Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету түрлері

6 октября, 2017 13:20

Техникалық қызмет көрсету — ол автомобильдің техникалық жағдайын сақтандыру шаралары болып есептеледі, әрі жоспарлы, еріксіз міндетті түрде орындалуға тиіс.

Күнделікті техникалық қызмет көрсету (КТҚ) кезінде атқарылатын жүмыстар:

—        автомобильге жинастыру, жуу жүмыстарын жүргізу;

—        автомобильдің қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін жүйелері мен механизмдерінің техникалық жағдайын қадағалау (рульдік басқару, тежеу жүйесі, жарықтандыру аспаптары жэне сигнализациялар);

—        жанармай құю;

—        жүйелердегі майдың, салқындату сұйығының деңгейін тексеру. Жинастыру-жуу жұмыстары — шанақты, кабинаны жинастыру,

автомобильді жуып кептіру, айналарды, фарларды, жарықтандыру аспап- тарын, сигналдарды, нөмірлік белгілерді тазалау.

Бақылау жүмыстары бақылап қарау жұмыстарында кабинаның есігінің, платформаның, терезелердің, айнаның, нөмірлік белгінің жағдайын тексереді. Рессордың, дөңгелектердің, тіркеме құрылғысының тетіктерінде ақаудың жоқтығына көз жеткізеді. Жарықтандыру аспаптарының, терезе тазалағыштың, желдету жүйесінің жұмыс істеу қабілетін тексереді.

Рульдік басқарудың гидрокүшейткішінің ақаусыздығын, тежеу механизмінің, іліністің жүмыс істеу тэртібін тексеру.

Автомобильдің қозғалысы кезінде спидометрдің, таксометрдің және басқа да бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс істеуін тексереді.

Майлау және құю жүмыстары. Күн сайын қозғалтқыштың картеріндегі жэне гидромеханикалық беріліс қорабындағы майдың деңгейін, ілініс жэне тежеу жүйелерінің жетектеріндегі сұйықты тексеру.

Автомобильді тұраққа қоярдың алдында жанармай жэне де басқа сұйықтармен толтырып қою.

Техникалық қызмет көрсету (ТҚ-1) — автомобильдің техникалық ақаусыз қалпын сақтауға, оның құрылысында пайда болған ақауларды айқындауға, белгіленген кешенді жұмыстарды орындау арқылы тетік- тердің қарқынды тозуын төмендетуге арналған. ТҚ-1 кезінде орындала- тын жұмыстар:

—        тексеру және жай-күй анықтау (диагностика);

—        бекіту-реттеу;

—        майлау-тазалау;

—        электротехникалық;

—        арматуралық және басқа да жүмыстар.

ТҚ-1 жұмыстарын орындауға жұмсалатын еңбек қажеттілігі жеңіл автомобильдер үшін 2,5 — 4,5 адам/сағ., жүк автомобильдері үшін — 2,5-6,5 адам/сағ. Мысалы, берілген автомобильге ТҚ-1 жүргізу үшін

3.5    адам/сағ. қажет етілетін болса, оны бір адам орындаған жағдайда

3.5    сағат жұмыс істер еді. Техникалық қызмет көрсету жұмысы арнаулы орында аткарылатындықтан, ондағы 3-4 орында тұрған эртүрлі мамандар 5-10 минутта бітіреді. ТҚ-1 ауысым аралығында орындалатындықтан, ол күні автомобиль жұмыстан босатылмайды.
Техникалық қызмет көрсету (ТҚ-2) жұмыстарының мағынасы да ТҚ-1 сыяқты, тек айырмашылығы — тереңдетіліп тексеріліп, көп жұмыс атқарылады. ТҚ-2 орындауға жеңіл автомобильдер үшін 10-15 адам/сағ., ал жүк автомобильдері үшін 10-20 адам/сағ. қажет етіледі. ТҚ-2 жүргізу үшін автомобиль бір тэулікке дейін пайдаланылмауы мүмкін. ТҚ-2 жүргізгенде кейбір бақылау-күй анықтау жэне реттеу жұмыстарын, ав- томобильден шығарылып, арнаулы аппараттарда реттелетін тетіктерді тексеретін жұмыстар орындалады. Қажетті жағдайда қозғалтқыштың, трансмиссияның майы ауыстырылады. Карбюратор, газ редукторлары, жанармай сорғысы, бүріккіштер, генератор, релелер автомобильден шығарылып, арнаулы орындарда тексеріледі. ТҚ-2 жұмысы автомобильді жылы сумен жуып, кептіріп, матамен сүртумен аяқталады.

Маусымдық техникалық қызмет көрсету (МҚ) автомобильді суық не- месе жылы мезгілде пайдалану мақсатында жылына екі рет жүргізеді. МҚ көрсету жүмыстары ТҚ-2 жүмысымен біріктіріліп жүргізіледі. Мерзімдік техникалық қызмет көрсетуге қажетті еңбек ТҚ-2 ге жұмсалатын еңбектің 20%-ын кұрайды. МҚ кезінде барлық жүйелердегі майлар (жаздық не- месе қыстық) ауыстырылады. Аккумулятор электролитінің тығыздығы өзгертіледі.

Генератор мен стартерді шығарып, ішін үрлеп, тазалап, щеткаларын тексеріп, қажет болса, ауыстыру орындалады.

Міндетті түрде шанақтың тот басқан жерлерін тазалап, сырлау қажет. Қоректендіру жүйесіндегі жанармай сорғыларын реттеп жөнге келтіру, кыста суыққа карсы жабдықтармен жабдықтау керек.

Сұйытылған немесе сығылған газбен жұмыс істейтін автомобильдерге мезгілдік техникалық кызмет көрсету (МҚ) кезінде баллондағы газдарды шығарып, инертті газбен үрлеп газсыздандыру, газ кұбырларын сығылған ауамен үрлеу, баллондардың сақтандырғыш клапанының қандай қысымда жұмыс істейтінін тексеру керек. Содан кейін автомобильден газ редукторын, араластырғышты, жанармай сорғысын, буландырғышты, вентильдерді шығарып жуып, тексеріп жинастырып орнына салу атқарылады.

5

Автор публикации

не в сети 3 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля