9 октября, 2017 9:34
Жай-күй анықтау қүралдары автомобильдің, сондай-ак оның агрегаттарының бөлшектері және жүйелерінің техникалық жағдайын анықтауға арналған. Автомобильдің техникалық жағдайы оның қозғалыс қауіпсіздігінің деңгейі, қоршаған ортаға тигізетін әсері, экономикалық сипаттамасы бойынша бағаланады.
ТҚ көрсететін жэне АЖ жүргізетін технологиялық және жай-күй анықтайтын жабдықтар нышанына қарай: атқаратын жұмысына; бақылау тәсіліне; технологиялық орналасуына; жұмыс органдарының жетектелуі; мамандандырылу дәрежесі; жылжу дәрежесі жэне автоматтандырылған деңгейі бойынша жіктеледі. ТҚ көрсету мен жөндеу жұмыстарын орындауға арналған жабдықтар:
Бақылау тәсілі бойынша технологиялық жабдықтар: инерциялық — соққыш; гидравликалық; пневматикалық; электрлі; жинастырылған болып бөлінеді.
Технологиялық орналасуы бойынша барлык жабдықтар сыртқы, кіріктірілген және аралас болып бөлінеді. Сыртқы жабдықтар автомобильден бөлек орнатылады да, автомобильге және оның агрегаттарына мезгілдік техникалық қызмет көрсету үшін қолданылады.
Кіріктірілген жабдықтар тікелей автомобильге орнатылып, мезгілдік, сондай-ақ үздіксіз бақылау жүргізілуге арналады.
Аралас жабдықтардың мағынасы жабдықтардың жартысы автомобильге орнатылып, ақпарат жинайды, ал екінші жартысы автомобильден бөлек орналасып, ақпаратқа саралау жүргізеді.
Жұмыс органын жетектеу тәсілі бойынша жай-күй анықтау жабдықтары механикалық, электрлі, гидравликалық, пневматикалық жэне құрамдастырылған болып бөлінеді.
Мамандандырылу дәрежесі бойынша барлық жабдықтар бір бағытқа арналған, тек бір машинаға ғана пайдаланылатын жэне мамандандырылған машинаның барлық түрі бойынша қолданылатын болып бөлінеді.
Жай-күй анықтайтын жабдықтар орнынан жылжитындығы бойынша: жылжымалы; стационарлы (орнынан қозғалмайтын); алып жүретін болып бөлінеді.
Автоматтандырылу деңгейі бойынша жай-күй анықтау жабдықтары: қолмен жұмыс істейтін; механикаландырылған және автоматтандырылған болып бөлінеді.
Жылжымалы құрамдардың агрегаттарын, жүйелерін, тетіктері мен бөлшектері тексеріліп, күй анықтағыш жабдықтар бірнеше топқа бөлінеді.
Төменгі суретте автомобильдердің жай-күйін анықтайтын құралдардың жіктелуі көрсетілген.