11 октября, 2017 9:33
Автомобильдердің барлық түрлерінің сыртын жууға қолмен жуатын щеткалы жуғыш қолданылады. Автомобильдің жуылатын жеріне байланыстыжуғыш сусорғыдан құбыршек арқылы беріледі.
а-суреттегі щетка айналады, барлық тегіс жерлерді тазалауға арналған. б-суреттегі ысқыш жалпақ, тегіс беттерді тазалауға арналған. в-суреттегі эмбебап щетка кез келген жерді тазалауға арналған. АВ-Н-01 — қатты щетка, АВ-Н-02 — қаттылығы орташа щетка, АВ-Н-03 — жұмсақ щетка, АВ-Н-04 — үлкен жұмсақ щетка.
Судың шашырауын әртүрлі пішінде жасау үшін бүріккіштер қолданылады. Оларды былғаныштың деңгейіне байланысты қолданады. Олардың түрлері төменгі 5.3-суретте көрсетілген.
Автомобильдерді жуу үшін бес сатылы, қысымы 1,5 МПа сусорғыБұл щеткалардың барлығы сусорғымен жалғасады. Судың шашырауы
реттеліп, әртүрлі пішінде шашырайды, ол тазалау сапасын жаксартады.
Автомобильдерді жуу үшін бес сатылы, қысымы 1,5 МПа сусорғы пайдаланылады (5.4-сурет). Сорғының техникалық сипаттамасы төменде көрсетілген.
Бұдан өзге, қолмен жуатын басқа да қондырғылар қолданылады (5.5, а-сурет). Суды жоғарғы қысымды аппаратымен ЭЕЬ УІК РИ 3050 (Италия) жылытуға арналған. Жылытылған сумен жуу ыңғайлы және еңбек өнімділігін арттыруға ықпалын тигізеді.
Су жылытатын аппараттың техникалық сипаттамасы:
Кернеу………………………………………………………. 380 В.
Өнімділігі………………………………………………….. 13 л/мин
Қысымы……………………………………………………. 160 бар
Пайдаланатын қуаты …………………………….. 4,1 кВт
Салмағы…………………………………………………… 98 кг
Өлшемі……………………………………………………… 790x550x700 мм.
5.5, б-суретте — суды жылытып, автомобиль жуатын жоғарғы қысымды қондырғы. 895-1 Тһегт маркалы автомобиль жуатын қондырғы қатаң жағдайда жұмыс істеуге арналған. Қондырғы сенімді экологиялық таза және шу шығармай жұмыс істейді. Қондырғының техникалық сипаттамасы
Қысымы……………………………………………………… 30-90 бар
Өнімділігі……………………………………………………. 14,8 л/мин
Кіретін судың температурасы…………………. 90°
Шығатын судың температурасы ……………. 150°
Жанармай шығыны………………………………….. 5,9 кг
Пайдаланатын қуат мөлшері ………………….. 7,5 кВт
Салмагы…………………………………………………….. 220 кг.
5.5, в-суретте — жоғарғы қысымда жұмыс істейтін автомобиль жуғыш қондырғы. Техникалық сипаттамасы:
Қысымы……………………………………………………… 30-215 бар
Өнімділігі …………………………………………………… 475-96 л/сағ
Қуат қажеттілігі ……………………………………….. 8 кВт
Салмағы 67 кг