13 марта, 2018 17:45
Сөздердің сипатталу мазмұнына карай түсіндірмелі сөздік, аударма сөздік, энциклопедияльщ сөздік болып бөлінеді. Түсіндірме сөздік те, аударма сөздік те, энциклопедиялық сөздік те сөздердің мағынасын сөз ете отырып, мысалдар аркылы дэйектейді. Окулықта ең негізгі деген сөздіктер сөз болады.
Түсіндірме сөздік
Сөздіктердің ішінде сөздердің мағыналарын аныктауда ең көлемдісі осы — түсіндірме создік. Тілдегі бар сөздер алфавит тәртібімен беріледі де, оның магыналары мысалдар аркылы түсіндіріледі. Бір сөздің канша магынасы болса, соншасы жеке-жеке түсіндіріліп, контекс арқылы ашылып отырады. Қазіргі Колымызда бар түсіндірме сөздіктің саны — 10 том. Әр томның көлемі орта есеппен 70 баспа табак. Ал бүкіл сөздіктің жалпы көлемі — 700 баспа табақ. Бұл сөздікті «коп томдык», «академиялық сөздік» деп те атайды.
Создіктің басты мақсаты- қазақ тілінің сөздік кұрамын түгел камтып, тіліміздің лексика-грамматикалык, фразеологиялык, семантикалык байлығын көрсетіп, колданылу аясы мен жұмсалу орнын анықтау.
Сөздік жасауда тіліміздегі барлык сөздердің қамтылуы, сөз магыналарының анык түсіндірілуі, сөз мағыналарын өзі катысты лексикалық топтардағы баска сөздермен байланыстыра ашу; тіліміздегі создердің грамматикалык байланысын, колданылатын орнын аныктау сиякты мәселелер ескерілуі тиіс.
Қазақ тілінің тұсіндірме сөздігінде көнерген сөздер, тарихи сөздер, кәсіби сөздер, кітаби лексика, өзге тілдерден ауыскан кірме сөздер, варианттар т.б. лексикалык топтардың бэрі камтылған.
Түсіндірме сөздік ұлт мәдениетінің каркындап өскен шағында, әдеби тілдің біркалыпка түскен уақытында жасалады. Бүкіл баспасөз, мектеп, радио, теледидар және тағы да басқа әлеуметтік тұрмыс салаларының бәрі де жүйеленген нормативті сөздіктермен ғана жұмыс істейді. Сондыктан да казірде Елбасының 2003 жылғы сәуір айында Қазақстан жұртшылыгына арналған жолдауына орай жасалған Республика Үкіметінің «Мәдени мұра» атты бағдарламасына сэйкес, А.Байтұрсынұлы атындагы Тіл білімі институты мәдениет министрлігі, Акпарат жэне коғамдық келісім министрліктерінің колдауымен 2003-2006 ж.ж. аралығында қазақ тілінің он бес томдық түсіндірме сөздігін кұрастыруда.
Бұндай көлемді де жауапты түсіндірме сөздіктерге деген коғамның сұранысы жылдан-жылға артып отыр. Тілдің лексика-фразеологиялык байлыгы халыктың ғасырлар бойғы дүниетанымын, тэжірибесін, рухани байлығын танытатын семиотикалық жүйе болғандықтан оны барынша камтып, иллюстрациялык (дәйектемелік) материалдарын да сұрыптауга тура келеді.
Болашак сөздіктегі жеке сөздердің саны жүз мың шамасында, ал тұракты тіркестердің, тіркесті сөздердің саны шамамен 30 мыңдай, барлығы 130 мыңдай сөздік бірлікті қамту көзделіп отыр.
Түсіндірме сөздік біріншіден, жалпы тіл біліміндегі жетістіктерге негізделген ғылыми сөздік, екіншіден, бүкіл мәдени өмірдегі созқолданыстың нормасын белгілейтін нормативті сөздік, үшіншіден, тілдің казіргі жағдайын бейнелейтін сөздік болуы шарт.
Сөздікте реестрге алынған сөздердің кай сөз табына катысты екендігін көрсететін грамматикалық белгілер қойылады. Аталмыш сөздікте сөздердің колданылу аясы мен жұмсалу ортасы, эмоционалды-экспрессивті реңін сипаттайтын белгілер де көрсетіледі. Мысалы, әдеби тілдің белгілі бір саласында ғана колданылатынын көрсететін белгілер кэсіб деп, кәсіби лексика кітап, діни сөз діни, мифологиялык сөз миф, көнерген сөз квне поэтикалық сөз поэт деп белгіленсе; әдеби тіл шеңберінен тыс қолданылатын тұрпайы сөз турп; карапайым сөз қарап; диалектілік лексика диал; деп көрсетілсе, ғылымның арнайы саласында ғана жұмсалатындығын көрсететін биология биол; химия хим; медицина мед; т.б. деп белгіленеді.
Реестр сөздің анықтамасы, оның кай тілдің сөзі екендігін, яғни шығу төркіні мен кай стильге жататындығы мен грамматикалык белгілер сөздік мақала деп аталады. Бұл термин казак лексикографиясында 1970 жылдардан бері колданылып келеді.
Сөздік мақалага төмендегідей аныктама беріледі. Сөздік мақала — түсіндірмелі сөздік пен біркатар көрсетпелі (демонстрирующие) сөздік типтерінің сөздік тұлға мен оның сипаттамасынан тұратын негізгі кұрылымдык бірлігі [51.41].
А.Е. Карповичтің пікірі бойынша түсіндірме сөздіктің сөздік макаласы — сөздікте сөздік тұлғамен басталып, сол сөздік тұлға мен туынды құрамды вакабулаларға жан-жақты тілдік сипаттама жасалуын қамтамасыз ететін шартты түрде дербес бөлік [25.207].
Сөздік макаланың бір түрі — сөздік ұя деп аталынады. О.С. Ахманованың сөздігінде: бір сөздік мақала түрінде берілген морфологиялық тұрғыдан біріккен сөздердің тобы түрінде беріледі [4.109].
А.Е. Карпович сөздік ұяға «вокабулалардың арасындағы туындылык катынастарды көрсету максатымен лексикографтар тарапынан түзілетін сөздік мақаланың бір типі» — деген аныктама береді [25.207].
Сонымен сөздік үя дегеніміз ұялық тәсіл негізінде құралған, басты нысаны — морфологиялық немесе семантикалық тұрғыдан туынды, өзара байлаулы элементтер болып табылатын сөздік мақала түрі.
Сөздікте фразеологиялар сөз мағыналары талданған соң ♦ белгіден кейін келеді. Сонымен катар әр сөздің мағынасы түсіндіріліп, кемі 2-3 мысал аркылы аныкталады.
Жуык арада жұртшылыкка ұсынылатын казақ тілінің 15 томдык түсіндірме сөздіктегі келтірілген мысалдар Абай, Жамбыл, Махамбет шығармаларынан, зұлмат кұрбаны болган А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов, Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин т.б. көрнекті калам кайраткерлерінің туындыларынан алынбақшы. Бұған қоса эпостық жанрлар, қисса-дастандар, тарихи жырлар, фольклорлық шығармалар, ХҮІИ-ХХ г.ғ. ақын-жыраулар өлеңдері; «Дала уалаяты», «Түркістан уалаяты», «Айқап», «Қазақ» тәрізді — мерзімді басылымдары ұлттык сөздік қордың ұйытқысы болып табылады. Әрине, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин сияқты кеңес дәуірдегі алып тұлғалардың да туындылары аталмыш сөздіктен ерекше орын алмак.
Бір тілді түсіндірме сөздік — эрі аныктамалык кұрал, эрі дидактикалык құрал, әрі ғылыми зерттеу кұралы болып табылады. Төмендегі мысалдар сөздіктің кұрылысы жөнінен мәлімет береді.
Теңдік зат.
- Барлық жағыиан бірдей, тең болушылық. Достыққа бірлік пен теңдіқ керек (макалнама). Біз достық пен теңдіктін, туысқандықтыц туын көтереміз. (Б.Момышұлы, Таңд. шыг.). Адамдарга азаттық, бейбітшілік, теңдік, туысқандық, достық әкелуші көп санды халықтың гана ұлы деп аталуга қақысы бар. (Ә.Нұршайықов. Ақиқат пен аңыз)
- Тец праволылық, еркіндік, бостандық.
Ел ішінде әділдік жойылды. Жарлы-жақыбайга теңцік тимейтін болды. (Х.Досмұхамедұлы, Шыг.). Теңдік заманы туды, әр жұрттың өз тізгіні өзіне берілді (М.Дулатов). Біз сияқты кемдікте, қорлықта жүрген ұлттарга тендік береді. (Ж.Аймауытов, шығ.) Әйел теңдігі. Әйелді еркекпен тец праволы деп саиау зацы. Бірақ үлы мақсатты тілектердің бірі- эйел тепдігі әлі де көңілдегідей жүзеге асқан жоқ (М.Дулатов). Әйел тепдігіне немқұрайды қараушылық, жастардың сүйгенімен қосылуына кедергі жасаушылық жиырмасыншы, отызыншы жылдар былай тұрсын, осьі күннің өзінде аз-кем кездесіп қалып отырады. (Р.Бердібаев Гүлістанның бұлбұлдары). Жаңыл кедей-кепшіктерді жинап жіберіп, жиналыс өткізді. Әңгіме әйсл тецдігі жайлы еді. (С.Сарғаскаев). Теңдік бермеді. Ырық бермеді, конбеді, бой бермеді. Қазақ жолына жүгінсе, жүніс теңдік бермейді. Заң жолы- үзақ (Ғ.Мұстафин). Енді өз бетімше қам жасап көрмесек, таң атқасын оның теңдік бермейтіні рас. (Ә.Сәрсенбаев). Сондықтан осындайда әр ел өз дегеніне жетіп, өз билігін өзі алып қалмаса, ертең әркім буынын бекітіп. күшін жинап алган соң езі шыққан тауы биік болганын артық көреді. Қолдан теңдік бермейді (М.Дулатов). Теңдікке жеткізу. Теңдікке ие болды, қолы жетті. Езілген еңбекші елді, жалшыларды теңдікке жеткізуге, тегістік түрмысын орнатуга жанымьізды қүрбан етеміз. (Ж.Аймауытов). Халықты оятып, көзін аиіып, теіідікке жеткізудің қамын ойлауымыз керек. (М.Дулатов). Теңдіккс жетсек те, жүрттыгымызды сақтасақ та, дүниеден сыбагалы орнымызды алсақ та, бір гана оқудың арқасында аламыз (М.Дулатов).
Түсіндірме сөздіктер адамзат тарихының әркилы кезеңдерінде әртүрлі мақсат-мүдделерге сай, алуан түрлі жүйе мен құрылымда жасалып келеді. Мәдениет үлгілері ертерек хатка түсіп, жазба дәстүрі үздіксіз дамып келе жаткан елдерде бұл сала — халықтың білім мен біліктің шежіресі іспеттес[53.5].
Сонымен қазак түсіндірме сөздіктерінің қай-қайсысы да кай кезде де түркі тілдерінің түсіндірме сөздіктері арасында сапалы да кұнды туынды саналғаны белгілі. Сондықтан да жакын арада басылып шыгатын қазак тілінің түсіндірме сөздігі де көпшіліктің ойынан шығатын, коғамның сұранысын өтейтін сөздік болатынына күмәніміз жоқ. Қазіргі кезде еліміздің егемендікке кол жеткізген тұсында кейбір сөздер пассивтеніп, көптеген сөздер активтене бастады, бірсыпыра сөздің мағынасы қайта жаңғырды. Осындай сөздер жүйесіндегі өзгерістерді сөздік аркылы жеткізіп, бір нормаға түсіру өркениетті қогам үшін аса маңызды, мемлекеттік мәні бар іс болмақ.
Аударма сөздік
Аударма сөздіктер жасау мәселесі бұрынырықта-ақ жолга койылған болатын. 1946 жылы «Орысша- казақша сөздік», 1954 жылы бір томдык «орысша-казақша сөздік», 1954 жылы Х.Махмудов пен Ғ.Мұсабаевтың «казакша-орысша» сөздігі жарық көрген болатын. 2001 жылы жалпы редакциясын Р.Ғ.Сыздыкова мен К.Ш.Хұсайынның баскаруымен «казакша- орысша сөздігі» басылып шақса, сол жылы Қ.Бектаевтың «Үлкен казакша- орысша, орысша-қазакша сөздігі» жарык көрді.
Бұл сөздік 3 бөлімнен тұрады. Қазақша-орысша, орысша-казақша жэне 750-ден астам жалғаулар мен сөздерді жинақтаудың алгоритмі берілген үшінші бөлім.
Аударма сөздіктер көпшілік кауымға арнала отырып, казақ тілінің сөз сбайлығын үйрену, меңгеру үшін баға жетпес еңбек болып табылады. Қазакша- орысша (және керісінше) сөздіктерден баска «Ағылшын-қазак сөздігі» (1960), «Моңғолша-казақша сөздік» (1954,1977), «Арабша-казақша түсіндірме сөздік» (1969, 1984), «Парсыша-азакша түсіндірме сөздік» (1974), «Қазақша-
ағылшынша сөйлесу» (1966), «Қазақша-немісше сөйлесу» (1968) сияқты сөздіктер де шықты.
Қазіргі уақытта мемлекеттік тілдің коғамдык-әлеуметтік қолданыс аясын кеңейту мен оны дамытудың бір жолы — жоғарғы оку орындарында казак тілін мамандыққа байланыстыра окыту.
Осыған байланысты Ф.Оразбаева, А.Мұратбековалардың тарих факультеті студенттеріне қазақ тілін мамандыкка сэйкес окытуға арналған қазакша-орысша сөздігі (2003ж), Ф.Оразбаева, С.С.Сейтеновалардың автомобиль шаруашылығы бөлімінде оқитан студенттерге казақ тілін мамандыкка сэйкес оқытуға арналған казақша-орысша сөздігі (2004ж.) жарық корді.
Сөздіктің алға койған мақсаты — жоғарғы оқу орындарының тарих, автомобиль шаруашылығы факультеттерінде оқитын жоғары оку орындарының студенттеріне қазақ тілін мамандыкка сэйкес қатысым әдісі аркылы оқытуда жиі колданылатын сөздерді оқыту; орыс бөлім студенттерінің казакша сөйлеу тілін коммуникативтік тұрғыдан дамыту; тіл үйренушілердің сөздік қорын мамандыкка катысты лексикамен молайту; катысымдық тұлғаларды сөйлесім эрекетіне (айтылым, окылым, жазылым, тыңдалым, тілдесім) байланысты іске асыру; кәсіби такырыптағы мәтіндерді, баспасөз материалдарын, радио, теледидардан ақпараттық хабарларды түсіну, оку, мазмұндап айта білу [57.3].