ХХ Ғ. 20-30 ЖЖ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖАҒДАЙЫ

27 января, 2017 11:25

Қазақ өлкесінің ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайы туралы түсіндіру. Жаңа экономикалық саясат, индустрияландыру, ұжымдастыру, халық ағарту ісінің дамуы, т.б. мәселелер бойынша студенттердің білімдерін одан әрі жетілдіру.

 

Негізгі ұғымдар: жер-су реформасы, индустрияландыру, ұжымдастыру, депортация, «Кіші Қазан».

 

Жоспар:

  1. Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшу және оның барысы.
  2. Индустрияландыру және ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
  3. Мәдени саладағы жетістіктер мен қайшылықтар.

 

  1. Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшу және оның барысы. Азамат соғысының нәтижесінде Қазақ өлкесіндегі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы құлдырап кетті. Халық наразылығының көбеюіне байланысты шаруашылықты жүргізудің жаңа түрлері қажет болды. Осы себепті 1921 жылы наурызда өткен РК(б)П Х съезінде жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды. ЖЭС мәні:
  • Азық-түлік салығы азық-түлік салғыртымен алмастырылды;
  • Еңбек міндеткерлігі алынып тасталды;
  • Жерді жалға алуға, сауда еркіндігіне, жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат етілді;
  • Кооперацияның дамуына қолдау көрсетілді.

Алайда, Қазақстанда 1921 жылы жазда күшті қуаңшылық болуына байланысты. Республикадағы аштыққа ұшырағандардың саны 2 млн. 300 мың адамнан асты.

ЖЭС өз нәтижесін 1920-шы жылдардың ортасынан бастап бере бастады. 1925 жылы халық шаруашылығын қалпына келтірілді. Мал басы екі есеге көбейіп, 26 млн.-нан асты. Ойыл, Темір, Қоянды жәрмеңкелері қалпына келтірілді.

1921-1922 жылдары Қазақстанда жер-су реформасы жүргізілді. Оның мәні – Ертіс және Жайық өзендері бойындағы, Жетісудағы Сібір, Орал казак әскерлері үшін тартып алынған жерлерді шаруаларға қайтарып беру болды. 1921 жылы құрылған кедейлердің  «Қосшы» одағы жер реформасының жүргізуге белсенді қатысты.

 

  1. Индустрияландыру және ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. 1922 жылы 30 желтоқсанда Кеңестік Социалистік республикалар одағы (КСРО) құрылғаннан кейін елде социализм орнату доктринасы іске асырыла бастады. Ол үш үлкен міндетті: индустрияландыруды (аграрлы елден дамыған индустриялы елге); ұжымдастыруды (социалистік ұжымдық ауыл шаруашылығын құру); мәдени революцияны (сауатсыздықпен күресу, кеңестік білім жүйесін құру, ғылым мен мәдениетті, кеңестік идеологияға қызмет ететін зиялы қауымды және жаңа өмір салтын қалыптастыру) қамтыды.

Алғашқы қадам елді индустрияландыру саясатынан басталды. 1925 жылы желтоқсанда БКП (б) XIV съезі өтіп, онда елді индустрияландыру бағытына көшіру туралы шешім қабылданды. Қазақстанда индустрияландыру өлкенің пайдалы қазбаларын зерттеуден басталды. Индустрияландырудың ең ірі құрылысының бірі – Түркістан-Сібір теміржолын салу болды (1927-1930 жж.). Оның ұзындығы 1 445 км-ге созылды. Сол кезеңде салынған ірі құрылыстардың қатарында Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш мыс және Ащысай полиметалл комбинаттары бар. Ембі мұай өндіру аймағы дамыды. Қазақстан түсті метал өндіруде Одақ бойынша екінші, мұнай өндіруден үшінші орынға көтерілді. Индустрияландыру барысында қалалар мен қала халқының саны өсті. Инженер-техникалық, жұмысшы кадрлардың білікті тобы қалыптасты.

Сонымен қатар индустрияландырудың кемшілікті тұстары да болды. Оны жүзеге асыру үшін керек қаржы ауыл шаруашылығы есебінен алынды. Қазақстан өнеркәсібі шикізат өндіру бағытында ғана дамытылды. Қазақ халқының үлес салмағы азайды.

1925-1933 жылдары Қазақ өлкесін басқарған Ф.И. Голощекин Қазақстанда сталиндік бағытты жүргізіп, «Кіші Қазан» идеясын жүзеге асырды. 1927 жылы БКП (б) XV съезі болып жеке шаруа қожалықтарынан ұжымдық шаруашылық (колхоз) жүйесіне көшу туралы шешім қабылдады. Ұжымдастыру жергілікті халықтың ерекшеліктерін ескерместен, күштеу саясатымен жүргізілді. Әсіресе, адам құқығы аяқ асты етілді. Шаруаларды заңсыз тұтқындау, сайлау құқығынан айыру, жер аудару, ату және т.б. жазалар қолданылды. Ұжымдастырумен қатар қоғамдағы байлар мен кулактарды тап ретінде жою шаралары жүргізілді. 1928 жылы 27 тамызда Орталық атқару комитеті мен халық комиссарлары кеңесі «Ірі байлар мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару» туралы декрет қабылдады.

Көшпелі және жартылай көшпелі халықты отырықшылыққа күшпен ұжымдастыру Қазақ өлкесі үшін үлкен қасірет әкелді. Колхоздарға ортақ меншікке алынған малдар қырыла бастады. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн бас мал болса, 1933 жылы одан тек 4,5 млн бас мал ғана қалды. Осы жағдайлардың барлығы 1931-1933 жылдары аштыққа әкеліп, одан 2,1 млн адам шығыны болды. Ұжымдастыру жылдарында Қазақстанның барлық аймағында 372 халық көтерілістері болған.

 

  1. Мәдени саладағы жетістіктер мен қайшылықтар.Кеңес үкіметі өлкеде сауатсыздықты жою, яғни өлке тұрғындардың сауатын ашу мәселесін көтерді. Әсіресе ол үкіметтің 1929 жылы «Сауатсыздықты жою жөніндегі жұмыс туралы» каулысынан кейін өрістеді. Алайда сауатсыздыкты жою шаралары қаржы тапшылығы, мұғалімдердің, оқулыктар мен оку кұралдарының жетіспеуі сиякты үлкен қиындықтармен жүргізілді.

Жастарға білім беруді жақсарту үшін мектептер ашу ісі қолға алынды. 1928/29 оқу жылыңда 4397 бастауыш, 142 жеті жылдық, 29 екінші сатыдағы мектептер жүмыс істеді. Білім беру саласында ұлттық мектептер жүйесі калыптаса бастады. 1927 жылы қазақ мектептерінің саны 1600 болды. Алайда осы мектептердің ішінде мектеп үйі барлар саны 40-ка әзер жетті. ҮІ партия конференциясында мектептердің көбі тек қағаз жүзінде екені, ауылдағы мектептердің үйі жоқ, үйі болса, орындықтары жоқ, орындықтары болса окулықтары жоқ екені атап көрсетілді. Соған карамастан мектеп жасындағы балаларды окуға тарту жұмыстары жүргізідді.  1929 жылымектеп жасындағы казақ балаларының 34,7% оқуға тартылды. 1926 жылы мектеп жасындағы балалардың бар болғаны 16% қамтылған еді. Екінші бесжылдыктың аяғыңда жаппай бастауыш білім беруге көшу аякталды. 1935 жылы мектеп жасындағы балалардың 91% оқуға тартыдды. Бірақ орта және толық емес орта білім беру жүйесі артта қалды. Соғыс қарсаңында жетіжылдық мектептер үлесі 1/3-ден артпады, қазақ орта мектептерінің калыптасуы созылып кетті. 1935/36 оқу жылында алғаш рет қана 11 қазақ балалары орта мектепті бітірді.

Кеңес үкіметі Қазақстанда ғылымды қалыптастыру мәселесімен де айналысты. Алғашқы ғылыми-зерттеу мекемелері: 1922 жылы — Денсаулық халкомының қасынан өлкелік химия-бактериологиялық лабораториясы, 1924 жылы — өлкелік өсімдікті қорғау станциясы, 1925 жылы -санитарлық-бактериологиялық институты ашылды. 1932 жылы Қазақстанда 12 ғылыми-зерттеу институттары, 15 тәжірибе станциялары, 186 лабораториялар мен т.б ғылыми орталықтар жұмыс істеді. Осы кезде КСРО ҒА-ның қазақстандық базасы құрылып, 1938 жылы КСРО ҒА-ның филиалы болды. Геология және биология ғылымдарынң нәтижелері бүкілодақтық көлемде танымал болды.

1920-30 жылдары Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев шығармалары кең көлемде пайдаланылды. Ақын М.Жұмабаевты замандастары өте жоғары бағалаган. Оның поэзиясы өзінің нәзіктігімен, жаңашылдығымен, адам жанының тазалығы мен сұлулыгын терең меңгергендігімен ерекшеленді. М.Жұмабаев өзінің шығармаларында жалпы адамзаттық құндылықтарды, өзінің жеріне, еліне деген сүйіспеншілікті жырлайды.

Кеңестік әдебиет пен өнердің қалыптасуына жағдай жасалды. Осы кезде социалистік әдебиеттің негізі қаланды. С.Сейфуллин, С.Торайғыров, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Т.Жароков, Ғ.Орманов және т. б. қазақ прозасы мен поэзиясының көрнекті өкілдері қалыптасты. С.Сейфуллин кеңес мемлекетінің жетекші кайраткерлерінің бірі болды. «Тар жол тайғақ кешу» деген шығармасында азамат соғысы кезіндегі саяси жағдайды суреттейді. Ол өзінің шығармаларында революция идеяларын кең жырлады.

1926 жылы алгашқы кәсіби театр өнерінің алғашқы қарлығашы қазақ драма театры ашылды. Оны Ә.Қашаубаев,Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқүлов, Е.Өмірзақов, Қ.Жандарбеков сияқты, кейін казақ театр өнерінің майталмандары болғандар, ұйымдастырды. Әнші Ә.Қашаубаев Париж, Франкфурт-на-Майне сияқты Европаның ірі қалаларының концерт залдарында өз өнерін көрсетті. Соғыс қарсаңында республикада қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, республикалық орыс драма театры, казақ мемлекеттік опера және балет театры, үлт аспаптар оркестрі, симфониялық оркестр, республикалық куыршақ театры жүмыс істеді.

Алайда большевиктік кеңес үкіметі таптық мүддені ұлттық мүддеден жоғары қойды. Жалпы мәдениетті екіге бөлді: буржуазиялық және пролетарлық. Сондыктан да қазақ халқының қалыптаскан дәстүрлі мәдени мүралары, ескі феодалдық құрлыстың қалдықтары деп, үлттық санадан аластатылды. Сонымен бірге халыктың тарихи санасын жоюға бағытталған шараның бірі 20-шы жылдардың аяғында ғасырлар бойы пайдаланып келген араб алфавитін латынға ауыстыру, сосын оны 1940 жылы кириллицаға ауыстыру болды. Соның нәтижесінде бір үрпактың ғана ғұмырыңда қазақтар өзінің тол жазуы мен дүниеге келген үлттық рүхани мәдениеттің жетістіктерінен айырылды. Бүл жүргізілгсн шаралардың бәрі де большевиктік тәртіптің күшейгенін, әкімшіл-әміршіл жүйенің толық орныққанын корсетеді.

 

Бекітуге арналған сұрақтар:

 

  1. Қазақстанда жер-су реформалары қалай жүрді?
  2. Жаңа экономикалық саясаттың белгілері қандай болды?
  3. Салыстыру кестесін құрыңыз: «Әскери коммунизм саясаты» және ЖЭС

 

 

1918-1919жж. әскерикоммунизм саясаты

 

Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС)

Мақсаты Іс-шара: Қорытындылары: Мақсаты: Іс-шара: Қорытындылры:

 

  1. Қазақстанда индустрияландыруды жүзеге асыру неден басталды?
  2. Индустрияландыру саясатының мақсаты, ерекшеліктері қандай болды?
  3. Голощекиннің «Кіші Қазан » төңкерісінің бағыты қандай болды?
  4. 1920-30жж. араб әрпімен шыққан басылымдарды пайдаланғандарға қандай айдар тағылды?
  5. «Бесеудің хатында» не туралы жазылды?
  6. Күштеп ұжымдастыру саясатына кінәлі бассшылардан кімді білесіз?

 

 

 

Әдебиеттер:

  1. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. Алматы,
  2. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007.
  3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Очерктер. Алматы: «Дәуір», 1994.
  4. Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна», 2006.
  5. Қ.С. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф.А. Қозыбақова және т.б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 376 б.
  6. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2007.
  7. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008. – 640 б.


0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Ерек

3
Комментарии: 0Публикации: 26Регистрация: 25-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля