14 апреля, 2018 10:52
Жалпы сипаттама
Модаль сөздер тілдегі модальділік пен предикаттылык кұбылыстарымен тыгыз байланысты тіл-тілдердің барлығында бар, тілдік бірліктерге жататын сөздер тобы. Модаль сөздер сөйлемде айтылган ойдың мазмұнына, болған шындыкка айтушының көзқарасын білдіреді. Қазак тіліңде модаль сөздер сөз таптары катарына кірмейтін сөйлемнің сан алуан экспрессивтік және эмоционалдык мэнінё байланысты сөйлемнің кұрамына енгеніп, оның анықтығын көрсетумен қатар, кумәндыЛығын не болжалдылығын білдіреді. Бұндай сөздерге қазак тілінде мүмкін, шамасы, рас, эрине, тәрізді сияқты, әлбетте, бэлкі сөздері жатады (31.163 — 164.). Профессор С. Исаев «атаушы сөздерден баска көмекші сөздердің бір түрі шьиіаулар жэне одагай сөздер мен модаль сөздер жеке сөз табы болып каралады, өиткені олардың жеке лексикалык мағыналары болмаса да, өзі қатысты* сөзге я сөйлемге қосымша грамматикалык мэн үстейді немесе ойға катысты мэндер қосатын сөздер екенін айтып, оны көмекші сөздер катарына косады (32. 440.).
«Модаль» термині латын тілінің «тосІиБ» -«шама, тәсіл, көрініс» деген сөзінен алынган, «тобаііз» -модальдык деген мағынаны білдіреді. Модальділік пікірдің субьектісі мен обьектісі арасындағы байланыстың сипаты, яғни пікірлер. Пікірлерді модальдігіне қарай бөлуді тұңгыш енгізген Аристотель.
Модальділік сөйлеушінің сөйлем мазмұнына көзқарасын жэне сөйлем мазмұнының акикат шындыкка катысын білдіреді. Модальділік ең алдымен сөйлемде көрінетін тілдің негізгі өзек категориясына жатады. Айналадағы эр алуан болмыс түрлері, іс-әрекет сөйлемде әдетте жалаң хабар түрінде ғана айтылмайды. Онда сөйлеушінің сол хабар туралы пікірі, сөйлем мазмұнынын акикат шындыкка катынасы жөніндегі көзқарасы қоса беріліп отырады.
Модальділіктің тілдік категория ретінде танылуы орыс тіліндегі модальділік категориясы мен модаль сөздер туралы алғаш пікір айткан
В.В.Виноградовтың есімімен байланысты (36. 81). Тіл білімінде модальділік категория сырткы синтаксистік модальділікке жататын обьективті, субьективті және ішкі синтаксистік модальділік мағына тұрғысында карастырылады-
Обективті модальділік мағына сөйлеушінің ақиқат шындыкка реалдылык — бейреалдылық көзкарасын, ал субьективті модальділік мағына сөйлеушінің баяндауына сенімділік, сенімсіздік тұрғыдағы көзкарасын білдіретін болса, ішкі синтаксистік модальділік мағынада іс-әрекетке сөйлеушінің мүмкін, калауы, кажетті, міндетті, бұйрықты іс-қимыл ретіндегі бағасы беріледі.
Модальділік категориясы — негізінен субьектінің обьектіге, ақиқат шындыкка деген сенімін, күмэнін, тілегін, болжамын, калауын т.б. осы сиякты эр түрлі катынастарды білдіретін категория. Баскаша айтқанда, айтушының сөйлем мазмұнына немесе сөйлемнің баяндалу мазмұнына, сөйлеуші жакка, ондағы ақиқат шындыққа деген субьективтік көзкарасының көрінуі. Өйткені сөйлеуші сөйлеу жағдайы мен сөйлеу мазмұнына, оның кұрылысына эрдайым өз катынасын білдіріп отырады. Бұл катынас акикат шындыкка деген айтушы қатынасы немесе модальділік қатынас болып табылады.
Модальділік катынас бір жагынан айтушы тарапынан шындык туралы берілетін логикалық катынас та. Айтушының шындыкка деген эмоциялык қатынасы да модальділік қатынасқа жатады. Осыдан келіп сөйлем модальдігі коммуникативті модальділік, логикалык модальділік жэне эмоциональді модальділік деген топтарға жіктеледі. Бұл модальділік мағыналарынсыз сөйлем болмайтыны жэне ондагы негізгі мазмұн субьектінің көзкарасы аркылы берілетінін көрсетеді. Модальділік жалпы өзінің мазмұндык сипаты бойынша сөйлеуде ғана жүзеге асады. Ендеше, модальділік — сөйлем мазмұнындағы обьективтік байланыстарды және сөйлеуші көзқарасы тұргысынан сөйлем мазмұнының айкындық дәрежесін білдіретін тілдік категория.
Модальділік эрбір тілдің өзінің құрьшымдылық ерекшелігіне, ішкі даму заңына сэйкес, рай, шақ түрлері, жеке сөздер, кейбір шылау, демеуліктер, сөздердің сөйлемдегі орың тәртібі, интонация, белгілі бір сөйлем типтері тэрізді эр түрлі лексика-грамматйкалық тәсілдер аркылы беріледі. Түркі тілдерінде модальділікті толық магыналы кейбір есім де, етістік те, кейде тіпті көмекші сөз де білдіреді. Бұларды тіл білімінде модальды сөздер деп атайды (36.80.).
Модаль сөздер түркі тілдерінде сөйлеуші-субьектінің айтылган ойдың шындыққа сәйкестігі жөніндегі көзқарасын білдіруде қолданылатын сөз ретінде көмекші сөздер тобына жатады. Модаль сөздердің даму жолдары барлық тілдерде біркелкі емес, сондықтан бұлардың сандык көлемі де, жалпы табиғаты Да түркі тілдерінде элі нақтыланбаган.
МОДАЛЬ СӨЗДЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Модаль сөздердің саны тілде аса көп болмаса да, аткаратын кызметі зор, әРі маңызды. Модаль сөздер айтылатын пікірдің бағытына, ыңғайына карай к°лданылады да, сөйлемнің экспрессивтігін күшейтеді. Осыған байланысты м°даль сөздердің құрамы мен магынасы да түрліше болады.
Қазақ тіліндегі модальділік магынаның модаль сөздер аркылы берілуіне Қатьісты тақырыпта Е.Жанпейісов кандидаттык диссертация қоргаған (18.). Ь-Н. Жанпейісов казак тілінде модальділік магынаны білдіруде қолданылатын тілдік құралдарға етістіктің райлары, интонация, кыстырма сөздер, модаль сөздер жэне кейбір демеулік шылауларды жатқызады. Модаль сөздердің лексика-грамматикалык белгілері, калыптасу көздері, семантикалык сипаты мен колданылу ерекшеліктерін жаңадан шыккан грамматикада толық баяндайды (32. 567-580.).
Модаль сөздерде тек грамматикаланған модальділік мағына болатындыктан, оның семантикасы әдетте модальділікті білдіретін грамматикалык магынамен ұласып жатады. Демек, осынысы үшін де олар — көмекші сөздер.
Модаль сөздер комекші сөз табына жататын морфологиялык категория ретінде, баска көмекші сөздер сияқты, толык магыналы дербес сөздерден өзінің ұзақ лексика-грамматикалык даму процесінде бастапқы мағынасынан біржола ажыраған сөздер болғандыктан, жеке тұрғанда модаль сөздер толык лексикалык мағынаны білдірмейді.
Қазіргі түркі тілдердегі модаль сөздер әр түрлі жолдар арқылы жасалады. 1) Модаль сөздердің жасалуының өнімді жолына таза модальді жэне есім модальді сөздердің тэуелді формада әбден тұрақтап, қалыпты бір орнықтылық алған, лексемалар қатарына изафеттік тіркес аркылы көшкен, үшінші жақтық тәуелдік жалғауының жақсыздығы мен заттық мэнінің Жалпылануы арқылы жасалынған сөздер (қысқасы, ыңғайы т.б.) жатады. 2) Модаль сөздер кейбір үстеулер мен үстеу мэнінде қолданылатын зат есімдердің заттық мэнінен жэне пысықтауыштық қызметінен айрылу нәтижесінде пайда болады. 3) Модаль сөздер өзінің предикаттық функциясынан айрылған бағыныңқы сөйлемнің баяндауышынан да жасалады. Қазақ тілінде «дейді, деседі, білем» тағы басқа сөздер осы жолмен жасалған. 4) Модаль сөз сондай-ақ кей жағдайда тіпті модаль тіркестің бір компонентінің түсіп қалуы арқылы да жасаллынуы мүмкін.
- «Бет, бейне, пішін, порым, түр» мағынасын білдіретін түбірлерден сияқты, сықылды, секілді, тәрізді, тақылетті, рэуішті, іспетті, әлпетті модаль сөздер қалыптасқан. 6) Тіліміздегі бәлки, бэлкі, бэлкім, әлбетте, зайыры, нэті (нәйәті), 1 лазым.(лэзім), ықтимал, мүмкін, рас т.б. біраз сөз «дайын күйінде» араб, парсы сөздерінен ауысқан (18. 571-572.).
Модаль сөздер шрғу, даму жолы жағынан алганда негізінен толык мағыналы сөздердің грамматикалану кұбылысы арқылы модальдік мағынаға біртіндеп ауыскан сөздер екені олардың сөздіктердегі морфологиялык қүрылымын знықтаумен дэлелденеді. Қазіргі тілімізде қолданылып жүрген модаль сөздердің барлығы дЬрлік бөтен текті, тілдің даму барысында басқа сөз таптарынан ауысқан сөздер. Қазақ тіліндегі «сияқты» модаль сөзінің түп торкіні «Араб тілі сөздігінде» көрсетілген «форма, вид, формальность, формула» мағынасын беретін зат есім -сыйах /сиакь екеніне келіп тіреледі Түрік тілдерінің біразында кездесетін «сияқты, сияқ, сиық, сиықты, сиякатты, сикыл, сыкылды, секілді модаль сөздері бір-бірімен синонимдік магынада колданылатын сөздер. Сықылды, секілді, сияқты, сиықты, сияқатты модаль сөздері «сиық / сияқ, сиқыл / секіл» түбірлеріне -ды жұрнағы жалғану аркылы жасалынғаны көрінеді. Мұндағы «сықылды мен секілді» сөздеріөзінін лексикалық мағынасынан мүлде ажыраған тек бірыңғай модаль сөз ретіндеколданылатын бір сөздің эр түрлі фонетикалық варианттары.
Фольклорлық шығармаларда кездесетін «сынды» модаль сөзінің морфологиялык кұрылымы «сын+ды». Қазір сирек колданылатын бұл модаль сөз «Орыс тілінің сөздігінде» былай талданып берілген: «кир. сынды (сынлы+лы)= сындуу» екі мағынада «имеющий наружность» жэне «как подобный; каз. сынсыз (сын+сыз) без формы, безобразный.
Модаль сөздер «тэрізді, тэрізі» -нің түбірі «тэрз» — вид, форма мағынасын беретін араб сөзі, «тэрізді» — подобный. Тілдегі «тақылетті» модаль сөзінің төркіні де «тақылет» -похожий мағынасын беретін деген араб сөзінен шыккан. Қазақ тілінде бүл сияқты модальділік болжал мағынасын білдіретін «іспетті, рэуішті сөздері де бар. Бүлар мағына жағынан сияқты, сықылды, тэрізді, секілді сынды сөздерімен сиһонимдес. Бұлардың қатарына қазақ тілінде сирек болса да қолданылатын «әлпетті» модаль сөзін, түбірі «ал жэне бет » — кир. наружность вид наружный вид» қосуға болады. Қазіргі тілімізде модальділік мағынада жиі қолданылатын «керек, қажет, тиіс» сөздерінін мағыналары да бір- біріне жақын, синонимдес сөздер.
Қазақ тілінде болжалдық мағынаны білдіруде қолданылатын «бәлки, бәлкім, бәлкі» модаль сөздерінің түп төркіні арабтың «бәл» -но, однако» мағынасындағы сөзі, бүған «может быть, разве, авось» мағынасындағы «кі, кім» қосылу арқылы құранды шылау көмекші сөз жасалынған.
Бұлардан басқа тілімізде тарихи-салыстырмалы зерттеу арқылы табиғатын ашуды қажет ететін, морфологиялық кұрамы, шығу тегі, түп-төркіні, құрылымы жағынан күңгірт модаль сөздер әлі де кездеседі.
МОДАЛЬ СӨЗДЕРДІҢ МАҒЫНАСЫ МЕН ҚОЛДАНЫЛУЫ
Модаль сөзДер лексика-грамматикалық белгілеріне қарай семантикалық сипаты жағынан сөйлеушінің пікірін білдірүде эр түрлі сөз таптарынан грамматикалану арқылы жасалынған сөздер болғандықтан, біразы сөйлемдегі синтаксистік қызметі мен байланысы жағынан қыстырма сөз ретінде келіп, мағына жағынан айтылған хабар жөнінде сейлеушінің пікірін білдіреді. • •
Лингвистикалық әдебиеттерде сөйлеуші адамның айтылған хабар жөніндегі пікірін білдіретін сөздерді модаль сөздер қатарына жатқызылуына, біріншіден, оның семантикалық белгісі — грамматикалану сипаты, екіншіден, олардың түрлену жүйесінің болмауы, үшіншіден, синтаксистік сипаты жағынан айтушының ойға деген өзіндік көзқарасын білдіре алуы негізге алынған. Қазақ тіліндегі модаль сөздер катарына Е. Жанпейісов мына сөздерді жаткызады: сияқты, сықылды, секілді, сиқатты, сияқатты, әлпетті, сыңайлы, сынды, тэрізді, рәуішті, ләзімді, тақылетті, іспетті, мүмкін, ықтимал, кэдік, шек, шамасы, сиқы, тәРІзі, аңғары, элпеті, нэті, туасы, нэяті, зады, асылы, түрі, жобасы, қисыны, сьщайы, зайыры, анығында, шынында, шындығында,, асылында, расында, рас, щын, расы, әрине, әлбетте, білкі, бэлки, бәлкім, керек, қажет, тиіс, лазым (лэзім), шығар, болар, зайыр, тайлас, меңзес, зэліттес, көрінеді, білем, дейді, сьЩайы бар, тәрізі бар, түрі бар (жоқ), -са (-се) деймін, -сам (-сем) дейім, -са (- Се) керек, -у (-уға) керек, -уы (-уі) керек, -уы (-уі) тиіс, -у қажет,, -ға (-ге) ұксайды, (ұсайды) т.т. (32. 577). Бұлардың біразы жергілікті ерекшеліктерге байланысты колданылатын сөздер.
Модаль сөздер семантикалык сипаты жагынан болжал мәнді модаль сездер, міндеттілік мағына білдіретін модаль сөздер, біреудің сөзі не бір дерек негізінде айтылатын модаль сөздер, костау (растау) мағынасында колданылатын модаль сөздер және күмэн (күдік) ұгымын білдіретін модаль сөздер деген топтарга бөлінеді.
«Болжал мэнді» модаль сөздерге сиякты, сыңайлы, сынды, элпетті, мүмкін, шамасы, аңғары, әлпеті, жобасы, кисыны тэрізі, сикы, нэті, бэлки,бэлкім, бэлкі, ыктималы, кәдік, болар, шыгар, білем, -ды білем, -кан,-кен білем, -са,-се керек,- у керек, -ға,-ге ұксайды, -уы мүмкін, тэрізі.түрі, бар т. б. осыларға ұқсас лексемалар жатады.
«Міндеттілік» мағына негізінен керек, тиіс, қажет.лазым сөздерінің катысуымен жасалатын —у керек, -у қажет, -у лазым; -мақ керек, -маққа керек, -уга тиіс, -уы(-уі) тиіс сияқты аналитикалық формантгар аркылы беріледі.
Сөйлеушінің сөйлемде айтылған «хабардың ақиқаттығына әбден көзі жеткендік» модальдык мағынасы казақ тілінде көрінеді, екен формалары арқылы беріледі.
«Бір накты дерек негізінде білдірілетін» модальдық мағына қызметін қазақ тілінде «де» формасы агкарады. Бұл көбіне «дейді» түрінде, ара-тұра тіпті «деп айтады, деп естиміз, деген сөз бар» сияқты кұрамда да колданылады.
«Айтылған ойды өз тарапынан қостау» мағынасында рас, аныгында, шынында модаль Сөздері қолданылады.
Сөйлеушінің сөйлемде «айтылған ой жөніндегі нық сенімін» білдіру әрине, әлбетте сөздері арқылы беріледі.
«Тілек, капау, ниет-пиғыл мэнді» модальділікті қазақ тілінде — са/-се екен, -са/-се дейм, деймш аналитикалық формалары аркылы білдіріледі.
Модальділік мағынаның сөйлеушінің сөйлемде «айтылған хабар жөніндегі күдік-күмэнімен байланысты түрін» тілімізде -ар ма екен, -са негылсын, кім біпед( аналитикалық конструкциялары білдіреді.
Модаль сөздер қолданылу ерекшеліктеріне карай үш топқа бөлінеді. Олар: сөйлемде тек синтаксистік кыстырма мүше қызметінде колданылатын модаль сөздер, үнемі тек баяндауыштың шылауында көмекші мүше кызметінде ғана жұмсалатын модаль сөздер; сөйлемде әрі синтаксистік қыстырма сөз ретінде, эрі қимыл есімді баяндауыштың шылауында көмекші қызметінде қолдйнылатын «мүмкін» модаль сөзі тұрғысында қаралады.
, Айтылған ойдың немесе пікірдің анықтығын көрсету үшін сөйлемде .«элбетте, эрине, рас, шынында, сөзсіз» модаль сөздері қолданылатын болса, айтылған пікірдің анық екендігіне көз жетпегенде, күмән келтіргенде, шамалағанда модаль сөздердің «мүмкін, шамасы, тэрізді, сияқты, бэлкім, шығар» сияқты түрлері қолданылады. Бұлардың ішінде «шамасы, мүмкін, сияқгы, әрине, бәлки» модаль сөздерінің мағынасында модальділік мэн анык, өйткені олардың лексикалык магынасының өзі модальді. Ал «білем, көрінеді» сөздерінің мағынасынан ондай нактылық жоқ, оның сыртында мағына күрделігі байкалады. Бұлар негізгі лексикалық мағынасынан өзге қолданыста тағы да қосымша басқа мағыналарды білдіре алады. Яғни олар негізгі лексикалық магынаны білдірумен бірге, баска сөздермен тіркесте келгенде, күрделі мүшенің құрамында көмекшілік қызметте жұмсалатындықтан, мұндайда негізгі мағынаның сыртында қосымша модальділік мағынаға ие болады.
соож ,
- Модаль сөздерге қатысты тақырыптар бойынша ғылыми еңбектердің
библиографиясын жасау. .,
- Тарихи тұргыда модаль сөздердің калыптасуына талдау жасау.
сөж
- Тілде модЛльділік магынаның берілу туралы ғалымдар пікірін конспектілеу, сипаттама беру, шолу жасау.’
- Модаль сөздерді көркем шыгармалардан теріп, олардың колданыстағы мағынасын сипаттау.
Тапсырма: Мэтіндерден модаль сөздерді тауып, оның семантикалык ерекшелігі мен грамматикалық сипатын түсіндіріңіздер.
- тапсырма. Модаль сөздер арқылы модальділік магыпа берілген сөйлемдерге талдау жасаңыз. Модаль сөздердің магынасын анықтаңыз.
Қатені келешекте кайталамайтын боп түсіні керек. Мүмкін, анада ауырардан бір күн бұрын келгенде, айтпақшы болған шығар. (З.Ш.). Гүлсімге Тұрар сырының тарихы ертеден басталған сияқты.(З.Ш). Әжім пайда болған тэрізді.(З.Ш). Қаны ұйып калса керек.(З.Ш). Адамды тізгіндеп отырмаса, тойынған жылқыдай осқырып, есіріп кететін сиякты.(З.Ш.).Екі күн болды аспанды бұлт баскала, жауып кетуі мүмкін.(З.Ш). Айтыңыз, мүмкін, біз албырттықпен білмейтін де шығармыз.(З.Ш.). Осы күні оның бірі жок, баска бір Райханды ауыстырып тастап кеткен тәрізді.(З.ІІІ). Хатшы тосып отырған болар.(З.Ш.).
Өзі бізге жақын көрінеді.(С.М.) Осылар кетіп калған білем(С.М.). Бұл дауды менің бітіретінім рас, (Ғ.Мұст.).Тіпті, өзінің дүниеден өтіп, мэңгі жоғалатын жылы мен күнін, уақытын білу қасиеті де дарыпты («Қ.Ә.»).
- тапсырма. Берілген сөйлемдерді модаль сөздердің қыстырма соз ретінде қолданылгандары меп күрделі мушенің қүрамында келгеніне қарай піоптап, модаль сөздердің сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметін Щсіндіріңіз.
Поэзия — жан бұлкынысы. Бұлқыныс пайда болғанда каламнан қол үзбеу Керек.(М.М.). Шешесінің соңғы сөзі Абайдың кұлағына элі естіліп тұрган свкілді (М.Ә.). Сіздің тасыңыз, рас, касиетті тас екен. Сірэ, мен зат танысам, бұл балтаның қабы болар,- депті («Х.ау.әд.»). Байлар қазір такырға, шөлге, тау Мен таска камалған шығар (Ғ.Мұст). Арт жағындагы жол бойында кыбыр еткен жан жок, тым-тырыс сйяқты. (Б.Т.).
- Сонда балалары кімге еркелейді?
- Халыққа.
- Халық көтере бере ме?
- Әрине,
- Тіпті, басына шығып кетсе де ме?
Бай: Уа.Қожа! Керек болса казанымды тағы алып тұруыңа болады (Х.а.эд.) Айдабол сынды адамның баласына болмаған атты қойғаны несі екен? («Ел аузынан» кітабынан).
СИНТАКСИС ПӘНІНІҢ ОБЬЕКТІСІ, МАЗМҰНЫ.
Синтаксис — «қазіргі казақ тілі» курсының күрделі саласы. Ол — грамматиканың морфология сынды саласының бірі. Синтаксис сөзі, негізінен, грек тілінен алынған, сөз бен сөздің бірігуі, қосылуы деген ұғымды білдіреді. Ягни сөйлем құраудың жүйесін жэне тілдің синтаксистік кұрылысын зерттейтін ғылым деген магынада колданылады.
Демек, синтаксис — сөздердің бір-бірімен байланысу амалдарын, сөз тіркесін, сөйлемді кұру тәсілдерін, олардың кұрамы мен түрлерін, сөйлемдердің ірі бірліктерге бірігу тәсілдері мен түрлерін, ондағы жеке сөйлемдердің бір- бірімен карым-қатынасын зерттейтін ғылым.
Синтаксис саласы морфологиямен тікелей сабақтаса байланысып отырады. Сондықтан сөздердін морфологиялык кұрылысы синтаксистің де грамматикалык талдауының негізі болады. Сөз тіркесінің кұрамы мен мағынасы сөз таптарының ерекшелігіне карай аныкталатын болса, сөйлем мүшелері де сөз таптарынан жасалатыны анық. Жалпы құрмалас сөйлем компоненттерінің жай сөйлем түрлері ыңғайында жұмсалатыны, ал сабақтас сөйлем бағыныңкыларының шартты райлы, көсемше тұлғалы етістіктер арқыііы не болмаса бір септік жалғаулы, есімшелі етістіктер арқылы қалыптасатыны ооы ^сайды аңғартса керек.
Синтаксис зерттеу обьектісінің сипатына қарай төртке бөлінеді:
- Сөз тіркесі синтаксисі;
- Жай сөйлем синтаксисі;
- Құрмалас сөйлем синтаксисі;
- Мэтін синтаксисі;
Сөз тіркесі синтаксисі бөлімінде оның сөйлем кұраудың материалдык негізі екендігі баса айтылады. Сөз тіркесінің табиғаты, оған тэн белгілер, кез- келген сөздердің сөз тіркесін кұрай алмайтындыгы, зерттелу барысы, сөз бен сөз тіркесінің ара қатынасы, сөз тіркесінің түрлері, оны топтастыру принциптері, сөздердің тіркесу тэсілдері мен байланысу формалары кеңінен сипатталады.
Жай сөйлем синтаксисі. Бұл модуль бойынша сөз тіркесі мен сөйлем екі түрлі единица екендігі; сөйлем қарым-қатынас жасаудың, пікір алысуды қамтамасыз етудің міндетін, ал сөз тіркесі сөйлем құраудың негізі болудын міндетін өтейтіндігі көрсетіледі. Жай сөйлемнің құрмалас сөйлемнен айырмашылығы, сөздердің сөйлем мүшесі болуы, аткаратын кызметіне қарай сөйлем мүшелерінің түрлаулы және тұрлаусыз болып екі топка бөлінетндігі, зерттелу жайы, сөйлемнің түрлері, кұрылымдық типтері, жай сөйлемнің күрделену жолдары, оның ішінде оқшау сөздер аркылы күрделенуі кеңінен карастырылады.
Құрмалас сөйлем синтаксисі. Мүнда күрмалс сөйлем, оның калыптасу, даму жолдарынан мәлімет берілген. Қүрмалас сөйлемнің өзіндік айырым белгілері, оның жай сөйлемдерден басты айырмашылығы, құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарына қарай түрлері камтылған.
Сонымен катар бұл оқулықта салалас кұрмалас сөйлем, оның өзіндік айырым белгілері, түрлері, сабақтас кұрмалас сөйлем, оның компоненттерінің табигаты, салалас сөйлемнен негізгі айырмашылығы, сабақтас кұрмалас сейлемнің жасалу жолдары, ішінара саралануы, көп кұрамды кұрмалас сөйлем, олардың түрлері, т.б. мәселелерқозғалып, сөз етілген.
Бөгде сөз, оның түрлері , төл сөздің берілу жолдары, төл сөз бен автор сөзін байланыстырудағы де етістігінің кызметі, төлеу сөздерге жалпы сипаттама беріледі.
Сондай-ақ тыныс белгідері туралы жалпы түсінік бере келіп, тыныс белгілерін дұрыс қою үшін үш түрлі принциптің негізге алынатындығы, тыныс белгілердің түрлері жайлы баяндалады.
Мэтін синтаксисі. Мэтін — құрылымдык синтаксис пн катысым синтаксисінің негізгі тұлға бірлігі. Оның белгілері, кұрылымдық ерекшелігі, түрлері, ол жайында ғалымдардың көзкарастары, сөйлеммен ара катынасы, күрделі синтаксистік тұтастық-мэтін негізгі тұлға бірлігі екендігі қарастырылады.
Синтаксис бөлімінде қамтылған тақырыптарды жазу барысында кейінгі жылдары зерттеліп, коргалған еңбектер, жеке кітаптар мен макалалар енгізіліп, синтаксис саласы жөніндегі мэліметтер толыға түсті. Оларды окырман кауымға таныстыру максаты көзделді. Сонысымен де синтаксис саласының мазмұны нақтылана, кеңейе түспек.
СӨЗ ТІРКЕСІ СИНТАКСИСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
1950 жылдарға дейін қазақ тіл білімінде сөз тіркесі мэселесі жай сөйлемдер мен кұрмалас сөйлем синтаксисі аясында қарастырылғаны болмаса өз алдына зерттеу нысаны болган емес.
1967 жылы шықкан “Қазак тілінің грамматикасында” сөз тіркесіне мынандай анықтама берілген: синтаксистің басты, арнаулы объектісі екеу:
бірі — сөз тіркесі, екіншісі сөйлем. … екі сөзді тіркестіріп жана сөз жасау үшін емес жэне де бір сөздің грамматикалық мағынасын дәлдеу, толықтыру үшін емес, косымша, жаңа грамматикалық мағына тудыру үшін тіркескен сөздер тобы ғана сөз тіркесі деп есептеледі.”[40.7].
Т.Қордабаев: “Қазак тіл білімінің тарихына шолу жасау екі кезеңге бөлініп қүралады: бірінші кезеңі — арғы ғасырлардан бастап 1917 жылға дейінгі, екіншісі — ¥лы Октябрь социалистік революциясынан кейінгі кезең,”- деп көрсетеді [37. 10.].
Ғалымның көрсеткен бірінші кезеңінде сөз тіркесі синтаксисі туралы айтыЛған ой-толғамдар, тұжырымдар кездеспейді. Синтаксис мәселелерінің кең көлемде зерттелуі 20-жылдардан басталады. Бұл кезендерде жарык көрген мақалалар мен оқулықтарда көбінесе жай сөйлем мен кұрмалас сөйлемге катысты нәрселер айтылған.
Орта мектепке арналған Қ. Жұбановтың авторлығымен 1936 жылы жарық көрген окулықта галым жай сөйлемдерді мағынасы мен құрылысына қарай жіктейді. 1939 жылы шыккан С.Аманжолов пен Н.Сауранбаевтың “Қазақ тілінің грамматикасы” оқулықтарында атаулы сөйлем туралы айтылып, сөздер тіркесі жөніндегі пікірлер де осы жылдардан бастап айтыла бастады.
1940 жылдары Мәулен Балакаев жай сөйлем синтаксисімен терең айналысып, “Қазіргі казак тіліндегі жай сөйлем синтаксисінің негізгі мәселелері” деген тақырыпта докторлық диссертация қоргады. Ғалым тілдік материалдарға сүйене отырып, сөйлем мүшелерінің байланысы ретінде қарастырылып келген сөз тіркесін терең де жан-жақты зерттеп, оны синтаксистің негізгі нысаналарының бірі ретінде көрсетті. Ол кезде сөйлемнің өзін сөз тіркесінің бір түрі деген пікірлер де бар болатын. Орыс тіл білімінін өкілі М.Петерсон синтаксистің негізгі нысаны сөз тіркесі, ал сейлем сөз тіркестерінің бір түрі деп есептеген. Қазак тіл білімінде бұл пікірді М.Балакаев қолдады. Қазақ тілі материалдарының негізінде арнайы еңбек жазған Мәулен Балақаев зерттеулерінде сөз тіркесі мәселесі кеңінен қарастырылып, онда сөз тіркесінің құрылысы, өзіне тэн белгілері, ерекшеліктері, сөздердің байланысу тәсілдері мен формалары жэне олардың тіркесу кабілеттері ашып көрсетілді. Сөз тіркесіне толық мэнді ереже шығарып, осы ережеге сүйене отырып, оның негізгі кағидаларын ашып көрсетеді. [3]
Сөз тіркесі синтаксисі М.Серғалиев, Ә.Аблақов, Т.Сайрамбаев, С.Исаев, Р.Әміров, Г.Жаркешова т.б. ғалымдардың еңбектерінде сөз болды.
М.Серғалиев сөз тіркестерінің синонимиясын карастырды. “Сөз тіркестерінің синонимикасында басынкы сыңарларды бір түбірлі болу керектігін ескерсек жэне бағыныңкы сыңар қызметіндегі сөздер де бір түбірлі болып, соңғыларының тұлгалары эр түрлі болатындығына көз жеткізсек, синонимдік катар жасаушы сөз тіркестерінің мазмұн-мағынасы жақын болатындығы өзінен-өзі түсінікті,-” деп атап көрсетіп, объектілік жэне пысыктауыштық катынастағы сөз тіркбстерінің синонимдігін мысалдар арқылы дәлелдеп береді [50.3].
Сөз тіркесі туралы құнды пікірлер, ой-тұжырымдар жасап жүрген Т.Сайрамбаев өз еңбегінде күрделі сөз тіркестерінің жасалу жолына жан-жақты токталады. Ғалым күрделі сөз бен сөз тіркестерінің ұксастыктары мен айырмашылыктарының ара жігін ашып көрсетеді. “Сөз тіркестерін құрауда сөз таптары басты элемент, бірақ сөз тіркестерінің түрлерін ажыратуда олардың да аракатынасы бірдей емес. Сөз тіркестерін құрауда зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, есімшелер затка катысты өрбісе, үстеу, еліктеуіш сөз, көсемше, сын есім, сан есім т.б, сөздер қимылға катысты, яғни солармен тіркесуге кабілетті болып келеді. Бұдан кай сөз табының кай сөз табына қатысты екені айкындалады. Жалпы алғанда соз тіркестерінің эрбір сыңары арқылы жеке сөз табын, оның морфологиялык өзгерісін, құрылымдык жүйесін, тіркесу кабілетін дербес мағынасы бар сөз бен дербес мағынасы жоқ сөздің рөлін т.б. айқындауға мүмкіншілік туады. Мұның өзі морфология мен синтаксистің тыгыз байланыстылығын көрсетеді”,- деп, сөз тіркесі синтаксисінің морфологиямен өзара байланысын жіктеп көрсетеді. [51.37]. Сөз тіркестерін диахрондық жэне синхрондық тұрғыдан зерттеп, әсіресе, меңгеру байланысын жан-жақты қарастырған — профессор Ә.Әбілақов. Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестерінің меңгеріле байланысқан етістікті тіркестерден өзіндік ерекшелігі барлығын, етістіктердің сөздердің белгілі бір септікте тұруын қажет ететінін, ал есімдердің ондайды қажет етпейтінін мысалдар арқылы дәлелдеп береді. Меңгеріле байланыскан етістікті сөз тіркестерінің меңгеріле байланыскан есімді тіркестерден бұрын пайда болғандығын көне ескерткіштер тіліне сүйене ■отырып дэлелдейді [8.34].
Сөз тіркесі синтаксисі туралы жинақталып, теориясы бір ізге түсіріліп соңғы жаңалықтарды сараптап, сұрыптап берген еңбек — Ә.Аблақов, С.Исаев, Е.Агмановтың авторлығымен 1997 жылы жарык көрген “Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен лексикалану процесі” атты тарихи-салыстырмалы негізде жазылган оку кұралы. Бұл оку кұралында ғалымдар сөз тіркесінің табиғатын ашып көрсетіп, сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен формалары жөнінде соны пікірлер айтады. Сөз тіркесі синтаксисі төңірегінде болып жүрген эр түрлі көзқарастар мен пікірлерді талдап, тіл фактілері негізінде дәлелдеп, саралайды. «… сөз тіркестері номинативтеніп, лексикалык бірліктер құрамына енуі де мүмкін, не болмаса предикативтеніп, аяқталған ойды білдірудің құралына айналуы мүмкін. Осылардың бәрі адамдар арасындағы қатынасты жаксарту максатымен және ойды барынша түсінікті, әсерлі жеткізу үшін тілдік мүмкіншілікті сарка пайдалану кажеттігінен туындайды”,-деп, сөз тіркестерінің дамуындагы басты тенденцияларды сұрыптап көрсетеді [7.300].
Сөз тіркесін зертгеген галымдардың бәрінін де сөз тіркесіне берген аныктамалары бір жерден шығып жатады да, ал оның байланысу тәсілдері мен түрлері, сөз тіркесіне ұқсас тұлғаларға келгенде пікір кайшылықтары кездесіп отырады. Бұл сөз тіркесі синтаксисінің кейінірек зерттелуіне жэне аталған тіркестердің үнемі даму үстінде болатындығынан болар.