5 ноября, 2017 10:32
Әріректе Жоңғар шапқыншылығынан, беріректе Қо- қан қысымшылығынан шілдей тозып, бытыраған екей- дің басын қосып қоныстандырған Саурыққа да, Сұран- шыға да кеңесші-сарбаз болған, Жетісу елінің Рос- сияға қосылуына ықпал жасаған Сарыбай Айдосұлы 1890 жылы дүние салады. Бұл жайында «Дала уалаяты» газеті қайғырып хабар береді. Өрдегі, етектегі ағайын- жұрт тегіс жиылсын деп, Сарыбайдың асын жыл бұрын хабарлап, екінші жылы өткізеді. Екейдің бетке ұстар ардақтысының асына Жетісу өңірінің бек жақсылары, ақын-жыршылары тегіс жиналады.
Әулиеатадан отыз |
кісімен атақты Майкөт келеді. Жасы жеткендіктен, әрі өзінің жақын туысы болғандықтан, елдің ұйғаруы бо- йынша бұл жолы Сүйінбай жиынның иесі болады да, асты Жәпек батырдың ұрпағы Қосай шешен басқарады; жалындап тұрған Жамбыл — жаршы ретінде, түлеп келе жатқан жас талант күнту Сауытбек сұлу әнімен жиналғандарға есепсіз қызмет жасайды.
Сарыбай — ықшам келген, мығым денелі, қасы ұзын, ақ сары, сөзге шешен, жұрттың бәрін бірдей көретін эділетті, көпшілікке қамқоршы кісі екен. Қолынан кел- генше алдына барғанның көңілін жықпаған. Саурық- қа сегіз жыл сарбаз болған. Сұраншы батырдың қолымен Қоқан ханынан Жетісуды азат етіп, Сайрам бекі- нісіндегі жойқын соғыста үлкен ерлік көрсеткен. Рос- сияға қосылудың прогрестік мәнін ерте ұғынып, бұл са- лада көп еңбек сіңірген. Сарыбай біраз перзент көрген, солардың ішінде жарамдысы Қисыбай болса керек. Қисыбай Сарыбай- ұлы (1868—1921) әкесі тәрізді орта бойлы, толық де- нелі, қызыл шырайлы, өлеңді қиыстырып айта беретін сөзге шешен кісі болыпты. Жамбылдан жиырма екі жас кішілігіне қарамастан, екеуінің әзілі жарасқан, қатты қалжыңдасады екен. 1909 жылы Байбұлан бай Алматыға Қисыбай, Сәт, Мәңке болыстарды қонаққа шақырып, қазіргі көк ба- зардьщ түбінде үлкен жиын өткізеді, Қисыбай бұл жи- ынға өзімен бірге Жамбылды ерте келеді. Жамбылдың Шашубаймен айтысатыны дәл осы жерде. Айтыстың ая- ғы жанжалмен бітеді. Қисыбай мен Жамбыл өле-өлгенше қатты сыйлас- қан. 1921 жылы Қисыбайдың әйелі өлгенде Жамбыл ауылда болмапты, кейінірек келген Жамбылға Қисыбай өкпелесе керек. Сонда Жамбыл: «Бұл елдің ел билеген сарты қайда? Нашарға тигізуші еді үлкен пайда. Ойыма Сарыекеңді алайын деп, Көп уақыт келмей жүрдім мен бұл жайға»,— депті. «Сарты қайда» дегені, Қисыбайдың әйелі сарт- тың қызы екен. «Нашарға тигізуші еді үлкен пайда» дегені, Жамбылдың әйелі (Тезекбайдың шешесі) 1915 жылы өліп, әйелсіз қалады; Алғадай, Ізтілеу, Тезекбай- лар шешесіз қалады. Қисыбайдың ел билеп болыс болып жүрген кезі, әйел алуға жәрдемдеспедің деп рен- жігені екен. «Ойыма Сарыекеңді алайын деп» дегені, |
сен Сарыбайдың баласы ед;ң, мен саған бір келісті кісі таптым, сонымен сөйлесіп жүріп кешігіп қалдым дегені екен. «Менің қамыммен жүрсең, өкпемді кидым» депті Қисыбай. Қисыбай 1921 жылы март айында 53 жасын- да дүние салды. Туысы әрі аяулы сыйласын Жәкең өз қолымен арулап қояды, жиынын өзі басқарады.
— Қисыбай екеуің көп әзілдесуші едіңдер, кейде ащы айтушы едіңдер, қазасында қатты қызмет еттіңіз ғой,— деген ағайындарына Жәкең; — Қисыбай — тұлпардың тұяғы, асылдың сынығы емес пе, мен Қисыбайды көргенде, Сарыекемнің өзін көргендей болушы едім. Қисьібай өлген соң Сарыекем- нен бір жола айрылдым,—депті. Шынында да, Жамбыл Сарыбайды өмір бойы қадір- леп өткен. Албырттықпен қыз алып қашса да, баяны- пәтуасы жоқ дүмше молданың берекесіз оқуынан қаш- са да, би ағасына келіп жүгінетіні сондықтан. Оны біз ақынның мына өлеңінен білеміз: «Сары-еке, салдым бір сөз сыныңызға, Сіздің сын таразы ғой сырымызға. Қолыма домбыра алып талап қылдым, Бересіз кандай баға ұлыңызға? Жаманның көңілі көкте, жерде басы, Алыс кой аңғарғанға екі арасы. Жақсының өзі кішік, бойы биік, Бірдей ме екеуінің мәртебесі. Біреулер малмен бәрін бөктеріп жүр, Айтқанды ақыл нұсқа жек көріп жүр. Көтеріп дүниенің көң-қоқырын. Апарып қай шұқырға төккелі жүр? Қөңілі кейбіреудің бұлтта жүр, Ұстауға күн мен айды жуықтап жүр. Біреулер қара сөзді камшы қылып, Қуды мініп, құланды құрықтап жүр. Қайсысын маған соның еп көресіз? Әкетсем өзім таңдап өкпелерсіз. Сүйекемніқ сүйгенін оййасаңыз. Өлең болсын серігің деп берерсіз». Ақындық өнерді мұрат еткен, сол сапарға белін бе- кем буған жас таланттың Сарыбайдың алдынан өтіп, одан ақындықтың — Сүйінбайдың жолын сұрауы Сары- байдың өз еліне қадірлі екендігін айғақтайды. Жамбыл ақындық жолына түсерде үш-ақ кісінің алдынан өткен: бірі — өз әкесі Жапа, екіншісі — ұлы |
ұстазы Сүйінбай, үшіншісі — осы Сарыбай. Бертінде ақындық өнерін ІПөжеге, Бақтыбайға, Сарыбайдың асына келген Майкөт ағасына сынатқан.
Майкөт Майтөбенің жотасына келіп жеткенде, ас ка- мында жүрген Жамбыл дер кезінде ақынның алдынан шыға алмайды. Майкөт: «Сапар тартып келіп ем, Сарыбайдың асына. Отыз кісі елімнен Еріп еді қасыма. Шырқайын деп шығып ем, Майтөбенің басына. Жаңғырыксын дауысым, Алатаудың тасына. Естуші едім дабысын, Жамбыл бар деп осында, Ақын болса келмейді, Неге менің қасыма? Неге сәлем бермейді, Мендей кәрі досына?»— деп ренжиді. Бұл кез Жамбылдың Құлмамбеттей жүйрікті сүрін- дірген, сөйтіп ақындық бағы ашылып бүкіл Жетісуға даңқы жайылған тұсы еді. Сондықтан, Құлмамбетті жеңген Жамбылдай жас албыртты Майкөттің көруге асығуы заңды еді. Жамбыл әдеппен кешірім сұрап алдынан шығады: «Ассалаумағалейкум, Майкөт аға, Есітіп дауысыңды келдім жаңа. Алдынан үлкендердің өтпейін деп, Аялдап әдеп еттім біраз ғана. Сіз бе еді акын аға Майкөт деген, Бір сөзі бір сөзінен кайта өтпеген. Саңқылдап сарайыңнан өлең шықса, Именіп өзге ақындар бәйпектеген. Келіпсіз біздің елге әдейі іздеп, Мейманды құрметтейтін кәдеміз ед. Сүйреңдеп алдыңызда сөз сөйлемей, Етейін деп ойладым әдеп — ізет. Інісінің бұл сөзіне риза болған Майкөт Жамбылға батасын береді. Жамбыл: «Әумиін, батаңызға көтердім қол, Етейін сізге кызмет мен осы жол. Той қылып тобымызды отырыңыз, Менің де, Майкөт аға, тілегім сол»,— |
дегенде, Майкөт домбырасын баяу шертіп әбден бабына келген соң, Жетісудың атақтыларына өлеңмен сәлем беріп, ұзақ жырлайды. Бұл жыры «Майкөттің Жетісу саңлақтарына сәлемдесуі» деген атпен ел ішіне кең та- ралған.
Майкөт — аса ірі, өте шебер ақын. Оны оқушы қа- уым Құлмамбетпен айтысынан да, «Алпамыс» жырынан да анық біледі. Ол неше алуан эпостарды, хиссаларды жырлап, байтақ аңыз-әңгімелерді баян еткен. Жамбыл «Көрұғлы сұлтанды» Сарыбайдың асы өткен соң Әулие- атаға арнайы іздеп барып осы Майкөттен үйренген. Майкөт «Қөрұғлыны» қырық кун жырлайды екен, Жам- был он бес күн жырлаған. Әлбетте, біз «Жетісудың саңлақтарына сәлемдесу- дің» көп жолдарына, әсіресе: «Аман ба, Үшкемпірдің Саймасайы; Халықтың бұл жактағы күн мен айы. Жаныстың бұл жактағы тіреуі еді, Аман ба, Қусирақтың Диқанбайы?» тәрізді шумақтарына сын көзімен қараймыз. Қедей Майкөттің зорлықшыл болыс Саймасайды мақтайтын жөні жоқ еді,— ертедегі ақындар жүрек жібітіп, дүние- мал алу үшін мұндай мақтау, мадақтау әдістерін де жиі қолданған ғой, Майкөт ескі сонар сол ізге түскен болу керек. Мұндағы айтып отырған Саймасай — қаныпезер зор- лықшылдығынан Тұрар Рысқұловтың әкесі Рысқұлдың қолынан қаза тапқан, М. Әуезовтің «Қараш-Қарашын- да» кең суреттелген болыс. Ағайынды Саймасай мен Алмасайды Сүйінбай да, Жамбыл да кезінде қатты сы- наған. Қырғыз әдебиетінің классигі Тоғалақ молда «Қазақ ақындары» деген толғауында Мәулікей, Жүсіпбек, Сү- йінбай, Қуандық, Майкөт ақындарға ерекше зор баға береді. Фрунзеде 1970 жылы шыққан шығармаларының екінші томының 131-бетінде Тоғалақ молда: «Тоқпакта, үлкен жиында Майкөтті көрдім көзіммен, Байқатып өтем сөзіммен, Қаршығадай шүйілген, Өзі салдай киінген»,— деп бастап, әрі қарай Майкөттің жиырма жастан жүзге дейін жырлаған жырын келтіреді. Майкөт Сандыбайұлы шамамен 1837 жылы Қара- |
таудың теріскейі, Шабақты өзенінің бойында дүниеге келеді. Саудакенттегі ел жақсыларының ақылымен зе- рек баланы әкесі Шаян медресесіне оқуға береді. Сол кездің өзінде-ақ Майкөт Рабғузидің «Қиссасул-әнбие- сін», Қожа Ахмет Яссауидің «Хикматын», Фердоусидің «Шахнамасын», «Мың бір түнді» құмарлана оқып, «Ал- памыс» қыссасын, «Қазықұрт» хиқаясын, «Қөрұғлы» жырын жатқа айтып жүреді, албырт жастықтың:
«Өсіпсің, кұдашалар бірдей болып, Аршыған сабағынан гүлдей болып, Болды ма сағынғаннан, сарғайғаннан Көзіме көрінесің үрдей болып. Көйлегің үстіңдегі жанар гүл-гүл, Шыбықтай тоғайдағы шашың сүмбіл, Біз келдік конақтауға бұтағыңа, Жайқалған биіктегі сен бір бұлбұл»,— тәрізді әдепкі өлеңдерін дәптеріне түсіреді. Майкөттің айтыстары өте көп. Ол ең алғаш Таласта түлеп келе жатқан ақын қыз Ошақты Ақханыммен ай- тысады, кейінгі айтысы әйгілі Құлмамбетпен өткені бел- гілі. Майкөт отыздар шамасында Әулиеатаның іргесінде- гі Қіші бурылға, ел жақсылары Сеңкібай, Бүркітбай аулына келіп қоныс тебеді. Оңтүстік, Жетісу өңірлерін, Арқаны тегіс аралап, ақындықтың салтанатын құрған Мәйекең 1902 жылы сол жерде дүние салады. Майкөт- тің баласы Арқабай да арқалы ақын болған. (Жамбыл, Қенен қатысқан қырғыз ханы Шәбденнің асында Арқа- байдың ақындық даңқы жер жарған, Арқабайдың бала- сы Айтжан алпыстан асқан, пенсионер, бүгінде Жам- былда тұрады). Қорыта келе айтарымыз, Майкөт — Жамбылға оң батасын беріп ұстаз болған, қырғыз-қазаққа даңқы те- гіс жайылған XIX ғасырдың ірі айтыс ақыны әрі асқан жырау. «Алпамыс» қыссасын Майкөттен асырып жыр- лаған қазақта ақын болған жоқ. Оның Құлмамбетпен, Бөлтірікпен, қырғыз ақындары Есенаманмен, Арыстан- бекпен айтыстары бұл жанрдың аса көрнекті үлгілерінен саналады. Сүйінбай да, Құлмамбет те, Жамбыл да, То- ғалақ бастаған қырғыздың көп ақындары да оны ардақ- тап өлеңіне қосқан. Майкөт мұрасы жиналып, тиянақты зерттелуге тиіс. Майкөтпен, Жамбылмен айтысқа түскен, ақындығы асқан Қулмамбет (1826—1903) творчествосы да әлі жи- налмай, зерттелмей келеді. Жамбылды зерттеген ғалым- |
дардың қай-қайсысы да Құлмамбеттің ақындығын жо- ғары бағалайды.
Бақтыбаймен дидарласқанда Жамбыл: «Қаздай калқып ерінбей, Өлең тердім жасымнан, Майкөт ақын, Құлмамбет, Орын берді касынан. Майлықожа, Құлыншақ, Пірім еді бас ұрған. Айтқандары нұсқа еді, Жаралған сөзі асылдан»,— деп, өзін Майкөт пен Құлмамбетке жуық санайды, со- лардың қатарында ұстайды. Жамбылдың бұлай айтуы заңды еді. Өйткені, Майкөт пен Құлмамбетті қазақ, қыр- ғыз халықтары тегіс білген, олардың ақындық шебер- лігін қастерлеген. Біз бұл жерде жұрттың біразы жатқа білетін Құл- мамбеттің Майкөтпен, Жамбылмен айтыстарына тоқ- талғалы отырғанымыз жоқ, айтпағымыз: Жамбылдың ақын болып танылуында Құлмамбеттің орны ерекше екендігі. Ақын айтыста ғана танылады. Ауыздыға сөз, аяқ- тыға жол бермеген Құлан аян (Құлан аяқ емес Құлан аян — албанның бір тармағы, Құлмамбет шыққан ру- дың аты — М. Ж.) Құлмамбетпен үлкен сынға түсіп, ба- ғын сынауы, сөйтіп, жұрттың көз алдында ұлы майдан- да жеңіп шығуы — Жамбыл ақындығының тұсауы кесі- ліп, жолы ашылып, бағының жанғаны еді. Құлмамбет әр тұста Түбек, Жанақ, Сүйінбай, Бақтыбай тәрізді ірі ақындармен айтысқа түскен, Сүйінбайдан, Майкөттен, Жамбылдан ғана жеңілген. Сондай даңқты ақынды жеңгеннен кейін ғана Жамбылдың атағы жер жарады. Құлмамбет — эпик әрі ірі айтыс ақыны. Ұлан-ғайыр қазақ, қырғыз эпостарын, шығыс дастан-аңыздарын көп білген. Ол сонымен бірге өсиет өлеңдерін де көп айтқан. Айтыстағы рушылдық, байшылдық бағытын сынай оты- рып, Құлмамбеттің мұрасын жинап, зерттеуіміз керек. Мұның Жамбылдың творчестволық лабораториясын аша түсу үшін де, жалпы әдебиет тарихы үшін де қажеті бар. 1881 жылғы айтыстан кейін Құлмамбет Жамбылға құрметті аға, айнымас дос болып кетеді. Жамбылдың аулына үнемі келіп тұрады. Бір сапарында: — Жамбыл, сен жамбасыңа жайлы жұмсақты тап- тың, өзің жамбастай бересің бе, қызығын біз де көрейік; |
жомарт, қолы ашық деп естідім, Шәбденге мені бір ер-‘ тіп баршы,— депті. Жамбыл аға сөзін жықпай, сол жолы қырғыздьщ ханы Шәбденге ертіп барған. Бірақ наша тартып Құлмамбет жолда елтіп, соның салдарынан сөй- леуге жарамапты. Жамбылдың ақындығын сыйлайтын әрі ащы тілінен сескенетін Шәбден қонақтар жайғасқан соң қасындағы кісінің кім екенін сұрайды. Жамбыл ұял- ғанынан атқосшым еді деп жауап бере салады. Шәбден:
— Жәке, рұқсат болса, ертең ұзақ жолға жүргелі отырмын, бүгінгі кеште тағы жырға кенелтіп мауқымды басыңыз,— депті, Жамбыл «Қөрұғлыны», «Манастың» тарауларын айтады. Ертеңіне Жамбылға сый-құрмет көрсетіп өзі жолға әзірленеді. Шәбден пәуескесін жектіріп, жүргелі жатқанда, Жамбыл Құлмамбетті оятып: — Хан жүргелі жатыр, Құлеке, айтарың болса ай- тып қал,— депті. Құлмамбет жалма-жан тұра салып жырды ағытып қоя берген екен. Ұйып тыңдаған Шәб- ден: — Жамбыл, атқосшым дегенің чоң ақын болып шық- ты ғой, мұның есімі кім болады?— депті. — Қазақтың атақты ақыны Құлмамбет осы емес пе?— дегенде, Шәбден аң-таң болып, тағы да бір күн жолынан қалып, тай сойдырып, екі ақынды құрметтеп қайта күтеді. Құлмамбеттің өнеріне таң болып, қайран қалған Шәбден: — «Мың бір түнді» білесіз бе, неше күн айтасыз?— деп сұрайды. — Білемін, ас, дәрет, намаз уақытын есептемегенде, отыз бір күн күн-түнімен айтамын,— дейді Құлмамбет. Уәделесіп Құлмамбетті Шәбден Петербургтен орал- ған соң, сол жылдың күзінде қайта шақырады. «Мың бір түнді» Құлмамбет айтады, жырқұмар ІІІәбден жалық- пай тыңдайды, біраз күн өткен соң Шәбден әбден қал- жырап: — Мұның бітетін күні бола ма?—деп сұраса керек. Сонда қанаты қайырылған құстай қолы домбыра тар- туға жарамай қалса да, жағы тынбай сайрап отырған Құлмамбет: — Тақсыр, мен айтқалы он жеті күн болды, алда әлі он алты күн бар,— деген екен. Міне, осы мысалдың өзінен Құлмамбеттің терең ақындығына, көл-көсір жыраулығына көз жеткізгендей боламыз. Құлмамбет қартайған шағында Оңтүстік өлкесін |
аралап, Әзіреті Сұлтанға (Түркстандағы Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі) барып зиярат етіп, қайтарында елі- не жете алмай, Алматыдан алпыс шақырым жердегі Түргенде дүние салады. Біздің қолымызда ақынның сол өлер алдында айтқан өлеңі бар. Біз мұның төрт-бес шу- мағын алғаш рет 1976 жылы «Жұлдыз» журналында жариялаған болатынбыз.
Ақын өмірінің ең соңғы сәтін бейнелейтін сол жырдан үзінді келтірелік: «Жаратқан бәрімізді жалғыз алла, Панасыз кысылғанда бар ма жанға. Барады күні біткен күні қайтып, Ешкім жоқ калған мәңгі бұл жаһанда. Бұл дүние әлі-ақ өтер қимағанмен, Сыйласқан тіршілікте сыйлағанмен. Дүниенің ойлап тұрсам баяны жоқ, Қызық деп тіршілікте жинағанмен. Жалғаннан жылап кеттім кетерімде, Келеді ердің ері екі өлуге Құлмамбет бес-алты ауыз сөз сөйлесін, Дүниеден қаза жетіп өтерінде. Жетпіске жазбай келді шоқырағым, Қолында асасы бар сопылардың. Аралап талай жерді шарлап едім, Түргеннен болған екен топырағым. Шымкенттен шығып едім елді көксеп, Деп едім ағайынньщ жүзін көрсек. Бір кұдай сапарыма жазған екен, Түргеннің қаласында күнімді өлшеп. Дуниенің опасызын біліп едім, Сұңқардай күнде жүзді іліп едім. Ылғауға күндіз-түні жалықпаған, Шашама шаң жұқпаған күлік едім. Тәнімде арам тер жок қазан ат ем, Бірталай уақтысында жамағат ем. Жел сөзге күндіз-түні шалдыкпаған, Қалдырмас ердің көңілін азамат ем. Үдеттім өле-өлгенше шабысымды, Талай жұрт естіп жүрді дабысымды. Бір тоқтау пендесіне болар деген, Өлімнен менің бугін сағым сынды. Руым Қызылбөрік — Құлан аян, Пәнденің істегені тәңірге аян. Талайды жүндей түткен қайран жағым, Сүрінді, амалым не, бар ма шарам. |
Аузыма су тамызып, қоштаса алмай, Арманда боп калды-ау жалғыз балам. Өлді деп естігенде хабарымды,
Басьща орнап қалды-ау ақыр заман. Бір мен деп ертелі-кеш зарлаушы еді, Дариғай-ай, не болды екен ғарып анам. Дүние тынымы жоқ бір ұлы көш, Салған соң алла тағала недүр шарам. Түргеннің түсте келдім қаласына, Сөзімнің қыл сыймайды арасына. Үйінде Ұлықбектің сез сөйледім, Кез болдың Қүлмамбеттің қазасына. Әдейі іңкәр болып келгенімде, Өлмедім ағайынның арасында. Жүздерің көре алмадым, амал қанша, Қызылдың тегіс сәлем баласына. Сәлем де Абықайға Албандағы, Бір туған артық жігіт жалғандағы. Әзірет Сұлтанымды төрт айналдым, Сол болды артық жерім барғандағы. Өлеңі Құлмамбеттің деп жүріңдер, Дүниеден қаза жетіп салғандағы. Сәлем де Шыңғыстай мен Сабаншыға, Әр іс бар істеп жүрген амалшыға. Алыпты Ұсабайды болыс сайлап, Қөк тазы ілескендей сапаршыға. Сәлем де Жантай ерге судай тасқан, Неше жыл ел басқарды кажымастан. Қешегі өткен сайлау дүрмегінде, Есіттім бір сілеусін ізін басқан. Құланбай, Құрманбаймен өтіп кетті, Ер еді Қоңырдағы кайраты асқан. Сәлем де Жартыбай мен Сүмен ерге, Сіздерден сәлем айттым талай жерге. Жаудың жетек атындай жігіт еді, Сүмен де’ келіп қапты-ау орта белге. Жантай, Сүмен, Жартыбай — Бақайдағы, Жақсыдан қалған емес қатардағы. Жүнісбай, құтты болсын қонған бағың, Тудың тұрған жері едің Сатайдағы. Сәлем де Медеу менен Біргебайға, Мансаптан бірде зиян, бірде пайда, Әйтеуір әркім өмір өткізіп жүр Сұм жалған кылар дейсің кімге пайда. Біргебай бір уакытта парлап еді, Талайды айдаһардай арбап еді, |
Дәулет құс лайықтап қонған екен,
Сатай да жаңа өспірім саңлақ еді. Сәлем де Жамал ерге Шөпшекпенен, Сіздерді көре алмадық көксеп келген, Бұл жақтағы текеден олар да артты Бақыты бар бұларға да өлшеп берген». Бұдан кейінгі екі жүз жол өлеңде Құлмамбет Жеті- судың игі жақсыларына, Албандағы ағайындарына соң- ғы сәлемін жолдайды: |
«Әзіретің Қаратау,
Әулиенің кені еді. Тоқсан тоғыз машайық, Өте кеткен жер еді. Руымды сұрасаң,— Қызылбөрік дер еді. Әбіқанға сәлем де, Асқар таудай бел еді. Есімбекұлы Қажыбек Гулеген қызыл жел еді, Қатпа, Төлек батырдың Қөкірегі өр еді. Тоймағамбет пен Матайкұл, Қызылдың тұрған жел? еді. Әзінің, сөзі бекер ме, Тірі жүрсе Дәулетбақ, Орнымды басар деп еді. «Ноқталы баска бір өлім», Әйтеуір ажал келеді. Тірлігінде Құлмамбет Бұлбұлдайын сайрады. Тегіс теріп айтуға, Тілімді өлім байлады. Өлімнен киын жоқ екен, Топьірақ құшқан жеріне Алла тағала айдады. Бұйырды бізге топырақ Түрген деген қаладан, Жетпіс жеті жасымда, Қөштім дәруіл панадан. Бір көрмекке жұртымды, Іңкәр болып келіп ем, Алтын албан, сенің арқаңда, Талай қызық көріп ем. Әр жақсының алдында, Бөкен-бөкен желіп ем, Бермесіңді беріп ең. Дұғай сәлем дерсіңдер Өрде жатқан Суанға, Тойында атпен жарысып, Қосылдым талай дуанға, Әлі-ақ бір күн өтерсің, Қу дүние үшін қуанба, |
Тірлікте жиған нәрсенің Пайдасы жоқ ку жанға.Телғазыға сәлем де, Елдегі ескі көз еді. Қөрпетайға сәлем де, Бір жыл туған төл еді. Каласында Түргеннің Қаза тапты Құлмамбет, Қеруендей кетті, жөнеді. Тірлігінде Құлмамбет Бұлбұлдайын сайрады. Тегіс теріп айтуға, Тілімді өлім байлады»,— деуіне қарағанда, хал үстінде жатқан ақын көкейдегі ойын, көңілдегі кісілерін тегіс теріп айта алмағанға ұқ- сайды. |
Құлмамбеттің бұл соңғы өлеңі ақын өмірінен көп- теген құнды деректер береді: жетпіс жеті жасында дү- ниеден өткенін, артында кәрі анасы мен жалғыз ұлының қалғанын албанның көптеген батырлары мен шешенде- рінің қадірлі азаматтарының дерегін беріп, есімдерін атайды. Өлім, өмір туралы ақын біршама ойлар топшы- лайды. Құлмамбетті білетіндер әлі де ел ішінен табы- лады, біздің міндетіміз солардың білгенін барынша жи- нап, сөйтіп қазақ жырында жалынды жарқын із қал- дырған айтулы ақынның мұрасына әділ баға беру.