Суық қозгалтқыш іске қосылмайды немесе қиын іске қосылады

18 ноября, 2017 15:08

Негізгі себептері:

•       іске қосу бүріккіші немесе оның тізбегінің ақаулығы (іске қосу бүріккіштері бар автомобильдерде);

•       жанармай қысымының төмен болуы, қысымның мүлдем жоқтығы;

 

.

•       салқындату сұйықтығының температурасы сезгісінің тізбегіндегі ақаулык;

•       иінді білік айналу жиілігі сезгісінен төменгі белгі берілуі немесе оның мүлдем жоқтығы;

•       енгізу коллекторынан ауаны сору;

•       дроссельді қақпақша потенциометрінің ақаулығы.

Қызып тұрган қазгалтқыш іске қосылмайды немесе қиын қосылады. Негізгі себептері:

•       қозғалтқышты тоқтатқаннан кейін жанармай қысымының тез төмендеуі;

•       салқындату сұйықтығының температурасы сезгісі тізбегінің ақау- лығы;

•       абсолютті қысым сезгісі тізбегінің ақаулығы;

•       шығын өлшегіш тізбегінің ақаулығы.

Бос жүріс режимінде қозгалтқыш іске қосылады және өшіп қалады немесе түрақсыз жүмыс істейді. Негізгі себептері келесілер болуы мүмкін:

•       бос жүріс жүйесінің ақаулығы;

•       енгізу коллекторынан ауаны сору;

•       жанармай қысымының дұрыс болмауы;

•       ауаның шығын өлшегіші тізбегінің ақаулығы.

•       Бос жүріс режимінде иінді біліктің айналу жиілігінің аса жогары бо- луы. Негізгі себептері: ақаулығы;

•       дроссельді қақпақша күйінің сезгісі тізбегінде ақау болуы;

•       енгізу коллекторынан ауаны сору жэне т.б.

Жанармай шыгынының жогары болуы, көміртек қышқылы қүрамының жогарылауы. Негізгі себептері келесілер болуы мүмкін:

 

•       бос жүріс жүйесі жұмысының

•       жанармай қысымының жоғарылауы;

 

•       абсолютті кысым немесе ауа шығдын өлшегіш тізбегінің ақаулығы;

•       жанармай қысымын реттегіші диафрагмасының бүлінуі;

•       салқындату сұйықтыгының температурасы сезгісі тізбегінің ақаулығы.

Қозгалтқыш толъщ цуатын өндіре алмайды. Негізгі себептері:

•       абсолютті қысым немесе ауа шығуын өлшегіш тізбегінің акаулығы;

•       отын сорғысының өндірімділігінің немесе қысымның дүрыс бол- мауы;

•       бүріккіштердің бітелуі;

•       жүйе кедергісінің жоғарылауы.

Автомобилъ жүктемеде кідіріспен жұмыс істейді. Негізгі себептері.

•       абсолютті қысым немесе ауа шығуын өлшегіш тізбегінің ақаулығы;

•       дроссельді қақпақша күйінің сезгісі тізбегінде ақау болуы;

•       бүріккіштердің бітелуі;

•       отын сорғысының өндірімділігінің немесе қысымның дүрыс бол- мауы.

Электрлі отын соргысын тексеру. Автомобиль жанармай багында орналасқан электрлі отын сорғысы бөлшектенбейді жэне жөндеуге жат- пайды. Егер оның жұмысында ақаулық пайда болса, оны жаңасына ау- ыстырады. Отын сорғысын шешіп алу үшін аккумулятордың «масса» кабелін жэне электрлі сымдарын ажыратады (сымдарды шешу алдында оларды белгілейді). Электрлі бензин сорғысынан электр сымдарын ажы- рату қажет. Жанармай жүйесінде қысым болуы мүмкін, сондықтан жа- нармай кұбырларын шешу алдында ажырату жерлерін қалың матамен жа- бады.

Егер жанармай құбыршектері толық ажыратылатын болса, оларды жабысқақ таспамен белгілеп қою қажет. Қысқыштармен жэне тығындармен жанармай құбырларын бітеп, жанармай багынан отын сорғысын шешіп алады.

Электрлі бензин сорғысын қайта тізбек бойынша орнатады. Орнат- қаннан >кейін козғалтқышты іске қосып, жанармай құбырларының жалғаныстарынан отыннын ақпауына көз жеткізеді.

Қозгалтқыш іске қосылмайды. Стартерді косқаннан кейін отын сорғысы жұмысында шу байқалмаса, бұл жағдайда сорғы тұрғысынан ақырын соғып және көп жағдайда пайда болатын қажалуды жояды. Егер ол көмектеспесе, электр түйіспелердің жағдайын және сорғы қозғалтқышына келетін кернеуді тексереді.

Бүрку жүйесі бар кейбір автомобильдерде жанармай жүйесіне жөндеу жұмыстарын жүргізер алдында жүйедегі қысымды төмендетеді. Бұл үшін беріліс корабының иінтірегін бейтарап күйге қойып жэне автомобильді

 

тұрақ тежеуішімен тежейді. Содан кейін электрлі бензин сорғысының электр сымдарын ажыратады. Қозғалтқышты іске косып жэне оны өзі тоқтағанша жұмыс істетеді. Бұл кезде жүйедегі қалған бензин жұмсалып кетеді. Содан кейін стартерді 3 секунд қосып, жанармайдың қалған қысымын төмендетеді.

 

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля