Автомобильдің техникалық жағдайы, автомобильдің сенімділігі және беріктігі

5 октября, 2017 11:19

Автомобиль толық жүктемемен жұмыс істегенде, оның бөлшектері бірте-бірте серпімділігін жоғалтады, пішінінде өзгеріс пайда болады, тетіктердің арасындағы саңылау ұлғаяды, бөлшектердің өзара орналасу тәртібі бұзылады, тетіктерден жылуды шығару тэртібі нашарлайды, соның нәтижесінде машинаның техникалық көрсеткіші төмендейді. Автомобильдің барлық элементтерінде жұмыс істеу қабілетін жоғалтпайтындай әртүрлі беріктік сипаттамасы болады. Дегенмен автомобильдің кейбір бөлшектері пайдалану мерзімінен бұрын істен шығады. Олардың козғалыс қауіпсіздігіне жэне пайдалану көрсеткішіне кері әсер ететіндігі белгілі.

Автомобиль элементтерінің жұмыс істеуге жарамдылығы техникалық жағдайына қарай анықталады. Тетіктердің техникалық жағдайы пайдалану барысында өзгеріске ұшырап отырады. Мысалы, қозғалтқыштың цилиндрі мен поршеньдерінің арасында саңылаулар пайда болады, тежеу жүйесі қалыптарының қалыңдығы өзгереді, т.с.с.

Автомобильдің жұмыс істеу барысындағы техникалық көрсеткіші, оның жаңа кезінен межелі кезеңге дейінгі аралықтағы өзгерісі жұмысқа қабілеттілік жэне сенімділік түсінігімен бағаланады.

Жұмысқа қабілеттілік деп белгіленген техникалық көрсеткіштерге байланысты автомобильдің жұмысты орындай алатындай жағдайын айтады.

Жұмысқа қабілеттілік: автомобильдің қозғалыс жылдамдығын, жүккөтергішін, жанармай үнемдеуін, трансмиссияның пайдалы әсер коэффициентін т.с.с. негізгі техникалық көрсеткіштерін қамтиды.

Автомобильді пайдаланғанда, оның техникалық жағдайы өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Машина қаншалықты жетілдіріліп жасалғанымен, уақыт өткен сайын оның алғашқы сапасы өзгереді, кейбір көрсеткіштері нашарлайды.

Автомобильдің тетіктерінде ақаудың пайда болуы және ұлғаюы оның жасалу технологиясына, пайдаланылуы жағдайына, құрылғының жетілдірілгеніне т.с.с. байланысты. Негізінен, ақаудың пайда болуы машинаның жұмыс істеу қабілетіне әсер етпей, тұрып қалмай жүруі қалыпты жағдай деп есептеледі, ал кейбір жағдайда ақау тез пайда болып, машинаның жұмыс істеу қабілеті шұғыл төмендейді. Тұтынушылар, негізінен, машинаның сапасын оның ұзақ уақыт берілген көрсеткіштерімен жұмыс істегендігі бойынша бағалайды. Ол бағалаудың түрін сенімділік деп атайды.

Сенімділік — автомобильдің жэне оның тетіктерінің пайдаланылу барысында белгілі бір уақыт аралығында ңемесе белгілі бір жұмыс көлемін орындауға тиісті мезгілде өзінің алғашқы техникалық сапасын сақтайтын қабілеті.

Автомобильдің сенімділігі құрылғының жетілдірілгендігімен, оның жасалу технологиясымен, сондайақ пайдаланылу жағдайына байланысты анықталады.

Автомобильдің сенімділігі оның жұмыс істеу қабілетімен тікелей байланысты. Оны мүлтіксіздігімен, төзімділігімен, жөндеуге жарамдылығымен, сақталғыштығымен т.с.с. бағалайды.

Мүлтіксіздік — автомобильдің белгілі бір уақыт аралығында немесе берілген жұмыс мөлшерін орындауда жұмысқа қабілеттілігін сақтау ерекшелігі.

Машинаның жұмысқа жарамсыз болып қалуы деп оның толық немесе жартылай жұмыс істеу қабілетінің бұзылуын айтады. Жұмыс істемей қалу жағдайын шартты түрде біртіндеп істен шығу жэне кенеттен пайда болатын деп екіге бөледі. Біртіндеп жұмыс істеу қабілетінен айырылу тетіктердің өлшемдерінің пайдалануға рұқсат етілетін шегінен шығатын жағдайда (желінуі, ескіруі т.с.с.) пайда болады. Кенеттен жұмыс істемей қалу — ескерусіз жағдайда бөлшектердің істен шығуынан, сынуынан пайда болады.

Қор (ресурс) және қызмет мерзімі автомобильдің жэне оның тетіктерінің төзімділік көрсеткіштері болып есептеледі.

Қор — автомобильдің межелі жағдайға жеткенше мүлтіксіз жұмыс істеу уақыты. Күрделі жөндеуге дейінгі жүрген жолды автомобильдердің жүру қоры деп атайды, ол шақырыммен есептеледі.

Қызметтік мерзім — автомобильдің қүрделі жөндеуге дейінгі жүрген жолы немесе пайдаланылу мерзімі.

Төзімділік — бұл машинаның, агрегаттың, тораптың техникалық жарамды қалпында орнатылған пайдалану мерзіміне дейін ақаусыз жұмыс істеуі. Машина белгілі бір қатаң мерзім аралығында жұмыс істеуге, өзінің жұмыс істеу қабілетін белгілі бір уақыт аралығында ақаусыз орындауы қажет, бұл есептеулі уақыт біткеннен кейін оньщ орнын басқа жетілдірілген автомобиль алмастыруы керек. Ғылым мен техника тез өсуде, сондықтан машинаны ғасырға жарамды етіп жасаудың қажеті жоқ. Машинаның өз жұмыс істеу мерзімі болады, осы мерзім ішінде машина ең жоғарғы пайдалану көрсеткішін көрсетуге тиіс. Машинаны есептеулі мерзімнен ары қарай пайдалану қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына, пай- далану тиімділігінің күрт төмендеуіне, жөндеуге жұмсалатын шығынның артуына жеткізетіні белгілі. Автомобильдің бірінші күрделі жөндеуге дейінгі жүрген жолы төзімділіктің бағалау өлшемі болып есептеледі.

Жөндеуге жарамдылық — техникалык қызмет көрсету жэне жөндеу кезінде автомобильдің (агрегаттың, тораптың) ақауын жоюға бейімділігі. Автомобильдің жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіретін орташа уақыт жөндеуге жарамдылықтың көрсеткіші болып саналады.

 

5

Автор публикации

не в сети 3 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля