27 ноября, 2017 15:09
Қысқаша сюжеті мынадай болып келеді.
Қазан өз үйін өзі тонауға береді. (Өз үйін өзі тонауға беру — ежелгі бір салт па, әлде қолбасшыға соғыстан жи- налған олжаны бөлісіп алудың тәсілі ме, әзірше ғылымға бұл мәселе айқын емес). Мұндай тонауға бүкіл оғыз елі, яғни „үш оқ» (ішкі оғыз) та, „боз оқ“ (сыртқы оғыз) қатысуы керек еді. Бірақ Қазанның үйін тонау салтанатына тек ішкі оғыздар ғана келеді.Ал, Қазанның нағашысы Аруз-қожа бастаған сыртқы оғыздар өкпелеп, бүл салтанатқа келмей қалады. Олар келмек түгіл, енді қалайда Қазанға бір жамандық істеу жолын іздей бастады. Осындай мақсатпен Аруз-қожа ішкі оғыздардың беделді бегі, батыры Бамсы-Бейректі шақыртып алады. Сөйтіп, оны Қазанға қарсы шығайық деп азғырады. Бірақ мүндай опасыздыққа адал жүрек Бамсы-Бейрек сірә көнбей қояды. Бектер бегі Қазанға адалдығы үшін Аруз-қожа оны зүлымдықпен өлтіреді.
Бамсы-Бейректің өлімі жөніндегі суық хабар күллі оғыз елін дүр сілкіндіреді. Ашу-ыза кернеген ішкі оғыздар дереу сыртқы оғыздардан қанды кекті қайтаруға бел бай- лайды. Қазанның өзі бастаған қалың қол сыртқы оғыздарға қарсы соғысқа аттанады. Аласапыран, қым- қиғаш шайқас басталады. Осы соғыста екі елдің арасына іріткі салған Аруз-қожа өледі. Жыр осымен бітеді. Соны- мен оғыздардың бір-біріне қарсы екі топқа бөлініп кетуіне не себеп болды? Жырда бүл сауалға айқын, дәлелді жауап жоқ. Шамасы Бамсы-Бейректің өлімі туралы жыр оғыз бектерінің билік үшін өзара қырық пышақ болып, жаула- сып жүрген кездерінде өмірге келсе керек. Бүрынғы жырларда — қалың оғыз (яғни күллі оғыз елі деген матердің бегі Са- лар Қазан (Қазанбек), күйеуі жорықта жүргенде ер кісілерше қару алып асынып, жауға қарсы тайсалмай, қан майданға шыққан Қазанбектің әйелі Бөрте сүлу, оның үлы Оразбек, әділдік үшін ажалға бас тіккен Бамсы-Бейрек деу- ге болады. Сонымен бірге, жан алғыш әзірейілге қарсы шыққан ер Домрул, жалғыз көзді дәуді айламен өлтіретін батыр Бисат, күш-қуаты өзінен кем түспейтін қалыңдық іздеген алып Қан-Түралы, алпыс батпан салмағы бар шоқпарды үстап соғысқан Директі жеңіп, өз әкесі Қазылық-қожаны жау түтқынынан босатқан ер Жүгенек — Қорқыт дастанының басты қаһармандары саналады. Оғыз елінің шекарасын жаудан қорыған алып Бегіл мен оның ержүрек үлы Әмрен, ағалы-інілі Егрек пен Секрек батырлар, ел басқарған Баяндыр хан, Дерсе хан, оның ба- ласы Бүқаш батыр, т. б. жырда жарқын бейнесі жасалған.
Бүлардың ішіндегі ең басты қаһарман — Қазанбек. „Қорқыт ата кітабының» тең жартысынан астамы Қазанбектің ел қорғаған ерлігін, ел-жүртқа жасаған ізгілікті істерін жырлауға арналған. Қазанбек бүл шығарманың сюжетіне негіз болған тарихи адам. Сондай- ақ, „Көроғлы» және „Жүсіп пен Ахмет» сияқты түрікмен халқының эпостарында да Қазанбектің есімі жиі-жиі айтылады. Қазанбектің тарихи болмысы жөніндегі кейбір деректер Абылғазының шежіре-кітаптарында да кезде- седі.
Қорқыт дастанының халықтық сипаты шығарманың сюжетінен, идеялық бағыт-бағдарынан айқын көрініп түр. Туған жерін, елін, өз Отанын сыртқы жаудан қорғау үшін ажалға бас тігіп, қан майданға шыққан алыптардың өрлігі, жауынгерлік ерлігі зор шабытпен жырланады. Дастанда ел үшін жан пида еткен үлдарын күллі оғыз-қыпшақ жүрты мақтаныш тұтып, олардың ерлік істерін өлең- жырға қосып айтады. Автор ерлік, әділдік, адамгершілік, ата-ананы қүрмет түту, уәдеде түру сияқты ізгі қасиеттерді ту етіп көтерген. Шығарма қаһармандары қорқақтық пен опасыздыққа, әділетсіздік пен зұлым- дыққа, әдепсіздік пен сараңдыққа қарсы күреседі.
Сондай-ақ, „Қорқыт ата кітабының» халықтық сипа- тын дастандағы қарапайым еңбек адамдарының зор ше- берлікпен жасалған ғажайып бейнелерінен де көруге болады. Мәселен, оғыз-қыпшақ елі, әсіресе, қойшының ауыр еңбегін құрмет тұтқан. Жырда ол жөнінде зор ілтипатпен айтылады.
Тегінде „Қорқыт ата кітабындағы» он екі жырдың әрқайсысы кезінде өз алдына жеке-жеке дастандар күйінде өмірге келген болса керек. Қорқыт ата есімімен байланысты бұл жырлар кейінірік жинақталып, белгілі бір жүйеге келтірілген секілді. Өйткені „Қорқыт ата кітабына» енген жеке жырлар кейде бір-бірімен үйлеспей, өзара қабыспай жатады. Қорқыт дастанындағы он екі жырдың кейбіреулері бір қаһарман арқылы, бірдей оқиға бойынша өзара байланысты десек те, бірақ олар кітапта хронологиялық тәртіп бойынша орналаспаған. Мәселен, Қазанбек батыр жөніндегі жырлар топтамасын алайық. Бүл топтамаға екінші, төртінші және он бірінші жырлар енеді.
„Қорқыт ата кітабында» алып Қазанбек туралы хикая екінші жырдан басталады. Бүл екінші жырда Қазанбекүлы Оразбек ер жеткен жігіт, бек, тіпті үш жүз батырды басқарып, әкесі аң аулауға кеткенде ел күзетіп қалады. Ал, кітапта бүдан кейін келетін төртінші жырда Оразбек әлі кәмелетке де тола қоймаған, соғысып көрмеген, қылышты жөндеп үстай алмайтын бала-жігіт. Он бірінші жырда Қазанбектің баласы әлі ақыл-есі кірмеген жас нәресте ретінде суреттеледі.
Кітаптағы тағы бір осындай композициялық олқылық туралы айта кетейік. Сегізінші жырда Төбекөздің қолынан қаза тапқан кейбір қаһармандар бар. Сол алғашқы жырда өліп қалған қаһармандар кейінгі хикаяларда, дәлірек айт- сақ, он бірінші жырда Қазанбекті түтқыннан қүтқарады.
Мүның бәрі „Қорқыт ата кітабындағы» он екі жырдың әрқайсысы алғашында жеке-жеке, дербес дастандар түрінде өмірге келгенін, кейінірек жинақталып, түтас бір шығармаға айналғанын, сол бөлек-бөлек жырлардың ба- сын қосу кезінде композициялық кемшіліктер орын алғанын дәлелдейді.
Егер біз „Қорқыт ата кітабындағы» жырларды оқиғалардың қисын жүйесі бойынша ретке келтірсек, он- да он екі жыр мынадай тәртіп бойынша орналасқан болар еді: VIII, I, III, IV, XI, II, V, VI, VII, IX, X, XII.
Бүл дастанның композициялық ерекшелігі — мүндағы өлең шумақтары шығарманың прозалық мәтініне сіңісіп кеткен. Түркі тіліндегі дастандарда қара сөздің өзі қүдды жыр жолдары секілді ішкі үйқаспен тақпақталып айты- лып, дыбыстардың өзара үйлесуі арқылы беріледі ғой. Сон- дықтан, „Қорқыт ата кітабын» түңғыш рет орыс тіліне аударған академик В. В. Бартольд контекстегі өлең жолда- рын жеке дара бөліп көрсетпеген. Қорқьгг хикаясындағы өлең мен қара сөзді бір-бірінен ажырату қиын екенін дәлелдейтін бір мысал келтірейік. „Тізесін бүгіп отырған инабатгы әйел көрікті. Сақалынан ағарған баба көрікті. Сүйікті ағайын-туған көрікті. Үлкен шаңырақ үйдің қасына тігілген келіншек отау үйі көрікті». Міне, бүл не? Поэзия ма проза ма? Мүнда өлеңге тән элементтер — үйқас та, ал- литерация да, ассонанс та, сөздің интонациялық дербестігі де бар. Бірақ мүнда поэзия атаулыға тән ең басты қасиет — қызбалық (эмоция) жоқ.
Ал, „Қорқыт ата кітабының» көне түркі тіліндегі түпнүсқасындағы сөздің ритмикалық қүрылысы мен эмо- циялық интонация бір-бірімен үйлесіп, түтасып жатады.
Хан қызы йерімдән түрайынмы?
Иақаңла боғазындан түтуйынмы?
Қаба онджам алтына салайынмы?
Қара полат уз қылыджым алума алайынмы?
Уз гедакдан башыңы қасайинмі?
Жан сулусын саңа білдірайінмі?
Аладжа қаның йер йузүна декайінмі?
Хан қызы сабабі надур дегіл маңа
Қатты казаб ідарум шімді саңа .
Мазмүны:
Хан қызы, мен орнымнан түрайын ба?
Жағаңа жармасып, алқымыңнан алайын ба?
Сені таптап, табаныма салайын ба?
Қолыма қара болат қылышымды алайын ба?
Өмірдің тәтті екенін сездірейін бе?
Алқызыл қаныңды жерге шашайын ба?
Хан қызы, себебі не, деші маған,
Қатал жаза қолданам енді саған.
„Қорқыт ата кітабында» өлеңнің буын саны қүбылып, әртүрлі болып келеді. Тіпті бір өлеңнің өзінде — үш буын- нан бастап, он алты буынға дейін бола береді:
Марақ Қазан
Дунлугу алтын бан ауыңі гатурмішмуз Бізімдүр
Қырық інджа беллу қыз іла
Бойу узун Бурла хатуны гатурмішуз
Бізімдүр
Қырық йігіт іла оғлун Урузы гатурмішуз Бізімдүр
Таубла таубла шахбаз атларуң Қатар қатар дауаларуңг гатурмішуз Бізімдүр .
Мазмүны:
Ей, Қазан!
Біз кеше алтын шатырлы үйіңді алып кеттік —
Ол біздікі.
Сүңғақ бойлы қырық қыз бен,
Үзын бойлы Бөрте қатынды әкеттік —
Ол біздікі.
Үйір-үйір сәйгүлік аттарыңды Қатар-қатар тізілген түйелеріңді әкеттік —
Ол біздікі.
Қорқыт дастанында көркем сөздің мәнерлілігін күшейте түсу үшін ежелгі тәсілдердің бірі — қсійталау — алли- терация кеңінен қолданылады. Әсіресе бүл жырда бастапқы дыбыстардың аллитерациясы (қайталануы) жиі үшырайды.
Мысалы:
Сандан соңра бір йігіді
Севур варсам біла йатсам
Мазмүны:
Сенен кейін бірде-бір жігітті, Сүйе алмаймын мен енді.
Сондай-ақ шығармада жеке сөздерді қайталау әдісіне қүрылған аллитерация да аз емес:
Оғул о үлғай оғул
Білмазмісін налар олды .
Мазмүны:
О, үлым менің, үлым-ай
Сен не болғанын білмейсің ғой!
Өлең жолының басында белгілі бір әріптерді немесе бірдей сөздерді қайталау — анафора әдісін ежелгі ақындар зор шеберлікпен қолдана білген. Дыбыстық ана- фораға мысал келтірейік:
Қаршы йатан Қара тағлар эсен олса ел йайлар
Қаңлу қаңлу сулар эсен болса қанын ташар
Қара коч атлар эсен олса қүлун тоғар
Қайтабанда қызыл дава эсен олса торум верар .
Жолма-жол аудармасы:
Қарсы жатқан Қара таулар есен болса ел жайлар,
Қан қүйылған сулар есен болса — жерге береке берер, Алып аттар аман болса — қүлын туылар,
Қаз тізілген қызыл түйелер аман болса — бота туылар.
Лексикалық анафораға мысал:
Ағ алларі ардына баглу дійайінмі
Ағ бойныңда қыл уркан тақылу дійайнімі (240, 87).
Жолма-жол аудармасы:
Аппақ қолдарың артыңа байлаулы дейін бе?
Ақ мойныңа қыл арқан салыпты дейін бе?
Сонымен бірге бүл дастанда синтаксистік анафора және эпифора сияқты қайталау әдістері де кеңінен қолданылған.
„Қорқыт ата кітабы» ғажайып эпитет, теңеу, қанатты сөздерге, мақал-мәтелдерге мейлінше бай. Мәселен, Жүгенекті: „Жауға тау қыранындай қарсы шабатын» ба- тыр, ал мінгені „жел жетпейтін түлпар — торы айғыр», сондай-ақ Жүгенек „бар жігіттің арқасы, бар үлыстың үміті, Түркістанның тірегі, таулы қүстың үрпағы, Қарашықтың қабыланы» дейді.
Қорқыт жырындағы кейбір жеке сөздердің қүрылысы Орхон жазуындағы Білге қағанның сөзіне өте-мөте үқсас болып келеді. Ажал әкеген Әзірейілмен айқасқа шыққан Домрул алып былай дейді:
Менің көрер көзім көрместей болды,
Түтар қолым түтпастай болды.
Ал „Күлтегін» жырындағы Білге қаған да осылай сөйлейді:
Інім Күлтегін керек болты,
Өзім сақынтым,
Көрер көзім көрместей болты,
Өзім сақынтым.
„Қорқыт ата кітабының» тіліне келетін болсақ, мүнда оғыз тілімен қатар қыпшақ тілінің де ықпалы кәдімгідей сезіліп түрады. Әсіресе кітапта қыпшақ тілінің әсері мал аттарын көрсетуде жиірек кездеседі. Мәселен, қүлын, айғыр, бозайғыр, бүқа, қүлан, қыран, т. б.
Қорқыт кітабында үй түрмысы мен көшіп-қонуға, тағам атауларына қатысты сөздерде көбіне қазақ тілінің элементтері болып келеді: тұрақ, орда, юрт (жүрт), үлес, үй, юк (жүк), қойма, қоңсы, айран, қымыз, ет, т. б.
Мүнда музыка өнеріне қатысты — қобыз, сарын, дау- ылпаз (Мәселен, Ораз дауылпаз үрдьі), сайрамақ, тулен (тарту) сияқты сөздер кеңінен қолданылған.
Әрине, қан майдан соғыс картинасы жасалған түстарда қазақтың ежелгі әскери сөздерін (үран, ер, алып, жарақ, қосын, қалқан, т. б.) еркін пайдаланады.
Мұндай мысалдарды „Қорқыт ата кітабынан» көптеп келтіруге болар еді.
Дастандағы қазақ қауымының ежелгі түрмыс-салтына, әдет-ғүрпына қатысты жеке сөздер ғана емес, сонымен бірге, ондағы теңеулер, өлең қүрылысы, жалпы поэзия та- биғаты шынында да қазақ өлеңдеріне мейілінше жақын екенін төмендегі мысалдардан көруге болады:
Қайтабаның майнасын жүклу қадум,
Нар ма дүр майа ма да дур аны білсам.
Қара ілум қойнунуну жүклу қадум,
Қочмы дүр қойынмы дүр аны білсам.
Ала көзлу көріклу халалым жүклу қадум,
Экрамы дүр қызымы дүр аны білсам (240, 97).
Мазмүны:
Үйде түйем буаз күйінде қалып еді,
Нар туады ма, мая туды ма, соны білсем.
Қорамда қойым да буаз қалып еді,
Қошқар ма, саулық туды ма, соны білсем.
Қара көзді сүлу жарым жүкті болып қалып еді,
Үл туды ма, қыз туды ма, соны білсем.
Сондай-ақ, жырдағы адам аттары мен кітаптың топо- нимиясы да бүл шығарманың ежелгі қазақ даласында ту- ылғанына дәлел. Қорқыт хикаясында жиі ұшырайтын атаулар — Алатау, Қаратау, Қазықұрт, Қазылық тауы, Көкше теңіз (Балқаш көлі), Арқа белі сияқты жер-су атты. Мұның бәрі жырдағы тарихи оқиғалар, тарихи адамдар байырғы қазақ даласында болғанын көрсетеді.
Оның үстіне, ой атасы Қорқыт айтқан мақал- мәтелдер, қанатты сөздер, ұтымды фразеологиялық тіркестер ғасырлар бойында онша өзгеріске ұшырамай, сол күйінде қазақ қауымы арасында ауызша да сақталып келген. Қорқыт дастанында ақыл-ойдың алыбы Қорқыт ата айтгы деген қанатты сөздер, мақал-мәтелдерге айна- лып кеткен фразеологиялық сөз тіркестері, өсиет-нақыл сөздер көп. Бүлардың бәрі дерлік сан ғасырлар бойы қазақ қауымы арасында ауызша тарап, үрпақтан-ұрпаққа ауысып, бүгінгі күнге дейін рухани қазына ретінде сақталып келеді. Қорқыт кітабынан бірнеше мысал келтірейік: „Жер қадірін ел біледі, ел қадірін ер біледі», „Қулан қудыққа туссе, қурбақа қулағында ойнайды», „Көп қорқытады, терең батырады», „Қыз анадан көрмейінше улгі алмас, ул атадан көрмейінше улгі алмас», „Ежелгі жау ел болмас, ескі мата жіп болмас», т. б.