалпы халықтык тіл байлығын, нормаларын қалыптастырып, тіл мәдениетін көтереді.
Лексикографияның екі саласы бар: теориялык лексикография жэне тэжірибелік лексикография. Теориялық лексикография жалпы сөздік жасаудың теориясын, мақсаты мен міндетін, принциптері мен типтерін анықтайды. Ал тәжірибелік лексикография эртүрлі сөздік жасаумен, сөздерді жүйелеумен, сүрыптаумен жэне оларды нормаға түсірумен айналысады.
Қазак лексикографиясы казақ тіл білімінің баска да салалары сиякты соңгы елу-алпыс жыл ішінде калыптаса бастады.
Лексикографиялық жұмыстар — жалпы тіл мәдениетіндегі табыстарды тіліміздегі сөздердің кодификацияланған (калыптанған) нормаларын калың жұртшылыкка жеткізудің бір формасы. Бұқаралық акпарат кұралдарында (баспасөз, радио, теледидар) орта және жоғарғы оқу орындарында окылатын лекциялардың бэрі, кез келген кеңсе қызметкерлері, жалпы жұртшылык осы сөздіктерге жүгінеді. Сөздіктер тілді жүйелендіруде, әдеби тілдің нормаларын қалыптастыруда тікелей жэрдемі көп. Қазіргі ана тіліміз кез келген мәселені, ой-пікірді соншалықты анык, дәл және нақты етіп түсіндіріп алатындай дәрежеге жетті.
¥лт мәдениетіміздің дамып, жетілуі және казақ тіл біліміндегі үздіксіз жүргізілген зерттеулер мен іс-тәжірибелер сөздік жасауды жеңілдетті орі сапасын да көтеріп отырды. Лингвистикалык сөздіктер өте көп. Олардың өздерінің максат-мүдделері белгілі. Олар бір тілдік, екі тілдік және көп тілдік болып бөлінеді. Мысалы, түсіндірме сөздік бір тілдің өз сөзімен жеткізілсе, ал екі немесе көп тілдік сөздікте өзге тілдердің сөздерімен түсіндіріледі. Проф. Л.П. Ступин лексикографияға байланысты өз жіктемесін ұсынады [66.7-9] :
Жіктеме жасаудың алгашқы негізі ретінде сөздіктерді энциклопедиялық және лингвистикалык түрлерге бөледі.
Екінші негіз ретінде көлем жағынан сөздіктер үлкен, орташа, шағын түрлерге бөлінеді.
Үшінші негіз — атау сөздерге берілетін сипаттаманың тіліне катысы. Егер атау сөз де, оның сипаттамасы да бір тілдің негізінде берілетін болса, ол — бір тілді сөздік, ал сипаттама басқа тілде болса, аударма сөздік болады.
Төртінші негіз — тілдің жеке функционалдык түрлерін карастыруға катысты: әдеби тіл, ғылыми- техникалық тіл, арнаулы тіл т.б.
Бесінші негіз — сөздікте сипатталатын тіл бірліктерінің кұрамына байланысты. Соз тіркесі болса — сөз тіркесі сөздігі, фразеологизм болса, Фразеологиялык сөздік, синоним болса — синонимдік сөздік.
Алтыншы негіз лексикалык бірліктердің қай тұргыдан сипатталатынына байланысты (орфографиялык, орфоэпиялык, жиілік т.б. сөздіктер).
Жетінші негіз — сөздіктегі сөздердің орналасу ретіне байланысты сөзден ұғымға карай: эліпбилік сөздіктер, ұғымнан сөзге карай: идеологиялык сөздіктер жэне сөз соңынан сөз басына карай: кері әліпбилік сөздіктер.
Осы сияқты жеке сөздіктерге жасалған жанрлық-типологиялык жіктемелер В.Виноградов. С.И. Ожегов, Ю.Н. Караулов, П.Н. Денисов, В.В. Морковкин, Х.Касарес, Л. Згуста, Ж. Ююбуа т.б. көптеген авторлардың еңбектерінде сөз болады.
Ғалым Б.Қалиев сөздіктердің бір-бірінен мынадай белгілері аркылы ажыратылатындығын айтып түсіндіреді [36.116].
- Сөздердің сипатгалу мазмұнына карай: түсіндірмелі сөздік, аударма сөздік.
- Сөздердің сипатталу мақсатына карай: Орфографиялық сөздік, орфоэпиялык сөздік, этимологиялық сөздік, синонимдес сөздердің сөздігі, омонимдес сөздердің сөздігі, антонимдес сөздердің сөздігі т.б.
- Сөздердің неге, кімге арналғандықтарына қарай: терминдік сөздік, диалектілік сөздік.
- Сөздікке енген бірліктердің тұлғаларына карай морфологиялык сөздік, фразеологиялык сөздік.
- Сөздікке енген сөздердің орналасу тэртібіне карай: жиілік сөздік, кері создік т.б.