Тері мен былғары түрлері, өңцеу әдісі және технологиясы

13 декабря, 2017 17:07

Табиғатга кездесетін әрбір шикізаттың өзіндік ерекшелігі, өзіне тән физикалық, механикалық қасиеттері болады. Мысалы, тасқа тән қасиет өте қатты, ағаш — берік, майысқақ, жүн — жұмсақ, жылы, тері мен былғары — созылғыш, жүмсақ әрі жылы. Міне, әр заттың әрқайсысының осындай ерекше қасиеттерін анық білу бұл шикізаттардан тұрмысқа қажетті бүйымдар жасауды меңгеруге жөрдемдеседі.
Былғары дайындалатын бірден-бір шикізат — тері. Теріден был- ғары дайындау өте күрделі, әр адамның қолынан келе бермейтін іс. Теріден былғары жасаудың әр халыққа тән өңдеу, сүрыптау әдістері бар. Қазақ халқы да тері өңдеудің бірнеше түрлерін игерген. Жа- нуарлар мен андардың түрлеріне, тегіне, шикізаттың илену негізіне байланысты былғарыдардың түрлері мен атаулары бірнеше топқа бөлінеді.

Біз ертеден қалыптасып, ел арасына кеңінен тараған, сон- дай-ақ қоғамдық өндіріс орындары арқылы өңделіп алынған былғарылардың атгарына қысқаша тоқталайық. “Хром” — мал терілерін хроммен өңдеуден шыққан атау. Ертеде қой, ешкі, бұзау терілерін хроммен өңдеу әдістерін хром қанықпасы деп атаған. Хромммен олардан басқа жылқы, құлын, өгіз терілерін, күдеріні өңдеген. Осы хромнан басқа өндірістік негізде кеңінен алынып, қолданылып жүрген мынандай былғары түрлері бар: шегірен, сақтиян, күдері, шылғи, тері. Бұл терілердің сапасы жоғары, төзімді болады.

Шегірен — (түркінің “шегр” деген сөзінен) малдың жон терісі, жұмсақ, май сіқдіріліп, әр түсті бояулармен өңделген былғары. Қой, ешкі, тай-жабағы терілерінен өндіріледі. Ол сыртқы киім, аяқкиім, кебіс, мәсі тігуге қолайлы.
Сақтиян — (парсының “сақтян” деген сөзінен) жұқа, жүмсақ, созылмалы, май мен өсімдіктердің нәрлерін сіңдіріп, бояу арқылы өңделген өте жақсы былғары. Негізінен ешкі, қой, бұзау, құлын, елік терілерінен алынады. Жеңіл аяқкиім, сөмке, қоржын т. б. бүйымдар тігу үшін пайдаланылады.

Күдері — бұғы, ешкі, елік терілерінен май сіңдіре өңделген былғары қанықпасы. Күдерінің сәндік үшін сыртқы жүн жағын емес, оның астыңғы жүмсақ барқыт тәріздес түкті жағын пайда- ланады. Онан сәнді әсем киімдер, аяқкиімдер, қолғап, сөмке тігіледі. Түгі қоюланып шығу үшін, оны пайдаланар алдында түкті жағы- нан ысқылап уқалаған жөн. Күдерінің бұдан басқа өндірісте өндірілетін түрлері көп. Кейде фабрикада ірі қараның терісінен қақ жара кесіп, астыңғы астарының түгін шығара қатты ысқылап та, іске қоса береді, бірақ ол ұсақ малдардың терілерінен алынған был- ғарыға қарағанда қатты, жөнді созылмайды, түгі де онша шыға қоймайды. Сапасы төмендеу болады.
Қайыс — жүні сылынып алынып, иленген ірі қара малдың терісі. Майлап кептіріп, талқыға салып, созады, жұмсартады. Қайыс ат-тұрман, ер-тоқым жабдықтарында кеңінен қолданыла- ды. Қамшы, белдік, айыл, жүген, қүйысқан, өмілдірік, тартпа өруге қолайлы. Қайысты бірнеше таспаға бөліп, өрімнің сан алу- ан түрлерін өруге болады. Жақсы созылады, жүмсақ.
Қайыстан торсық, сөмкелердің неше түрлерін жасаған ше- берлер халық арасында көп болған. Оның өрім жолдарын жоғар- ғы сыныптарда үйренесіңдер.

Енді қысқаша малдың терісіне тоқталайық. Ол үш қабаттан түрады: сыртқы жүні, негізгі тері бөлігі, ішкі майлы көк ет пен шелді бөліктері. Жүн, ол қылшықтардың қалталары арқылы теріге “бекітілген”. Теріні пайдалануға байланысты, кейде жүнін сылып, қырып, не жидітіп түсіріп илейді. Теріден былғары алғанда жүнін сылып немесе қырып алып тастайды. Терінің орталық бөлігі қажетке жарамды бөлігі. Оның бетінің түр-түсі де әр малдың жүні мен қылшығының жуан-жіңішкелігіне, терінің қай малдан алынған- дығына байланысты, түрліше болып келеді. Теріні өңдеу, илеу кезінде қырғының көмегімен жүн мен шелден, көк еттен әбден тазартады.

0

Автор публикации

не в сети 3 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля