ОРХОН ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ КӨРКЕМДІГІ

6 декабря, 2017 22:26

Орхон жырларындағы арнайы сөз етуді қажет ететін және осы күнге дейін зерттелмеген келелі мәселенің бірі — олардың көркемдік ерекшеліктері.

 

 

Қөне түркі әдебиетінің ең әдепкі нұсқаларындағы өлеңнің жасалу тәсілдерін егжей-тегжей талдамай, анықтамай тұрып қазақ өлеңінің тууы, қалыптасуы, дамуы жайында жүйелі, дәлелді сөз айту мүмкін болмас еді. Басқаша айтқанда, Орхон ескерткіштеріндегі по- этикалық заңдылықтарды ашу халқымыздың өлең жа- саудағы алғашқы адымдарын, ұйқастың қалыптасқан, жетілген кездері мен оған дейінгі өлеңдік тіркестердің барлық қатысын негіздеумен барабар болып шықпақ.

И. В. Стеблеваның айтуынша, Орхон ескерткіштері түркі халықтары поэзиясына ортақ төрт тармақты өлең принципіне негізделген. Мұның дұрыс еместігін және Орхон жырларының төрт тармақты шумақтардан ғана тұрмайтындығын жоғарыда айттық.

Орхон ескерткіштерінің үш, төрт, бес, алты, сегіз тіп- ті онан да көп жолды шумақтардан тұратындығын, әр алуан ұйқасты, әр буынды, көбіне 7—8 буынды болып келетін жыр өлшеміне негізделгенін байқауға болады.

Ескерткіштегі өлең жолдары жыр тәрізді бірімен-бірі тығыз байланысты болып келеді де, негізінен бір ой түйдегіне бағынады. Демек, Орхон ескерткіштері жыр

 

өлшемімен жазылған. Мұның дәлелі ретінде «Күлтегін» жырындағы батырдың айқастарын суретттеген жолдар- ды алуға болады. Онда өзара байланысты ұзақ бір түй- дек өлеңдер тобы «оплайу тегді» (шабуылға ұмтылды), «бініп тегді» (мініп шапты), «Ол ат анта өлті» (ол ат сонда өлді) тәрізді тіркестердің жиі қайталану арқылы айқас туралы бүтін бір жыр циклін кұрайды.

Орхон ескерткіштерінде жетілген өлең ұйқастары- ның өте аз ұшырасатындығы да біздің пікірімізді дәлел- дей түседі. Өйткені өлеңдегідей емес, жырдағы ұйқас көбіне ойға құрылады.

Біздің есебіміз бойынша, Орхон ескерткіштері 727 жыр жолынан тұрады. Жыр жолдарының буын сандары түрліше болып келеді (3-тен 15 буынға дейін кездеседі).

Кестеге қараңыз.

Буындар 3

X

л

>.

хо

а

>*

2

а

3

>.

н

о.

ф

н

3

3

3

>.

о

о

о

3

X

3

>.

3

н

жыр жолдары 3 32 82 102
процент есебімен 0,4 4,4 11,3 14,0
3

3

3

>.

н

о

*

3

е(

К

3

>.

т

о

о

3

X

3

>.

т

3

ь*

о

н

3

X

3

>.

X

о

3

=(

а;

3

>.

а.

я

о

3

з

3

>.

о

X

о

Л

«

X

3

>.

а

>-

а

о

3

з

3

>.

н

о.

ф

н

X

о

3

з

3

>.

о

о

о

3

и.

3

о.

иэ

119 101 80 71 61 28 13 7 727
16,4 13,9 11,0 9,8 8,4 3,9 3,9 1,9 0,9 100%
Келтірілген кестеден Орхон ескерткіштерінде жеті- сегіз буынды жыр жолдарының (оларды қосып есепте- генде бүкіл ескерткіштердің 30,3 процентін қамтиды) басымырақ екенін байқаймыз. Мұның өзі Орхон ескерт-

 

кіштерін құрылысы жағынан қазақ жырларына тағы да жақындата түседі.

Тегінде Орхон жырларь нда өте жиі ұшырасатын: іші- тысы (ічін-ташын), ел-жұрты (ел-төрүсі), жылаған-сық- таған (йұғчы — сығытчы), інілі ағалы (інілі-ечілі), бей- нет-күші (ісіг-күчіг), ата-баба (ечүм-апам), ілгері-кейін (ілгері-құрығару), атақ-даңқы (аты-күчі), от-су (от- -суб), ойда-қырда (йер-сайу), өлім-жітім (өлү-йітү), жаяу-жалпы (йодағын-йалаңын), жер-көк (теңірі-йір), қасы-көзі (көзі-қашы), ою-өрнек (барқ-бедіз), күні-түні’ (күн йеме-түн йеме), қыз-қырқын (қыз-қыдыз) тәрізді турақты-мағыналық бірлікті білдіретін к,ос сөзді егіз тіркестер мен ыңғайлас мәндес синонимді сөздер тізбегі өлең жасаудың ең әдепкі тәсілдері болғанға ұқсайды.

Ондай қос сөзді тіркестердің өзі кейде бір жағы мән- ді, бір жағы мәнсіз (қыз-қырқын, жылаған-сықтаған, өлім-жітім тәрізді); кейде екі сыңары да мағыналы (қа- сы-көзі, ойда-қырда, ата-баба) болып келеді.

Енді ыңғайлас мәндестерге мысал келтірейік: Тәтті сөз, асыл қазынасы — сүчіг сабын, йымшақ ағын;

Ақылды кісілерді, батыл кісілерді — Едгү білге кісіг, едгү алп кісіг;

«Жоқ, кедей халык
Қалыптастырған, иелік еткен
Қырылайық, жойылайық
Бейшара, мүсәпір халық
Бағынды, жүгінді».
«Иок, чыгай будун:

— тұта бірміс, іті бірміс Өлүрейін, урығсырайун: Иабыз, иаблақ, будун: Ічікді, йүкүнті» т. с. с.

Кейде осы тәрізді ыңғайлас сөздердің бір ғана қатар емес, екі тармақ құрап, өлеңге өте ұқсас болып келетін түрлері де ұшырасады.

Елсіз қалған, хансыз қалған халықты,— Елсіреміс, қағансырамыс будунуғ.

Күң болған құлданған халықты — Күндеміс, құлед- міс будунуғ.

Ата-баба мекеніне қайта орнатқан — Ечүм-апам төрү- сүнче йаратмыс, болғұрмыс.

«Білместігі үшін,

Бізге жауыздығы үшін Ханы өлді.

Көтерген тәңірі,

Ел берген тәңірі,

Іші — ассыз,

Тысы — тонсыз Ханы алып екен,

Акылгөйі данышпан екен».

«Білмедүкін үчүн,

Бізіңе йанлұқын үчүн Қағаны өлті Көтүрміс теңрі,

Ел бірігме теңрі.

Ічре ашсыз,

Ташра тонсыз,

Қағаны алп ерміс.

Айғұчусу, білге ерміс т. с. с.

 

Мұндағы бірде қатарласа, қабаттаса келетін, бірде ыңғайласа келетін сөздер тіркесі мен тізбегі белгілі бір ойды кушейтіп, әсерлі жеткізу үшін қолданылған. Бұлар сөз жоқ, халқымыздың бейнелі ой, кестелі сөз жасауда- ғы әдепкі адымын танытады.

Біз жоғарыда Орхон ескерткіштерінің әлденеше тар- мақты шумақтардан тұратынын, түрліше ұйқасқа құры- латындығын ескерткен едік. Бұл бір.

Екіншіден, егер өлеңде буын саны, ұйқасы накпа- нақ, дәл келіп отыру бұлжымас заң болатын болса, мұн- да біз ондай қасиетті көрмейміз.

Ескерткіштегі тізбектердің өлшемі де, ұйқасы да түрліше болып, кейде, ұйқаспай жатады. Күлтегінге, Тоныкөкке арналған жазуларды жырға жатқызуымыз- дың басты себептерінің бірі осында. Өйткені, профессор Б. Кенжебаев айтқандай: «Жырда өлеңдегідей өлшем- нің, ұйқастың мәні соншалықты күшті емес. Жыр көп ретте сөз буынына, сөз ұйқасына емес, ой түйдегіне, ой ұйқасына қарай қиыстырылады. Көп жерлері, тіпті, ұй- кассыз да келеді». (Б. Кенжебаев. Қазақ өлеңінің құры- лысы туралы, Алматы, 1955, 21-бет).

Ескерткіштердегі үш тармақты сыңар (ааб яки бба) ұйқасты жыр үлгілері төмендегіше болып келеді:

«Құтым бар үчүн (а)                                «Бағым болғандықтан,

Үлігім бар үчүн (а)                                   Сәті түскендіктен,

Өлтечі будунуг тірігрү ігітім (б)             Өлімші халыкты тірілттім.

Түрк будун үчүн (а)                                 Түркі халқы үшін

Түн удымадым (б)                                   Түнде ұйықтамадым,

Күнтүз олурмадым» (б)                           Күндіз отырмадым».

Үш тармақты жыр үлгілері үнемі дәл осылай бола бермейді екен. Арагідік олардың әрбір жолы бір гана сөзден тұратын шумақтары да кездеседі.

Мысалы:

«Сүңүсдіміз (а)                                         «іСоғыстык,

Санчыдымыз (а)                                      Шаныштық,

Қанун өлтүртіміз» (а)                               Ханын өлтірдік».

Біз келтіріп отырган шумақтардың бүгінгі поэзия тұргысынан қараганда тіпті өлеңге ұқсамауы да мүмкін, бірақ аталган ескерткіштің осыдан бір мың екі жуз жылдан астам уақыт бұрын жазылгандыгын ескеруіміз керек.

Енді төрт тармақты жыр шумақтарына бірнеше мы- сал келтірейік. Олардың өзі ұйқасы, буын саны жагынан да түрліше болып келеді.

 

1.  Құл құлдығ болмыс ерті (7а)

Күң күнліг болмыс ерті (7а) інісі ечісін білмез ерті (106) Оғлы қаңын білмес ерті (96)

2.  Қаның субча йүгүрті (7а) Соңүкүң тағча йатды (7а) Бегілік ұры оғлың кұл бол- ты (96)

Сілік қыз оғлың күң болты(8б)

3.   Иоруқлығ қантан ке- ліп (7а)

Иана өлтді? (46)

Сүңігліг қантан келіп (7а) Сү- ре елтді?

4.   Теңрі йарулқазу (6а) Бүкүл турк будунқа (66) Иаруқлығ йоғуғ келүрмедім (9в) Төгүнліг атуғ йүртмедім (8г)

1. Құл кұлды болған еді, Күң күңді болған еді,

Інісі ағасын білмес еді,

Ұлы әкесін білмес еді.

2.  Қаның судай жүгірді, Сүйегің таудай үйілді,

Бек ұлдарың кұл болды,

Пәк қыздарын күң болды.

3.  Қарулылар қайдан келіп, Тағы(сені) кұлдыратты. Найзалылар қайдан келіп, Қайта (сені) ыдыратты?

4.   Тәңірі жарылқады.

Бүкіл түркі халқына Қарулы жау келтірмедім,

Атты әскер жолатпадым.

Бұл үзінділерден ұйқасы, буын саны түрліше болып келетін қазақтын, жыр үлгілерін көріп отырмыз. Бірін- шісі мен екіншісі егіз (аабб) ұйқасты, үшіншісі шалыс ұйқасты (абаб) болып келсе, төртіншісінде тіпті, ұйқас жоқ. Ой шумағы, ой ұйқасы мықты болғандықтан мұны да жырға жатқызып отырмыз. Ал осылардың қай-қай- сысында да буын саны әр түрлі (4, 6, 7, 8, 9), айнымалы екендігі байқалады.

Орхон жазуларынан бес тармақты жыр шумақтарын да кездестіреміз. Бірақ оларда өлең ұйқасынан гөрі ой ұйқасы, дыбыс үндестігі әлдеқайда басым жатады.

Мысалы,

«Елігіт елсіретміс,

Қағанлығығ қағансыратмыс, Иағығ баз қылмас,

Тізлігіг сөкүрміс,

Башлығығ йүкүнтірміс».

Ескерткіштердегі алты мынадай болып келеді:

Елдігін елсіз етті,

Хандығын хансыз етті,

Жауын бейбіт етті,

Тізеліні бүктірді,

Бастыны еңкейтті».

жолдан тұратын жыр үлгілері

«Елліг будун ертім,

Елім амты каны,

Қемке іліг қазғанурмен?— тір ерміс.

Қағанлык будун ертім, Қағаным каны,

Не кағанқа ісіг-күчіг бірүр- мін?—тір ерміс».

«Елді халык едім,

Елім қазір кайда,

Қімге ел-жүрт іздермін?— дес- ті.

Ханды халық едім,

Ханым кайда,

Қандай ханға күш-куатым бе- ремін?— десті».

 

Бір өзгешелігі мұнда бірінші мен төртінші, екінші мен бесінші, үшінші мен алтыншы жолдар ұйқасып оты- рады.

Ескерткіштерден сегіз, тоғыз, тіпті одан да көп тар- мақты жыр шумақтарын көреміз.

Бірақ тоғыздан әрі жыр шумақтары, көбіне үндестігі, қиюластығы әлі де түгелдей жетіліп бітпеген шұбырт- палы жыр ұйқасын еске салады. Ондай ұзақ шумақтар- да да негізінен ой түйдегі, ой сәйкестігі басым жатады.

Эпикалық шығарманың табиғатына желісі ұзақ шу- мақтар өте-мөте тән болатындықтан, ескерткіштердегі сегіз, тоғыз тармақты жыр үлгілерінен бір-бір мысал.

1.   Ілгерү — Шантүң йазықа гегі сүледім(а)

Галуйқа кічіг тегмедім(б) Біргерү — Токуз Ерсенке тегі сүледім(а)

Түпүтке кічіг тегмедім (б) Құрығару — Иінчу үгіз кече Темір Қапығқа тегі сүледім (а) Иырғару—Иір Байырқу йіріңе тегі сүледім (а)

Бунча йірке тегі йорытдым.

2.   Елтеріс кағанқа Түрк Бөгү кағанқа Түрк Білге қағанқа Қақпаған қағанқа Түн ұдымату Кунтүз олұрмату Қузул қанум төкті Қара терім йүгүрті Үсіг-күчіг бертім оқ1

1.    Ілері—Шантүң жазыққа дейін жауладым,

Теңізге сәл жетпедім.

Түстікте — Тоғыз Ерсенге дейін жауладым,

Тибетке сәл жетпедім.

Батыста — Інжу өзенін кеше Темір қақпаға дейін жауладым. Терістікте — Байырқы жеріне дейін жауладым.

Осыншама жерге дейін жорыт- тым.

2.  Елтеріс қ: . ан үшін Түрк Ьөгі қаған ү :н,

Түрк Білге қаған ү.’:.н,

Қапаған қаған үшін Түнде үйыктамадым,

Қүндіз отырмадым.

Қызыл ка” імды ағыздым,

Қара тері..,ді төктім Қүш-қуатымды аямадым.

Осы келтірілген екі үзіндінің алдыңғысы — сегіз, соң- ғысы тоғыз тармақты. Бірінші мысалдың әдепкі төрт жолы кезекті ұйқасқа, соңғы төрт тармағы ерікті ұй- қасқа құрылған. Ал екінші шумақтың алдыңғы төрт тармағы ұйқасады да, қалған (соңғысынан бөлегі) жол- дары екі-екіден ой ұйқасына бағынған.

Енді әдепкі үзіндінің тақ (1, 3, 5, 7) тармақтарының басында келетін ілгерү-біргерү, кұрығару-йырғару тә- різді өзара үпдесіп, жымдасып тұрған сөздерге назар аударыңыз. Сөз басында ұйқасып келген дәл осы сөз- дердің дербес шумағын Күлтегіннің кіші жазуынанкез- дестіреміз.

«■Ілгерү — күн тоғсыкқа Біргерү — түн ортусыңару
«Ілгері — күн шығьтсында, Оңымда — күн ортасында,

 

Құрығару — күн батсықыңа                   Кері — күн батысында,

Иырғару — түн ортусыңару».                 Солымда — түн ортасында».

Бұл үзіндінің бастапқы сөздері егіз (аабб) ұйқаспен, жазылған. Қарап отырсаңыз, ортадағы сөздердің өзі де (күн, түн) өзара ұйқасып тұр.

Енді осы шумаққа басқа бір жағынан келсек, (ілгерү- біргерү, қүрығару-йырғару’ і сөздерінің үндесіп, өлең болып естілетінін байқаймыз. Ондай үндестік пен әуез- ділік аллитерация түріндегі дыбыстық қайталауларға байланысты. Мұнда, тіпті, соңғы ұйқастардан гөрі әдепкі сөздердің дыбыс үндестігі, жарастығы әлдеқайда күшті- рек екені көрінеді. Демек, мұның өзі әуезділікке, үнді- лікке ерекше мән берген түрк халқының жырлары алли- терациясы болып келетіндігін яки ұйқастың басында жасалатындығын дәлелдейді.

Сонымен, жыр ұйқастары, жыр шумақтары жайын- дағы сөзімізді аяқтай келе мынадай тұжырым жасауға болар еді:

Біріншіден, өлең жасаудың, ойды көркем бейнелеудің әдепкі адымдары деп біз жырдағы жиі кездесетін: іші- сырты, қасы-көзі тәрізді қос сөзді тіркестер мен тәтті сөз, асыл қазына, бағынды, жүгінді секілді ыңғайлас мәндес сөздердің жарасымды бірлігі деп есептейміз.

Мұндай сөздер қатарласа, жапсарласа келіп, шешен- дік ыңғайға ойысып, содан мақал-мәтелге, қанатты жол- дарға, әуезді, ырғақты жырға ұласады.

Екіншіден, Орхон жырларында екі, үш, төрт, бес, алты, сегіз, тоғыз және одан көп тармақты жыр шумақ- тары кездеседі екен және ұйқасы (сыңар, егіз, кезекті, шұбыртпалы) жағынан да, өлшемі (4, 6, 7, 8, 9, 10 буынды) жағынан да, әртүрлі болып, кейде тұлғасы ұй- каспай да жатады екен

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля