27 января, 2017 13:29
Студенттерге 1960-80 жж. Қазақстанның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәлімет беру.
Негізгі ұғымдар:тоқырау, дамудың экстенсивті жолы, шаруашылық есеп.
Жоспар:
- 1960-1970 жж. экономиканы реформалау әрекеттері.
- «Тоқырау» кезеңіндегі Қазақстанның экономикасы.
- Республиканың қоғамдық-саяси және мәдени дамуы.
- 1960-1970 жж. экономиканы реформалау әрекеттері.1965 ж. басталған экономикалық реформа бастапқы кезде экономикалық дамуға белгілі дәрежеде серпін берді. Тоғызыншы бесжылдықта жоспарлау жүйесі бойынша Қазақстанда 1578 кәсіпорын жұмыс істеді. Тоталитарлық жүйе оның өмір сүріп отырған экономикалық құрылымының шеңберінен шығуына жол бермеді. Осының салдарынан 1970ж. басында экономикалық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған идеялары бұрмаланды. Реформаның негізгі мақсаты – кәсіпорындардың шаруашылық дербестігін жоспарлы кеңейту-тек көрсеткіштерді кемітуге және коллективтердің көтермелеу қорларын қалыптастыру болды. Көптеген кәсіпорындар пайда табудың қызығына беріліп, өз өнімдерінің бағасын қолдан жоғарлату жолына түсті. Бағаның өсуі есебінен алынған пайда жалақыны көбейтуге мүмкіндік берді, оның өсуі еңбек өсімділігінің өсуін басып озды, мұның өзі 1970ж. бас. ақпараттық процестердің басталуының себебі болды, бұл экономиканың дамуына теріс ықпал жасады. Кәсіпорындардың дербестігін кеңейте отырып, министрліктер мен ведомстволардың әкімшілік және экономикалық өкілеттілігін күшейтті.
Реформаның сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі саяси саладағы демократияландыру процесінің тежелуі болды. Ол тек экономикалық ұйымдық-техникалық саласымен ғана шектеліп, қоғамның саяси құрылымына, меншік қатынасына соқпады, мемлекеттік меншіктің монополиясын сақтады, нарықтық қатынастарды теріске шығарды. Л.И. Брежнев пен оның төңірегінділер реформа негізінде экономиканы терең қайта құруға қарсы болды. 70ж. бас. Реформаны жүргізу тоқтатылды.
- «Тоқырау» кезеңіндегі Қазақстанның экономикасы.1970-85жж. Республиканың индустриялық әлеуеті өсе түсті. Өнеркәсіпті өркендетуге 40.8 млрд. сом жұмсалды. Негізгі өндірістік қорлар 3.1 есе артты, оның ішінде химия және мұнай химиясында 6.5 есе, машина жасауда 4есе, отын өнеркәсібінде 3.8 есе өсті. 1000-дай өнеркәсіп газ өңдеу заводы, Шевченко пластмасса, Қарағанды резина-техника, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу заводтары.Екібастұз және Ермак ГРЭС-тері, Қапшағай су-электр станциясы, т.б.
Экономиканы басқаруды қатаң орталықтандырудың жағдайында өнеркәсіптің құрылымы шикізат өндіруге бағытталған сипатын сақтап қалды. Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктің қарамағында болды.
1970-80жж. алып кәсіпорындар түріндегі шикізат салаларын дамытуға бағыт ұстау өнеркәсіптің өңдейтін және қайта өңдейтін өндірісінің өсу қарқыны төмен болуына, халық тұтынатын тауарлар тамақ және жеңіл өнеркәсіп өндірісінің дамуы жеткіліксіз болуына әкеп соқтырды. Тұтынатын азық-түлік емес тауарлардың 60% Қазақстанға басқа республикалардан алынып келінді. Экономикадағы дағдарысты құбылыстардың өсуі халық шаруашылығының бір қалыпты дамымауына алып келді.
КОКП ОК (1965ж.) Пленумы талдап жасаған аграрлық реформа ауыл шаруашылығын интенсивті жолға түсірудің талпынысы болды. Ұлттық табысты аграрлық саланың пайдасына қарай қайта бөлу, шаруашылық есепті енгізу, ауыл шаруашылығын өнімдерінің сатып алу бағасын арттыру шаралары белгіленді.Республиканың ауыл шаруашылығы ірі инвестиция алды. 1971-78жж. Оған 58.2 млрд сом жұмсалды.
- Республиканың қоғамдық-саяси және мәдени дамуы.Қоғамдағы саяси жағдай 1970-ші жылдардың бас кезі жаңашыл үрдістердің едәуір әлсіреуімен, қоғамдық қүрылыс принциптері мен түрлерінің тоқырауға ұшырауымен ерекшеленді. Саяси өмір принциптеріне түзетулер енгізген мұндай бетбұрыстың пайда болуы ең алдымен 1968 жылдың тамыз айында бес ел әскерлерінің Чехословакия жеріне енгізілуіне байланысты болатын. Өйткені дәл осы елде саяси құрылымды жаңартуға, нарықтық қатынастар жолымен экономикалық реформалар жүргізуге бағытталған барынша ауқымды, түбегейлі ұмтылыстар көріне бастады. Яғни, онда социализмнің «сталиндік», «кеңестік» нұсқасын жою және демократиялық қоғам орнату туралы мәселелер көтерілді. А. Дубчек бастаған коммунистік партияның бұл бағытына халықтың көпшілік бөлігі қолдау көрсетті.
Алайда КСРО басшылығымен бұл ұмтылыс 1968 жылы «Прага көктеміне» қарсы төндірілген «интернационалдық акцияның» салдарынан іске аспай қалды. Осының нәтижесінде 1960-шы жылдар ортасындағы бетбұрыс кертартпа күштердің құрсауында қалды. Бүл оқиғаның ізі суымастан «ревизионизмге» қарсы басталған идеологиялық науқан ЧКП дамуындағы дағдарысты жоюға, бірқатар басқа коммунистік партиялардағы оппортунистік күштерге теориялық соққы беруге, партия, оның социалистік қоғамдағы жетекші рөлі туралы «маркстік-лениндік» тұжырымдаманы қайта қалпына келтіруге жәрдемдесуге тиіс болды.
Алайда тарих тәжірибесі коммунистік құрылыстың КОКП Бағдарламасында белгіленген міндеттері өзіне сай саяси және практикалық шешімдер таба алмағандығын көрсетті. Ал мұның өзі көптеген сауалдың жауабын кемелденген социализм тұжырымдамасынан іздеу кажеттілігін алдын-ала аңғартты. Социализмді бірте-бірте жетілдіру идеясы саяси бағыттың өзегіне айналды.
Билеуші партияның басшылығы Қазан (1917 ж.) оқиғаларының 50 жылдығына жасаған баяндамасында Кеңес халқы жүріп өткен тарихи жолдың басты қорытындысы кемелденген социализмнің орнатылуына әкеледі деген тұжырым жасаған болатын. Бұл «тұжырымдаманың» өзінен бұрынғы теориялық қисындамалардан айырмашылығы социализмнің қоғам дамуының едәуір ұзақка созылатын кезеңі екендігін мойындауынан көрініс тапты. Ол тұрғыдан алғанда «коммунизмге қарай алып адыммен секіру» идеясынан бас тарту жағдайына байыпты баға беру көрінісі болғандығы шүбәсіз. Бірақ бұл түжырымдама » 30-40-шы жылдары мерейі үстем болған, өтпелі кезеңнің бүкіл проблемалары шешіліп бітті, социалистік мұраттар негізінен жүзеге асты және осының бәрі дәлелденген» деп санайтын әлеуметтік-экономикалық даму пайымына арқа сүйеді.
Осының салдарынан социализмді жетілдіру жолдарын іздестіру ісі (егер мұндай іздестіру жүргізілсе), ескірген түсініктер аясындағана қанат жаюға мүмкіндік алды. Социализмнің іркіліссіз және қайшылықсыз үдере өркендеуі теориясы экономикалық және әлеуметтік жетістіктерді ерекше ұлғайтып көрсетуге, шындықты боямалап жеткізуге итермеледі. Қоғам әзегіне енген қайшылықтардың, тоқыраушылықтың, төрешілдіктің асқыну себептерін жабулы күйінде қалдыра берді. Қоғамның даму құбылысы өткен кезеңдегі жетістіктермен салыстыра қарастырылғандықтан, сөздер мен үғымдар бірте-бірте шындыққа мүлде жанаспайтын мазмұнға ие болды, теория да шынайы мән-мағынасынан айырыла бастады.
Қиялдағыны қолдағыдай етіп көрсетуге тырысушылықтың барынша асқындаған көрінісі КСРО-ның 1977 жылғы Конституциясында орын алды. КОКП Орталық Комитетінің мамыр (1977 ж.) пленумы мақұлдаған Конституция жобасы бүкілхалықтық талқылауға ұсынылды. Талқылау барысында не бәрі 400 мыңға жуық ұсыныс келіп түсті. 1977 жылғы казанның 7-сі күні тоғызыншы сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс жетінші сессиясы Негізгі Заңның тексін қабылдады. Бұл күн Конституциясы күні болып жарияланды.
1978 жылғы наурыздың 17-сі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы республика Конституциясының жобасын бас-аяғы бір-ақ айға созылған «бүкілхалықтық талқылауға» ұсынды. Оның іргетасын Кеңес мемлекетінің Негізгі Заңы құрады. Сыншыл рухтағы ресми қоғамдық пікірге кереғар келетін материалдар, әлбетте, ескерусіз қалды. 1978 жылдың 18-20 жұлдыздарында Қазақстан билеуші партиясының ОК-і мақұлдағаннан кейін, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс жетінші сессиясы Жаңа Конституцияны қабылдады.
Демократияны шектеу, еңбек адамын меншік пен билікке жақындатпау, адамның қүқын аяқасты ету т.б. болатын кеңес қоғамының саяси жүйесіне тән белгілер, міне, осындай. Жаттандық пен қасандыққа бой ұру демократиялық институттардың қатып-семуіне және формалді сипат алуына әкеп соқты. Қалыптасқан жағдай Кеңестердің демократиялык, ішкі мүмкіндіктерінің тынысын тарылтып, адымын ашқызбауға айналды. 1970-1980 жылдары жетекші органдар тарапынан Кеңестер жұмысын жақсарту жөнінде ондаған қүжаттар қабылданғанымен, оң өзгерістер болған жоқ және болуы да мүмкін емес еді. «Мемлекеттендіру» процесі кәсіподақтарды, комсомолды және қоғамдық ұйымдарды да қамтыды. Қоғамдық ұйымдардың партиялық-мемлекеттік аппаратпен тұтасуы, олардың дербес негіздерін жоққа шығаруға әкеп тіреді.
Бұл кезеңге тән болған сөз бен іс, қабылданған шешімдер мен олардың орындалуы арасындағы алшақтық кеңес адамдарының бойында самарқаулық пен немқұрайдылык туғызды. 1950-60-шы жылдардағы реформалардың сәтсіздікке ұшырауы, ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелердің болмауы жарияланған мақсаттар мен ниеттерге сенімсіздікпен қарау рухын дүниеге әкелді.
Бекітуге арналған сұрақтар:
- Республика Конституциясының жобасы бүкілхалықтық талқылауға қашан ұсынылды?
- 1979ж. Ақмола қаласында жастардың шеруге шығуына не себеп болды?
Әдебиеттер:
- Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. Алматы,
- Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007.
- Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Очерктер. Алматы: «Дәуір», 1994.
- Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна», 2006.
- Қ.С. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф.А. Қозыбақова және т.б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 376 б.
- Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2007.
- Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008. – 640 б.