„Қам-Бураүлы Бамсы-Бейрек туралы жыр»

24 ноября, 2017 15:04

„Қорқьгг ата кітабына» негіз болған ежелгі жырдың бірі —. Бүл жырдың өте қадым замандарда, ислам діні қыпшақ дала- сына келгенге дейінгі дәуірлерде, яғни ежелгі түркілердің Кек Тәңірісіне табынатын кезінде айтыла бастағанын аңғару қиын емес. Мәселен, жырда Байбөрі перзентсіз екенін айтып зар жылаған сәтте көпшілік қолдарын көкке жайып: „Тәңірі саған үл берсін!—деп бата жасады». Сол жиында Байбіжан деген бек: „О, бектер, егер Кек Тәңірі маған қыз беретін болса, оны мен Байбөрінің баласына бесікте жатқанда қоссам деймін, осыған сіздер куәлік етіңіздер,— деді».

Сондай-ақ жырда Қорқыт ата айтқанына көнбеген тентек Қаршардың қолын сиқырмен қарыстырып қояды. Сол сәтте Қаршар жалбарынып: „О, Қорқыт ата! Тәңірге сенемін. Қолымды орнына келтір, Көктің бүйрығы, Тәңірінің жолы болса, қарындасымды Бамсы-Бейрекке берейін,— деді» (164, 40).

Көк түріктер заманынан көрініс беретін мүндай эпи- зодтарды „Қорқыт ата кітабынан» жиі үшыратуға болады.

„Қам-Бураүлы Бамсы-Бейрек туралы жыр» бертін келе түркі халықтарының қоғамдық өміріндегі сан қилы тарихи қүбылыстарға сәйкес бірқатар өзгерістерге үшыраған сияқты. Соның нәтижесінде Бамсы-Бейрек туралы жыр „Алпамыс» жырына айналған секілді. Бірқатар ғалымдар Бамсы-Бейректің ғүндар дәуіріндегі толық аты Алып Бам- сы деп санайды. Ғүндар „алып» деген әскери титулды шайқаста ерлік көрсеткен батырлардың атына қосып айтатын болған. „Алып Бамсы» сөзі бірте-бірте келіп „Ал- памса», „Алпамша», „Алпамыс» атанып кеткен.

„Бамсы-Бейрек» жыры өзінің композициялық қүрылы- сы жағынан „Алпамыс батыр» жырына өте жақын. Ал сю- жеттік түрғыдан бүл екі жырдың бірінші және екінші бөлімдері бірін-бірі қайталайды. Басқаша айтсақ, Бамсы- Бейрек пен Алпамыстың дүниеге келуі, сүйген қызына үйленуі, батырлардың жау қолына қапылыста түтқынға түсіп, үзақ жылдар бойы зынданда жатуы, сүйген жары- ның басқа біреумен үйлену тойының үстінен шығуы, жыр қаһармандарының мүрат-мақсатына жетуі, т. б. екі жырда да бір-біріне үқсас болып келеді.

„Қорқыт ата кітабындағы» Бамсы-Бейректің әкесі Қам-Бура мен „Алпамыс» жырындағы Алпамыстың әкесі Байбөрі бейнелері арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ деуге болады. Екеуінің де іс-әрекеті, ой-пікірі тіпті сөйлейтін сөздері де мазмүны жағынан бір-біріне өте жақын келеді.

Ал бүл жырдағы оғыз тайпасының батыры Бамсы-Бей- ректің әйелі Бану-Шешек пен қазақ жырындағы Алпамыс батырдың сүйген жары Гүлбаршын сүлуды бір-бірінен айыру қиын. Бүлардың бір-бірінен айырмашылықтары екі жыр сюжетінің кейбір ерекшеліктеріне ғана байланысты болып келеді.

„Алпамыс» жырындағы сақау әйел Бадамшаның мінез- қүлқы, жүріс-түрысы „Қам-Бураүлы Бамсы-Бейрек тура- лы жырдағы» кекеш қатын Қысыршаның қайта жасалған бейнесі сияқты.

Бамсы-Бейрек жайындағы жырды оқи отырып, қазақ ауыз әдебиетіндегі жоқтау жырларының қайнар-бастау- ларын Көк түріктер дәуірінен көргендей боламыз. Мәселен, бүл жырда ағасы Бамсы-Бейректі соғыста өлді деп ойлап отырған батырдың қарындасы мынадай монолог айтады. „Қыз алдында тұрған бақсыға қарап, оның сауал- дарына төмендегідей жауап береді: «Қобызыңды сарнат- па, бақсым. Қулағым бұл кезде қобыз үнін естіп, жыр тыңдаудан қалған. Мен бір бақытсыз өткен қызбын, бақсым. Қарсы алдыңда турған таудың жайлауы кімдікі деп сүрадың сен, ол бір кезде менің ағам — Бейректің жайлауы еді. Ағам кеткелі мен ол жайлауға шыққан емеспін. Таудың салқын суы кімдікі дейсің, о да бір кезде менің ағам — Бейректің ішкен суы еді. Ағам кеткелі ол су- дан біз татып көрген емеспіз. Үйір-үйір жүйрік жылқылар кімдікі деп сүрадың, о да ағам — Бейректің жылқысы еді. Ағам кеткелі біз ол жылқыға мініп-түскен емеспіз… Менің көз алдымда түрған Қаратауым қүлағалы қашан, бақсым? Ол сенің қүлағыңа қалай жетпеген? Есік алдындағы бәйтерегім кесілгені не заман? Ол сенің қүлағыңа қалай тимеген? Дүниедегі тірегім, жалғыз ағамнан айрылдым. Ол сенің қүлағыңа қалай жетпеген, бақсым? Мендей бақытсыз қызға дүние деген әлдеқашан адыра қалды емес пе, бақсым? .

Түпнүсқада поэзия түрінде берілген бүл үзақ монолог қазақтың жоқтау жырларын еріксіз еске салады.

„Қорқыт ата кітабының» осы үшінші жырында қазақ қауымына тән салт-сана, әдет-ғүрып басым болып келеді. Мәселен, жаңа туған үл (Бамсы-Бейрек) мен қызды (Бану- Шешек) бесікте жатқан кезінде атастырып қою — қазақтардың көне дәуірден келе жатқан салты. Сондай- ақ қызды алыс жерге үзату да сол заманның тарихи қажеттілігінен туған салт еді. Бүл салтты оғыздар да, қыпшақтар да берік үстаған. Мүның өзі бір-бірінен алыс жатқан тайпалардың өзара түтастығын сақтау қажеттілігінен өмірге келгені мәлім.

Қыз алып, қыз беру арқылы жасалатын осындай үтым- ды одақтың сарындарын қазақтың қаһармандық дастан- дары мен лиро-эпикалық жырларынан аңғару қиын емес.

„Қорқыт ата кітабына» енген Бамсы-Бейрек туралы жыр Көк түріктер дәуірі көркем сөз өнерінің бізге жеткен ғажайып үлгілерінің бірі болып табылады.

„Қорқыт ата кітабын» оқи отырып ғүндар мен Көк түріктер дәуірінің өзіндік салт-санасын, наным-сенімін, мо- ральдық-этикалык, нормаларын пайымдауға болады. Бул жәйтті, әсіресе, „Қазанбектің баласы Оразбектің түтңынға түскені туралы жырдан» айқын көреміз. Ежелгі түркілер бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Оны әскери өнерге үйретуді әкесінің міндеті санаған. Ол кезде әрбір адамның азаматтық мәртебесі оны ел қорғау ісіне қосқан үлесіне қарай бағаланған. Демек, бұл жырдың негізгі тақырыбы — оғыз бен қыпшақ бектерінің бала тәрбиесі мәселесіне арналған.

Оғыз-қыпшақ дәуірінің дәстүрі бойынша, он бес-он ал- ты жасқа толған ер балалар міндетті түрде әскери өнерді үйренетін болған. Мүндай бала-жігіттерді ересектер өздерімен бірге қан майданға ертіп барып жүрген. Қолына қару үстап, жаудың қанын төкпеген жігіттерді ешкім сый- ламаған, тіпті адам санатына қоспаған. Ең жаман қасиет — қорқақтық, опасыздық саналған. Жаудан қорқып қашқандарды өз әкелері-ақ қатал жазалап отырған.

Оғыз-қыпшақ дәуірінің, жаугершілік заманының осы бір шындығын „Қазанбектің баласы Оразбектің түтқынға түскені туралы жырдан» айқын көруге болады. Бүл жыр- дың сюжеті қарапайым:

Қазанбек ер жетіп, есейіп келе жатқан жастардың қурметіне үлан-асыр той жасайды. Той енді қызып жатқанда Қазанбектің сол қол жағында — нағашысы Аруз-қожа, оң жағында — інісі Қара-Көне, ал қарсы ал- дында — садаққа сүйеніп баласы Ораз түр екен. Қазанбек оң жағына қарады да — масайрап күлді, сол жағына көз тастағанда — бойын қуаныш сезімі билеп кетті, ал қарсы алдында түрған баласына көзі түскен бойда-ақ жанары жасқа толып қалды. Сонда Қазанбек ұлына қарап, өзінің неге жылағанын түсіндіреді:

Оң жағыма қарадым да — інім Қара-Көнені көрдім,

Ол қан төкті, бас кесті — сьій-сияпат, қүрметке ие болды.

Сол жағыма қарадым да — нағашымды көрдім,

Ол қан төкті, бас кесті — сый-сияпат, қүрметке ие болды.

Қарсы алдыма қарадым да — сені көрдім,

Сен (мына жарық дүниеде) он алты жыл өмір сүрдің.

Сен садақ тартып та, қан төгіп те көрген жоқсың ғой.

Мен өлетін де күн туады, ал сен (жалғыз) қаласың.

Ержүрек оғыздардан сый-сияпат алған жоқсың.

Бірақ Ораз өз міндетін жақсы түсінеді. Үлына соғыс өнерін үйретпеген әкесінің өзі айыпты екенін айта келіп, Ораз былай дейді:

Баласы әкесінен үйренбей ме,

Әлде әке баласынан үйрене ме?!

Сен мені қан майданға апардың ба?

Қылыш сермеп, бас кесіп көрсеттің бе?

Қазанбек бар айып өзінде екенін мойындап, сол жіберген қателігін түзету үшін Оразбекті аң аулауға ертіп шығады. Әкесі өзінің жауды қырған жерін көрсетпек бо- лады. Қазанбектің қамсыз жүргенін сезген жау әскері бүларды аңдып түрып шабуыл жасайды. Жауға тойтарыс беруге әзірленіп жатып Қазанбек үлына: —Таса жерге барып алдымен менің қалай шайқасқанымды көр, үйре- несің,— дейді. Сөйтіп, Қазанбек жау әскерін жалғыз өзі қой қораға түскен арлан қасқырдай қан жоса етіп қыра бастайды.

Әкесінің ерлігін көріп, арқасы қозып кеткен Оразбек өзінің жас нөкерлерімен соғысқа кірісіп кетеді. Ол әкесінен рүқсат сүрамай, қан майданға шығады. Ерлік көрсетеді. Бірақ тәжірибесіз жас жігітті қарсы жақ қолға түсіріп алады.

Қазанбектің қасындағы бектер:— «Балаң қорқақ, қашып кетті!» деп әкесін азғырады. Ол тіпті жалғыз үлын өзі өлтірмек болады. Бірақ жыр соңында Оразбектің ерлігі анықталады. Оразбек жау қолында аяқ-қолы байлаулы жатып та дүшпанға берілмейді. Ол өзін қүтқаруға келе жатқан әкесіне қарап өлеңмен өтініш айтады:

Әке сен мүнда келме, жауға түтқын боласың,

Мен өлімнен қорықпаймын, тек сен аман бол.

Екеумізден бірдей айырылып, шешем жесір қалмасын.

Қазанбек жауды жеңіп, үлкен той жасайды. Жүртқа қымбат тарту-таралғылар береді. Бүл хикаяны Қорқыт ата жыр етіп айтады.

Міне, бүл жырдың мазмүнынан негізгі идеясы айқын көрініп түр. Бұл жыр жастарды соғыс өнерін білуге, ар-на- мысты жоғары үстауға, ел басына күн туғанда тайсалмай жауға қарсы шығуға, ал жауды жеңе алмаған жағдайда намысты қолдан бермей, ел-жүрт үшін ерлікпен ажалға бас тігуге үндейді.

Қорқыт жырының бесінші тарауы — «Доқа-қожаүлы ер Домрул жөніндегі жыр» деп аталады. Бүл жырдың сан ғасырлар бойы халық арасында аңыз болып, ауызша тарап кеткен турі мен „Қорқыт ата кітабына» енген жазбаша нусқасының бір-бірінен айырмасы бар.

Домрул жөніндегі халық аңызы — түгелдей дерлік ис- лам дініне қарсы айтылған жыр. Бүл жырдың исламға дейінгі дәуірде айтылған сарыны шығарманың сюжетінен- ақ айқын көрінеді.

Домрул деген бір алып батыр аң аулап, өзен жағасында жүреді екен. Бір күні сол маңайға бір ауыл келіп қонады. Көп үзамай солардан бір сүлу жігіт қайтыс болады. Бүкіл ел азан-қазан болып жылайды. Жас жігіттің қыршын кет- кеніне Домрул қатты ашуланады. Ол ызаланып елден сүрайды: Оны өлтірген кім?—дейді.

Ел айтады: Тәңірінің бүйрығымен өлді, оның жанын алған қызыл қанатты әйірейіл,— дейді.

Қаһарына мінген ер Домрул бостан-бос кісінің жанын алатын әзірейілмен соғысып, жас жігіттің жанын өзіне қайтарып бермек болады. Сонда тәңірі әзірейілге: „Дом- рулдың өз жанын алып кел»,— деп бұйырады. Әзірейіл іздеп үйіне келеді. Домрул қылышын қынабынан шығарады. Сол сәтте әзірейіл көгершінге айналып үшып кетеді.

Қорқыттың ажалмен күресудегі басты сарынының бірі осы жырдан көрінеді.

Ал енді бүл жырдың „Қорқыт ата кітабына» енген жаз- баша нүқсасында Домрул әзірейілден қорқып, қүдайдан кешірім сүрайды. Өзі тірі қалу үшін қартайған әке-ше- шесінің жанын әзірейілге әперуге келіседі. Бірақ қартайса да әке-шешесі баласы үшін өлгісі келмейді. Сон- да Домрул әйелімен қоштасып шықпақ болады. Әйелі күйеуі үшін өз жанын беруге келіседі. Бірақ әзірейіл әйелдің күйеуіне соншалықты адал, берілген екенін біліп, оның жанын алмайды. Өлгісі келмеген әке-шешесінің жа- нын алып жазалайды. Домрул сүйікті әйелімен бір жүз қырық жыл ғүмыр кешіпті.

Мүнда ерлі-зайыпты адамдардың бір-біріне деген адал- дығы, шын берілгендігі, мөлдір махаббаты туралы жыр- ланған.

Дегенмен, жырдың жазбаша нүсқасы халықтық эпосқа онша үқсамайды. Домрул туралы жырдың жазба- ша түрі ислам діні енді тарай бастаған дәуірде оны насихат- тау мақсатымен жазылған секілді. Сондықтан бүл жырдың бізге ауызша, аңыз болып жеткен халықтық нүсқасына көбірек назар аударуымыз керек.

„Қорқыт ата кітабының» ғажайып қаһармандарының бірі Домрул жайындағы жырда айтылатын көне дәуір оқиғалары да қыпшақ даласында болған сияқты. Ертерек- те қазақ арасында Домрул жырын „Домбаул дастаны» деп те атай берген. Бул туралы Ә. Мүрғұлан төмендегідей пікір айтады: „Домбаулдың дыңы» деп аталатын бірыңғай қалақ тастан өрілген тарихи күмбез (VII—VIII ғ.), осы күнге дейін Кеңгір өзенінің бойында, Жошы хан күмбезінен үш жүз километрдей жоғарыда түр. Ол жер тарихи заманнан келе жатқан бір атақты пантеон»

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля