25 марта, 2018 22:50
Бұл септіктің қосымшасы -ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті,-н. Осы қосымшалардың ішінде -н тәуелдік жалғаулы зат есімнің үшінші жағынан кейін жалғанады (ел і-н,жер-і-н т.б).
Табыс септігінің негізгі мағынасы қимылга түсетін объектіні білдіреді. Мысалы, Бүркітті көрген түлкі ол кезде тастың үңгіріне кіріп кеткен (С. Мұқанов). Қарапайым жұрттың ішінде беделді Бұланбайды Байжан да катты кадірлейтін еді (Ғ.Мүсірепов).
Табыс септік те ілік септік секілді бірде ашық, бірде жасырын қолданылады. Табыс септіктің косымшалы, косымшасыз формалары тілдің грамматикалык кұрылысының дамуында әрқайсысы өзінше мағыналық реңкке ие болып, әркайсысының қолданылатын орны мен қызметі ажыратылған. Сондыктан да, бұл екі форманың екеуі де тілде күні бүгінге дейін сақталып, кызмет атқарады . Табыс септіктің қосымшалы, қосымшасыз формаларының бір-бірінен сөйлемдегі орны жағынан да айырмашылығы бар. Табыс септіктің қосымшасыз формасындағы сөздің орны түрақты болса, қосымшалы формадағы сөзде ондай тұрақтылык міндетті емес.
Ол сабакты етістікпен тікелей жақын тұрып та, алшақ тұрып та, орын ауыстырып та тіркесе береді. Объектінің сабақты етістікпен тікелей тіркеспей, алшақ қолданылуы, не онымен орны ауысып тұруы оның объекті ретінде түсінілмеуін туғызады. Сондықтан, сөйлемде объекті өз орнында колданылмағанда, оның объекті екенін көрсететін табыс септік қосымшасы жалганады. Өйткені, тілде көне замандардан қалыптасқан заңдылык бойынша объекті тікелей сабакты етістіктің алдынан тіркеседі. Бұл заңдылық бұзылған жерде объекті косымшасыз формада тұра алмайды. Осы жағдайға карап, объектінің сөйлемде өзінің тұрақты орнынан басқа орында қолданылуы тілде табыс септіктің косымшасының пайда болуына себеп болуы да мүмкін деген жорамал жасауға болады.
Табыс септіктің қосымшалы, қосымшасыз формалары жүйесіз қолданыла бермейді. Олардың әрқайсысы белгілі орында қолданылуға бейімделген. Табыс септіктің қосымшалы формасы, негізінен, төмендегі жағдайда қолданылады.сөйлеуші объектіге ерекше мэн беріп, оған көңіл аударғысы келсе, табыс септіктің жалғаулы формасы қолданылады. Мысалы: кітапты бер, журналды оқы, тамак,ты іш, т.б.табыс септіктегі сөздің алдынан жекелейтін, даралайтын, топ заттан бөліп көрсететін анықтауыш тұрса, табыс септіктің косымшалы формасы колданылады. Мысалы: бүл баланы танимын, мьша кітапты окыдым, т.б.жалқы есімдерде табыс септіктің қосымшалы формасы колданылады. Мысалы: Асқарды көрдім, Айжанды шакырдыд.б.тәуелденген сөз табыс септіктің косымшалы формасында тұрады. Мысалы: әкеңді танимын, кітабымды алдым, т.б.табыс септік жалғаулы сөз бен тіркесетін етістіктің арасында баска сөз тұрса, табыс септіктің косымшалы формасы колданылады. Мысалы: киноны кеше көрді, егінді бүгін суарды, т.б. заттанған сөз таптары /сын есім, есімше, тұйык етістік т.б./ табыс септіктің косымшалы формасында қолданылады. Мысалы: жақсыны сыйла, естігенді айтпа, көргенді айт, айтуды ұмытпа т.б. есімдік пен сан есім табыс септіктің қосымшалы формасымен колданылады. Мысалы: мынаны түсіндірші, онды онга кос т.б. объекті бастауыш болып түсінілуі мүмкін кұрылыста табыс септіктің косымшалы формасы колданылады. Мысалы: Жолшыбай кейде биді, кейде қожаны, кейде төрені оңашалап әкетіп, алдағы бір ауылға жақындаганда ғана топқа косылып отыр /Ғ. Мүсірепов/. бастауыш пен толыктауыш бір сөзден болғанда, табыс септіктің қосымшалы формасы колданылады. Мысалы: адам адамдьі сыйлайды, аңшы аңшыны таниды т.б. күрделі етістікпен тіркескен толықтауыштар табыс септіктің косымшалы формасында коданылады. Мысалы: көшті бастап әкетті, жоспарды жүзеге асыру, табысты баянды ету т.б.экспрессивті мағынада жұмсалатын күрделі не косарлы етістіктердің жетегінде айтылатын тура толыктауыштар табыс септіктің косымшалы формасында колданылады. Мысалы: Қатар тұрған екі самауырға таскөмірді тастап-тастап жіберді. Он жеті мың жылқыны жауып жіберіп…, еріксіз көшірмекші /Ғ.Мүсірепов/.Табыс септігіндегі сөз сөйлемде тура толықтауыш кызметін аткарады. Мысалы, Рысқұлов машинаны тоқтатып, жерге түсті (Ш. Мұртаза). Төреші жап-жас қазак балуаны Мұқанды күрес алаңына алып жүрді(М. Тәнекеев).