“ОҒЫЗ ҚАҒАН” ДАСТАНЫ

27 ноября, 2017 13:59

Оғыз қаған» дастаны — түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генеалогиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын эпостық туынды. „Оғыз қағанның» атауы жайында әр кезде әртүрлі пікірлер айты- лып келді. Бірқатар зерттеушілер оны күні бүгінге дейін „Оғыз-наме» деп атайды. Шындығына келсек, „наме» сөзі парсы тілінде „хат», „өтініш», „трактат», „кітап» деген мағына беретіні мәлім. Сол себепті „наме» сөзі көбінесе жазба түрінде өмірге келген, авторы белгілі шығармалардың тақырыбына қосылып оған анықтамалық мағына береді. Мәселен — «Шах-наме»— «Шах туралы кітап», „Мүхаббат-наме»— «Махаббат жайындағы дастан», „Бабур-наме»— «Бабыр кітабы», т. б.

Ал енді „Оғыз қаған» дастаны әуелде ауызша жасалып, бертін келе IX—X ғасырларда қағазға түсірілген сияқты. Бүл көне заман мүрасын үзақ жылдар бойы зерттеген түрік ғалымы Нихад Сами Банарлы оны батырлық жырла- ры қатарына қосып, „Оғыз қаған» дастаны деп атайды (236, 17). Бүл пікірге ғалым „Оғыз қағанның» тақырыбы мен сюжетін, қаһармандарын және олардың әрекетін, ба- яндау тәсілдері мен тілдік қүралдарын егжей-тегжейлі зерттеу арқылы келіп отыр.

Дәл осы арада біз дастанның басты қаһарманының аты болып келетін „оғыз» сөзі туралы айта кетейік. Бүл сөзді

Еуропа және орыс ғалымдары „огуз» десе, ал, араб және парсы тілдерінде — „ғузз», қазақша „оғыз», әзербайжан тілінде — „оғуз» деп жазылып жүр. Көне түркі тілінде „оғуз» сөзі — уыз, уыздас, суттес, емиіектес, яғни бір ем- шектен сут емген деген мағына берген. Ежелгі ғүндардың кейінгі үрпақтары бертін келе „оғуз» деген жиынтық ат- пен де мәлім болған.

„Оғыз қаған» дастанында негізінен Оғыз батырдың әскери жорықтары, түркі елін сыртқы жаудан қорғаудағы ерлік істері, ел басқарудағы даналығы мадақталады.

Түркі халықтары ауыз әдебиетінің ғажайып үлгілерінің бірі саналатын „Оғыз қаған» дастанының идеялық мазмүнын терең пайымдау үшін оғыз тайпалары туралы кейбір тарихи деректерді еске түсіру қажет.

Сонымен, оғыздар — ертедегі түркі тайпаларының бірі. Олар көбінесе дерлік Сырдарияның төменгі ағысы мен Қаратау бөктерін мекендеген. Үзақ жылдар бойы көршілес тайпалармен соғысып, Арал теңізінің батысы мен Каспий теңізінің солтүстік жағалауын өздеріне қаратып алады. Кенгар-печенек бірлестіктеріне қарсы IX—X ғасырларда жүргізілген осы соғыстардың оқиғалары „Оғыз қағанның» сюжеттік желісіне негіз болған.

X ғасырда оғыздардың саяси бірлестігі — оғыз мемле- кеті қүрылғанда астанасы Сырдың төменгі ағысындағы Жаңакент немесе Жаңа Гузия деп аталатын қала болған.

Оғыз тайпалары бірлестігі 965 жылы Киев Русімен одақтасып алады да, екі жаққа бірдей қатер төндіріп түрған қуатты Хазар қағандығына қарсы соғыс ашады. Ақыры хазарларды жеңіп, Каспий теңізінің солтүстік- шығыс жағалауын да жаулап алады. Арадан жиырма жыл өткен соң оғыздар орыс князьдарымен біріге отырып, Еділ мен Кама өзендері бойындағы бүлғарларды да тас-талқан етіп жеңіп шығады.

Міне, бүл зор жеңістердің бәрі Оғыз мемлекетінің күш-қуатын, саяси беделін бүрьінғыдан да арттыра түседі. Оғыздардың жаужүрек ерлігі туралы алуан түрлі аңыздар тарайды. „Оғыз қаған» дастаны — оғыздар жайындағы осындай аңыз-әфсаналар желісіне қүрылған эпостық ту- ынды.

Тарихи деректер бойынша, қыпшақтардың қатты те- геуірініне төтеп бере алмаған оғыздар XI ғасырдың орта шенінде Дешті Қыпшақтан батысқа қарай ығысып кетеді. Бірақ олардың бәрі бірдей қоныс аударған жоқ еді. Қазақстан жерінде қалып қойған оғыздар бірте-бірте қыпшақ, қаңлы. тағы басқа түркі тектес тайпалармен ара- ласып, солардың этностық қүрамына біржола сіңісіп кет- кені мәлім.

Бұл ежелгі дәуірдің әдеби мүрасынан алғашқы қауымдық қүрылыс пен әуелгі орта ғасырда орын алған тарихи оқиғалардың ізін айқын аңғаруға болады. Мүнда тіпті жеке адамдардың есімдері, нақтылы жер-су аттары, түрлі ру-тайпалар атаулары, т. б. бар.

„Оғыз қаған» дастанындағы жеке адам есімдері, этнос- тық және географиялық атаулар туралы көптеген ғылы- ми еңбектер жазылған. Мәселен, атақты тарихшы-ғалым Н. Я. Бичурин нақты деректер келтіре отырып, Оғыз — есімі тарихтан жақсы мәлім Туманның үлкен ұлы Мөде деп біледі. Ал, Меде белгілі адам. Мөде біздің заманымыз- дан бүрынғы 209 жылы ғүндардың билеушісі — шаньюн атағын алады. Ғүндар кезінде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерін мекендегені мәлім. Мөде түсында ғүндар қүдыретті мемлекетке айналады. Хан империясы ғұндарға жыл сайын салық төлеп түратын болады. Біздің заманы- мыздан бүрынғы 174 жылы Мөде қайтыс болады.

Сөйтіп, Оғыз қаған — ғүндардың әміршісі Мөденің әдеби бейнесі деген болжам бар.

Ал, енді шығысты зерттеуші белгілі неміс ғалымы Иозеф Маркварт Оғыз туралы мүлдем басқаша пікір айта- ды. Ол Оғыз бейнесінен Шыңғысханның түлғасын көреді. „Мүнда Шыңғысханды (яғни Оғыз қағанды) түркі ха- лықтарының жауы емес, қайта досы етіп, әдейі бүрмалап көрсеткен» деп жазады.

Белгілі орыс ғалымы Г. Н. Потанин: Оғыз қаған белгілі бір тарихи бейне емес, эпостық қаһарман деген пікір айтады. Сондай-ақ Оғыз қағанды Александр Македон- ский немесе қазақтың алғашқы хандарының бірі Жәнібек деп болжам жасаған ғалымдар да бар.

Оғыз қағанды белгілі бір тарихи адам бейнесіне телу, яғни оның тарихтағы нақты прототипін іздеп табу мүмкін емес. Әрине, Оғыздың әдеби бейнесі арқылы белгілі бір тарихи адамдардың реалдық іс-әрекеті көрінген болуы ықтимал. Өйткені „Оғыз қаған» дастаны белгілі бір тарихи оқиғалардың желісі, сүрлеуі, ізі бойынша жазылғаны анық.

Оғыз қағанның анасы — Ай қаған бейнесін ғалымдар көбінесе дерлік отбасының қамқоршысы Үмай ана бей- несімен байланысты түрде алып қарастырады.

Ал, „Оғыз қаған» дастанындағы Қыпшақ бек,

 

Қағарлық бек, Қаңлы — түркілердің белгілі ру-тайпалары- ның жинақталған бейнелері болуы да мүмкін.

Орыс бек — Киев князьдарының бірі болса керек де- ген болжам бар. Ежелгі орыс жылнамаларының бірінде Киев Русінің печенектеріне қарсы күресі туралы айта келіп, Орыс бектің есімін шежіреші ауызға алады.

„Оғыз қаған» дастанында кездесетін нақтылы геогра- фиялық атаулар да аз емес. Мәселен, Шағам — Шам (Дамаск), Сінду — Индия, Итилмуран — Еділ өзені, Тераң муран — Терең өзен. Терең өзен — Днепр өзені деген болжам айтылып жүр.

„Оғыз қаған» дастанына негіз болған түрлі аңыз- әңгімелер мен нақты тарихи деректер арасында тығыз байланыс бар екенін аңғару қиын емес. Оғыз батыр жай- лы шежіре-аңыздарда айтылатын тайпалар көне дәуір та- рихынан жақсы мәлім. Сондай-ақ Оғыз батыр жайлы ауызша аңыз-әңгімелердің сюжеттік желісі мен „Оғыз қаған» дастанының сюжеттік желісі арасындағы ортақ са- рындар да зерттеушілер назарынан тыс қалған емес. Бүл туралы, әсіресе, зерттеуші Қүлмат Өмірәлиев үтымды пікірлер айтқан .

„Оғыз қаған» дастанын зерттеу ісіне, әсіресе, Түркия елінің ғалымдары көп еңбек сіңірді деуге болады. Әйтсе де түрік ғалымдарының зерттеулері соңғы кезге дейін бізге беймәлім еді. Ал қазір Ниһал Атсыз, Н. С. Банарлы, Ф. Көпрүлүзаде, Басым Аталай, Б. Қ Рифат сияқты түрік ғалымдарының „Оғыз қаған» дастаны туралы терең ойлы зерттеулері қолымызға тиіп отыр.

„Оғыз қаған» дастаны мен қазақтың батырлық жырла- ры арасындағы әртүрлі байланыс туралы қазақтың Ә. Дер- бісәлин, М. Жармүхамедов, Ө. Күмісбаев сияқты зерт- теушілері де өзіндік үлес қосқан .

Сонымен бірге ағылшын, неміс, француз және орыс ғалымдары да бүл салада едәуір еңбек еткені мәлім. Деген- мен „Оғыз қаған» дастанының түркі халықтары фолькло- рынан алатын орны, батырлық жырының түркі тілдес халықтар әдебиетіне тигізген әсері, әсіресе, оның дәстүр жалғастығы негізінде қазақ әдебиетіне тигізген ықпалы күні бүгінге дейін арнайы зерттеу объектісі болған емес.

„Оғыз қаған» дастанының зерттелу тарихына қысқаша тоқталып өтелік.

Оғыз қаған туралы аңыз-әңгімелер мен тарихи шын- дық жайында кезінде В. В. Радлов, Г. Н. Потанин, П. Пел- льо, И. Н. Березин, Л. Лигети, Ю. Немет, Н. Я. Бичурин, В. В. Бартольд, А. М. Щербак, А. Н. Кононов сияқты зерт- теушілер сан алуан қүнды пікірлер айтқаны мәлім. Бул пікірлердің бәрін түйіндеп айтсақ, төмендегі жәйттерге келіп саяды.

„Оғыз қаған» эпосының ауызша тараған нүсқалары негізінде кейінірек қайта жазылған екі түрлі нүсқасы бар. Бірі үйғыр әрпімен көшіріліп жазылған. „Оғыз қаған» дас- танының осы нүсқасы Париждің үлттық кітапханасының қорында сақталып келеді. Ал, екіншісі араб әрпімен жа- зылған. Оғыз батыр туралы аңыздардың араб әрпімен жа- зылған нүсқасының авторы — атақты тарихшы, белгілі әскери қолбасшы, Хиуаның ханы Әбілғазы бин Араб Мүхаммедхан (1603—1663 ж.).

Тарихшы-ғалым ретінде Әбілғазының жазып қалдырған екі еңбегі бар. Бірі — «Шежіре-й терекіме» («Түрікмен шежіресі»), екіншісі — «Шежіре-й түрік» («Түріктер шежіресі»). Бүл екі шығармасы да Оғыз хан жайында деуге болады. Бүлар Оғыз батырдың ерлік жо- рықтары, оның үрпақтары атқарған игілікті істері, оғыз тайпаларының шығу тегі, түрмыс-тіршілігі, әдет-ғүрпы, т. б. туралы болып келеді.

Әбілғазы жазған „Түрікмен шежіресінің» түпнүсқасы бізге сол күйінде жетпеген. Бүл шығарманың әр уақытта, әр жерде, әртүрлі хүснихатшылар тарапынан көшірілген жеті нүсқасы сақталған. Белгілі орыс тюркологі А. Н. Ко- нонов соның бәрін жинап, егжей-тегжейлі зерттеді, ғылыми негіздегі мәтінін әзірлеп, бірізге түсірді, әрі оны орыс тіліне аударып шықты.

Әбілғазының „Түрікмен шежіресінде» жер бетінде адамзаттың пайда болуы, Оғыздың туылуы, патшалық етуі, оның жорықтары, Оғыз батырдың өз еліне оралып, үлкен той жасауы, Оғыз ханның үлкен үлы Күн ханның таққа отыруы, оның өзіне қарасты жиырма төрт аймақты інілері мен балаларына бөліп беруі, Оғыз үрпағының таң- басы мен тамғасы, т. б. туралы ғажайып хикаялар айтыла- ды. Мүның бәрі бірдей аңыз емес. Шежіреде түркі елінің ежелгі тарихына тікелей қатысты нақты деректер де көп. Соның бәрін автор тарихшы ретінде ғана емес, көркем сөз зергері ретінде де шебер бейнелеп әңгімелеп береді.

Әбілғазы өз шығармасының жазылуы жайында айта келіп, „бүл кітапты біз “Түрікмен шежіресі» деп атадық. Бізге дейін түріктердің тарихын жазғандардың бәрі ха- лыққа өзінің таланты мен өнерін көрсету үшін араб сөздерін араластырып, сондай-ақ парсы сөздерін қосып жазды, түркі тілін үйқасты қара сөзге айналдырып жіберді. Біз ондай ешнәрсе істеген жоқпыз. Өйткені бүл кітапты оқитын яки тыңдайтын кісі, әрине, түрік болатыны хақ. Әрбір адамға түсінікті болу үшін түрікпен түрікше сөйлесу керек қой» деп жазады (53, 36).

Ал, „Оғыз қаған» дастаньшың ұйғыр әрпімен жазылып, Париж үлттық кітапханасында сақталып келген нүсқасын тілдік түрғыдан зерттеп, оған ғылыми түсініктеме берген ғалым — түркі тілдерінің көрнекті маманы А. М. Щербак болды. Ол „Оғыз қаған» дастанының транскрипцияланған мәтінін дайындап, оны орыс тіліне жолма-жол тәржімалады.

Әрине, Оғыз батыр жайындағы аңыздардың жоғарыда біз айтқан екі нүсқасы сюжеті жағынан бір-біріне жақын. Дегенмен әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері де бар. Мәселен, Оғыз қағанның билік пен байлықты өз балала- рына бөліп беру эпизоды екі нүсқада екі түрлі суреттеледі. Үйғыр әрпімен жазылған нүсқасында алтын садақ пен же- белердің бар екенін Үлы Түрік түс көріп біледі. Ал „Түрікмен шежіресінде» садақ пен жебені нөкерлер қүмға көміп тастаған болып шығады.

Әбілғазы „Түрікмен шежіресін» жазу үстінде атақты Рашид ад-Диннің „Жами ат-тауарих» (‘ Шежірелер жи- нағы») атты еңбегіндегі кейбір мәліметтерді пайдаланған. Сонымен бірге, тарихшы-ғалым біздің заманымызға дейін сақталмаған, яғни бүгінгі ғылымға белгісіз бірқатар шежірелермен кезінде жақсы таныс болған сияқты. „Түрікмен шежіресі» оғыздар жайындағы нақты тарихи деректерге мейлінше бай екені даусыз.

„Оғыз қаған» дастанының біз атап кеткен екі нүсқасынан басқа да бірқатар варианттары бар. Мәселен, Оғыз жөніндегі деректер атақты тарихшы Хондамирдің (1475—1535 ж.) „Хуласат алахбар» («Тарихи мәліметтер жинағы») атты еңбегінде де бар. Ал, енді Ыстамбүл нұсқасында „Оғыз қаған» аңызы „Қорқыт ата кітабымен» біріктіріп берілген. Шынында да „Оғыз қаған» мен „Қорқыт ата кітабының» кейбір түстары өзара үндесіп жа- тады. „Оғыз қаған» аңызының бүлардан басқа да көптеген нүсқалары бар. Әйтсе де соның бәрі біз жоғарыда атап айтқан екі нүсқаның біріне — не үйғыр әрпімен көшірілген Париж нүсқасына немесе араб әрпімен көшірілген Әбілғазы нүсқасына әкеліп саяды.

„Оғыз қаған» дастанының үйғыр әрпімен көшірілген нүсқасы тарихи шежіреден гөрі көркем шығармаға жақын. Сондықтан біз енді негізінен „Оғыз қаған» даста- нының үйғыр әрпімен көшірілген нүсқасын әдеби-тарихи түрғыдан танып-білуге әрекет жасаймыз.

Міне, „Оғыз қаған» дастанының осы біз айтып отырған нусқасы тілі көркем, көріктеу құралдары сан түрлі, компо- зициялық құрылысы ширақ жасалған, бейнелі, қанатты сөздерге бай болып келеді.

„Оғыз қаған» дастанының Париж улттық кітапхана- сында сақталған нусқасы көлемі жағынан онша үлкен емес. Қолжазба небәрі 2 1 парақ немесе 4 2 бет болып ке- леді. Әрбір бетке 9 жолдан ғана жазылған. Мұның өзі кез- дейсоқ жәйт емес, „Оғыз қаған» дастаны өзінің композициялық құрылысы жағынан жазба әдебиеттің ғажайып үлгісі болып табылатын „Күлтегін» жырына өте- мөте уқсас деуге болады.

Тегінде түркі халықтары ауыз әдебиетінде шығарма сюжетін баяндап айтып берудің қалыптасқан өзіндік жүйесі болған сияқты. Бұл дәстүр эпостық туындыларда ғана емес, сонымен бірге жазба әдебиетте де өз жалғасын тапқан. Бұған „Оғыз қаған» эпосы мен „Күлтегін» жырын өзара салыстыра отырып көз жеткізуге болады. ,

„Күлтегін» жырында суреттелетін күллі оқиғалар да рет-ретімен жүйелеп, мазмүндап, бірнеше топтамаға бөліп- бөліп берілген. Мәселен, мүнда Бумын қаған, Істемі қағандардың таққа отыруы, ел-жүртын басқаруы, айнала- сындағы жаулармен соғысуы, жеңісі, қартайып о дүниелік болуы, бірақ „үлдары әкесіндей болмағаны», біліксіз қағандардың ел басқарғаны, жеңілісі, ақыры ел билігіне Білге қаған мен Күлтегін батырдың келуі жеке-жеке топ- тама бойынша баяндалады.

Дәл сол сияқты „Оғыз қаған» дастанында да әрбір топ- тама үш элементті қамтиды: б і р і н ш і с і — оқиғаның бас- талуы; е к і н ш і с і — оқиға желісінің үлғайып, өрістеуі; ү ш і н ш і с і — оқиғаның түйіні, қорытындысы.

Міне, осы түрғыдан алып қарағанда, зерттеуші Қ. Өмірәлиевтің „Оғыз қаған» дастанын сюжеттік желісі- не орай, шығарманың ішкі табиғатына сәйкес түрде 17 топтамаға бөліп қарастыруы ерекше назар аударады (175, 203—213). Мүнда әрбір топтамаға қойылған тақырыптың өзі-ақ сонда айтылатын оқиғаны толық аңғартып түрған сияқты. Атап айтқанда: Оғыз қағанның тууы мен балалық шағы баяны; Оғыз қағанның жігіт болуы және ерлік көрсету үшін аттану баяны; Оғыз қағанның үйлену баяны; Ай, Күн, Жүлдыз, Тау, Көк, Теңіз деген балаларының тууы баяны; Оғыздың қаған болуы және үлкен той жа- сауы, төрт тараптағы елдерге елшілер жіберуінің баяны; Оғыз қағанның Урум қағанға қарсы аттануы(ның) баяны;

Оғыз әскерін көк бөрінің бастап жүру(нің) баяны;

Оғыз қағанның Урум қағанмен соғысы баяны; Урум қағанды жеңуі және елін қарату баяны; Оғыз қағанға Урусбектің ұлы Сақлаптың тарту-таралғымен келу баяны; Оғыз қағанның Етіл суынан өтуі, Етіл суынан өту амалын тапқан үлуғ Орду бекке Оғыз қағанның „Қыпчак,» деп ат беру баяны; Оғыз қағанға көк бөрінің екінші рет келуі бая- ны; Оғыз қағанның Шауқартаң атының жоғалуы және ол атты белгісіз ердің Мүзтауынан табуы баяны; Оғыз қағанның тағы ілгері жол шегуі, жолай бір алтын сарайға кездесуі, осы сарайды ашқан ерге „Қалач» деп ат беруі баяны; Оғыз қаған қолын көк бөрінің үшінші жолы бастап жүруі баяны. Одан әрі Оғыз қолының Шүршіттермен соғысуы, жеңуі баяны; Оғыз қаған қолына үрыста көп олжа түскені баяны;

Олжаны алып жүру үшін қанға жасаған шеберге „Қаңғалуғ» деп ат бергені баяны; Оғыз қағанның Көк бөрі бастап Сынду, Таңғут, Шағам жүрттарына аттануы және ол жүрттарды жеңуі баяны; Оғыз қағанның күн түстіктегі Барақа деген жердегі Масар қағанға қарсы аттануы, Ма- сар қағанды жеңуі, өз жүртына қайта жүруі баяны; Оғыз қағанның аян айтатын жырауы Улуғ Түріктің түс көруі және бүл түсін Оғыз қағанға айтып жоруы баяны; Оғыз қағанның балаларын аң аулауға жүмсау баяны; Балалар- дың жолай алтын жай және үш күміс оқ тауып алуы, оны аталарына алып келуі баяны; Оғыз қағанның үлы қүрылтай шақырып, бектерін, ел-жүртын жиып той беруі баяны; ба- лаларына жүртын бөліп беруі баяны; Оғыз қағанның өсиет сөзі.

Ежелгі түркі ауыз әдебиетінің бірқатар көркемдік дәстүрлері қазақтың батырлар жырында өз жалғасын тап- ты. Мәселен, Оғыз батырдың дүниеге келуі, қырық күнде ер жетуі, жауға қарсы күресте ерлік көрсетуі, үйленуі секілді көріністер Алпамыс, Қобыланды, Қамбар, Қарабек сияқты қазақ батырларының бейнесін еске салады.

Бүл жәйтты нақты түрде дәлелдеп көрсету үшін „Оғыз қаған» дастаны мен „Қамбар батыр» жырынан шағын үзінділер келтіріп көрелік. „Оғыз қаған» дастанында Оғыз батырдың дүниеге келуін төмендегідей етіп суреттейді:

Кәнә күнләрдән бір күн Аі қағаннүң көзү жаріб бодаді,

Эркәк оғул тоғурді.

Ошул оғулнуң өңлүгі чірагі көк эрді,

ағізі аташ кізіл эрді,

көзләрі ал, сачларі,

кашларі карк эрділәр эрді .

Қазақ тілінің қазіргі айтылу қалпына түсірілген аудар- масы төмендегідей болып келеді:

Тағы күндерде бір күн Ай қағанның көзі жарқ етіп,

Ер бала туды.

Осы үлдың өңі — шырайы көк еді, аузы оттай қызыл еді, көздері қызғылт,

шаштары, қастары қара еді .

Міне, ежелгі түркі дастандарында болашақ батырдың өмірге келуінің өзі де өзгелерге мүлдем үқсамайтын ерек- ше сипат алады. Тіпті оның бет-бейнесі, балалық қылығы, күш-қуаты, ерлік істері де басқалардан оқшауланып түра- ды. Мәселен, Оғыздың балалық шағындағы көрінісін төмендегідей етіп сипаттайды:

Тілге келе бастады.

Қырық күннен соң өсті,

Жүрді, ойнады.

Аяғы өгіздің аяғындай,

белі бөрінің беліндей,

кеудесі аюдың кеудесіндей еді.

Түлабойын түгел

қалың түк басқан еді .

Мүнда Оғыз батырды өгіздің алып түлғасына теңеудің өзінде де көп мән жатыр. Өйткені көне түркілерде өгіз бен бүқа әрқашанда адам бойындағы күш-қуат пен ерік- жігердің символы болған.

Дәл осындай бейнелеу тәсілін „Қамбар батыр» жырын- дағы қалмақтың ханы Қараман батырдың образынан аңғару қиын емес:

— Келмембет тағы сөйлейді:

Асықпасаң, байеке,

Мүйізі үзын боз бүқа Пайкелін аралап,

Пәлегіңді езеді.

Артына қарап бүрылып Айдайын десең, сүзеді.

Иісі жүртқа жайылып Піскен екен түйнегің Қолыңа өткір кездік ап,

Ортасынан тіледі.

„Оғыз қаған» дастанында Оғыздың бала кезінде-ақ бойында қыруар күш-қайрат, ерлік істерге деген үмтылыс бар екенін зор шеберлікпен көрсеткен. „Оғыз қаған» дас- танында ол туралы:

Мүйізтұмсық келіп,

басымен Оғыздың қалқанын үрды.

Оғыз сүңгімен мүйізтүмсықты үрып, оны өлтірді.

Қылышпен басын кесіп басты алып кетті.

Тағы келіп көрсе,

бір сүңқар мүйізтүмсықты жегелі түр.

Жақпен, оқпен сүңқарды өлтіріп,

Оның да басын кесті.

Одан соң сүңқардың сиқы осы болар деді.

Бүғыны жеді.

Тағы темір сүңгімен өлтірді.

Мүйізтүмсықты сүңқар жеді.

Жағымсыз жел сияқты Оғыз өлтірді деп кетті.

Міне, мүйізтүмсықтың сиқы осындай,—

Дейді .

Міне, осындай жас баланың бойындағы алып күшті, ерлікті „Қобыланды батыр» жырынан да аңғарамыз. Мүнда Қобыланды батырдың баласы Бөкенбайдың дүние- ге келіп, тез ержетуі төмендегіше суреттеледі:

Қалың қыпшақ, көп ноғай,

Жүрт жақсысы баланың Атын қойды Бөкенбай.

Келді Бөкен бір жасқа,

Бір жасына келгенде Оғын тартты жартасқа.

Келді Бөкен екіге,

Екіге келген баланың,

Жан қарамас бетіне,

Нан піскендей лебіне.

Келді Бөкен үшіне

Үшке келген жас бала

Қара тасты көтерер

Естіген риза күшіне .

Батырдың күш-қуатына, ерлік-жігеріне қатысты дә/ осындай теңеулерді бертін келе қазақ жыраулары да зор шеберлікпен қолдана білді. Мәселен, Жиембет жырау

(XVII ғасыр) өзінің „Еңсегей бойлы ер Есім» атты ұзақ

толғауында:

Менің ерлігімді сурасаң,

Жолбарыс пенен аюдай Өрлігімді сүрасаң,

Жылқыдағы асау тайыңдай,

Зорлығымды сүрасаң,

Бекіре менен жайындай,

Періктігімді сүрасаң,

Қарағай менен қайыңдай,— дейді .

„Оғыз қаған» дастанында діни-мифологиялық көріністер едәуір орын алған. Алғашқы қауымдық қүры- лыста өмір сүрген адамдар өзін қоршаған табиғаттың дүлей күші жайында сан қилы аңыздар шығарғаны мәлім. Сол рулық-тайпалық қоғамда адамдар тобының шығу те- гін белгілі бір табиғат қүбылыстарына немесе кейбір жан- уарларға тікелей байланысты деп қараған. Көрнекті ғалым Н. Я. Бичурин көне түркілер жөніндегі аңыз-әфсаналарға сүйене отырып, түркілер өздерін көк бөріден тарағанбыз дейтін ойын дәлел етеді. Көне қытай жазбаларына сүйен- ген ғалым түркі тайпаларының Көк Тәңірге табынып, жақсылықты да, жамандықты да көктен, яғни аспаннан күтетінін айтады .

Бүл сөзімізге Оғыз қағанның үйлену салты және оның Ай, Күн, Жүлдыз, Тау, Көк, Теңіз деп балаларына ат қоюы дәлел. Мәселен, дастанда бір күні Оғыз батыр көк тәңірісіне жалбарынып отырған сәтте көктен бір жарық сәуле жарқ етіп жерге түседі. Батыр әлгі жерге барып қараса, көктен түскен нүрлы сәуленің ішінде бір ғажайып сүлу қыз отыр екен.

Бүл туралы „Оғыз қаған» дастанында:

Оғыз қаған күндерде бір күн бір жерде тәңірге жалбарынды.

Қараңғылық түсіп, көктен бір көк жарық түсті.

Күннен жарықтау, айдан көгілдірек Оғыз қаған келіп, көк жарықты көрді.

Осы жарықтың арасында Жалғыз қыз отыр.

Басында алтын қазықтай Жарқыраған меңі бар.

Осы қыз сондай көрікті қыз еді.

Күлсе, көк тәңір күлер Жыласа, көк тәңір жылар Оғыз қаған оны көріп, есі қалмап еді.

Оны сүйіп,

Өзіне жар етіп еді,—

дейді .

Ежелгі түркі аңыз-әфсаналарында бақытты болатын адамның төбесінен нүр-шүғыла жауатыны туралы көп айтылады. Бүл дәстүр түркі халықтарының ерлік дастанда- рынан да орын алған. Мәселен, қырғыздың „Манас» эпо- сында болашақ батыр Манас та жолына нүр төгілген, ал өзін көкжал бөрі қоршап қорғап жүрген қаһарман болып келеді:

Арқасында баланың Қара көк жалы көрінді:

Қара шағыр қабыланы,

Қапталында шабынды.

Көсеу қүйрық көк арыстан,

Оң жағында қабынды.

Нүр төгіліп жолына Бәрі ойлаған баланың Манас деп аты табылды,—

Дейді .

Сондай-ақ қазақтың батырлық жырларында халык қамын ойлап, елді сыртқы жаудан қорғауға белін буыг кірісетін жанкешті қаһармандар қашанда жарық нүрдат жаралған болып келеді. Мәселен, „Қобыланды батыр* жырының бір нүсқасында мынандай жыр жолдары бар:

Шеттен келген дүшпаннан Ел аймағын сақтайтын,

Асыл нүрдан жаралған Қыдырбай шалдың еркесі Қара қыпшақ Қобыланды,

Балаңыздың аты бар,—

дейді .

Оғыз қаған Үрім қағанға қарсы соғысқа аттанған кез де оның әскерін көк бөрі бастап жүреді. Оғыздың әскер тынығып жатқан бір сәтте батырдың шатырына көктеғ нұр-сәуле түседі. Сол сәуле ішінен бір көкжал қасқыр шыға келеді. Көкжал бөріге табанда тіл бітіп Оғыз қағанға айтады:

Таңертең болғанда Оғыз қағанның шатырына бір жарық түсті.

Ол жарықтан

арлан кекжал бөрі шықты.

Осы бөрі Оғыз қағанға былай деп, тіл қатты:

„Ай, ай Оғыз!

Үрім үстіне сен аттанар боларсың!

Ай, ай Оғыз!

Қызметіңде мен жүрер болармын!»

Оғыз қаған одан соң шатырын жинатып. жүріп кетті.

Бөрі шеруді бастап жүрді Бөрінің жолын қадағалап, артынан жүріп отырды.

Бірнеше күндерден соң арлан көкжал бөрі тоқтады Оғыз қаған да шеруімен тоқтап қалды,—

дейді .

Ал, „Қобыланды батыр» жырында қазақтың алып ба- тыры өзінің қарсыласы Шошай хан туралы:

Көк шекпенді көк бері —

Қызылбастан хан Шошай.

Менен туған үл болсаң,

Бөкенбай, қалма артынан!—

дейді . Мүнда Қобыланды батыр өзінің

Қарсыласы Шошай ханның қазақ елі үшін осал жау емес екенін меңзеп айтып отыр.

Мүндай көркемдік дәстүр қырғыз елінің „Манас» эпо- сында да өз көрінісін тапқан. Мүнда Манас батырдың кел- беті, дүлей күш-қайраты Оғыз батырды еріксіз еске түсіреді. „Манас» эпосында төмендегідей жыр жолдары бар:

Көкірегі кең, шалқақ төс,

Жауырыны кең, бекем бел.

Айбаты басым, зәрі күш Піл мүшелі көрінед.

Жолбарыс мойын, сом білек Бөрі қүлақ, ер жүрек

Бөлекше түрі бар екен,—

Дейді .

Сонымен, бүкіл түркі тілдес халықтардың ортақ мұра- сы болып табылатын „Оғыз қаған» дастаны мен қазақтың батырлық жырларының арасындағы дәстүрлі көркемдік байланыс бар екенін айқын көреміз. Шынында да Оғыз ба- тыр жайындағы дастан мен қазақтың батырлық жырлары, аңыз-ертегілері арасында сюжеттік, стильдік, образдық, тілдік үқсастықтар мол болып келеді. Айталық, Оғыздың жанкешті ерлігі қазақтың кезінде жоңғар қалмақтарына қарсы шыққан жаужүрек батырларын еріксіз еске сала- ды.

Оғыз батырдың Көк Тәңірге табынып отырған сәтінде аспаннан шүғылалы нүр-сәуле түсіп, ішінен сүлу қыздың жарқ етіп шыға келуі немесе көктен түскен көгілдір нүр ішінен көк бөрінің шыға келіп, Оғыз әскеріне жол бастауы сияқты көріністер қазақ ауыз әдебиетінде де жиі үшырай- тын бейнелер болып табылады. Ал, мүның өзі кездейсоқ үқсастық емес, сан ғасырлық тарихы мен тағдыры тығыз байланысып жатқан оғыз және қыпшақ тайпаларының эт- ностық туыстығынан туындайтын қүбылыс болып табыла- Ды.

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля