Шығыс классикалық әдебиетінің ғажайып үлгілері ХІІІ-ХУ ғасырларда ұлан-ғайыр қыпшақ даласына кеңінен тараған еді

3 ноября, 2017 15:42

Фирдоуси, Низами, Сағди сияқты есімдері әлемге мәшһур Шығыс ақындарының шығармаларын Алтын Орда мен Орта Азия түркілерінің сол кездегі әдеби тіліне көптеп аудара бастады.

Еділ сағасындағы Сарай қаласынан шыққан аса көрнекті ақындардың бірі Құтб еді. Ақын XIV ғасырдың орта кезінде өмір сүрген. Алғашта Құтб Сырдария бойын- дағы мәдени орталықтардың бірі Сығанақ қаласында түра- ды. Ал, Тыныбек Алтын Орда мемлекетінің тағына отырған кезде ол Сарай қаласына қоныс аударды. Кейінірек ол мәмлүктік Египетке барып, сонда тұрып қалған.Құтб ақынды қыпшақтар арасында „Құтбы» немесе „Құтып шайыр» деп те атай берген. Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында мәлімет жоққа тән. Тіпті оның толық аты-жөні де белгісіз. Қүтб — ақынның лақап аты болса керек. Құтбтың біздің дәуірімізге дейін сақталып қалған жалғыз шығармасы бар. Ол — „Хүсрау уа Шырын» дастаны[1]. Бұл шығарма — әзербайжан халқының ке- меңгер ойшылы, үлы ақыны Ілияс Жүсіпұлы Низамидің „Хүсрау мен Шырын» атты поэмасының аудармасы. Оны түпнүсқадан, яғни парсы тілінен қыпшақ-оғыз тіліне еркін аударма жасаған ақын Құтб болды.Қүтб ақынның бұл дастаны қазақ оқырманы арасында ерте кезден-ақ тарағаны жақсы мәлім. Әзербайжан халқының кемеңгер ақыны Низамидің „Хұсрау мен Шы- рын» поэмасын Қүтб ақын қыпшақ-оғыз тіліне 1341 — 1342 жылдары аударған болса керек. Бүл — Тыныбектің Алтын Орда тағына отырған кезі. Аудармашы дастанды Тыныбек пен Ханша Малика-Хатунға арнайды.

Құтбтың „Хұсрау-Шырын» дастанының жалпы көлемі — 120 парақ, яғни 240 бет. Дастан 4740-бәйіттен тұрады (Низамиде 7000 бәйіт). Соның 4685-бәйіті Құтб ақын- ның өзі жазған жыр жолдары. Қалғандары шығарманы көшірушілер тарапынан қосылған өлеңдер болып келеді. Құтб дастаны 91 тараудан түрады.

Бұл дастанның жалғыз дана көшірмесі біздің заманы- мызға дейін сақталып жеткен. Қолжазба қазір Париждің үлттык, кітапханасында сақталып келеді. Соның фо- токөшірмесі негізінде әдеби және тілдік зерттеулер жүргізілді.

„Хүсрау-Шырын» дастанын алғаш зерттеушілердің бірі поляк ғалымы А. Зайончковский болды. Бүл туындыны ол түркі тілінің қыпшақ диалектісінде жазылған аса қүнды әдеби мүра деп бағалады. Мүны ол Низами поэмасының тікелей аудармасы емес, қайта өңдеп жазылған туынды шығарма деп таныды. Ал, Е. Э. Бертельс болса, оны Низа- ми поэмасының толық, көркем аудармасы деген болатын.

Көрнекті түрколог Ә. Н. Нәжіп парсы тіліндегі „Хүсрау уа Шырын» түпнүсқасы мен қыпшақ-оғыз тіліндегі „Хүсрау уа Шырын» нүсқасының өзек-арқауы бір екенін ерекше атап көрсетеді. Ғалым бүл дастанның Қүтб жа- саған аударма нүсқасын жартылай төл туынды, дербес ро- •ман деп бағалайды.

„Хүсрау-Шырынның» көркемдік және тілдік ерек- шеліктеріне кезінде А. Н. Самойлович, А. М. Щербак, Э. Р. Тенишев, Г. Ю. Алиев, т. б. ғалымдар назар аударған бола- тын.

Қүтб аударған „Хүсрау-Шырын» поэмасын қазақ тілі түрғысынан жан-жақты зерттеп, бүл дастанның ғылыми сөздігін жасап шыққан ғалым А. Ибатов болды[2]. Бүл сөздікте осы дастандағы 4400-ден астам сөз бен сөз Тіркестеріне түсінік беріліп, нақты мысалдармен дәлелденген. Бүл сөздіктен Қүтб аударған „Хүсрау-Шы- рын“ дастанының тілі қазіргі қазақ тіліне мейлінше жақын түрғанын аңғару қиын емес. Мысалы: аваз — әуез, ағач — ағаш, ағыр — ауыр, адаб — әдеп, арслан — ары- стан, асман — аспан, бала — бала, балчық — балшық, баш — бас, біліг — білім, ғазаб — азап, дәрт — дерт, даріға — дариға-ай, т. б.

Дастанның қысқаша мазмүны төмендегідей:

Иран елінде бір қарт патша болыпты. Оның Хүсрау де- ген жалғыз үлы бар екен. Хүсрау көп оқып, ер жетіп әдепті жігіт болыпты. Патша үлының Шапур деген бір су- ретші досы бар екен. Бір күні ол Хүсрауға әділ патша Ме- хинбану және оның жиені сүлу Шырын жайында әңгіме айтып береді. Сонда Хүсрау Шырынға ғашық болып қалады. Досын елшілікке жібереді. Шапур алыстағы Арме- ния еліне барып, Шырын серуендейтін бақтағы бір ағашқа Хүсраудың суретін іліп қояды. Жігіттің суретін көрген

Шырын оған ғашық болып қалады. Ақыры Шапур бір күні Шырынмен оңаша сырласып, оған Хүсрауды мақтайды. Шырынға жігіттің жіберген жүзігін береді. Ақыры екі ғашық екі елдің шекарасында кездеседі.

Бірақ нақ сол сәтте Хүсраудың әкесі қайтыс болғаны туралы хабар келеді. Хүсрау дереу өз еліне аттанып кетуге мәжбүр болады. Алайда еліне келгенде дүшпандары оған қарсы шығып, әкесінің тағына отырғызбай қояды. Хүсрау амалсыздан тағы да қыздың еліне — Арменияға қайтады. Шырын қыз тойға асықпау керектігін, алдымен Иран тағына иеленіп алу қажеттігін айтып, Хүсрауға кеңес бе- реді. Хүсрау жәрдем алу үшін Румға (Византия) барып, Рум патшасынан әскер алады, әрі оның қызы Мариямға үйленіп қайтады.

Хұсрау әкесінің тағына отырған кезде Мехинбану дүниеден өтіп, патша тағына Шырын отырады. Шырын мемлекетті әділдікпен, білгірлікпен басқарады. Қалалар бүрынғыдан да гүлдене түседі. Елдің дәулеті артады.

Патша Шырын сол кезде Фархад деген атақты үста жігітті шақырып, шөл-далаларды суландыратын каналдар қаздырады. Сөйтіп жүргенде Фархад Шырынға ғашық бо- лып қалады. Бүған қатты ашуланған Хүсрау қалайда Фар- хадты қүртпақ болады.

Дастанда Хүсрау мен Фархад арасындағы сүрақ-жауап диалогы тартымды етіп берілген. Фархад сүрақ қояды, ал Хүсрау оған жауап беріп отырады. Осы диалогтан бірнеше бәйітті мысалға келтірейік:

Бурун сүрді: не иерліксін сан?

Айттікім: ашықләр шаһаріден мен.

Айтти: анда не санаат қилурләр?

Айтти? жан сатіб, қазғу олурлар.

Айтти: жонни сатмоқлик хато ол,

Айтти: ашық иолында һәм рауа ол,

Айтти: не қадар сеудіңг сан оны?

Айтти: сөзгә сіғмаз хеч байаны.

Айтти: гар иолуқсәңг курса сени?

Айтти: кузга сургум түпракини[3].

 

Мазмұны:

Алдымен сұрады: қай жерліксің сен?

Жауап берді: ғашықтар қаласынан мен.

Айтты: сенің қандай өнерің бар?

Айтты: жан сатып, жер қазамын.

Айтты: жан сату қателік қой ол,

Айтты: ғашықтық жолында ем ғой ол.

Айтты: Сен оны не үшін сүйесің?

Айтты: Оны айтып жеткізетін сөз жоқ.

Айтты: егер жолықсаң қайтер едің?

Айтты: басқан топырағын көзіме сүртер едім.

Фархад пен Хүсрау арасындағы әңгіме осылайша жалғаса береді.

Хүсрау патша бір күні Фархадқа мынадай шарт қояды:

— Ей, Фархад, сен сонау төбесі көк тіреген Бесотын тауын қақ жарып әскерім өтетін жол сал. Сонда ғана Шы- рын сүлу сенікі болады,— дейді. Фархад патшаның бүл шартын орындайды. Мүны көрген Хүсрау зәресі қалмай, Фархадқа бір жалмауыз кемпірді жіберіп, Шырын өлді деп хабар айтқызады.

Бүған шыдай алмаған Фархад өзін-өзі өлтіреді. Бүл ара- да Мариям да қайтыс болады. Ал, сол арада дереу Хүсрау Шекер деген сүлуға үйленіп алады. Бірақ көп үзамай Ше- кер де дүниеден өтеді. Сол кезде Хүсрау Шырынға барып, кешірім сүранады, әлі де оған бүрынғыдай ғашық екенін айтады. Оған үйленбек ниеті бар екенін білдіреді. Бірақ Шырын асықпайды. Хүсрауға көп ақыл-кеңес айтады. Шырынның кеңесі бойынша, Хүсрау тозып кеткен өз мем- лекетін тәртіпке келтіре бастайды. Қалаларды гүлдендіреді, әділетті билік орнатады.

Бірақ ғашықтардың ғүмыры үзақ емес екен. Хүсрау- дың Мариямнан туылған баласы ІІІеруя сарай әкімдерімен астыртын сөз байласып, Хүсрауды қапылыста өлтіреді. Әкесін өлтірген соң ол Шырынға үйленбекші болады. Бірақ Шырын өзінің Хүсрауға деген махаббатын аяқ-асты етпейді. Шырын өз қол астындағы қүлдардың бәрін азат етіп, мал-мүліктерін кедейлерге үлестіріп береді де, Хүсрау қабіріне келіп өзіне-өзі қанжар салып өледі.

Шығыс поэзиясының ең таңдаулы үлгілерін көркем аударма жасаудың кеңінен тараған кезінде өзіндік бірнеше түрлі дәстүрі, әдісі болған. Мәселен, назирагөйлік әдісінде өзінен бұрынғы ақын жазған сюжетті, образды, тақырыпты бетке устай отырып, аудармашы идеясы мен мазмұны, көркемдігі мен формасы жағынан мүлдем жаңа шығарма жазып шыққан. Ал, көркем аударма әдісі бұдан өзгешелеу болып келеді. Мүндай әдісті қолданғанда аудармашы-ақын өз жанынан азды-көпті өзгерістер, жеке эпизод, ой-пікірлер енгізуі мүмкін болған. Дегенмен түпнүсқаның жанры мен негізгі ерекшеліктері сақталып отырған. Міне, Құтб ақын „Хусрау-Шырынды» аударғанда дәстүрлі тақырыпқа шығарма жазудың осы әдісін шебер қолданған. Ол түпнұсқадағы идея мен сюжетті, мазмұн мен форманы, дастанның көркемдік ерекшеліктерін сақтай отырып, оған өз дәуірінің, ХІV ғасырдағы Алтын Орда мемлекетінде орын алған әлеуметтік құбылыстарды табиғи түрде енгізе білген.

Ақын Қүтб аудармашы ретінде Низами жасаған жеке көріністерді егжей-тегжейлі қайталап жатпайды. Қүтб ақын Низами дәуірі үшін маңызды болған кейбір оқиғаларды аудармай тастап кетіп, оның орнына XIV ғасырдағы қоғамдық-саяси көкейтесті мәселелерді қосып жырлайды.

Соның өзінде Қүтб өзінен бұрын Низами көтерген идеялардың XIV ғасыр үшін де өз мән-мағынасын жой- мағанын жақсы білген. Сондықтан аудармашы түпнұсқаның идеясы мен сюжетін сақтап қалуға барынша әрекет жасап отырған.

Дегенмен Құтб аудармасының өзіндік ерекшеліктері де аз емес. Низами дастанда қала өмірін, патша сарайлары мен бау-бақшаларды көбірек көрсетеді. Ал, Құтб болса, негізінен мал шаруашылығымен, аңшылықпен тірішілік ететін Алтын Орданың дала қыпшақтары мен оғыздарының өмірін суреттейді. Құтб жырлаған қаһармандар қашанда қылыш пен қалқан асынып, ұдайы атқа мініп жүретін, шетінен аттың бабын білетін шабандоз жандар.

Сондай-ақ Низами суреттейтін той-думанда зәулім са- рай ішіндегі кілемдер, қымбат жиһаздар, шарап ішіп, бас шұлғып отырған бекзадалар, қылымсыған қыз- келіншектер өз көріністерін тапқан. Ал, Құтб ақында ша- рап емес, қымыз ішеді, той-жиын сарайда емес, көк майсалы ен далада болады. Тойға жиналған жүрт қобыз сарынын тыңдап, бас шулғиды.

Низами өз дастанында Хүсраудың таққа отырған сал- танатын оның дүние-жиһазын, ақсүйекті ата-тегін мақтаудан бастайды. Ал, аудармашы Құтб дүние-мүлік, атақ-дәреже емес, Хүсраудың әділетті, оқыған, адам- гершілігі мол жан екеніне көбірек көңіл бөлген.

Адам бойындағы ең асыл қасиеттерді — адамдықты, мейірімділікті, бауырмалдылықты, мөлдір махаббатты, білімділікті, еңбек сүйгіштікті ту етіп көтерген бүл дастан- ның зор тәрбиелік, танымдық мәні бар

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля