Қүрал-саймандар

14 декабря, 2017 11:17

Былғары, терімен 5-сыныпта жұмыс істеу үшін қайшы, пы- шақ, біз, тескіштердің түрлері, былғарыға белгі салатын қырық аяқ, таңбалардың түрлері және басқа да құралдар қажет (25-сурет).
Пышақ өткір, бір қырлы етіп қайралып дайындалады. Пышақ- тың ұзындығы 190-200 мм. Кейде етікшілердің пышақтарын да пайдалануға болады.

Қайшы тері мен жүқа былғарыны кесуге ыңғайлы, көбіне тігіншілерге арналған немесе күнделікті түрмыста қолданылатын түрлері пайдаланылады.
Біз — күнделікті түрмыс қажетіне қолданылатын және етікшілер пайдаланатын құрал.

25-сурет
Тескіштердің түрлері, олар бір-бірінен өткір үштарының (бас- тарының) формаларына (төртбұрышты, үшбұрышты, дөңгелек, со- пақ) қарай айырылады. Үзындықтары 100-120 мм шамасында бо- лады.

Таңбалар — бүларды мектеп қабырғасында өздерің шегелер- ден не мыс жездерден жасап алуларыңа болады. Олардың жүмысқа қолданылатын басын егеумен егеп, әр түрлі форма беріп өндейсіңдер. Шегелердің бас жақтарынан таңбалар жасалынады.

Былғарыға белгі салатын — қырық аяқ, оларға бедер түсіру үшін, тесетін тесіктердің орындарын белгілеу үшін қажет қүрал.
Мүйіз ысқы — бүл қайқы басты құрал, былғарыға бедер түсіру, сызып ою-өрнек салу үшін қолданылады. Ол тек мүйізден ғана жасалып қоймай, болаттан, сүйектен де жасалады.

0

Автор публикации

не в сети 3 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля