2 декабря, 2017 19:22
Қозғалтқыштың бензинді бүрку жүйесі келесі суретте көрсетілген бөлшектерден тұрады.
Жалпы мәлімет |
«КЕ-Джетроник» отынды электронды бүрку жүйесініц қүрылысы:
1 — жанармай багы; 2 — электрлі жетекті отын соргысы; 3 — отын жинагыш; 4 — жанармай сүзгісі; 5 — жүйедегі отын қысымын реттеуіиі; 6 — енгізу қүбыры; 7 — іске қосу бүріккіші; 8 — дроссельді қақпақша; 9 — ауа шыгынын өлшейтін кла- |
Жанармай багында электрлі бензин сорғысы орналасқан. Ол отынды сорып алып жэне жанармай сүзгісі арқылы бүркуді таратқышқа береді. Сол жерде қысымды реттегіш орналастырылған. Одан кейін бүрку кла- пандары арқылы бензин бүріккішке беріледі. Ауа өлшегіш ауа сүзгісі аркылы қозғалтқыш цилиндріне сорылып алынатын керекті ауа көлемін өлшейді. Ауа өлшегіш тұрқысында өтетін ауаны белгілі жағдайда ұстап тұратын жэне ауаны өткізбейтін қақпақша орналасқан. Арнайы сезгі оның жай-күйі туралы ақпаратты береді. Бүркудің уақыты мен бүркілетін жанармай көлемі электронды басқару аспабымен анықталады. Ол бүркуді таратқышқа бұйрық береді. Қоспаның байытылуы мен бүркілетін жанармай көлемі эрқашан оңтайлы болып са- налады. Сонымен қатар бүркуді электронды басқару жүйесі автомобильдің бос қозғалысында жанармайды беруді тоқтатуды басқарады. Құрылгы электроникасы істен шыққан жағдайда КЕ-Іеігопіс механикалы түрде де жұмыс істейді. Суық қозғалтқышты іске қосқан кезде суық іске қосу клапаны қосымша жанармай көлемін бүркеді. Дроссельді қақпақша жагдайы сезгісі ең көп айналу сэтіне жеткенде жэне автомобильдің сырғанау режимінде жұмыс істеген кезде түйіспелерді ажыратады және қысымды реттегіш жанармай- ды беруін тоқтатады. Клапанды бүріккіштер жұмысында қандай да бір олқылықтар пайда болса, басқа шуға қарағанда тез анықталады. Жанармайды электронды бүрку жүйесі бар автомобильдерді тек акку- мулятор сенімді жалғанғанда жэне дұрыс жұмыс істеп немесе қосымша көмекші старт кабелі жалғанғанда, іске қосуға болады. Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде аккумулятор батареясын ажыратуға болмай- ды. Оталдыру жүйесі мен білтелерін тексеру қажет, олар ақаусыз болуы қажет. Электронды аспаптарын 80°С-тан жоғары температураға дейін қызды- руға болмайды. Оталдыру қосылып тұрган кезде басқару аспаптарының жалғаныстарын ажыратуға болмайды. Бензинді қозғалтқыштардың отынды бүрку жүйесінің техникалық жағдайын арнайы күй анықтау аспабымен — мультиметрмен, сканермен жэне басқасымен тексереді. Мультиметрлер (тестрлар) жоғарғы кедергілі жэне 0-20 В, 0-200 Ом, 0-20 кОм өлшемде болады. Мультиметрлер ұқсас жэне цифрлі болады. Бұл аспаптар ток күшінен, кернеуінен, кедергісінен басқа да қосымша көрсеткіштерді: иінді біліктің айналу жиілігін, түйіспелердің тұйықталған бұрышының жағдайын жэне т.б. анықтай алады. |
Сканерлер немесе сканерлі аспаптар отынды бүрку жүйесінің техни- калық жағдайы туралы анығырақ ақпарат береді. Сканерлер компьютерлі тестрлердің прототипі болып келеді жэне эртүрлі электронды баскару жүйесінің жағдайын автомобильдің жай-күй аныктау ажыратқыштары арқылы цифрлы ақпараттарын оқып, жай-күйін анықтайды. Қазақстанда көбінесе «БОШ» фирмасының сканерлері қолданылады.
Сканер жинағына сканердің өзі, ауыспалы картридж жэне тексеріліп жатқан автомобильдің жай-күй анықтау ажыратқышына келетіндей жалғас-тырғыш кабельдері кіреді. Сканерлерде бірнеше жұмыс режимі бар. «Ошибка» режимінде экранға автомобиль контроллері есінде сақталған қандай да бір кемістігі цифрлі кодпен көрсетіледі. «Параметры» режимінде автомобиль қозғалысында: борттық желідегі кернеу, қозғалыс жылдамдығы жэне т.б. қозғалтқыш жұмысын анықтайды. Қозғалтқыш жұмыс параметрлері өлшенуін динамикада көру үшін «Сбор данных» режимі бар. «Возсһ» фирмасыньщ К8Т-500 сканері жэне басқа да сканерлер бүрку жүйесінің жэне автомобильдің өзге жүйелерінің динамикада жұмыс ба- рысын бақылауда экранға графикалық сурет белгілерін көрсете алады. Ол үдерісті қарап бақылауға мүмкіндік береді. Автомобильдің бүрку жүйесін тексергенде, сканер мүмкіндіктері берілген автомобиль басқару жиынтығының жай-күй анықтау функцияларымен анықталады. Бірақ ере- же бойынша барлық сканерлер ақаулық кодтарын ашып жэне жоя алады. Бүрку жүйесі элементтерінің жай-күйін анықтау үшін, сканерлер мен имитаторлардан басқа да электронды басқару жүйесінің функционалды енгізілуін жэне одан шыққан компоненттерді тексеру үшін басқа да ар- найы аспаптар қолданады. Жай-күй анықтау құралдары жиынына келесі аспаптар кіреді: • компрессометр немесе компрессограф, цилиндр-поршеньді топтың, газ тарату механизмі жағдайының жай-күйін анықтауға арналған; • әмбебап вакуумды сорғы (вакууметр), цилиндр-поршеньді топтың жэне клапанды механизмнің жағдайын, енгізу құбырынан ауаның сорылуын анықтауға арналған; • мультиметр, басқару жүйесінің жэне оның құрамдас бөлшектерінің жай-күйін анықтауға, эртүрлі параметрлер мен белгілерді өлшеуге, реттеуге арналған; • стробоскоп, оталдырудың бастапқы сәтінің дұрыстығын тексеру- ге, от алдырудың ортадан тепкіш жэне вакуумды реттеуішінің си- паттамасын немесе оталдыру сәтін басқарудың қызметін тексеруге арналған; |
• жанармай қысымын өлшеу жиынтығы, бензинді қозғалтқыштардың жанармай беру жүйесінің гидравликалық бөлігінің жай-күйін анықтауға арналған;
• бос жүріс жүйесінің тестерлері, эртүрлі типті бос жүрістің ақау- лығын жэне реттелу қызметінің дұрыстығын анықтауға арналған; • бүріккіш тестерлері, электрмагнитті бүріккіштердің акаусыздығын тексеруге арналған; • оталдыру жүйесінің қүрамдас бөлшектерінің тестері, оталды- ру жүйесінің шеткі модулін жэне орамдарының ақаусыздығын анықтауға арналған; |
сезгі белгілерінің имитаторы, басқару жүйесінің эртүрлі сезгілерінің белгілерін имитациялауға арналған.