Мұғалімдерге арналған семинар жоспары

28 сентября, 2017 14:11

Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың жоспары
Мектеп: Фурманов орта мектебі Семинарды тыңдаушылардың саны:20 примерно
Мерзімі: 20.03.17ж Мұғалім: Абильдина Асем Жаналыковна
Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың тақырыбы: «Жалпыадамзаттық құндылықтар-мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі»
Мақсаты: Мұғалімдердің рухани-адамгершілік білім туралы көзқарастарын ізгілікке бағыттай отырып, ұстаздардың абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
1.Мұғалімдерге жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінік беру арқылы, тұтастай педагогикалық үдеріске рухани адамгершілік білімді енгізу.
2.Оқушылар бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды аша отырып, бәсекеге қабілетті жас ұрпақ тәрбиелеуге жағдай жасау.
3. Өзін-өзі тану пәнін басқа пәндермен ықпалдастыру жолдарын көрсету.
Жоспар
1.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері.Сананың құрылымы, сана арқылы оқыту, сананы тазарту туралы түсінік беру. Мұғалімнің заңдары, парыздары, жеке қасиеттері, педагогиканың үш типімен таныстыру. Мұғалімнің рөлі, ережелері туралы мағлұмат беру.
2. .«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері.Мұғалімдерді аксиология, иерархия, құндылық ұғымдарымен таныстыру. Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту.Петракованың күн жүйесі.
3. Өзін-өзі тану пәнін басқа пәндермен ықпалдастыру арқылы оқушыларды рухани адамгершілік білім нәрімен сусындату. Білім берудің екі аспектісінің үйлесімді дамуы. Сыртқы және ішкі білім туралы түсінік беру. Жанды және жансыз білім, сыртқы және ішкі ықпалдастыру жолдарын көрсету.
Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.
Ұстаздардан сауалнама алынады.
Дәйексөз.
Ұстаз! Сақ бол! Қателеспе!Зақымдама!Оқушы үшін сенім бол!Балаға арна өзіңді! Неге ұмтылу керек екенін біл!Бала жанының байлығын үнемі ізде!Баладан ғажайыптарды тосудан жалықпа, олармен кездесу үшін дайын бол!
Ш.А.Амонашвили
Шығармашылық жұмыс. 20 мұғалімді 5 топқа түстер арқылы бөлемін. Сосын 5 құндылықты бөліп беремін. Сол құндылықтар арқылы постер қорғайды.
2. 5 топ таңдап алған құндылықтарына сай сахналық көрініс көрсетеді.
Ән айту. Жақсы адамдар өлеңін айтамыз.
Үйге тапсырма. Әр пән мұғалімі өз пәніне сәйкес интеграциялық түйін жазып келеді.
Жиналыстың қорытынды сәті.
1.Мұғалімдерден қорытынды сауалнама алынады.
2.Баяу музыка қосылып тұрады. Құрметті ұстаздар бүгінгі жиналыстан алған жақсы әсерлеріңізді жүректеріңіздің түкпіріне салып қойыңыздар. Жақсы әсерлеріңізді мына алдарыңыздағы стикерлерге жазып бақыт ағашына жабыстырыңыздар.

0

Автор публикации

не в сети 7 лет

asema_88.a@mail.ru

0
Комментарии: 0Публикации: 1Регистрация: 29-07-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля