Ірі қараны азықтандыру

11 февраля, 2015 11:55

Ірі қара күйіс кайыратын, қарны 4 боліктен тұратын көп  қарынды малға жатады. Тазқарын, тақияқарын, жалбыршақ қарында желінген жемшоп ұсатылып, микробиологиялық  баптаудан өтеді. Әбден қойыртпаққа айналғаннан кейін нағыз қарын-ұлтабарға  барып қорытыла бастайды. Сондықтан  ірі  қараны дұрыс азықтандыру үшін алдыңғы  қарын бөлектеріндегі микробиологиялық бапталу барысына назар аудару керек.

 

1. Сүтті сиырды азықтандыру

 

Сүтті сиыр шаруашылықта  қалыптасқан  11-12 айлық өндірістік айналымға сәйкес азықтандырылады. Өндірістік айналым сиырдың  бұзаулаған, яғни сауымы басталған аралығын қамтады. Айналым боиында сиыр азықтандырылуы физиологиялық  ахуалына қараи өзгертіліп отырады (сауым басы, ортасы, аяғы, буаздық басы, соңына сәикес). Айналым барысында сиырдың  физиологиялық ахуалы бір-бірімен қабаттасып отырады. Мысалы, сиыр сауымы аяқталмаи буаздығы басталатыны белгілі. Осыны ескере отырып, сүтті  сиырды жеткілікті  де үнемді (Ікг сүтке 1,2-1,3 азық өлшемі, 100-400 г жем жұмсалатындай етіп) азықтандыру қажет.

Азықтандыру нормасы сиырдың  жасына, тірілей салмағына, қоңдылығына, сүттілігіне, сүтінің майлылығына қарай анықталады /3-5-ші кесте/.

Бұл нормалар қоңы орташа, сүтінің майлылығы 3,8-4% сақа сиырға арналған.

Өсіп жетілуі тоқтамаған құнажын мен әр түрлі себептермен арықтаған  сиырға   берілетін   азықтардың   нормасы   салмақ   қосымының   1кг-на  шаққанда 5 азық өлшемі мөлшерінде жоғарылатылады. Айталық, тіулігіне  200 г қосымша салмақ алу жоспарланса, негізгі азықтандыру нормасына  5:0,2 = 1   азық   өлшемі   қосылады.   Әрбір   азық   өлшемінде   95-105г, қорытылатын  протеин,  6,5-7,5 г ас тұзы,  6,5-7,5  г кальций,  4,5-5 3  г фосфор, 2,4- 1,5 г магний, 8,1-6,7 г калий, 2,8-2,1 г күкірт, 80 мг темір, 8 — 11 мг мыс  55-70 мг мырыш, 55-70 мг марганец, 0,6-0,9 мг кобальт, 0,7-1,01 мг йод, 40-50 мг каротин, 40 мг Е витамині, Д витаминінің 1 мың х.ө. болуга тиіс /6-шы кесте/.

Орта есеппен алғанда сауын сиырдың тіршілігіне  әрбір 100 кг тірілей салмағына шаққанда 1 азық өлшемі (салмағы 450 кг-нан асса 0,9 а.ө , 450 кг-нан төмен болса 1,1 а.ө.), майлылығы  4%-тік  1 кг  сүтке 0,5 а.ө.(3,5 тікке  0,44  а.е.)  қажет.   Әр   I   кг  сүт  пен  оның  0,5   %  майлылығына  азықтандыру нормасы 0,03-0,05 азық өлшеміне өзгертіледі.

 

  1. Салмағы 400 кг сауын сиыр азықтандыру нормасы
Көрсеткіш             Бір    тәулікте  сауылатын  сүт. Кг   8       10      12     14     16     18       20         22
Азық  өлшемі 8 9 10 11 12 13,1 14,2 15,4
Алмасу энергиясы, МДж 95 106 117 127 138 139 160 172
Құрғақ зат, кг 10,7 11,6 12,6 13,1 14,1 15 15,8 16,7
Шикі протеин, г 1170 1355 1540 1652 1845 2015 2185 2440
Қорытылатын  протеин, г 760 880 1000 1100 1200 1310 1420 1590
Шикі клетчатка, г 3000 3250 3380 3590 3670 3750 3790 3840
Крахмал. г 900 1125 1350 1485 1640 1770 1920 2275
Қант, г 600 750 900 990 1080 1180 1280 1515
Шикі май, г 225 270 320 350 385 420 455 525
Ас тұзы, г 225 60 68 76 84 92 100 108
Кальций, г 52 60 60 76 84 92 100 108
Фосфор, г 36 42 48 54 60 66 72 78
Магний, г 17 18 19 20 22 23 24 25
Калий, г 60 67 74 81 88 95 102 109
Күкірт, г 20 22 24 26 28 30 32 34
Темір, мг 640 720 800 880 960 1045 1135 1235
Мыс, мг 65 77 90 100 110 120 130 147
Мырыш, мг 440 520 600 660 720 785 850 965
Марганец, мг 440 520 600 660 720 785 850 965
Кобальт, мг 4,8 6,9 7 7,7 8,4 9,2 9,9 11,6
Йод, мг 5,6 6,8 8,0 8,8 9,6 10,6 11,4 13,2
Каротин, мг 320 385 450 425 540 580 640 696
Д-витамині, мың Х.Ө. 8 9 10 11 12 13,1 14,2 15,4
Е-витамині, мг 320 360 400 440 480 525 570 620

 

 

  1. Салмағы 500 кг сауын сиыр азықтандыру нормасы
Көрсеткіш                    Бір    тәулікте  сауылатын  сүтг   8       10      12     14     16     18      20        22           24
Азық  өлшемі 8,6 9,6 10,6 11,6 12,6 13,6 14,6 15.8 17,1
Алмасу энергиясы, МДж 104 115 126 137 148 158 168 180 193
Құрғақ зат, кг 12,3 13,2 14,1 14,9 15,8 16,5 17,2 18,1 19
Шикі протеин, г 1260 1445 1630 1785 1940 2090 2245 2500 2760
Қорытылатын  протеин, г 820 940 1060 1160 1260 1360 1460 1625 1795
Шикі клетчатка, г 3450 3700 3810 4020 4110 4130 4130 4160 4180
Крахмал. г 970 1200 1435 1570 1705 1840 1975 2335 2695
Қант, г 645 800 955 1045 1135 1225 1315 1555 1975
Шикі май, г 240 290 340 370 405 435 465 540 615
Ас тұзы, г 57 65 73 81 89 97 105 113 121
Кальций, г 57 65 73 81 89 97 105 113 121
Фосфор, г 39 45 51 57 63 69 75 81 87
Магний, г 20 21 22 23 25 26 27 28 29
Калий, г 68 75 82 89 96 103 110 117 124
Күкірт, г 23 25 27 29 31 33 35 37 39
Темір, мг 690 770 850 930 1010 1090 1170 1270 1370
Мыс, мг 70 82 95 105 115 122 130 150 170
Мырыш, мг 475 555 635 695 755 815 875 990 1110
Марганец, мг 475 555 635 695 755 815 875 990 1110
Кобальт, мг 5,2 6,3 7,4 8,1 8,8 9,5 10,2 11,9 13,7
Йод, мг 6 7,2 8,5 9,3 10,1 10,9 11,7 13,5 15,4
Каротин, мг 345 410 475 520 565 655 710 710 770
Д-витамині, мың Х.Ө. 8,6 9,6 10,6 11,6 12,6 13,6 14,6 15,8 17,1
Е-витамині, мг 345 385 425 465 505 545 585 635 685

 

 

  1. Салмағы 600 кг сауын сиыр азықтандыру нормасы

 

Азықтандыру  нормалары  сауым  қызған  кезеңге   арналған. Сауымның  алғашқы  2-3  айындағы иіту кезеңінде сиыр сүттілігін  арттыру үшін норма  1-2 азық  өлшеміне жоғарылатылады,  ал   сауымның   аяққы,   яғни   суалту   кезеңінде   жалпы   қоректілігі  сақтала  отырып, азықтандыру  тәртібі   мен   рацион өзгертіледі,   сөйтіп сиырдың суалтылуына (тәуліктік сүттілігі кг-нан аспауына) жағдай туғызылады.

Сиыр он ай бойы сауылып, бұзаулауына 45-60 күн  қалғаңда  суалтылады. Өсіп -жетілуі аяқталмаған құнажын мен арықтаған және өте сүтті сиырлар үшін суалту кезеңі  ұзартылады. Буаз сиырдың жүйке-гуморалдық жүйесінің жұмысы өзгеріп, денедегі сүг түзілу әлсірейді де, құрсақтағы  бұзаудың өсуі  күшейе түседі. Содан сиырдың қоректік заттарға деген мұқтаждығы  артады /7-ші кесте/.

Суалған кезеңде буаз сиыр азықтандыру нормасы жылдық  сауымы мен тірілей салмағына  сәйкес анықталады /8-ші кесте/.

Суалтылған сиырдың желіндеуіне жол бермеу үшін алғашқы  онкүндікте  оның  азықтандыру   нормасы   20%-ке  төмендетіліп  келесі   онкүндікте 100%-ке жеткізіледі,   ал 3-4-ші онкүндіктерде  120%-ке дейін жоғарылатылады; 5-ші онкүндікте қайтадан   100%- ке дейін түсіріліп,  6-ші онкүндікте тағы да 20%-ке төмендетіледі. Дұрыс азықтандырған жағдайда суалғаннан бастап, бұзаулағанға дейін сиырдың салмағы 10-15%-ке артуы керек. Ол үшін сиырді тәуліктік   салмақ  қосымы   800-900г  болып,     туылған   бұзау  салмағы енесінің салмағының 7-9%-тіне жетуі керек.

 

Ірі қара рационын физиологиялық ахуалы мен өнімділігіне  сәйкестіріп құрады.

Мысалы,    сауын    сиыр    рационында    сүттілік    деңгейін  арттыратын   шырынды   азықтар   басым келеді,    рационның бір  бөлігі тез қорытылатын  көмірсуларға бай тамыр жемістілерден  тұрады. Мұндай рационға сиырды біртіндеп   дағдыландырып  бұзаулағаннан  кейін  4  күн өткен  соң көшіреді де,   10-15 күнде нормалық деңгейге жеткізеді.  Сиыр рационында тез ыдырайтын  крахмал,   қант жеткілікті мөлшерде және қажетті ара-қатынасті болуға тиіс.    Бұл таз, тақия,  жалбыршақ   қарындарда  өтетін  микробиологиялық    процестердің    ойдағыдай     өтуіне     қажет. Сонымен    қатар,  жемшөп    клетчаткасын    ыдыратып,    азотты  қосындылардан пайда болған аммиакты байлауға да керек.

Бұған рациондағы қант-протеиндік қатынас /ҚПҚ/ ықпал  етеді. Ол  сауынды сиыр рационында 0,8-1,2, суалған буаз сиыр рационында 0,8-1,0 аралығында болуға тиіс.    Ал крахмал-

 

6.Сауын  сиырдың  заттарға  мұқтаждығы  (I азық өлшеміне  шаққанда)

 

Көрсеткіш Бір  тәулікте  сауылатын  сүт, кг:6-10                          11-20                  21-30
Шикі  протеин, г 145 155 160
Қорытылатын  протеин, г 95 100 105
Қант,г 75 90 105
Крахмал, г 110 135 160
Шикі май, г 28 32 36
Ас тұзы, г 6,5 7,0 7,4
Кальций, г 6,5 7,0 7,4
Фосфор, г 4,5 5,0 5,3
Магний, г 2,4 2,0 1,5
Калий, г 8,1 7,0 6,7
Күкірт, г 2,8 2,0 2,1
Темір, мг 80 80 80
Мыс, мг 8 9 10
Мырыш, мг 55 60 65
Марганец, мг 55 60 65
Кобальт, мг 0,6 0,7 0,8
Йод, мг 0,7 0,8 0,9
Каротин, мг 40 45 45
Д витамині, мың Х.Ө. 1 1 1
Е витамині, мг 40 40 40
7. Суалған  буаз  сиырдың  қоректік заттарға

мұқтаждығы   (1 азық  өлшеміне шаққанда)

Көрсеткіш Жоспарлы  жылдық  сүттілігі, кг:3000-4000                        5000-6000
Қорытылатын  протеин, г 110 110
Шикі клетчатка, г 360-300 270-230
Қант, г 88 98
Крахмал. г 96 98
Шикі май, г 30-23 33-36
Ас тұзы, г 6-6,2 6-6,2
Кальций, г 9 9,5
Фосфор, г 5,5 5,7
Магний, г 2,4 2,0
Калий, г 8 7,5
Күкірт, г 2,7 2,5
Темір, мг 70 70
Мыс, мг 10 10
Мырыш, мг 50 50
Марганец, мг 50 50
Кобальт, мг 0,7 0,7
Иод, мг 0,7 0,7
Каротин, мг 45-50 50-55
Д витамині, мың Х.Ө. 1 1
Е витамині, мг 40

 

8.Суалған  буаз  сиыр  азықтандыру  нормасы

Көрсеткіш Жылдық   сүттілігі, кг3000           4000                  5000                     6000
Тірілей  салмағы,  кг400     500     400     500    500     600      500      600
Азық өлшемі 8,6 7,7 7,9 8,8 9,9 10,7 11,5 12,3
Алмасу энергиясы, МДж 80 89 92 105 116 125 132 142
Құрғақ  зат, кг 9,4 11 9,6 11 11,6 12,6 12,1 12,9
Шикі протеин, г 1115 1310 1310 1490 1675 1910 1945 2085
Қорытылатын  протеин, г 705 860 850 970 1090 1175 1295 1355
Шикі клетчатка, г 2350 2750 2305 2640 2670 2900 2660 2840
Крахмал, г 640 750 740 850 1175 1270 1370 1465
Қант, г 580 860 775 980 1060 680 1140 1220
Шикі май, г 200 230 245 280 335 365 415 445
Ас тұзы, г 40 50 45 55 60 70 65 75
Кальций, г 60 80 70 90 95 110 105 120
Фосфор, г 35 45 40 50 55 65 60 70
Магний, г 15,8 18,5 17,3 19,8 20,9 22,7 21,6 23,2
Калий, г 53 62 58 66 70 76 81 87
Күкірт, г 18 21 19 22 23 26 27 29
Темір, мг 460 540 540 615 695 750 805 860
Мыс, мг 65 75 75 90 100 105 115 125
Мырыш, мг 330 385 385 440 495 535 575 615
Марганец, мг 330 385 385 440 495 535 575 615
Кобалът, мг 5,1 5,4 5,4 6,2 6,9 7,5 8,1 8,6
Йод. мг 5,1 5,4 5,4 6,2 6,9 7,5 8,1 8,6
Каротин, мг 295 345 385 440 495 535 635 675
Д-витамині, мың Х.Ө. 6,6 7,7 7,6 8,8 10,9 11,8 12,7 13,5
Е-витамині, мг 265 310 310 350 395 430 460 590

 

қанттық қатынас сауынды сиыр рационында    1,5, суалған буаз сиыр рационында 1,1-1,3 болғаны дұрыс.

Мал денесінде қоректік заттар дұрыс қорытылып,- тез сіңіуі үшін сол заттардың  ара-қатынасымен қатар зат алмасуына қолайлы өсер ететін басқа да қосындылар ескерілуі керек. Ең алдымен денеде аралық алмасудың дұрыс өтуіне қолайлы (осмостық  қысым, иондық   тепе-теңдік, биохимиялык, реакцияларға қажетті орта, т.б.) жағдай туғызу керек.

Дене сұйықтарында қышқыл-сілтілік қатынас /ҚСҚ/ дұрыс қалыптасуы үшін рацион күлінің реакциясы сәл сілтілі (рН = 7,2-7,4) болғаны жөн. Ол үшін рациондағы қышқыл /Р, 5, С1/ және сілтілі /Са,К, Nа, Мд/ макроэлементтер грамм-эквиваленттерінің қосындысының ара-қатынасы 0,8-0,9 аралығында болуға тиіс. ҚСҚ келесі формула бойынша есептейді.

 

97 х Р + 62 х 5 + 28 х С1

—————————————————

50 х Са + 25,6 х К + 44 х Nа + 82 х Мд

 

Жеке макроэлементтерді алсақ, сиыр рационында  кальций-фосфор қатынасы 1,5-2:1 аралығында, калий-натрий қатынасы 0,4-0,5; микроэлементтердің йодқа қатынасы кобальттікі — 1,6, мыстікі — 30, мырыштікі — 120, марганецтікі -250, темірдікі — 580-1000 аралығында болуға тиіс.

Құрастырылған рационның желінуі тірі салмаққа  келетін  құрғақ  затпен  есептелінеді. Сауын сиыр әр 100 кг салмағына шаққанда 3-3,5 кг құрғақ зат жей алады. А.П.Дмитроченко (1972) дерегі бұған сиырдың физиологиялық ахуалы мен рацион құрамы  ықпал  ететінін  көрсетеді /9-шы  кесте/.

 

  1. Сүтті сиырдың құрғақ зат жеу мөлшері (тәулігіне бір басқа)
Рацион  құрамы Жасы, ай Тірілейсалмағы

 кг

Рациондағы  құрғақ  заттың  желінуі, кг
Сауын  қыз-       сауын  аяғы  менған  кезде           суалту кезеңінде                          
  Қыста
Пішен, сүрлем, тамиржемістілер, жем 60-70 500 16-18 10-12
Пішен мен сүрлем 55-62 500 15-17 10-11
Сүрлем мен жем 48-55 490 13-14,5  9-10
   Жазда
Көк шөп пен жем 70-75 500 15-17 10-11
Көк балауса 55-60 480 14-15  —

 

Сиыр сүті мен одан алынатын өнімдер сапалы болу үшін рацион құрамы, яғни ондағы азық турлері мына мөлшерде болуға тиіс /10-кесте/.

 

  1. Сүтті сиыр рационындағы жемшөптің шектік мөлшері, кг
       Азық  түрі Сүт өндіру үшін Сары май алу үшін Сыр өндіру үшін
Жоғары сапалы сүрлем 35 35 15-30
Азықтық қызылша 40 40 20-35
Сәбіз 25 25 16
Картоп 20 20 10
Тамыр жемістілер жапырағы 12 14 8
Бидай кебегі 6 4 3,5
Сұлы 4 2,5 3
Жүгері 4 2 3
Қарабидай, арпа 4 3 3
Бұршақ  дәні 1,5 1,5 1,5
Зығыр, күнбағыс күнжарасы 4 2,5 2
Кендір  күнжарасы 1,5 1 1,3
Сыра ашытқысы 16 16 8
Құрғақ сыра ашытқысы 2,5 2,5 1,5
Барда 30 30 30
Картоп мезгасы 20 12 8
Қызылша жомы 40 30 16
Сүрлемдеген жом 30 20 10
Құрғақ қызылша жомы 5 3,5 2
Азықтық сірне 1,5 1,5 1,5

 

Сиыр өнімділігі артқан сайын, оның рационындағы құрғақ зат шоғырлану дәрежесі де жоғарылатылуға тиіс. Мысалы, жылына 3000 кг сүт сауылатын сиыр рационының 1 кг құрғақ затында 0,7 азық өлшемі, яғни 8,2 МДж алмасу энергиясы жеткілікті болса, 5500-6000 кг сүт сауылатын сиыр рационының құрғақ затында ол көрсеткіш 0,9 а.ө., яғни 10,5 МДж алмасу энергиясына дейін жоғарылатылады.

Рационының құрғақ затында энергия мен қоректік затгар неғұрлым мол болса, мұндай рационның қорытылу дәрежесі соғұрлым жоғарылайды. Шаруашылық жағдайында бұны рациондағы шикі клетчатка деңгейін төмендету арқылы іске асырады: өнімділігі орташа (3000-4000 кг) сиырдың рацион құрғақ затындағы клетчатка 26-22% болса, жоғары өнімді (5000-6000 кг) сиыр рационында оның деңгейі 20-16%-ке дейін төмендетіледі.

 

Куйіс  қайыратын малдың азыққа деген мұқтаждығын алмасу энергиясы арқылы бағалау әдісін ұсынған М.Блэкстер (1965) топшылауы бойынша, рацион тиімділігі малдың тірілей салмағына, өнімділігі мен рацион құрғақ затының әр килограмында шоғырланған алмасу энергиясына байланысты.

Құрғақ заттағы алмасу энергиясының шоғырлану дәрежесі, мал тіршілігін қамтамасыз етуге, оның денесінде өнім түзілу тиімділігіне ықпал етеді. Л.Гофман мен Р.Шиманн (1978) деректері бойынша 1 кг құрғақ затында 2,0 ккал, яғни 8,4 МДж алмасу энергиясы бар рационның оның жалпы энергиясына қатысы 45,5% болып келеді де, мұның 68% тіршілікті қамтамасыз етуге, 40% қосымша салмақ қосымына пайдаланылып, 66% сүт түзуге жұмсалса, 1 кг құрғақ затында 3,0 ккал. яғни 12,5 МДж алмасу энергиясы бар рационда бұл көрсеткіштер, сол ретпен, 68,2%; 75%; 58%; 68% болып артады да, алмасу энергиясына мұқтаждығы 1 МДж қамтамасыз етуге — 1,46, 1 МДж салмақ қосуға — 2,51, 1 МДж түзілуге 1,52-ден, сол ретпен, 1,33, 1,71, 1,47-ге дейін азаяды.

Демек, рацион құрғақ затындағы  алмасу энергиясы жоғарылаған сайын оның игерілу тиімділігі де арта түседі.

Сиырдың  сүттілігі  өскен  сайын, рацион құрғақ затындағы энергия мен қоректік заттар шоғырлануы жоғарылайды. 10 кг сүт берген сиырдың құрғақ затқа деген мұқтаждығы — 10,2-11,9 кг  болса, 15 кг сүт шыққан сиырдікі — 12,7-14,1 кг, 20 кг сүт берген сиырдікі — 15,0-16,9 кг-ға жетеді. Құрғақ заттың 1 килограмындағы энергия мен қоректік зат мөлшері 11 -ші кестеде келтірілген.

 

11.Рацион   құрғақ   затының   1  килограмындағы энергия мен қоректік затгар деңгейінің сиыр өнімділігіне қарай өзгеруі (тірілей салмағы 400-500 кг, сүтінің майлылығы    4,0% сиыр үшін)

Сауылғансүт, кг Азықөлшемі Алмасуэнергиясы,

МДж

ШикіПроте-ин,г Қорытыла-тын

протеин, г

Шикімай, г Крах-мал, г Шикіклетчат-

ка, г.

  7-8 0,96 9,72 137 55 88 32,9 271
9-10 0,97 9,83 139 56 89 88 263
11-12 0,98 9,94 141 57 90 90 256
13-14 0,99 10,04 143 58 91 92 248
15-16 1,00 10,15 145 59 92 94 239
17-18 1,02 10,25 147 60 93 96 230
19-20 1,03 151 151 61 94 98 220
21-22  1,04 10,46 153 62 95 100 215
23-24 1,05 10,56 155 63 96 102 210

 

Рацион құрғақ   затындағы   энергия   мен   қоректік   заттар деңгеиін   көтеру  ушін  малға  берілетін  жем   мөлшерін   көбейту керек. Сиырдың  сүтгілігіне  қарай 1 кі сүт түзілу  үшін 100-400 г жем  жұмсалады.

 

Бұдан артық берілген жем мөлшері  физиологиялық  тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да зиян. Шамадан  тыс  көп берілген құнарлы азық мал денесінде зат алмасуын  жеделдегін, оның онімділігін  арттырғанмен, шаруашылықта пайдалапу мерзімін, бұзаулау санын азайтады. Сөйтіп  сиыр сауымнан  ерте  шығады да, оны жас құнажынмен ауыстыруға тура келеді. Демек, шаруашылық балансында мал басы кобейеді де, оған жұмсалатын азық шығыны  кобейе түседі. Бұның  екініші  зияндылығы рационда қымбат құнарлы жем үлесі молаяды да, ондірілген сүттің озіндік құнын  қымбаттатады.

Физиологиялық  тұрғыдан, жылына 3000 кг сүт сауылатын  сиыр  сауымының алғашқы 100 күнінде 1 кг сүтке 240-260 г, 4000 кг сүт сауылатын болса 290-310 г, 5000 кг сүт сауылатын  болса 380-400 г жем жұмсалады. Иіту кезеңіне  сәйкес келетін сауымның  алғашқы 100 күнінде  сиырдан сауып алынатын барлық  сүттің 40-50 %-ті  сауылады. Бірақ  бұл кезеңде  жеген азығы қоректік заттармен  сиырды қамтамасыз ете алмайды да, сауымнын 9-10 онкүндігіне қарай жоғары өнімді малдың салмағы  50- 100 кг төмендейді. Кейбір күндері сиыр «денесінен сауылу» салдарынанкүніне бір килограмнан арықтап отырады. Оған  жол бермеу үшін суалған кезеңде сиыр денесінде жеткілікті мөлшерде қоректік заттар қоры жиналуга тиіс, ал бұл үшін жаңа бұзаулаған сиырға нақтылы сауымы бойынша нормадан 2-3 кг жоғары үстеме жем тағайындалады. Сүт сауымы артқан сайын сиыр, рационы айына 2-3 рет қайта құрастырылады.

Әсіресе құнажынды дұрыс иітіп  саууға жете коңіл бөлу керек. Сонда ғана нормалап азықтандыру арқылы алғашқы сауым сүттілігін 800-1000кг-ға, ал одан кейінгі сауымдардікін тағы да 400-600 кг-ға арттыруға болады.

Иіту кезеңінде алынбай қалған (дұрыс азықтандырмау салдарынан) әрбір кг  сүт сиыр сүттілігін 200-300 кг-ға кемітеді.  Бірақ бұл кезеңде сиырды нормадан тыс мол азықтандырудың  да зиян екенін  ескеріп, үстеме жемді оның  күнделікті сауымы артып  отырғ ан кезде ғана береді.

Сүт өндіру технологиясын  дұрыс сақтау үшін сауын сиырдың 8-10 минуг ішінде 2-2,5 кг ұнтақталған, 3 кг түйіршіктелген жем жей алатынын  ескеру қажет. Сүтгі сиыр тәулігіне 2 рет сауылса 4-6 кг, 3 рет сауылса 6-9 кг жем  жей  алады.  Жылына  3000-4000 кг сүт беретін  сиыр  рационындағы  құнарлы азық үлесі рацион қоректілігінің 25-30 %-тіне тең болуы  керек, яғни жылына сиыр басына 12 ц (оның 4-4,5 ц-і протеинді жем) құнарлы азық беріледі.

Шаруашылықтағы жемшөп қорын, қалыптасқан  азықтандыру типін ескере отырып,сауын сиырға тәулігіне 20-10 кг сүрлем (оның 10-15 кг-ы азықтық қызылша), 4-6 кг пішен, З-5 кг жаздық дақыл сабаны, ал жылына 3000-4000 кг сүт беретін суалған буаз сиырға 4-5 кг бұршақ-астық тұқымдастар пішені, 10-15 кг пішендеме, 12-17 жоғары сапалы сүрлем, 2,5 -3 кг құнарлы  жем қосындысы беріледі. Қызылшаны, өсіресе қант қызылшасын шектеп (бірнеше рет бөліп) береді. Бір мезгілде берілеін  қызылша мөлшері сиырдың 100 кг тірі салмағына 2 кг-нан аспауға тиіс.

Сауын, сиыр рационында қорытылатын протеин  жетіспесе, протеин олқылығының 25-30% азот қосындысымен (карбамид, аммиакты су, т.б.) толықтыруға болады. Оларға малды  біртіндеп дағдыландыру керек: тәулік бойы аз-аздан жемшөпке  қосып, мұқият араластырып отырады. Таз, тақия, жалбыршақ қарындардағы микробиологиялық процесс (түзіліс) барысында  карбамидтен 2,6 г қорытылатын протеин тузіледі, Малға азот  қосындылары берілген жағдайда олардан пайда болған аммиакті тиімді игеруі үшін алдыңғы қарындардағы микроорганизмдері (микрофлора мен микрофауна) тез қорытылатын энергия  көзімен, яғни қанттармен қамтамасыз ету қажет. Ол үшін  рациондағы қант-протеиндік қатынас 0,8-1,2 аралығында болуға тиіс.

Қазақ технологиялық мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу  институтының мәліметі бойынша Қазақстанда сутті сиырларға  берілетін жемшөп шығыны төмендегідей /12-ші кесте/.

 

  1. Сүтті сиырдың жылдық рационындағы жемшөп шығыны

(жалпы қоректілігіне % есебімен)

 

Жылдық сауымы,кг Пішен Сабан Шөп ұны Пішен- деме Сүрлем Тамыржемістілер Жем Көказық
2500 7 2 15 12 2 14 48
3000 6 2 13 12 3 17 46
3500 6 1 13 13 3 20 45
4000 5 1 11 13 4 23 43
4500 5 1 10 10 4 29 41
5000 5 1 10 10 4 34 38
құнажынүшін 5 3 3 -ССА 15 27 20 30

 

Сиырдың  азықтандырылу  деңгейін  өнімділігіне  қарай  мына  деректер боиынша есептеп шығарады /13-кесте/.

 

ІЗ.Сауын  сиыр азықтандыру  деңгейін  есептеу

 

Жылдык, сауым,кг Рационның   құрғак  затында
азықөлшемі протеин,% кант,% клетчатка,% каротин,мг
2500-3000 0,70 15 6 24-22 25
3500-4000 0,76 16 8 22-20 30
4500-5000 0,83 17 10 20-18 35

 

Ескерту: Клетчатканың 14%-тен астамы ірі азықпен жеткізілуі тиіс. Ол 10%-ке дейін төмендесе, сүттің майлылығы 3,6%-тен 3,0-ке, 5%-ке дейін төмендесе — 2,3%-ке төмендейді.

Мал өнімділігі артқан сайын желінген азықтың тіршілікті қамтамасыз етуге жұмсалатын бөлігі азайтылады да, өнім алуға жұмсалатын бөлігі көбейтіледі. Мысалы, тірілей салмағы 450 кг сиырдан күніне 4,5 кг сүт өнсе, желінген азықтың 3/2 бөлігі оның тіршілігін қамтамасыз етуге, 3/1 бөлігі сүт түзілуге, 9 кг сүт өнсе 2/1 бөлігі тіршілікті  қамтамасыз етуге, 2/1 бөлігі сүт түзілуіне, 18 кг сүт өнсе,3/1 бөлігі тіршілікті қамтамасыз етуге, 3/2 бөлігі сүт өндіруге жұмсалады.

 

2. Бұзауды  азықтандыру

   Бұзауласымен сиырға бұзауын жалатады да, бұзауды мүмкіндігінше ерте уызбен ауыздандырады. Ол үшін енесінің желінін тазартып, уыздың алғашқы микробаралас бөлігін сауып тастайды да, бұзауын емізеді. Мұндай мүмкіндік болмаса бұзауға жаңа бұзаулаған басқа бір сиырдың уызын ішкізеді.

Уызбен  қоректендіру  кезеңінен   кейінгі  сүтпен   қоректендіру кезеңінде бұзауды шаруашылықтағы өсіру жоспарына сәйкес азықтандырады /14-16-шы кестелер/.

Тұқымдық еркек бұзауға берілетін сүт пен жемшөп мөлшері кестеде келтірілген ұрғашы   бүзаудікінен   10-15% арттырылады.

Сүт кезеңінен кейін бұзауларды жынысына қарай бөліп, топтастырады да, кейінгі өсіру мақсатына сәйкес бағыттап азықтандырады. Айталық, жоғарғы өнімді сүтті сиыр алу мақсатымен өсірілетін тана көп мөлшерде көлемді жемшөп жеуге) үйретіледі. Өсе келе оның ішек-қарны кернеліп, ұлғаяды да арзан аумақты жемшөпті  көп қорытуға бейімделеді.

 

3. Тана – құнажынды  азықтандыру.

Межелеген   тірілей   салмағына   жеткізу       үшін       тана-торпақтың өр өсу кезеңінде белгілі салмақ  қосуын  қамтамасыз

 

  1. Бұзау азықтандырудың  N1-ші  жобасы

 

    Жасы: Кезең аяғындағы тірілей салмағы,кг                           Тәулігіне, кг Мин.қоспа
айы он күн-дігі      сүт пі- шен сүр- лем тамыр түй- нектер     жем астұзы пре –ципитат
сүт көк сүт сұлы жарм құрама
  I 

 

 

1-ші2-ші

3-ші

 

44

 

55

5

 

 

-үй- ре-ту -үй-

ре- ту

-үйрету

үйрету

 

-0,1

0,3

 

 

-5

5

 

-5

5

 

          1- ші   айда 150 4 100 100
II 4-ші5-ші

6-ші

 

61

3-

6

36

6

0,20,3

0,5

-үйрету 0,20,3

0,5

0,50,9

1,0

1010

10

1010

10

          2-ші  айда 30 150 10,0 —/— 10,0 24,0 300 300
III 7-ші8-ші

9-шы

 

78

32

0,710

1,3

0,510

1,5

0,51,0

1,5

1,31,4

1,6

1010

10

1015

15

          3-ші  айда 50 30,0 30 30,0 43,0 300 400
IV 10шы11шы

12шы

 

96

1,51,5

1,5

22

3

1,51,5

1,5

1,61,5

1,5

1515

15

1515

15

          4-ші  айда 45,0 70 45,0 46,0 450 450
V 13-ші14-ші

15-ші

 

113

2,02,5

3

34

5

1,01,5

1,5

1,31,1

0,8

1515

15

1515

15

           5-ші  айда 75 120 45 32,0 450 450
VI 16шы17шы

18шы

 

130

33,5

3,5

56

7

11

1

0,80,7

0,6

2020

20

1515

15

            6-шы  айда 100 180 300 21,0 600 450
     Барлығы  6  айда 180 200 260 400 160 4 166 2200 2150

 

 

  1. Бұзау азықтандырудың № 2-ші жобасы

 

    Жасы: Кезең аяғындағы тірілей салмағы,кг                           Тәулігіне, кг Мин.қоспа
айы он күн-дігі      сүт пі- шен сүр- лем тамыр түй- нектер     жем астұзы пре –ципитат
сүт көк сүт сұлы жарм құрама
  I 

 

 

1-ші2-ші

3-ші

 

52

 

66

6

 

2

 

-үй- ре-ту -үй-

ре- ту

-үйрету

үйрету

 

-0,1

0,4

 

 

-5

5

 

-5

5

 

          1- ші   айда 180 5 100 100
II 4-ші5-ші

6-ші

 

72

2-

6

66

6

0,20,3

0,5

-үйрету 0,60,3

0,5

0,60,9

1,1

1010

10

1010

10

          2-ші  айда 20 160 10,0 —/— 10,0 260 300 300
III 7-ші8-ші

9-шы

 

92

32

0,710

1,3

0,510

1,5

0,51,0

1,5

1,31,4

1,6

1010

10

1015

15

          3-ші  айда 50 30,0 30 30,0 43,0 300 400
IV 10шы11шы

12шы

 

113

52

1,51,5

1,5

2,02,0

3,0

1,51,5

1,5

1,21,4

1,4

1515

15

2020

20

          4-ші  айда 70 45,0 70 45,0 42,0 450 600
V 13-ші14-ші

15-ші

 

134

2,02,5

3,0

3,04,0

5,0

1,51,5

1,5

1,21,4

1,6

1515

15

2020

20

           5-ші  айда 75,0 120 75,0 42,0 600 600
VI 16шы17шы

18шы

 

155

3,03,5

3,5

5,06,0

7,0

1,01,0

1,0

1,01,0

1,0

2020

20

2525

25

            6-шы  айда 100 180 30,0 30,0 600 450
     Барлығы  6  айда 200 400 260 400 160 4 175 2800 2800

 

 

  1. 16. Бұзау азықтандырудың № 3-ші жобасы

 

    Жасы: Кезең аяғындағы тірілей салмағы,кг                           Тәулігіне, кг Мин.қоспа
айы он күн-дігі      сүт пі- шен сүр- лем тамыр түй- нектер     жем астұзы пре –ципитат
сүт көк сүт сұлы жарм құрама
  I 

 

 

1-ші2-ші

3-ші

 

60

 

77

7

 

2

 

-үй- ре-ту -үй-

ре- ту

-үйрету

үйрету

 

-0,1

0,2

 

 

-5

5

 

-5

5

 

          1- ші   айда 210 3 100 100
II 4-ші5-ші

6-ші

 

83

4-

48

8

0,20,3

0,5

-үйрету 0,20,3

0,5

0,30,6

0,8

1010

10

2020

20

          2-ші  айда 40 200 10,0 —/— 10,0 17,0 300 600
III 7-ші8-ші

9-шы

 

106

8-

0,78

8

0,51,0

1,5

0,51,0

1,5

-1,0

1,5

0,80,8

0,8

1515

15

2020

20

          3-ші  айда 240 30,0 30 30,0 24,0 450 600
IV 10шы11шы

12шы

 

130

76

3

1,51,5

1,5

2,02,0

3,0

1,51,5

2,0

1,01,2

1,5

1515

15

2020

20

          4-ші  айда 160 45,0 70 50,0 37,0 450 600
V 13-ші14-ші

15-ші

 

175

2,02,5

3,0

3,04,0

5,0

2,02,0

2,0

1,71,7

1,7

2020

20

2526

25

           5-ші  айда 75,0 120 60 51,0 600 750
VI 16шы17шы

18шы

 

155

3,03,3

3,5

5,06,0

7,0

202,0

2,0

1,61,6

1,6

2525

25

3030

30

            6-шы  айда 100 180 6,0 48,0 750 900
     Барлығы  6  айда 250 600 260 400 210 3 177 2650 3550

 

етеді (17-ші кесте). Сиыр тірілей салмағын   500-600   кг-ға   жеткізу  керек болса, бұл норманы 15-20%-ке жоғарылатады.

Ірі қара төлінің азықтандыру деңгейін салмақ қосымына  сәйкес өзгеретін мұқтаждығы бойынша есептеуге болады /18-ші кесте/.

Тана рационы өсу жеделдігі мен салмақ қосымына  сәйкестіріліп, ай сайын қайта құрастырылады. Рацион қыста  ірі және шырынды азықтарға (әрбір 100 кг салмағына 2-3кг  пішен, 5-6 кг сүрлем) негізделеді. Мүмкіншілік болса оларды  пішендемемен ауыстырады: 6-12 айлық танаға 9-14 кг, одан  ересегіне 15-20 кг есебінен.

Тана рационындағы жем көлемді азық мөлшеріне  сәйкестендіріп беріледі: жеткілікті мөлшерде сапалы пішен, пішендеме, сүрлем берілсе,бір жасқа толғанша үнемдеп (тәулігіне  бір басқа 0,2-0,5 кг-нан) беріп, тәуліктік салмақ қосымын 600-650  грамға жеткізеді; азық сапасыз болса, аталған мөлшерде салмақ  қосу үшін жем мөлшерін 1-1,5 кг-ға жеткізеді; тұқымдық  еркек танаға 2-2,5 кг жем беріледі.

Пішеннің 3/1 бөлігін (қоректілігі бойынша) жаздық  дақыл  сабанымен ауыстыруға болады. Буаздығының соңғы 1,5-2 айында  құнажынға берілетін сүрлемнің жартылай мөлшерін азайтып  оның орнына пішендеме мен пішен берген жөн.

Жазда тана  рационындағы  ірі  және  шырынды  азық пен  құнарлы азықтың жартысын көк шөппен ауыстырады.  Жайылым  отын, екпе шөп көк балаусасын  кеңінен  пайдалана отырып, 7-9 айлық танаға 18-22 кг, 10-12 айлық  танаға 22-26 кг, 13-15 айлық  танаға 35-40 кг көк азық жегізеді.

Дұрыс   азықтандырылса   тана    12  айлығында  туғандағы  салмағын 7,5-8 есе, 18 айлығында 11-12 есе  ұлғайтады.

 

 4. Ірі  қараны  бордақылау.

 

Тұқымға қалдырылмаған таналар жедел өсіріліп  бордақылауға қойылады да етке тапсырылады. Оларды 3-4 ай,ал  ересек ірі қараны 2-3 ай бордақылау барысында ет түсімі өсіріліп ет сапасы жақсартылады. Бордақылаудағы ірі қара жоспарланған  тірі салмағы мен тәуліктік салмақ  қосуына сәйкес азықтандырылады /19-шы кесте/. Салмақ қосуында ауытқулар  болса, азықтандыру нормасынан әрбір 100 г салмақ қосымына  0,5 азық өлшемі    қосылып не алып тасталады.

Етке өсірілетін бұзаудың  әрбір 100 кг салмағына 1-ші айда килограмында 2,4 а.ө. бар 1,9 кг қүрғақ зат қажет болса, 2 айында 2,1 а.ө. шоғырланған 1,8 кг, 3-і  айда 1,4 а.ө. шоғырланған  2,3 кг,  4-і  айда 1,2 а.ө. шоғырланған 2,5 кг, 5-6 айларында 1,1 а.ө.

 

17.Тірілей  салмағы 400-450 кг сиыр  өсірілетін тана-құнажынды

азықтандыру  нормасы

 

17-ші  кестенің  жалғасы

 

  1. Бордақылаудағы ірі  қараны  азықтандыру  нормасы        

                                 ( тәулігіне 1000 г салмақ қосқанда)

 

Шоғырланған 2,6 кг құрғақ  зат қажет. Жасы 6 айдан асқан тананың  әрбір 100 кг салмағына  2,3-2,7 кг  құрғақ  зат беру керек. Азық  рационының   әрбір   азық    өлшемінде   1-3  айлық    бұзау   үшін 125 г., 3-6 айлық бұзау үшін — 120 г., 6-9 айлық үшін — 110 г., 9-10 айлық  тана үшін — 100 г., 12-18 айлық тана үшін — 90 г қорытылатын протеин  болуға тиіс.

Бордақыланатын малдың  азығы мейлінше арзан болғаны жөн.  Осы мақсатпен техникалық өндіріс қалдықтары (жем, барда, мезга) кеңінен пайдаланылады. Бордақылау мерзімі уш кезеңге  болінеді: бастапқы кезеңде (алғашқы 20-25 күн) бордақылауға  қойылған мал негізгі азыққа үйретіліді;  келесі кезеңде (ортадағы 40-60 күн) оған негізі  азық мүмкіндігінше  қош беріледі, соңғы  үшінші  кезеңде (аяққы 25-30 күн) негізгі азық молшері; біршама азайтылады да, оның  орнына малдың төбетін арттырып, етінің сапасын  жақсартатын пішен  мен жем мөлшері кобейтіледі. Техникалық азық қаідықтары оте сулы (90%) келеді. Олардың  химиялық  құрамында құнарлы қоректік заттар тым аз, сондықтан бордақыланған  малдың егі су татып, дәмсіз болуына осылай жол бермейді. Мал бордақылауға  арналған рациондар үлгісі 2()-шы  кестеде   корсетілген.

Етке тапсырылатын малды жазда жайып семіртеді.

 

5. Тұқымдық  бұканы  азықтандыру

Асыл тұқымды бұқа тірілей салмағы  мен алыңған  ұрық  мөлшеріне қарай азықтандырылады /21-ші кесте/. Бұл норма ұрық орта деңгейде  яғни аптасына қатарынан  екі рет шәует алыңғанда  қолданылады. Ұрық  аптасына  2-3  рет алынса, ұрық алу деңгейі  жоғары  деп   саналады  да  азықтандыру нормасы 15-20% арттырылады. Ұрық  алынбайтын  кезде  бұл көрсеткіштер,   керісінше, 10-15%  төмендетіледі  де,  бұқаның  орташа  қондылығы сақталады.

Ұрық алынбайтын кезде бұқаның әрбір 100 кг салмағына 1,1-0,8 а.ө., ұрық алу деңгейі орташа болса 1,2-0,9 а.ө., ал жоғары болса 1,3-1,0 а.ө. қажет. Тірі салмағы көбейген сайын бұл көрсеткіш азая түседі, өйткені тіршілігін қамтамасыз етуге жұмсалатын азық үлесі азаяды. Әрбір азық  олшемінде ұрық алынбайтын кезде — 100 г, ұрық  алынатын  кезде — 125-145 г қорытылатын   протеин  болуға тиіс. Мұны  қамтамасыз  ету үшін бұқа рационына бұршақ дақылдарының  пішені, ұны, дәні, азықтық  ашытқы,1 жануар тектес азықтар  кіреді.

Энергия   көзі   ретінде  рационға  жеңіл  қорытылатын  қантқа   бай       тамыржемістілер   кіргізіліп, құрғақ    заттағы  қант  мөлшері   7-ден   9,4-12,4   %-ке  дейін   көбейтіледі.   Каротинге   байазықтар (шөп ұны, сәбіз) беріледі. Ас қорыту барысын жақсарту үшін рацион құрғақ затында клетчатка деңгейі 20-25% жеткізіледі. Ол үшін азық аумағын азайту мақсатында жазда бұқаға пішен немесе бір бөлігі солған не кептіріл-ген көк шөп беріледі. Протеинмен бірге ұрық сапасына минералды элементтер, әсіресе фосфор ықпал етеді. Бұқаның әрбір 100 кг тірі салмағына 0,8-1,2 кг пішен (жазда — 0,5 кг), 0,8-1 кг сапалы сүрлем не пішендеме, 1-1,5 кг тамыржемістілер, 0,3-0,5 кг жем қоспасын (қоспа құнарлылығы оның құрамына кіретін жеке жем түрінің құнарлылығынан артық екенін ескеріп) жегізеді. Тәулігіне бұқа басына 5-10 кг пішен, 1-2 кг шөп ұны, 4-6 кг сәбіз, 5-8 кг азықтық қызылша, 3-5 кг қант қызылшасы, 2-3 кг арпа (жүгері), 0,5-1,5 кг бұршақ дәні, 0,5-1 кг тары, кебек, күнжара беріледі.

Бұқаға оның жыныстық шабытын төмендетіп, ұрығының сапасын нашарлататын қоректілік қасиеттері төмен құнарсыз азықтар (техникалық қалдықтар, сапасыз пішен, сүрлем, сабан, азот қосындыларын) беруге болмайды. Бүқаның тәбетін күшейтіп, жыныстық  шабытын қоздыруға оны ауық-ауық серуенге шығарып (моцион), бойын сергітудің үлкен мәні бар. ¥рық сапасына жеткіліксіз азықтандырудан шамадан тыс артық азықтанды-рудың әсері зиянырақ екенің ескеру де қажет.

0

Автор публикации

не в сети 10 лет

slava

0
Комментарии: 0Публикации: 6Регистрация: 10-02-2015

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля