29 ноября, 2017 19:01
Әр екі жыл сайын отын сорғысына техникалық қызмет көрсетеді, торлы сүзгісін жуады. Алғашқы 5 мың шақырымнан кейін жэне одан ары қарай эр 30 мың шақырымнан соң, отын сорғысының торлы сүзгісін этилденбеген бензинмен жуады. Торлы сүзгі отын сорғысының жоғарғы бөлігінде орналасқан.
Сүзгі мен төсемесін алу үшін отын сорғысы қақпағының бекітілісін ағытып, қақпағын шешеді. Сүзгіні тазалайды, ал төсемесін керек болған жағдайда ауыстырады. Отын сорғысының техникалық жағдайын тудыратын қысымымен, өнімділігімен жэне клапандарының тығыздығымен анықтайды. Отын сорғысының жұмысқа жарамдылығын аспап қолданбай, карбюра- тордан жанармай құбырын шешу жолымен анықтайды. Қолмен сору иінтірегін қозғалтқанда немесе стартермен қозғалтқыштың иінді білігін айналдырғанда жұмысқа жарамды отын сорғысынан карбюраторға бара- тын құбырда жанармай пайда болуы керек. Отын сорғысы жұмысы ақауларының бірі диафрагмасының тесілуі немесе клапандарының жабысып қалуы болып келеді. Отын сорғысын жөндеу үшін, ереже бойынша, жөндеу жинағын қолданады. Оның құрамына диафрагма, төсеме, клапан мен серіппе кіреді. Отын сорғысын автомобильден шешпей, өндіретін қысымын анықтау мақсатында арнайы аспап қолданады. Аспаптың құрамына: манометр, |
жұмсак кұбыршектер, жапқыш кран, аспапты қозғалтқышқа бекітуге арналған қапсырмалар мен эртүрлі үлгілі қозғалтқыштарда қолданылатын жалғастықтар жиынтығы кіреді. |
Автомобильден шешпей отын соргысын тексеруге арналган аспап: 1,4- құбыршек; 2-шүмек; 3 — манометр |
Манометр көрсеткішін талап етілетін шамасымен салыстыра- мыз. Енгізу клапанының тығыздығын тексеру кезінде қозғалтқыш тоқтағаннан кейін, бекіткіш клапанын жауып, 30 секундтан кейін мано- метр көрсеткішін бақылайды. Бұл аспаппен енгізу инелі клапанының да тығыздығын тексереді.
Отын сорғысының толық техникалық жағдайын оны автомобильден шешіп алып, арнайы құрылғыда анықтаймыз. Бұл құрылғы көмегімен соргының өнімділігін, оның клапандарының жағдайын, оның тудыратын кысымын, карбюратор қалытқы камерасындағы отын деңгейін анықтауға болады. |