Азот-фосфор тыңайтқыштарының топырақта азот қоректік элементінің жинақталуына әсері.

29 января, 2020 17:24

Азот-фосфор тыңайтқыштарының топырақта азот қоректік элементінің жинақталуына әсері

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

I — ТАРАУ. ТОПЫРАҚ РЕСУРСТАРЫ – АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСІНІҢ НЕГІЗІ

  • Топырақ құрамының түзілуіне әсер ететін факторлар
  • Топырақтың тұздануы мен онымен күрес шаралары

 

II – ТАРАУ. МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАР, ОЛАРДЫҢ ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДАҒЫ РОЛІ

  • Азот тыңайтқыштары, олардың түрлері мен өсімдіктер үшін маңызы
  • Топырақ құрамындағы қарашірік мөлшерін анықтау
  • Топырақтағы қарашірік заттарын экстракциялау
  • Минералдық тыңайтқыштардың қарашіріктің сапалық құрамына әсері

 

III – ТАРАУ. ӘРТҮРЛІ МӨЛШЕРДЕГІ МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫҢ ТОПЫРАҚТА ҚОРЕКТІК ЭЛЕМЕНТТЕР ЖИНАҚТАЛУЫНА ӘСЕРІ

  • Топырақтағы аммонийлі және жеңіл гидролизденетін азот мөлшеріне минералдық тыңайтқыштардың әсері

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ЕҢБЕК ҚОРҒАУ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

 

Ауыл шаруашылығының негізі неолит дәуірінде пайда болды. Осы кезден бастап адамның табиғатқа әсері айқын сезіле бастады.  Үй жануарларын өсіру үшін адам жайылымдық жерлерді игеріп, бұл жерлерде бұрын тіршілік еткен жабайы жануарларды қуып, аулап, олардың санының азаюына себеп болды.

Табиғатқа тигізетін зиянды әсерлердің негізгі себебі табиғи экожүйелер мен биоценоздардың мәдени ауыл шаруашылық жүйелеріне айналуы болып табылады.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуы  табиғи экожүйелердің өте үлкен масштабта жойылуына әкелді. Мұндай деградацияға ең алдымен тропиктік экожүйелер ұшырады. Ормандарды кең масштабтарда кесу, жерді тиімсіз, жүйесіз пайдалану бүкіл эволюция нәтижесінде қалыптасқан экожүйелердің қалпына келмейтіндей болып бұзылуына әкеліп соқты.

Бір кездердегі құнарлы топырақтар мен ландшафттар азғантай уақыт ішінде шөл далаларға айналады.  Ауыл шаруашылығы бұдан он мыңдаған жылдар бұрын Палестина мен Сирияның солтүстік аудандарында пайда болды. Қазір бұл үлкен, бір кездегі гүлденген территория құмды далаға айналған. Құнарлы топырақтарды жүйесіз, қалай болса солай пайдалану, алдымен біртіндеп ормандарды азайтты, одан кейін топырақтардың екінші қабатын, ең соңында бүкіл топырақты жойды деуге болады.

Қазіргі заманғы қоғамдық өндірістің дамуы ғалымдардың пікірінше, XVІІІ ғасырдан басталды. Осы кезден бастап негізгі Европалық мемлекеттердің экономикалық структурасы ғылым мен техниканың жетістіктеріне байланысты күрт өзгере бастады. Осы кезде ауыл шаруашылығы өндірісі де техникамен жақсы жабдықтала бастады, өсімдіктердің жаңа дақылдары пайда болып, егін және мал шаруашылықтарының тиімділігі артты.

Ауыл шаруашылығының техникамен жабдықталуы, адамның табиғатпен қарым қатынастарында түбегейлі өзгерістердің пайда болуына себеп болды.

Адам іс-әрекеті арқылы пайдаланылатын биоценоздардың түрі азая түсті. Табиғи биоценоздардан ауыл шаруашылық био-ценоздарының айырмашылығы олардың біркелкілігінде. Бір ғана дақыл түрін үлкен масштабта өсіру нәтижесінде топырақ құнар-лылығы кеміп, оның структурасы бұзылады, не тұзданады.

Қазіргі заманғы ауыл шаруашылық техникасы көмегімен егіс алқаптарын көбейту нәтижесінде табиғи ландшафттардың — дала, орман, батпақ т.б. жойылуына себеп болады. Табиғи жайылымдар ауданының кемуі жабайы жануарлардың азаюына, тіпті қырылып кетуіне әкеп соғады.

Әр түрлі биотоптарда өндіріс қалдықтарының жинақталуы заттар айналымын бұзады.

Ғылыми техникалық прогресс ғасырында адамның шаруашылық іс-әрекеті әсерінен биосфераның түрлі орталары айналымындағы табиғи элементтерге енді біраз мөлшерде түрлі жасанды элементтер қосылды. Бұлардың ішіндегі ең негізгілерінің бірі ауыл шаруашылығында минералды тыңайтқыштар мен пестицидтер пайдалану — қазіргі заманғы егін шаруашылығын химияландыру болып табылады.

Қазіргі ғылыми техниканың өрлеу заманында аграрлық экожүйелерде минералдық тыңайтқыштар қолданбай тиімді ауыл шаруашылық өнімін алу мүмкін емес. Бұл аксиома. Бірақ минералдық тыңайтқыштарды ұзақ мерзімде және оларды шамадан тыс көп мөлшерде қолдану агроценоздың табиғи көрінісін өзгертіп, топырақ құнарлылығын күрт төмендетеді. Бұл жағдай қазіргі таңда, экология саласының проблемалары шеңберінен шығып, табиғи ресурстарды және табиғатты қорғаудың ауқымды мәселесіне айналып отыр.

Ауыл шаруашылық дақылдарына қажетті деңгейден көп мөлшерде топыраққа түскен минералдық тыңайтқыштар топырақтың қышқылдануына әкеліп, нәтижесінде қарашіріктің қарқынды ыдырауына және топырақтағы органикалық қосылыстардың азотының минералдану процестерінің белсенділігі артуына жағдай жасайды /1-3/.

Минералдық тыңайтқыштарды кең көлемде қолданудың осындай негативті әсері, көптеген елдердің (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Ресей, ФРГ) ғалымдарын ойландырып, олар соңғы кезде жиі айтылып жүрген биологиялық егіншілік жүйесіне көшудің жолдарын іздестіруде /4-10/.

 

  Тақырыптың өзектілігі.  Арал теңізінің жойылуы Қазақстанның оңтүстік өңірінің ауыл шаруашылығы мен экономикасын үлкен экологиялық дағдарысқа әкеліп отыр. Бұрынғы теңіз түбінде жатқан әртүрлі тұз қосылыстары ауа және жауын-шашын арқылы осы аймақтың топырақ, су обьектілерін одан әрі ластауда. Нәтижесінде, бұрыннан құнары аз, сұр топырақ күріш дақылынан кейін шалғынды-батпаққа айналып, топырақтың терең дегра-дациялануына жол берілді. Осы ретте, топырақ құрамындағы қарашірік заттарының төмендеуі салдарынан оның эрозияға, одан әрі құмдану процесіне төтеп беру мүмкіндігінен айрылып, топырақ жедел құнарсыздана бастады.

Топырақ қарашірігінің төмендеуі, негізінен күріш дақылының физиологиялық ерекшеліктеріне және минералдық тыңайтқыштарды, әсіресе азотты тыңайтқыштарды шамадан тыс көп мөлшерде қолдануға байланысты болып отыр.

Минералдық тыңайтқыштардың топырақ пен және онда тіршілік ететін топырақ микробиотасымен байланысын, қарым-қатынасын зерттеу қазіргі таңдағы егін шаруашылығындағы ең өзекті мәселе, өйткені ол ауыл шаруашылық дақылдарының қоректену деңгейін және топырақтың  құнарлану дәрежесін анықтайды. Топыраққа минералдық тыңайтқыштардың жоғары мөлшерін қолданғанда, ондағы органикалық қосылыстардың минералдану процестері өршіп, топырақ құрамындағы қарашірік заттарының қоры кемитіні белгілі. Сондықтан, ауыл шаруашылығында қолданылатын минералдық тыңайтқыштардың (азот пен фосфор тыңайтқыштары) топырақтың түріне және дақылдың физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты анықталған оптимальды мөлшері топырақта жүретін қарашіріксіздену процестерін тежеп, оның құнарлылығын көтеруге қолайлы жағдай туғызады.

Минералдық тыңайтқыштар өсімдіктер үшін тек қана қоректік элементтер көзі ғана емес, сонымен қатар топыраққа тікелей әсер ететін абиотикалық фактор. Өсімдіктер минералдық тыңайтқыштар әсерінен жақсы өсіп дамыса, азот – фосфор тыңайтқыштарының микроорганизмдерге әсері әрқилы. C:NP қатынасының жоғарғы деңгейінде топырақта органикалық заттар қоры молайып, гетеротрофты микроорганизмдердің дамуына қолайлы жағдай туады, олардың биомассасы көбейеді және қарашірік заттары синтезделеді. Бұл кезде көміртектік қорек ретінде қарашірік заттарын пайдаланатын олиготрофты бактериялар тірішілігі шектеледі. C:NP қатынасының төменгі деңгейінде топырақта органикалық қалдықтардың мөлшері өте аз жағдайда топырақта қарашірік заттарын пайдаланатын олиготрофты бактериялар қарқынды өсіп-дамып, нәтижесінде топырақтағы қарашірік мөлшері кемиді.

Биологиялық белсенділік – топырақ құнарлылығының бірден-бір көрсеткіші. Топырақ құнарлылығының негізгі микробиологиялық көздеріне: органикалық қосылыстардың синтезделуі, атмосфералық азоттың топыраққа сіңіріліп, оны байытуы, минералдық тыңайтқыштардың трансформациялануы, өсімдік қалдықтарының ыдырауы нәтижесінде қарашірік қорының жасалуы жатады /11/.

Осыған байланысты, топырақтың құнарлылығын жоғалтпай сақтай отырып, ауыл шаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алу үшін топырақтың оптимальды биологиялық белсенділігі қажет. Оптимальды биологиялық белсенділік топырақтағы биологиялық  және биохимиялық процестер шығын болатын қоректік элементтердің орнын толтыратындай жылдамдықпен және қарқынмен жүрген сәтте ғана айқындалады. Ал, осы нәтижеге жеткізетін шараларға топырақты минералдық тыңайтқыштардың ғылыми негізделген қолайлы және үйлесімді мөлшерімен өңдеу, суару, т.б. жатады.

Соған қарамастан, қазіргі кезге дейін, топырақты минералдық тыңайтқыштардың әртүрлі мөлшерімен өңдегенде, олардың топырақтың физикалық және химиялық қасиеттеріне қалай әсер ететініне көбірек көңіл бөлінді, ал осы антропогендік фактордың топырақтың экологиялық жағдайын кеңінен сипаттайтын – биологиялық белсенділігіне және микробиологиялық қарашіріктену процесіне әкелетін өзгерістерді зерттеу жұмыстары өте аз жүргізілді.

Минералдық тыңайтқыштардың топырақ пен және онда тіршілік ететін топырақ микробиотасымен байланысын, қарым-қатынасын зерттеу қазіргі таңдағы егін шаруашылығындағы ең өзекті мәселе, өйткені ол ауыл шаруашылық дақылдарының қоректену деңгейін және топырақтыңқұнарлану дәрежесін анықтайды. Топыраққа минералдық тыңайтқыштардың жоғары мөлшерін қолданғанда, ондағы органикалық қосылыстардың минералдану процестері өршіп, топырақ құрамындағы қарашірік заттарының қоры кемитіні белгілі. Сондықтан, ауыл шаруашылығында қолданылатын минералдық тыңайтқыштардың (азот пен фосфор тыңайтқыштары) топырақтың түріне және дақылдың физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты анықталған оптимальды мөлшері топырақта жүретін қарашіріксіздену процестерін тежеп, оның құнарлылығын көтеруге қолайлы жағдай туғызады.

Осыған байланысты, топырақтың құнарлылығын жоғалтпай сақтай отырып, ауыл шаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алу үшін топырақтың оптимальды биологиялық белсенділігі қажет. Оптимальды биологиялық белсенділік топырақтағы биологиялық және биохимиялық процестер шығын болатын қоректік элементтердің орнын толтыратындай жылдамдықпен және қарқынмен жүрген сәтте ғана айқындалады. Ал, осы нәтижеге жеткізетін шараларға топырақты минералдық тыңайтқыштардың ғылыми негізделген қолайлы және үйлесімді мөлшерімен өңдеу, суару, т.б. жатады.

Соған қарамастан, қазіргі кезге дейін, топырақты минералдық тыңайтқыштардың әртүрлі мөлшерімен өңдегенде, олардың топырақтың физикалық және химиялық қасиеттеріне қалай әсер ететініне көбірек көңіл бөлінді, ал осы антропогендік фактордың топырақтың экологиялық жағдайын кеңінен сипаттайтын – биологиялық белсенділігіне және микробиологиялық қарашіріктену процесіне әкелетін өзгерістерді зерттеу жұмыстары өте аз жүргізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ     

 

Агроценоздарда қолданылатын минералдық тыңайтқыштардың топырақпен байланыс, қарым-қатынасы топырақтың экологиялық жағдайын білдіреді. Өйткені, топыраққа түскен әртүрлі мөлшердегі минералдық тыңайтқыштар онда тіршілік ететін топырақ биоталары — әртүрлі бактериялар мен саңырауқұлақтар, насекомдар мен олардың личинкаларына тікелей әсер етіп, топырақта жүретін қарашіріктену процесін жеделдетіп не баяулатып, оның құнарлылығын айқындай түседі. /12-15/. Осы тұста пайдаланылатын минералдық тыңайт-қыштардың қолайлы мөлшерін анықтау ғалымдардың алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі.

И.Н. Ромейко және т.б. /16/ ғалымдар егістікте азотты минералдық тыңайтқыштардың көп мөлшерін қолданғанда, ондағы биологиялық белсенділіктің жылдам өзгеретінін байқаған. Мысалы, топырақтағы қарашірік қосылыстарының ыдырау процестеріне қатысатын автохтонды микроорганизмдердің сан көрсеткіштері онда тіршілік ететін барлық микроорганизмдерге қарағанда біршама көбейген.

В.В.Кидин мен О.Н.Ионова /17/ азотты минералдық тың-айтқыштардың топырақтың микробиологиялық белсенділігін тез арттыратынын, нәтижесінде өсімдіктерге сіңімді топырақ азотының мөлшерінің көбейетінін анықтаған. Ал, азотты минералдық тыңайтқыштардың мөлшері көбейген сайын оның топырақтан жоғалуы 1,5 еседей өскен.

Топырақ қойнауында жүретін барлық процестерге минералдық тыңайтқыштардың қалай әсер ететінін білу мақсатында мик-робиологиялық тестілерді пайдалану өте тиімді, өйткені мик-роорганизмдер биотасы минералдық тыңайтқыштарға өте сезімтал бола тұрып топырақтағы әртүрлі зат айналымы процестерінің бағытын анықтайды /18/.

Далалық тәжірибе жағдайында С.А.Абрамян /19/ минералдық тыңайтқыштардың жоғарылатылған мөлшерінің топырақтағы гид-ролитикалық ферменттер жүйесі белсенділіктеріне кері әсер ететінін байқаған. Ғалымның пікірінше, бұл құбылыс топырақтағы минералдық және жеңілгидролизденетін азот мөлшерінің шамадан тыс көбею салдарынан болған. Сондықтан, автор, гидролаза ферментерінің белсенділіктерін топыраққа түсетін азот қосылыстарының мөлшерімен реттелуі керек деген қорытындыға келген.

Азот тыңайтқыштарының жоғары мөлшері топырақтың биологиялық белсенділігіне және агрофизикалық  көрсеткіштеріне күшті әсер етеді. Жоғары мөлшердегі минералдық тыңайтқыштар топырақтың микробиоценозындағы олиготрофты және гетеротрофты микроорганизмдер қарым-қатынасын өзгертіп, біріншілерінің үлесін кемітеді.

Сол себепті топырақ қойнауындағы органикалық және минералдық азот қатынастары да жылжиды.

Азот тыңайтқыштарының 120 кг/га (ә.е.з.) мөлшерін егістікте қолданған кезде оның көп бөлігі иммобилизацияланып, яғни органикалық қосылыстарға бекініп, кейінірек топырақ биотасының тіршілік іс-әрекеті нәтижесінде минералданады /20/.

Е.Х. Ремпе және Р.У. Рагимовалардың /21/ пікірінше, топы-рақты азот тыңайтқыштарының жоғары мөлшерімен өңдегенде, ондағы нитрлеу мен денитрлеу процестеріне қатысатын мик-роорганизмдер саны тез көбейіп, еркін жүретін азот сіңіруші бактериялар мен аммонификаторлардың мөлшері кемиді. Сонымен қатар, топырақтың «тыныс алуы» төмендеп, оның табиғи органикалық қосылыстарының минералдануы өршиді.

Аграрлық экологиялық жүйелерде азотты минералдық тыңайтқыштардың көп мөлшерін үздіксіз қолдану цианды бактериялардың тобына жататын гетероциста немесе азотсіңіруші түрлердің белсенділіктерін төмендетіп, сандық көрсеткіштерін кемітеді. Осыған байланысты,  топырақ жүйесінің өзінің табиғи құнарлылығын бұрынғы қалпына келтіру мүмкіндігі жойылады /22/.

Азотты минералдық тыңайтқыштар топырақта болатын азот сіңіруші бактериялардың және азотфиксация процестерінің бағытына күшті әсер ететін бірден-бір фактор болып саналады.

Көптеген авторлардың айтуынша /23-25/ минералдық азот, яғни тыңайтқыш құрамындағы азот азотфиксация процесіне тікелей әсер етеді. Бұл негізінен, тыңайтқыштың мөлшеріне байланысты. Ауыл шаруашылығында жиі қолданылатын азотты минералдық тыңайтқыштарының мөлшері (120-150 кг/га) осы процесті тек қысқаша уақытқа ғана тұншықтырады. Ал азот фиксацияның толық тоқталуы тыңайтқыштардың өте көп мөлшерінде (800-1000 кг/га) ғана байқалады екен.

Ж.И.Николаенко мен И.А.Геллердің /26/ далалық тәжірибе зерттеулерінде топырақты 60 кг/га минералдық тыңайтқыштармен (N,P,K) өңдегенде бақылаумен (тыңайтқышсыз вариантпен)  салыстырғанда, бактериялардың саны 2 есе, саңырауқұлақтар 1,5 есе, актиномицеттер кешені 3 есе өскен. Топырақтағы микробтық ценоздың сан көрсеткіштерінің көбеюі минералдық тыңайтқыштардың 90 кг/га мөлшеріне дейін болған. Ал, тыңайтқыштарды (NPK) жоғарыда аталған мөлшерден көп деңгейде қолданған кезде, топырақтың биологиялық белсенділігі күрт төмендеп, бактериялардың, актиномицеттердің саны біршама азайған.

Күріш асты топырағының басқа типті топырақтардан өзгешелігі, олардың қабатында қоныстанған микро-организмдердің өте көп болуы. Ондағы микрофлораның ең бай тобына бактериялар — жалпы микроорганизмдер әлеміндегі олардың үлесі 99%, ал қалған топқа — саңырауқұлақтар мен актиномицеттер (0,1%) жатады. Осыған байланысты топыраққа минералдық тыңайтқыштар берілгенде бактериялар саңырауқұлақтарға қарағанда өте тез өзгеріске ұшырайды /27/.

В.Г.Алехин мен Л.В. Алехиналардың /28/ ғылыми деректері бойынша, минералдық тыңайтқыштардың топыраққа деген жағымды әсері тек микроорганизмдер белсенділіктерін ынталандырғанда ғана жүзеге асады.

Минералдық тыңайтқыштардың өсімдіктер әсерінен қоныс-танған топырақ микробиоценозымен байланысы топырақтың фитосанитарлық жағдайын анықтап қана қоймай, өсімдіктердің қоректену мәселесін және оның құнарлылығының өсуін де қадағалайды.

А.Б.Әбжәлеловтың /29/ жұмысында күріш асты шалғынды-батпақты топырақты әртүрлі мөлшердегі азотты тың-айтқыштармен өңдеген кездегі гетеротрофты микроорганизмдер мен олиготрофты бактериялардың тіршілігі баяндалған. Топырақты тек азотты минералдық тыңайтқыштармен өңдеген кезде олиготрофтардың сандары гетеротрофты микроорганизмдерге қарағанда өскен, ал топырақты минералдық тыңайтқыштарды органикалық қалдықтармен қосып өңдегенде, олиготрофты бактериялардың сандары біршама төмендеген. Олиготрофты бактериялардың ең төменгі белсенділіктері топыраққа азотты тыңайтқыштардың 90кг/га мөлшерінде берген варианттарда ғана болған.

Далалық тәжірибе жағдайында топыраққа минералдық тыңайтқыштарды, сабанды және биогумусты беріп, ондағы бактериялардың, саңырауқұлақтардың, актиномицеттердің және микроорганизмдер биомассаларының сандық көрсеткіштерін, яғни биологиялық белсенділікті зерттеген. Авторлар /30/, топырақ биотасының ең жоғарғы белсенділіктерінің көктемде және күзде болатынын анықтап, минералдық тыңайтқыштар қолданған варианттар топырағының, сабан және биогумуспен өңдеген вариантқа қарағанда, өте белсенді екенін байқаған. Осы ретте бактериялар мен актиномицеттер популяцияларының қарқынды өсіп, саңырауқұлақтар популяцияларымен салыс-тырғанда жоғары деңгейде екені белгілі болды.

Топырақтағы доминантты түрдегі микроорганизмдердің құрамы өте тербелісте болады және белгілі уақыт аралығында өзгеріске ұшырайды (микробтық сукцессия). Топыраққа түскен минералдық тыңайтқыштардың әртүрлі мөлшері сукцессияны ынталандырып, біріншіден, саңырауқұлақтардың (аэробты топырақ қабатында), сонан соң бактериялардың сандарын жоғарылатып, биологиялық белсенділікті арттырады. /31/.

Суға бастырылған күріш егістігінің топырағында денитрлеуші микроорганизмдер тіршілігінің жандануына қолайлы жағдай жасалынады /32/, ал осы топырақта қоныстанған анаэробты азотсіңіруші микроорганизмдер атмосфералық ауадан сіңірілген азоттың 80%-ға жуығын қоршаған ортаға бөледі. /33/. Демек, осы аталған факторлар күріш дақылының өнімін өсіруге тікелей әсер етеді.

М.М.Panda  /34/ және B.P. Dhuanі мен B. Mіshra /35/  күріш асты топырағын судың әр деңгейіне бастырып, және азотты тыңайтқыштардың әртүрлі мөлшерін беріп, олардың топырақтың биологиялық белсенділігіне, аммонийлі азот мөлшеріне тигізетін әсерін зерттеген. Суға бастырылған топырақта аммонификаторлардың сан мөлшері көбейіп, керісінше нитр-леуші бактериялардың (туыстары Nіtrosomonas, Nіtrobacter), сандарының тез кемігенін анықтаған. Азотты минералдық тыңайтқыштардың 120 кг/га мөлшерін қолданған кезде күріш вегетациясының бастапқы кездегі азотты қосылыстарының ысырабы жоғары деңгейде болған. Ғалымдар осы аталған құбылыстарды топырақта жүретін денитрлеу процестерінің әсерінен деген тұжырымға келген.

Минералдық тыңайтқыштарды пайдалану топырақтағы аммонификациялық, целлюлоза ыдырататын бактериялардың санын көбейтіп қана қоймай, олардың белсенділіктерін де жандандырады. Нәтижесінде топырақ қойнауы минералдық және органикалық азотты қосылыстармен қорланады. Сонымен қатар, минералдық тыңайтқыштармен өңделген варианттар топырақтарында оксидоредуктаза, гидролаза ферменттер жүйелерінің белсенділіктері де артады /36/.

Минералдық азотты тыңайтқыштардың ауыл шаруашылығында қолданылуының тиімділігін арттыру, азоттың шайылуын кемітіп, және қоршаған ортаны (су, топырақ) қорғау үшін олардың қолайлы мөлшерін анықтау аса өзекті мәселе. Сонымен бірге, құнарлы топырақтың құрылу процесінде жүретін барлық биохимиялық реакциялар сондағы микроорганизмдер мен мезофауна өкілдері, дақылдың тамыр жүйесінің тіршілігі нәтижесінде пайда болатын ферменттер жүйелерімен атқарылады. Олардың ішіндегі ең негізгілеріне гидролитикалық ферменттер- целлюлаза, протеаза, т.б. жатады  /37/.

Микроорганизмдер популяциялары топырақтың көптеген қасиеттеріне: органикалық қалдықтардың ыдырауына, (қарашірік синтезі, органикалық қосылыстардың минералдануы); өсімдіктерге сіңімді элементтерді көбейтуге; биологиялық азотфиксация, т.б. жағымды, оң әсер ете алады  /38/.

Авторлар, топырақтың сапасының микробиологиялық көрсеткіштеріне: органикалық көміртектің мөлшерін; микробтық биомассаны; топырақтың «тыныс алуын»; ферменттер мөлшерін, т.б. жатқызады. Олардың пікірінше, микробиологиялық құры-лымдар қоршаған ортаның тез өзгеруіне ылғи да үйренген және де соған байланысты топырақтың биологиялық белсенділігін топырақ сапасының сезімтал көрсеткіші ретінде ұсынады.

Биогеоценоздың көміртек айналымында атмосфераға топырақ қуысынан бөлінетін көмірқышқыл газы үлкен роль атқарады. Ол топырақ пен атмосфера арасындағы газ алмасу процесінің жиілігін сипаттайды және топырақтың биологиялық белсенділігі болып саналады.

Топырақтың құнарлылығы мен «тыныс алу» көрсеткіштерінің арасында тікелей коррелятивті байланыс болады  /39/.

Егістік топырағын минералдық тыңайтқыштармен өңдегенде, оның газ алмасу режимі өзгеріп, әсіресе көмірқышқыл газын бөлу процесінің қарқыны қатты өзгеріске ұшырайды. Бұл туралы ғылми әдебиеттерде қарама-қарсы пікірлер бар.

Ғалымдардың бір тобы /40,41/, топырақтың көмір қышқыл газын бөлу процесі оны минералдық тыңайтқыштармен өңдеген кезде жоғарылайды деп тұжырымдаса, ал екінші бір авторлар /42,43/ керісінше, топырақтың «тыныс алу» жиілігі, азотты тыңайтқыштарды әсіресе көп мөлшерде қолданған кезде төмендейді деген пікір айтады.

Әрине, бұндай қарама-қарсы пікірлердің болуы топырақтың құрамына, экологиялық жағдайына және агротехникалық өңдеу әдістеріне, топырақтың типіне байланысты болса керек. Бірақ көптеген ғалымдар бір ортақ пікірге толық қосылады, ол топырақтың «тыныс алу» мүмкіндігі ондағы органикалық қосылыстардың (қарашіріктің, өсімдік қалдықтарының, микробтық биомассаның) минералдануынан болатындығы /44-46/.

Л. В. Помазкина және т.б. /46/ топырақтың «тыныс алуын» оның биологиялық белсенділігінің өзектісі деп баға беріп, осы аталған процесті бүкіл әлемдік экологиялық проблемаға айналған  «парниктік эффекті» құбылысымен біріктіреді. Өйткені, аталған экологиялық проблеманың шығуы, негізінен атмосфералық ауа қабатындағы көмірқышқыл газы концентрациясының жоғарылауынан екені белгілі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I-ТАРАУ. ТОПЫРАҚ РЕСУРСТАРЫ  — АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСІНІҢ НЕГІЗІ

 

Топырақ — құрлықтың өсімдік өнімін бере алатын борпылдақ құнарлы қабаты.

Топырақ — ең маңызды және бағалы салыстырмалы қалпына келтірілетін ресурстардың бірі. Ол тірі организмдер мен климат әсерінен біртіндеп қалыптасады. Топырақтың құнарлы қабатының 1 см бірнеше ғасырлар бойы түзіледі, ал бұзылуы не жойылуы үшін бірнеше жыл не тіпті күн жетіп жатыр.

Қазіргі кезде құрлықтың жер ресурстарының 10,4% өңделеді, бұл немесе бүкіл жер шарының беткі ауданының 2,95%.

Біздің еліміздің жер ресурстары ұлан-байтақ болғанымен шексіз емес. Оның үстіне, халық санының өсуіне байланысты әрбір адамға келетін жердің үлесі азаюда. Мысалы, біздің елімізде бір адамның үлесіне 2 га жер, Арменияда –0,18 га, Грузияда – 0,16 га келеді екен.

Кезінде топырақ тану ғылымының негізін салушы В.В.Докучаев қаратопырақ таскөмірден де, алтыннан да, мұнайдан да қымбат деп жазған.

Жер бетіндегі барлық тіршілікке қажетті жағдайлармен қамтамасыз етіп, топырақ өсімдіктер арқылы тікелей, жануарлар арқылы – жанама әсер ету арқылы биосфераның тіршілігін сақтап тұруға жағдай жасайды. Сондықтан топыраққа жанашырлықпен қарап, оны қорғау табиғатты комплексті қорғаудың ең негізгі бағыттарының бірі болуы керек.

Соңғы 25 жылда ауылшаруашылығында қолданылатын жер 33 млн га қысқарды. Бұның себебі, топырақтың эрозияға ұшырауы,  жер ресурстарын тиімді пайдаланбау, су алу, балшықтану, тоғайлар мен ормандар өсу. Топырақтың бұзылуына әсер ететін факторларға сол сияқты табиғи қазба байлықтарды : көмір, темір рудалары, түсті металлдар мен құрылыс материалдарын жер астылық және ашық әдіспен алу, нәтижесінде бұл жерлерде құнарлы топырақты жерлердің орнында  өсімдіктерінен айрылған, құнарсыз ²индустриялық далалар² деп аталатын жерлер пайда болады.

Ғылыми мекемелердің есептеулері бойынша, ауылшаруашылық жерлері жыл сайын эрозияның әсерінен 1,5 млрд тонна құнарлы қабатынан айрылады. Жыл сайын эрозияға ұшыраған топырақтардың ауданы 0,4-1,5 млн га, жыралар –80-100 мың га ұлғаяды. Бір ғасырдың өзінде эрозия нәтижесінде бүкіл әлемде өңделетін ауылшаруашылық жердің 23% айналымнан шығып қалған.

Топырақ. Жер бетінде Күннің энергиясы заттардың екі айналымын: су айналымы мен атмосфера циркуляциясында байқалатын үлкен, немесе геологиялық және заттардың топырақ, өсімдіктер, микроорганизмдер мен жануарлар арасындағы айналымы- кіші немесе биологиялық айналымды туғызады. Екі айналым да бір-бірімен тығыз байланысты.

Топырақтың табиғи ландшафттар мен экожүйелердегі маңызы зор, оны жекеленген экожүйе деп қарастыруға болады.

Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В.В.Докучаев ХХ ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін-өзі реттеуге қабілетті табиғи-тарихи дене деп қарастырады,  топырақтың планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, климатымен, өсімдіктерімен, рельефімен және ландшафтымен тығыз байланысты болатынын атап көрсеткен.

 

  • Топырақ құрамының түзілуіне әсер ететін факторлар.

 

Тау жыныстарының топыраққа айналу процесінің аса бір маңызды және жалпы құбылысы құрлықтың бүкіл бетін жауып жатқан гумустық қабаттың түзілуі болды. Бұл қабат топырақтың ең бір белсенді бөлігі болып саналады. Топыраққа ең алғаш рет М.В.Ломоносов ғылыми анықтама берді, ол : топырақ түзілу процесі құнарлылық түзіле жүретін өсімдіктер мен тау жыныстарының арасындағы  ұзақ өзара қарым-қатынас деп көрсетті.

Топырақ ресурстары Жер бетіндегі тіршілікке қажетті ен маңызды алғы шарттардың бірі болып табылады. Алайда оның шын мәніндегі маңызы мен ролін өз дәрежесінде бағалай алмай келеміз. Топырақ биосфераның компоненттерінің бірі ретінде адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық сиымдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арсындағы тікелей және жанама әсерлерді тепе-теңдікте сақтап тұра алатын өздігінен тазару процестерінің механизмдерінің аса маңызды резерві болып табылады. Адамдарға азық-түлік пен жануарларға қоректі өндіру үшін қажетті жағдайлар тек топырақ арқылы ғана жасалынады. Топырақтың табиғи дене ретіндегі негізгі функциясы атмосфералық жауын-шашынды жинақтау мен су балансын реттеу, өсімдіктерге қажетті қоректік элементтерді жинақтау, жер асты суларын түзумен тазалығын қамтамасыз ету, ластаушы заттарды тасымалдау.

Топырақ сыртқы орта жағдайлары: жылу, су, ауа, өсімдіктер мен жануарлар, микроорганизмдердің біріккен әсерінен қалыптасқан жердің беткі құнарлы қабаты. Топырақ түзгіш факторларға сол сияқты рельеф пен адамның іс-әрекеті де жатады. Тірі организмдер топырақтың негізгі қасиеті — құнарлылығының қалыптасуына жағдай жасайды.

 

1.2  Топырақтың тұздануы және онымен күрес шаралары

 

Суармалы егістердің дүние жүзіндегі ауданы шамамен 250 млн га жуық. Ирригациялық эрозиямен қатар суармалы топырақтар екінші реттік сортаңдануға ұшырайды. Оның мәні – танаптағы топырақ суды сіңіріп, содан соң булану мен өсімдіктерге транспирацияға қажетті судан артық су келіп түседі. Бұл су біртіндеп жер астылық грунт суларына дейін жетіп, оның деңгейінің көтерілуіне себеп болады. Мөлшерсіз, ретсіз суару кезінде қысқа уақыт аралығында (бірнеше жыл) жақындап, интенсивті түрде булана бастайды. Суда еріген тұздар топырақ бетінде жиналады. Мұндай тұздану екінші реттік деп аталады. Суғарудың жоғары деңгейінде және каналдардағы судың топыраққа сіңіп кетуі арқылы грунт суларының мөлшері көбейеді. Суғару каналдарынан судың фильтрациялануынан және дұрыс суармаудан топырақта тұздардың мөлшерінің көбеюі екінші реттік тұздану деп аталады. Ал бірінші реттік тұздану ретінде адамның әсерінсіз пайда болатын табиғи тұздану процесін атайды. Екінші реттік тұздану тек құрғақ аудандарға тән. Солтүстік аймақтарда шектен тыс суару топырақтың батпақтануына әкеліп соқтырады.

Топырақтың тұздануы деп натрий, кальций, магний тұздарының топырақта өсімдіктердің өсуі мен дамуына зиянды әсер ететін концентрацияда жинақталуын айтады. Бұл құбылыс әсіресе, Египет, Ирак, Индия мен Пакистан, т.б. құрғақшылық климатты аймақтарда белең алып отыр. Жыл сайын Жер шарында тұзданудан 200-300 мың га суармалы жер қатардан шығады. Бүкіл әлемде қазіргі таңда 20-25 млн га жер тұзданып, өнім беру қабілетінен айрылған. Бұл жағдай, әсіресе Орта Азия мен Закавказье елдерінің топырақтарында көбірек байқалып отыр.  Тіпті тұзданудың аз ғана деңгейінде мақтаның өнімі 20-30%, жүгері – 40-50%, бидай – 50-60% қысқарады. Тұздану орташа жүрген аймақтарда мақтаның өнімі екі есе төмендесе, ал бидай тіпті өспейді.

Адамзат қоғамы дамуының экологиялық дағдарыстарының бірі дамыған өркениеттіліктің өз мүмкіндіктерін топырақтың тұздануы нәтижесінде жоғалтқаны белгілі. Мысалы, Ніл аңғарында қазірде суармалы жерлердің 70% тұзданған. Ғалымдардың пікірінше, ертедегі Вавилон өркениеті топырақтың екінші реттік тұздануынан жойылған. Қазір дүние жүзінде суармалы 250 млн га жердің 50-60 млн га жуығы екінші реттік тұздануға, шамамен 25% ұшыраған.

Топырақты тұздану мен батпақтанудан қорғау.

Топырақтың тұздануына себеп болатын факторлар түрліше. Олардың бірі – құрғаған теңіздерден пайда болған тұздың жел арқылы таралуы. Суда еріген тұздар атмосфералық жауын-шашын арқылы да таралады. Галофит-өсімдіктер тұзды ортаға жақсы бейімделіп, топырақтан тұзды сіңіруге қабілетті, соның нәтижесінде топырақтың жоғары қабаттарының одан әрі тұздануына себеп болады. Галофиттер тіршілігін тоқтатқан соң және олардың жапырақтары түсіп, минералданып, суда еритін тұздардың мөлшері  көбейіп, топырақтың одан сайын тұздануына мүмкіншілік жасайды.  Галофит-өсімдіктердің әсерінен суда еритін тұздардың топырақта жинақталуы 1 га жерде 500 кг дейін жететін жағдайлар байқалған.

Көбінесе топырақтың тұздануы грунт суларының құрамында болатын тұздар есебінен жүретіндігі жиі байқалады. Егер олар тереңде болмаса, капилляр арқылы булану нәтижесінде топырақтың жоғарғы қабатында тұздар жинақталады. Климат неғүрлым құрғақ және топырақтың механикалық құрамы ауыр болса, соғұрлым бұл процесс қарқынды жүреді.

Екінші реттік тұзданудың алдын алу шараларының бірі тереңдігі 1-1,8 м етіп террриторияда дренаждар  жасау. Сол сияқты жаңбырлатып суғару ирригациялық эрозияға қарсы күрес шараларының бірі. Тұзды топырақтарды натрийдің тұздарын гипстеу арқылы да тазартады.

Суарудың жетілдірілген технологияларын қолданумен қатар, жер асты суларының деңгейінің көтерілуіне байланысты грунт суларын сорып алу арқылы және топырақты шаю арқылы да тұзданумен күресуге болады. Бірақ бұл кезде де міндетті түрде грунт суларын алып кету керек. Кейбір жағдайда химиялық әдіс те жақсы нәтиже береді. Мысалы, топырақ бетінде жиналған зиянды тұздарды нейтралдау үшін гипстеу жүргізіледі. Бірақ бұл әдіс қымбат және қоршаған ортаның тазалығы үшін тиімсіздеу.

Жер ресурстарына үлкен зиян келтіретін үшінші бір фактор – жердің азуы. Оның орын алу себептері — өніммен бірге қоректік заттардың топырақтан әкетілуі. Гумустың жойылуы, су режимінің және басқа да қасиеттерінің топырақтың азуының нәтижесінде, құнарлылығы жойылып, шөлге айналады.

Өніммен бірге әкетілетін қоректік заттарды  топыраққа қайтарудың ең тиімді әдісі органикалық тыңайтқыштарды (көң, компост, және т.б.) қолдану, шөп себу, пар жүйесі арқылы топырақты тынықтыру. Топырақтың азуы ең алдымен органикалық заттардың, оның ішінде негізгісі қарашіріктің кемуімен байланысты.

Топырақ құнарлылығының жойылуы топырақты интенсивті өңдеуге, ауыр ауылшаруашылық техникаларды қолдану нәтижесінде топырақтың тығыздануы, ластануға, ең алдымен қышқыл жаңбырлар мен минералдық тыңайтқыштарды тиімсіз пайдалануға байланысты туындап отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II – ТАРАУ. МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАР, ОЛАРДЫҢ ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫНА ӘСЕРІ

 

Қазіргі ғылыми техниканың өрлеу заманында аграрлық экожүйелерді минералдық тыңайтқыштар қолданбай тиімді ауыл шаруашылық өнімін алу мүмкін емес. Бірақ минералдық тыңайтқыштарды ұзақ мерзімде және оларды шамадан тыс көп мөлшерде қолдану агроценоздың табиғи көрінісін өзгертіп, топырақ құнарлылығын күрт төмендетті. Бұл жағдай қазіргі таңда, экология саласының проблемалары  шеңберінен шығып, табиғи ресурстарды және табиғатты қорғаудың ауқымды мәселесіне айналып отыр.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы қажеттілігі үшін әлемдік өндіріс жылына 125 млн. тонна минералдық тыңайтқыш түрлерін өндіреді. Минералдық тыңайтқыштардағы негізгі қоректік элементтер — азот, фосфор, калий элементтері.

Минералдық тыңайтқыштардың сіңірілу тиімділігі қоректік элементтердің арақатынасымен және өсімдіктер сортының биологиялық ерекшеліктерімен анықталады. Азот тыңайтқыш-тарының нитраттары өсімдіктерге тез әсер ететін азот көзі болып табылады. Осыған байланысты нитраттар түріндегі азот тыңайтқыштарын біркелкі пайдаланбаған жағдайда азық түлік құрамына нитраттардың артық мөлшері жинақталып, оның сапасын нашарлатады. Нитраттарды тиімді пайдалану үшін әрбір өсімдік түрінің азотқа қажеттілігінің, оның топырақтағы қорын, климаттық факторларын ескере отырып, ЭЕМ-да дәл есептеулер жасау арқылы жүргізу керек. Алюминий тыңайтқыштарынан нитраттың топырақтарға және өсімдіктерге түсуі топырақтағы микроорганизмдер белсенділігі мен ауа райы жағдайларына байланысты.

Азот тыңайтқыштарының суда ерігіштігіне жауын-шашын мөлшері және суару нормасы біршама әсер етеді. Ылғалдылық жоғары болған жағдайда нитраттар тамырдан  тыс аймақтарға таратылып, өсімдіктегі мөлшері азаяды. Құрғақ климат жағдайларында ылғалдылық аз болуынан  топырақтың беткі қабаты кеуіп, нитрат-тардың жоғарғы қабатына көтерілуіне және өсімдіктерде оның концентрациясының көбеюіне мүмкіндік туады.

Топырақ пен өсімдіктерде нитраттардың жинақталуына топырақ, климаттық жағдайлар және пайдаланылған тыңайтқыштар түрі мен мөлшері әсер етеді. Қүрғақшылық кезде  қоректік өсімдіктердегі нитраттар мөлшері азот алмасу процестерінің ферменттерінің активтілігі төмендейтіндіктен артады. Бұл ферменттердің активтілігі сол сияқты топырақта K,Mо,S элементтері жетіспеген жағдайда да төмендейді.

Жер бетілік және жер астылық сулардың нитраттармен ластануы тазартылмаған тұрмыстық және өндірістік сулармен, табиғи органикалық заттардың минералдануы, сол сияқты азот тыңайтқыштарын шамадан тыс пайдаланған жағдайда байқалады. Отандас және шетелдік ғалымдар мен практиктердің еңбектері нәтижесінде азот тыңайтқыштарын интенсивті пайдалану ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасы мен қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізетіні дәлелденді.

Ауыл шаруашылық өсімдіктері сіңірген нитраттардың белгілі мөлшері өнім түзілуге жұмсалатыны белгілі. Бірақ, кейбір экологиялық факторлар әсері күшті жағдайларда (жарық жеткіліксіз, су режимі бұзылған, т.б.) өсімдіктер топырақтан алған азоттың барлығын сіңірмей, оның артық мөлшері адам мен жануарлар үшін зиянды әсерін тигізеді. Жануарлар жемі рационындағы нитраттың артық мөлшері сүттің азаюына себеп болады. Жалпы алғанда, нитраттар барлық тамақ өнімдері мен мал жемі үшін ең қажетті қосылыстар, бірақ оның артық мөлшері адам мен жануарлар организмін улайды, организмдегі зат алмасу процестерін бұзып, оның иммунологиялық қасиеттерін төмендетеді, т.б. Адам организмі үшін әсіресе құрамында нитраттардың жоғарғы мөлшері жинақталған көкөніс, бақша дақылдары қауіпті болып саналады.

Азот тыңайтқыштарының жоғарғы нормаларын пайдаланған жағдайда көкөністерде нитраттардың жинақталуын қатаң бақылап, олардың мөлшерін төмендету жолдарын іздестіру қажет. Нитраттардың өнім құрамында артық мөлшері жинақталмайтындай жағдайда пайдалану бұл процеске әсер ететін экологиялық факторларды есепке ала отырып жүргізілуі қажет. Өсімдіктер мен ауыл шаруашылық  дақылдарында нитраттардың жинақталуына әсер ететін негізгі факторлар — азот тыңайтқыштарын шамадан тыс пайдалану, жарық пен ылғалдылық. Жарық көп болғанда нитраттар амин қышқылдарына айналады. Сондықтан, қысты күні жылыжайларда өсірілген көкөністерде ашық топырақта өскен өсімдіктерге  қарағанда нитраттар көп жинақталады. Сол сияқты топырақта ылғал жетіспеген жағдайда да өсімдіктердегі нитрат мөлшері көбейеді. Сондықтан қазіргі кезде көкөніс өнімдеріндегі нитраттар мөлшерін төмендету жолдары қарастырылуда.

Азот тыңайтқыштары табиғи суларды ластайды, әсіресе адам мен жануарлар үшін ең зиянды — нитрат иондары. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының ұсынуы бойынша ауыз судағы нитрат иондарының шектеулі концентрациясы 11,3 мг/л.

Азот  табиғи суларға негізінен, ауыл шаруашылық егістіктерінің ағызынды суларымен бірге келіп түседі. Жауын-шашын мол болған жылдары азот тыңайтқыштарын көп пайдаланған жағдайларда азот топырақтың 10 м-ге дейінгі тереңдігіне өтіп, грунт суларына жетеді. Ал құрғақшылық болған жылдары нитраттар грунт суларына жетпейді.

Су объектілерін нитраттармен ластанудан қорғаудың негізгі әдістері — тыңайтқышты қолайлы кезеңдерде бірнеше рет және дақылдың қоректік элементтерді сіңіру динамикасын ескере отырып беру. Егіске минералды тыңайтқыштар беру кезінде жергілікті жердің климаттық жағдайлары, агротехника түрлері, топырақтың қасиеті, суғару тәртібі, сорттар мен гибридтердің биологиялық ерекшеліктері, тыңайтқыш беру тәсілдері, т.б. факторлар ескерілуі қажет.

Өсімдіктерге фосфор тыңайтқыштары да өте қажет. Фосфордың азоттан айырмашылығы қозғалғыш емес, топырақта түгелдей сақталады. Фосфор тыңайтқыштарын жүйелі түрде қолдану нәтижесінде топырақта тыңайтқыш құрамындағы фосфордың 22,4 % дейін мөлшері жиналады.

Су объектілеріндегі топырақтың миграциясы суармалы топырақтарда өсімдіктердің вегетациялық кезеңінде күшейеді. Топырақ эрозиясы және оның нәтижесінде болатын шаңды дауылдардан соң топырақ фосфордың 10% дейін жоғалтады. Ауыз суындағы фосфордың ең жоғарғы шектеулі нормасы 10 мг/л-ден аспауы керек.

Ауыл шаруашылық дақылдарына қажетті деңгейден көп мөлшерде топыраққа түскен минералдық тыңайтқыштар топырақтың қышқылдануына әкеліп, нәтижесінде қарашіріктің қарқынды ыдырауына және топырақтағы органикалық қосылыстардың азотының минералдану процестерінің белсенділігі артуына жағдай жасады /1-3/.

Минералдық тыңайтқыштарды кең көлемде қолданудың осындай негативті әсері, көптеген елдердің (АҚШ,Канада, Ұлыбритания, Ресей, ФРГ) ғалымдарын ойландырып, олар соңғы кезде жиі айтылып жүрген биологиялық егіншілік жүйесіне көшудің жолдарын іздестіруде /4-10/.

Олар ұсынған биологиялық егін шаруашылығының негізгі жақтары: минералдық тыңайтқыштардың оптимальды мөлшерін қатаң түрде қолдану немесе оларды және өсімдік қорғаудың химиялық жолын пайдалануды мүлдем тоқтату, топырақты минимальды механикалық өңдеу, топырақта жүретін микробиологиялық процестерді ынталандыру болып табылады.

Әрине, осы аталған биологиялық егін шарушылығының теориялық негізін жасағанда агрохимия, топырақтану және микробиология сияқты ғылымдардың жетістіктерін пайдаланумен қатар экология ғылымын да қамти білу қажет. Өйткені, агроценозға антропогендік қысым (минералдық тыңайтқыштардың жоғары мөлшерін қолдану, пестицидтермен ластану, т.с.с.) түскенде, ол, біріншіден топырақтың микрофлорасының сапалық және сандық құрамын өзгертіп, нәтижесінде топырақ қабатында жүретін қарашіріктену және минералдану процестерінің бағытын өзгертіп, топырақтың тиімді және потенциалды құнарлылығының деңгейіне әсер етеді.

Топырақтағы қарашіріктің мөлшері оның су-ауа режимін қамтамасыз етеді, ал ол, топырақтағы ең маңызды физико-химиялық көрсеткіштерін, катиондық алмасудың сиымдылығын, топырақтың қышқыл-сілтілік аралығын (буферлігін), және топрыақта үздіксіз жүріп жататын тотығу-тотықсыздану процестерінің дамуын көрсетеді. Осы айтылған көрсеткіштер бірігіп, агроценоздардағы дақылдардың өнімін анықтап, топрыақ құнарлылығының қандай жағдайда екендігін білдіреді /26/.

Қазіргі таңда, топрыақтағы қарашірік қорының мөлшерін сақтау және молайту әлемдік табиғи ресурстарды қорғау проблемасына айналып отыр. Өйткені, планетамыздағы топырақ ресурстарының құнарлы бөлігі жылдан жылға азайып бара жатыр /27-31/.

Топырақтағы қарашірік қорының азаюының көптеген себептері бар. Олардың ішіндегі ең негізгісі – егістік топырағын үздіксіз минералдық тыңайтқыштармен жеке өңдеу, әсіресе, азот және фосфор тыңайтқыштарын жоғары деңгейде өолдану болып табылады.

Н.П.Силкина /36/ топырақ құнарына жоғары мөлшердегі азот тыңайтқыштарының әсерін зерттей келіп, төмендегі қорытындыға келген :

— жоғары мөлшердегі азот тыңайтқыштарын қолдану дақылдың вегетациясының алғашқы кезеңінде топырақтың органикалық заттарының минералдануына жағдай жасайды;

— аммонийлі тыңайтқыштардың жоғары мөлшері нитратты тыңайтқыштарға қарағанда қарашіріктің минералдануын жылдамдатады;

— азот тыңайтқыштардың жоғары мөлшері әсерінен топырақтың органикалық заттарының минералдануы фульво қышқылының жылжымалы және кальциймен байланысқан фракциясы негізінен болады;

— жоғары мөлшердегі азотты тыңайтқыштармен өңделген топырақтарда, дақылдың вегетациясының соңғы кезеңінде, өсімдіктердің тіршілігі нәтижесінде көміртектің органикалық қосылыстары топырақта шоғырланады және қарашірік азотының мөлшері азая бастайды.

Егін шаруашылығының ғылымға негізделмеген жүйелеріндегі қарашіріктің минералдануы оның топырақтағы теріс балансын құрайды /40/.

Ғалымдардың есептеулері бойынша, қарашіріктің су мен жел эрозиясы арқылы болатын шығыны, оның ауыл шаруашылығында азот тыңайтқыштарын көп мөлшерде пайдалану нәтижесінде болған қарашіріктің минералдануымен тең. Соңғы жағдайға байланысты, қарашіріктің топрыақтан жоғалуы елімізде жылына шамамен, 160-190 млн тонна немесе топырақтың өңдеу қабатындағы қарашірік қорының 0,8-1,0 пайызын құрайды.

Қарашірік қорын сақтау және оны оптимальды деңгейде ұстап тұру интенсивті егін шаруашылығының ең маңызды да күрделі міндеті болып саналады. Топыақтағы қарашіріктің мөлшері 1,5 пайыздан төмен болғанда, минералдық тыңайтқыштардың қоректік заттардан шайылудан құтқара алмайды. Сондықтан, минералдық тыңайтқыштардың жоғары мөлшерін бір жақты және үздіксіз қолдану өнімнің төменгі төлеуіне байланысты экономикалық тұрғыдан пайдалы емес /37/.

Д.С.Орлов және т.б. ғалымдардың еңбектерінде /43/ Ресей Федерациясының шығыс бөлігіндегі қара топрыақтарда соңғы 100 жыл ішінде қарашіріктің топрыақтан жоғалуы өте қарқынды болған. Волга мен Орал өңіріндегі қарашіріктің төмендеуі, 13-16% дан 7-10%-ға және 10-13%-дан 4-7%-ға, ал орталық аймақтарда 10-19%-дан 7-10%-ға дейін жеткен. Топырақтың өңдеу қабатындағы (0-30 см) қарашіріктің 100 жыл ішінде азаюы 90 тоннадан 50-70 тоннаға  жеткен /44-45/.

 

2.1 Азот тыңайтқыштары, олардың топырақ құнарлылығын арттырудағы ролі

 

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы қажеттілігі үшін әлемдік өндіріс жылына 125 млн. тонна минералдық тыңайтқыш түрлерін өндіреді. Минералдық тыңайтқыштардағы негізгі қоректік элементтер — азот, фосфор, калий элементтері.

Минералдық тыңайтқыштардың сіңірілу тиімділігі қоректік элементтердің арақатынасымен және өсімдіктер сортының биологиялық ерекшеліктерімен анықталады. Азот тыңайтқыштарының нитраттары өсімдіктерге тез әсер ететін азот көзі болып табылады. Осыған байланысты нитраттар түріндегі азот тыңайтқыштарын біркелкі пайдаланбаған жағдайда азық түлік құрамына нитраттардың артық мөлшері жинақталып, оның сапасын нашарлатады. Нитраттарды тиімді пайдалану үшін әрбір өсімдік түрінің азотқа қажеттілігінің, оның топырақтағы қорын, климаттық факторларын ескере отырып, ЭЕМ-да дәл есептеулер жасау арқылы жүргізу керек. Алюминий тыңайтқыштарынан нитраттың топырақтарға және өсімдіктерге түсуі топырақтағы микроорганизмдер белсенділігі мен ауа райы жағдайларына байланысты.

Азот тыңайтқыштарының суда ерігіштігіне жауын-шашын мөлшері және суару нормасы біршама әсер етеді. Ылғалдылық жоғары болған жағдайда нитраттар тамырдан  тыс аймақтарға таратылып, өсімдіктегі мөлшері азаяды. Құрғақ климат жағдайларында ылғалдылық аз болуынан  топырақтың беткі қабаты кеуіп, нитрат-тардың жоғарғы қабатына көтерілуіне және өсімдіктерде оның концентрациясының көбеюіне мүмкіндік туады.

Топырақ пен өсімдіктерде нитраттардың жинақталуына топырақ, климаттық жағдайлар және пайдаланылған тыңайтқыштар түрі мен мөлшері әсер етеді. Қүрғақшылық кезде  қоректік өсімдіктердегі нитраттар мөлшері азот алмасу процестерінің ферменттерінің активтілігі төмендейтіндіктен артады. Бұл ферменттердің активтілігі сол сияқты топырақта K,Mо,S элементтері жетіспеген жағдайда да төмендейді.

Жер бетілік және жер астылық сулардың нитраттармен ластануы тазартылмаған тұрмыстық және өндірістік сулармен, табиғи органикалық заттардың минералдануы, сол сияқты азот тыңайтқыштарын шамадан тыс пайдаланған жағдайда байқалады. Отандас және шетелдік ғалымдар мен практиктердің еңбектері нәтижесінде азот тыңайтқыштарын интенсивті пайдалану ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасы мен қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізетіні дәлелденді.

Ауыл шаруашылық өсімдіктері сіңірген нитраттардың белгілі мөлшері өнім түзілуге жұмсалатыны белгілі. Бірақ, кейбір экологиялық факторлар әсері күшті жағдайларда (жарық жеткіліксіз, су режимі бұзылған, т.б.) өсімдіктер топырақтан алған азоттың барлығын сіңірмей, оның артық мөлшері адам мен жануарлар үшін зиянды әсерін тигізеді. Жануарлар жемі рационындағы нитраттың артық мөлшері сүттің азаюына себеп болады. Жалпы алғанда, нитраттар барлық тамақ өнімдері мен мал жемі үшін ең қажетті қосылыстар, бірақ оның артық мөлшері адам мен жануарлар организмін улайды, организмдегі зат алмасу процестерін бұзып, оның иммунологиялық қасиеттерін төмендетеді, т.б. Адам организмі үшін әсіресе құрамында нитраттардың жоғарғы мөлшері жинақталған көкөніс, бақша дақылдары қауіпті болып саналады.

Азот тыңайтқыштарының жоғарғы нормаларын пайдаланған жағдайда көкөністерде нитраттардың жинақталуын қатаң бақылап, олардың мөлшерін төмендету жолдарын іздестіру қажет. Нитраттардың өнім құрамында артық мөлшері жинақталмайтындай жағдайда пайдалану бұл процеске әсер ететін экологиялық факторларды есепке ала отырып жүргізілуі қажет. Өсімдіктер мен ауыл шаруашылық  дақылдарында нитраттардың жинақталуына әсер ететін негізгі факторлар — азот тыңайтқыштарын шамадан тыс пайдалану, жарық пен ылғалдылық. Жарық көп болғанда нитраттар амин қышқылдарына айналады. Сондықтан, қысты күні жылыжайларда өсірілген көкөністерде ашық топырақта өскен өсімдіктерге  қарағанда нитраттар көп жинақталады. Сол сияқты топырақта ылғал жетіспеген жағдайда да өсімдіктердегі нитрат мөлшері көбейеді. Сондықтан қазіргі кезде көкөніс өнімдеріндегі нитраттар мөлшерін төмендету жолдары қарастырылуда.

Азот тыңайтқыштары табиғи суларды ластайды, әсіресе адам мен жануарлар үшін ең зиянды — нитрат иондары. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының ұсынуы бойынша ауыз судағы нитрат иондарының шектеулі концентрациясы 11,3 мг/л.

Азот  табиғи суларға негізінен, ауыл шаруашылық егістіктерінің ағызынды суларымен бірге келіп түседі. Жауын-шашын мол болған жылдары азот тыңайтқыштарын көп пайдаланған жағдайларда азот топырақтың 10 м-ге дейінгі тереңдігіне өтіп, грунт суларына жетеді. Ал құрғақшылық болған жылдары нитраттар грунт суларына жетпейді.

Су объектілерін нитраттармен ластанудан қорғаудың негізгі әдістері — тыңайтқышты қолайлы кезеңдерде бірнеше рет және дақылдың қоректік элементтерді сіңіру динамикасын ескере отырып беру. Егіске минералды тыңайтқыштар беру кезінде жергілікті жердің климаттық жағдайлары, агротехника түрлері, топырақтың қасиеті, суғару тәртібі, сорттар мен гибридтердің биологиялық ерекшеліктері, тыңайтқыш беру тәсілдері, т.б. факторлар ескерілуі қажет.

Жыл сайын дүние жүзі бойынша 400-500 млн.т минералды тыңайтқыштар, пестицидтер, гипс пен фосфориттер топыраққа беріледі. Тек қана пестицидтер жыл сайын 2 млн. тонна өндіріліп, егістікке пайдаланылады. Пестицидтерді пайдалану ауыл шаруашылығы өндірісінде еңбек өнімділігінің артуына әсер етеді, сол сияқты түрлі аурулар мен зиянкестер әсерінен өнімнің шығын болуын азайтады. Пестицидтер тек өсімдіктер, жануарлар мен адамға ғана емес, топырақ пен суға да зиянды әсерін тигізеді. Сол сияқты топырақ құнарлылығы мен гидрофауна тіршілігіне, су ресурстарының гигиеналық жағдайына да үлкен әсерін тигізеді. Топырақтың микро- және макрофаунасы топырақ түзілу процесіне белсенді қатысады. Топырақ түзілу процесінде топырақтағы жауын құрттарының ролі ерекше. Олардың топырақ биомассасындағы үлесі 50-70%. Топырақтағы организмдердің қалдықтарын жауын құрттары қорытып қарашірікке айналдырады және топырақ  құрылымына әсер етеді. Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жердің әрбір гектарында 1-200 млн-ға дейін жауын құрттары болады, олар 1 жыл ішінде 1 га жердегі 400-600 тонна топырақты өңдейді. Осы кішкентай организмдердің тіршілік әрекеттері нәтижесінде топырақ ауа, су өткізгіш және гидрофильді қасиеттерге ие болады. Бірақ жауын құрттары түрлі антропогендік факторларға өте сезімтал келеді, олар пестицидтердің әсерінен қырылып қалады. Көптеген пестицидтер бұнымен қатар өсімдіктердің тіршілігіне қажетті табиғи ферменттермен қарашірікті ыдыратып, топырақтың табиғи құрамын бұзып, оны стерильдейді. Топырақтың организмдерін кейбір химиялық тыңайтқыштар да стерильдейді. Мысалы, топыраққа сусызданған аммиак берілгенде біршама педофауна қырылып қалады. Осындай пестицидтер, минералды тыңайтқыштар, т.б. факторлар әсерінен  ауыл шаруашылығына келген зиянды мамандардың есептеулері нәтижесінде соңғы 20-25 жылда 200 млн-нан аса га жер қарашірігінің біршама азайғаны, жалпы егістік жерде оның мөлшерінің 15-40 % ке дейіні жоғалғаны мәлім болды.

Пестицидтерді шамадан тыс артық мөлшерде пайдалану, егістік жерлерді дұрыс өңдемеу нәтижесінде олар жер бетілік не жер астылық суларға түсіп ластайды. Пестицидтерді пайдаланудан туындайтын әлеуметтік проблемаларды шешудің жолы — олардың қоршаған ортадағы және азық-түлік өнімдеріндегі концентрациясын анықтап, бақылауға алу. Бірақ қазіргі таңда қолданылып жүрген әдістемелер бойынша қоршаған орта мен азық-түлік өнімдеріндегі пестицидтер мөлшерінің олардың пайдаланылған жалпы мөлшерінен аз ғана бөлігін анықтауға мүмкіндік болып отыр. Бұндай бақылау системасының өзі де қазіргі  кезде барлық аймақтарда жолға қойылмаған.

Азот тыңайтқыштарының суда ерігіштігіне жаңын шашын мөлшері және суару нормасы біршама әсер етеді. Ылғалдылық жоғары болған жағдайда нитраттар тамырдан  тыс аймақтарға таратылып, өсімдіктегі мөлшері азаяды. Құрғақ климат жағдайларында ылғалдылық аз болуынан  топырақтың беткі қабаты кеуіп, нитраттардың жоғарғы қабатына көтерілуіне және өсімдіктерде оның концентрациясының көбеюіне мүмкіндік туады.

Топырақ пен өсімдіктерде нитраттардың жинақталуына топырақ, климаттық жағдайлар және пайдаланылған тыңайтқыштар түрі мен мөлшері әсер етеді. Қүрғақшылық кезде  қоректік өсімдіктердегі нитраттар мөлшері азот алмасу процестерінің ферменттерінің активтілігі төмендейтіндіктен артады. Бұл ферменттердің активтілігі сол сияқты топырақта K,Mо,S элементтері жетіспеген жағдайда да төмендейді.

Жер бетілік және жер астылық сулардың нитраттармен ластануы тазартылмаған тұрмыстық және өндірістік сулармен, табиғи органикалық заттардың минералдануы, сол сияқты азот тыңайтқыштарын шамадан тыс пайдаланған жағдайда байқалады. Отандас және шетелдік ғалымдар мен практиктердің еңбектері нәтижесінде азот тыңайтқыштарын интенсивті пайдалану ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасы мен қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізетіні дәлелденді.

Ауыл шаруашылық өсімдіктері сіңірген нитраттардың белгілі мөлшері өнім түзілуге жұмсалатыны белгілі. Бірақ, кейбір экологиялық факторлар әсері күшті жағдайларда (жарық жеткіліксіз, су режимі бұзылған, т.б.) өсімдіктер топырақтан алған азоттың барлығын сіңірмей, оның артық мөлшері адам мен жануарлар үшін зиянды әсерін тигізеді. Жануарлар жемі рационындағы нитраттың артық мөлшері сүттің азаюына себеп болады. Жалпы алғанда, нитраттар барлық тамақ өнімдері мен мал жемі үшін ең қажетті қосылыстар, бірақ оның артық мөлшері адам мен жануарлар организмін улайды, организмдегі зат алмасу процестерін бұзып, оның иммунологиялық қасиеттерін төмендетеді ,т.б. Адам организмі үшін әсіресе құрамында нитраттардың жоғарғы мөлшері жинақталған көкөніс, бақша дақылдары қауіпті болып саналады.

Азот тыңайтқыштарының жоғарғы нормаларын пайдаланған жағдайда көкөністерде нитраттардың жинақталуын қатаң бақылап, олардың мөлшерін төмендету жолдарын іздестіру қажет. Нитраттардың өнім құрамында артық мөлшері жинақталмайтындай жағдайда пайдалану бұл процеске әсер ететін экологиялық факторларды есепке ала отырып жүргізілуі қажет. Өсімдіктер мен ауыл шаруашылық  дақылдарында нитраттардың жинақталуына әсер ететін негізгі факторлар — азот тыңайтқыштарын шамадан тыс пайдалану, жарық пен ылғалдылық. Жарық көп болғанда нитраттар амин қышқылдарына айналады. Сондықтан, қысты күні жылыжайларда өсірілген көкөністерде ашық топырақта өскен өсімдіктерге  қарағанда нитраттар көп жинақталады. Сол сияқты топырақта ылғал жетіспеген жағдайда да өсімдіктердегі нитрат мөлшері көбейеді. Сондықтан қазіргі кезде көкөніс өнімдеріндегі нитраттар мөлшерін төмендету жолдары қарастырылуда.

Азот тыңайтқыштары табиғи суларды ластайды, әсіресе адам мен жануарлар үшін ең зиянды — нитрат иондары. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының ұсынуы бойынша ауыз судағы нитрат иондарының шектеулі концентрациясы 11,3 мг/л.

Азот суларға негізінен, ауыл шаруашылық егістіктерінің ағызынды суларымен бірге келіп түседі. Жауын-шашын мол болған жылдары азот тыңайтқыштарын көп пайдаланған жағдайларда азот топырақтың 10 м-ге дейінгі тереңдігіне өтіп, грунт суларына жетеді. Ал құрғақшылық болған жылдары нитраттар грунт суларына жетпейді.

Су объектілерін нитраттармен ластанудан қорғаудың негізгі әдістері — тыңайтқышты қолайлы кезеңдерде бірнеше рет және дақылдың қоректік элементтерді сіңіру динамикасын ескере отырып беру. Егіске минералды тыңайтқыштар беру кезінде жергілікті жердің климаттық жағдайлары, агротехника түрлері, топырақтың қасиеті, суғару тәртібі, сорттар мен гибридтердің биологиялық ерекшеліктері, тыңайтқыш беру тәсілдері, т.б. факторлар ескерілуі қажет.

 

2.2 Топырақ құрамындағы қарашіріктің мөлшерін анықтау

 

Топырақтың құрамындағы қарашіріктің мөлшері спектрофотометриялық әдіс арқылы анықталды.  Массасы 0,3 г топырақ үлгісін 100 мл конустық колбаға салып, үстіне 20 мл 0,4 Н тотықтырғыш бихромат ерітіндісін цилиндрмен жайлап құямыз. Алынған ерітіндіні жақсылап араластырамыз, содан соң колбаны воронкамен жауып, электрлік плиткада 5 минут қайнатамыз /50/.

Қоспа 5 минут қайнаған соң салқындатып, үстіне 100 мл ге дейін дистильденген су құямыз. Бұдан кейін колбаны тығынмен жауып, тағы да араластырып, келесі күнге дейін қоямыз. Келесі күні тұнған ерітіндіні тұнбасын қозғамай, бөліп алып, фотоэлектрокалориметрдің кюветасына құямыз (l = 4 мм немесе 5 мм).

Спектрофотометрде  (светофильтр 590 см немесе 610 см) ерітіндінің тығыздығын өлшейміз. Ерітіндідегі көміртектің мөлшерін төмендегі формуламен анықтаймыз :

Д х 3 х 100 х(100 m/d

% С =   __________________;  

E x l x m x 1000 x 100

 

 

 

 

2.3 Топырақ құрамындағы қарашірік заттарын экстракциялау

 

Топырақ құрамындағы қарашірік заттарын экстракциялау үшін кептірілген топырақ үлгісін  (10 г) 0,1Н NaOH  ерітіндісімен эстракциялап, 24 сағаттан соң  3000 айналым/минут  бойынша 20 минут центрифугалап, одан соң рН = 1,0 ге дейін 0,5 Н  H2SO4 ерітіндісін қосып,  гумин қышқылын тұнбаға түсіреміз. Тұнбаны бетіндегі сұйықтығымен  тағы да  20 минут центрифугалап, гумин және фульво қышқылдары фракцияларын бөліп аламыз, су банясында қыздыру арқылы олардың кристаллдарын алуға болады.

Қарашіріктің сапалық құрамы топырақ құнарлылығының деңгейін көрсететін шама. Қарашіріктің сапалық құрамының негізгі көрсеткіштері гумин және фульво қышқылдары болып саналады. Қарашірік қосылыстарының гумин және фульво қышқылы фракцияларын анықтау, топырақтың биологиялық эрозияға, яғни қарашіріктің биологиялық жолмен минералдануға ұшырау мүмкіндігін білдіреді.

1-кестеде азот тыңайтқышының топырақтағы қарашіріктің құрамына әсері көрсетілген.

 

1 кесте

Минералдық тыңайтқыштардың топырақтағы қарашіріктің сапалық құрамына әсері (N90)

Варианттар Жалпы қарашірік, % Гумин қышқылы, % Фульво қышқылы, %  ГҚ :ФҚ
Бақылау 0,68 0,15 0,53 0,2
N90P60 1,0 0,32 0,68 0,34
N90P90 0,87 0,25 0,62 0,27
N90P120 0,92 0,15 0,77 0,19

 

Азот тыңайтқышының 90 кг/га мөлшері мен фосфор тыңайтқышының 60 кг/га мөлшері, сол сияқты азоттың 120 кг/га мөлшерімен де  фосфордың 60кг/га және 90 кг/га мөлшерлері жақсы үйлесім тауып, топырақтағы қарашірік заттарының минералдануға ұшырамай, нәтижесінде оның қорының асқталып, жинақталуына жағдай жасайтындығы байқалады. Бұнымен бірге қарашіріктің сапалық құрамына да осы дозалар тиімді әсер еткен.

 

2.4  Минералдық тыңайтқыштардың қарашіріктің құрамына әсері

 

Қарашіріктің  топырақтың құнарлылығында үлкен ролі бар. Ол минералдану процесі нәтижесінде түзілетін өсімдікке қажетті қоректік элементтердің резерві болып саналады. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша минералдық тыңайтқыштарды қарашірікке бай топырақтарда қолдану өте тиімді.

Бұнымен бірге, құрғақшылық аймақтарда аса маңызды ылғалды топырақта сақтауға да қарашіріктің әсері үлкен.

Табиғи жағдайда топырақ түзілу процесінің кез келген түрінің жүруі барысында топырақта белгілі мөлшерде қарашірік қоры жасалады. Тыңайтқыштар қолданылмайтын топырақтарда ауылшаруашылық дақылдарын өсіруде топырақта қарашірік заттары минералданып, топырақтағы оның мөлшері бірте бірте кеми береді. М.М.Кононованың мәліметтері бойынша, 12-13 жыл тыңайтқышсыз пайдаланылған тың жерлердегі топырақтың қарашірік мөлшері 70% дейін жоғалады.

Топырақтағы қарашірік мөлшерінің тұрақталуы оның органикалық заттармен үздіксіз қамтамасыз етілуінен.

Қарашіріктің сапалық құрамы топырақ құнарлылығының деңгейін көрсететін шама. Қарашіріктің сапалық құрамының негізгі көрсеткіштері гумин және фульво қышқылдары болып саналады. Қарашірік қосылыстарының гумин және фульво қышқылы фракцияларын анықтау, топырақтың биологиялық эрозияға, яғни қарашіріктің биологиялық жолмен минералдануға ұшырау мүмкіндігін білдіреді.

2 кестеде минералдық тыңайтқыштардың әртүрлі мөлшерінің топырақтағы қарашіріктің құрамына әсері көрсетілген.

Азот тыңайтқышының 90 кг/га мөлшері мен фосфор тыңайтқышының 60 кг/га мөлшері, сол сияқты азоттың 120 кг/га мөлшерімен де  фосфордың 60кг/га және 90 кг/га мөлшерлері жақсы үйлесім тауып, топырақтағы қарашірік заттарының минералдануға ұшырамай, нәтижесінде оның қорының асқталып, жинақталуына жағдай жасайтындығы байқалады. Бұнымен бірге қарашіріктің сапалық құрамына да осы дозалар тиімді әсер еткен.

 

 

2- кесте

Минералдық тыңайтқыштардың топырақтағы қарашіріктің сапалық құрамына әсері (N120)

 

Варианттар Жалпы қарашірік, % Гумин қышқылы, % Фульво қышқылы, %  ГҚ :ФҚ
Бақылау 0,68 0,15 0,53 0,2
N120P60 1,05 0,35 0,70 0,37
N120P90 1,05 0,19 0,86 0,21
N120P120 0,62 0,14 0,58 0,2

III — ТАРАУ.  ӘРТҮРЛІ МӨЛШЕРДЕГІ МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫҢ ТОПЫРАҚТЫҢ ҚОРЕКТІК ЭЛЕМЕНТТЕР ЖИНАҚТАЛУЫНА ӘСЕРІ

 

Күріш агроценозының топырағына агроэкологиялық фактордың (әртүрлі мөлшердегі минералдық тыңайтқыштар беру) әсер етуі ондағы қоректік элементтер мөлшеріне әрқилы әсер етеді.

Зерттеушілер, күріш егістігінің топырағына әр түрлі мөлшерде азот тыңайтқыштарын беріп топырақтың азоттық режимін анықтаған. Нәтижесінде, тыңайтқыш мөлшері артқан сайын анықталатын аммонийдің аз және көп мөлшері арасындағы алшақтық ұлғая түскен. Ғалымдар, осы мүдделілікті топырақ құрамындағы органикалық заттардың минералданып, жеңілгидролизденетін азотты қосылыстардың топырақтағы мөлшерінің азаюынан деп түсіндіреді.

Академик Елешов Р.Е  зерттеулері нәтижесінде табиғи ортаны ластанудан сақтай отырып, ауыл шаруашылық дақылдарынан экологиялық таза өнім алуға мүмкіндік беретін тыңайтқыштарды пайдаланудың тиімді технологиясының ғылыми негізін жасап, топырақтағы қоректік әлементтердің тасымалдануы мен минералдық элементтердің тиімділігі олардың түрі, үйлесімдері, мерзімі мен топыраққа ендіру әдістеріне байланысты екенін, түрлі минералдық және органикалық тыңайтқыштарды қолдану топырақ қарашірігін 7-8%-ға дейін жоғарылататынын дәлелдеген.

А.Т. Алиев, т.б. айтуынша, сұр топырақтағы қоректік элементтердің негізгі көзіне органикалық тыңайтқыштар жатады. Олардың үлесі 46% -ға дейін жетсе, минералдық тыңайтқыштарға осы қоректік элементтердің 43%-ға дейінгі мөлшері түседі екен /64/.

Ал, Ш.З.Мамиловтың зерттеу деректерінде күріш дақылының сіңіретін азоттың 50% — дан 75% — ға дейінгі мөлшері топыраққа түскен минералдық азоттың үлесіне тиетіні дәлелденген /58/.

Енді сұр топыраққа түскен азот-фосфор тыңайтқыштары әртүрлі мөлшерінің ондағы азот пен фосфор қосылыстарына қалай әсер ететінін далалық тәжірибе арқылы бақылау нәтижелерімен танысамыз.

 

3.1 Топырақтағы аммонийлі  және жеңіл гидролизденетін азот мөлшерінің өзгерісі

 

3-ші кестеде күріш егістігі топырағындағы аммонийлі азоттың тәжірибе барысындағы үш жылдық өзгерісі берілген.

Далалық тәжірибенің алғашқы жылы (1997ж.) аммонийлі азоттың ең жоғары мөлшерлері азот минералдық тыңайтқышын көп мөлшерде қолданған варианттар топырақтарында табылды. Әсіресе N120P60 және N120P90 варианттарында топырақтың үстіңгі қабатындағы (0-10 см) мөлшерлері, тиісінше 66,4 және 60,1 мг/ кг-ға жетті.

Азот тыңайтқышын 90 кг/га (ә.е.з.) мөлшерінде пайдаланған варианттар топырақтарында да аммоний қосылыстарының мөлшері жоғарыда айтылған варианттармен салыстырғанда біршама төмен болғанымен бақылаумен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Мысалы, N90P90 және N90P60 варианттарындағы аммонийлі азоттың мөлшері, тиісінше 48,3 және 42,2 мг/кг болып, бақылауға қарағанда 54,3% — ға және 39,2% — ға асты, ал фосфор тыңайтқышын көп мөлшерде N90P120 берген топырақта осы көрсеткіш 41,9 мг/кг-ға жетті.

Күріш вегетациялық кезеңінің күз айында тәжірибе варианттарындағы аммонийлі азоттың мөлшерлері көктемге қарағанда бірыңғай төмендеген. Айталық, азот тыңайтқышын көп мөлшерде (120 кг/га) пайдаланған варианттар топырақтарында, көктемде оның 0 -20 см қабаттағы мөлшері 47,6 — 63,5 мг/кг болса, күз маусымында — 38,4 — 59,3 мг/кг — ға дейін жетті. Дегенмен, аталған варианттардағы аммонийлі азоттың мөлшері тәжірибенің қалған варианттарымен салыстырғанда біршама жоғары.

Зерттеу жұмыстарының екінші жылы (1998 ж.) тәжірибенің алғашқы жылымен салыстырғанда, топырақ үлгілеріндегі аммонийлі азоттың мөлшері төмендеп, 27,7 мг/кг-нан 57,6 мг/кг аралығында болды. Ал, топырақтың жоғарғы қабатында азоттың мөлшері сәл жоғарылау. Біздіңше, бұл құбылыс алдыңғы жылдан қалған өсімдіктер қалдықтарының, т.б. азотты қосылыстары бар органикалық заттардың минералданып, топырақтың үстіңгі қабатын аммонийлі азотпен байытатынын байқатады.

3-кесте мәліметтеріне қарап отырсақ, топырақтағы аммонийлі азоттың ең көп жинақталуы N120P60 және N120P90 варианттарында орын алған, тиісінше 59,1мг/кг және 57,6 мг/кг, ал ең аз мөлшердегісі – бақылау және N90P120 варианттарында — 25,6 мг/кг және 33,8 мг/кг, тиісінше. Күз айында, тәжірибе топырақтарында бақылау вариантын есептемегенде, аммонийлі азоттың мол қоры шоғырланған. Мысалы, N120P60; N120P90 және N90P90 вариантының топырақтарында жинақталған азоттың мөлшері бақылаумен салыстырғанда (0-10 см қабатта), тиісінше 154,3%-ға ; 127,3%-ға және 52,9%-ға асып түсті. Сөйтіп, осы аталған варианттар топырақтарына берілген азот-фосфор тыңайтқыштарының үлесі, яғни мөлшері, екінші жылы топырақтың қойнауын күріш өсімдігіне өте сіңімді аммонийлі азот қосылыстарымен байытып, оның көп өнім алуына жағдай туғызған.

Азот-фосфор тыңайтқыштарының топырақтағы минералдық қоректік элемент- азот  түрлерінің

жинақталуына     әсері

 

Варианттар Мг/кг топырақта
Аммонийлі азот Жеңіл гидролизденетін азот Жалпы

қарашірік, %

Бақылау 14,1 35,5 0.69
N60 P60 17,8 39,6 0,74
N60 P120 19,3 38,4 0,72
N90 P60 31,5 63,2 0,94
N90 P120 29,4 50,4 0,88
N120 P60 40,5 87,8 0,97
N120 P120 37,8 72,4 0,85

 

Далалық тәжірибенің соңғы (1999 ж.) жылы топырақтағы аммонийлі азоттың мөлшері салыстырмалы түрде айтқанда орташа. Көктем айында алған топырақ үлгісіндегі аммонийлі азоттың ең көп жинақталған варианттары — N120P60 және N120P90, тиісінше 54,3 және 45,0 мг/кг. Азот және фосфор тыңайтқыштарының ең аз (N90P60) және көп (N120P120) берген варианттар топырақтарында аммонийлі қосылыстың мөлшері, тиісінше 24,8 мг/кг және 28,0 мг/кг болып, бақылаумен салыстырғанда 18,6% -ға және 33,9% -ға артты. Қарап отырсақ, азот тыңайтқышын егістік гектарына 120 кг-нан берген топырақтардағы аммонийлі азоттың мөлшері әр маусымда да өте жоғары.

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Минералдық тыңайтқыштардың көбіне жоғары мөлшерін қолдану топырақ құнарына елеулі өзгеріс әкелетін антропогендік фактор. Минералдық тыңайтқыштардың жоғары мөлшері және оларды егін шаруашылығында жүйелі түрде қолдану қарашіріктің минералдану процестерінің қарқындылығын және бағытын өзгертеді. Осыған байланысты органикалық қосылыстардың ыдырау деңгейі біршама төмендейді, нәтижесінде олардың құрамындағы азоттың мөлшері азаяды және қарашіріктің сапалық көрсеткіштері арасындағы қатынас та ұлғаяды.

Сонымен,  қорыта айтқанда:

— топыраққа N120P60   және N90P60  мөлшердегі тыңайтқыштарды, яғни  азот тыңайтқышының 90 және 120 мөлшері ондағы қарашіріктің сапалық құрамына оң әсерін тигізеді;

— сол сияқты топырақтағы аммонийлі, жеңіл гидролизденетін азот мөлшерлері оған берілген тыңайтқыштар мөлшерімен оң коррелятивті байланыста болады, яғни сонымен, тәжірибе топырақтарындағы аммонийлі азоттың мөлшерін зерттегенде, оның көп мөлшерде жинақталуы N120P60; N120P90 және N90P90 варианттарында байқалды. Демек, аталған варианттардағы азот пен фосфор тыңайтқыштарының үйлесімділігі, яғни синергизмі топырақта аммонийлі азот мөлшерін шоғырландыруға мол мүмкіндік туғызатынын көрсетеді. Егер де суға бастырылатын топырақта аммонийлі азоттың қоректік элемент ретінде жалғыз болатынын еске түсірсек, N120P60; N120P90 және N90P90 варианттарында дақылдан мол өнім алуға себебін тигізетінін байқаймыз.

  1. ЕҢБЕК ҚОРҒАУ

 

Еңбек қорғау – бұл жұмысшылардың еңбек ету процесіндегі денсаулығын сақтайтын және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, олардың еңбек ету мен демалысына  құқығын қамтитын заң шығаратын, әлеуметтік –экономикалық, техникалық, гигиеналық және емдік – профилактикалық шаралар мен жабдықтар жүйесі.

Ауылшаруашылық кәсіпорындарында еңбек қорғау жұмыстарын „Еңбек қорғау жұмыстарын ұйымдастыру ережелеріне „ сәйкес үйлестіреді. Осыған байланысты еңбек қорғау жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу басшылығы мен жауапкершілігі бас жетекшілерге жүктелген, ал бөлімшелерде олардың өз жетекшілеріне жүктеледі.

Жұмысты орындауға жіберілген адамдардың еңбегін қорғау жауапкершілігі, жұмыс жүргізіп жатқан қызметкерді басқаратын өнеркәсіптің жетекшісіне жүктеледі.

Жұмысшылар нұсқауын жұмысты өткізу уақыты мен сипатына қарай ГОСТ — қа сәйкес кіріспе, жұмыс орындаудағы алғашқы нұсқау, т.б. болып бөлінеді.

Кіріспе нұсқауын бас мамандар мен өнеркәсіп жетекшісі еңбек қорғау  инженерінің қатысуымен өткізеді. Жұмысқа келген адамдарға өндірістік оқытуды жұмысшының келген жеріндегі саланың бас маманы еңбек қорғау инженерінің қатысуымен өткізеді. Кіріспе нұсқауын типтік бағдарламаға сәйкес еңбек қорғау бөлмесінде немесе техникалық жабдықтар мен көрнекі оқу құралдарын қолданып, арнайы жабдықталған бөлмеде өткізеді. Кіріспе нұсқауын өткені және білімін тексергені жайлы, кіріспе нұсқауын тіркеу журналына нұсқау алушы мен нұсқау берушінің қолдары қойылады.

Жұмыс орнында жұмысқа қайта қабылданған немесе басқа жұмыстан ауысқан адамдармен жеке немесе бір жұмысты бірге орындайтын топпен алғашқы нұсқауды бірге өтеді.

Алғашқы нұсқау.   Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау бөлек кәсіп немесе жұмыстың түрлері үшін жұмыстың әдістері мен тәсілдері жекеше тәжірибелік нұсқаулармен жасалған еңбек қорғау инструкциясына сәйкес жүргізіледі. Жұмыс орнындағы алғашқы инструктаж бен білімін тексергеннен кейін барлық қызметкерлер 2-4 смена бойы жетекшінің бақылауында жұмыс істейді.

Кейіннен нұсқау берушінің жұмыс орнындағы нұсқауды тіркеу журналына дата мен қол таңбасы арқылы бекітілген жұмысшылардың дербес жұмыс істеуіне рұқсаты дайындалады.

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

Звягинцев Д.Г.   Успехи и современные проблемы почвенной                                  микробиологии  // Почвоведение. – 1987. — №10. Б. 44 – 52

  1. Никитишен В.И., Дмитракова Л.К., Забарин А.В., Егорова Е.Ф.   Эколого- агрохимические аспекты длительного применения минеральных удобрений в агроценозах на серой лесной почве подмосковья  // Почвоведение. – 1996. — №11. Б. 1376 – 1384

Нирка Е. Единственый верный путь – биологическое земледелие.  // Сельское хозяйство Молдавии. – 1990. — №9. Б. 9 –10.

Возняковская Ю.М.  Микробиологические основы экологичес-кой системы земледелия  // Агрохимия. – 1995. — №5. Б. 115 – 125.

Маринеску К.М.  Управление биологической активностью черно-земов  // Плодородие почв и эффективность удобрений  // Сб. научн. трудов. – Кишинев, 1991. – Б. 119 – 129.

Мишустин Е.Н. Пути повышения азотного баланса пахотных  почв СССР и выполнение продовольственной программы  // Изв. АН СССР. Сер. биол. – 1983. — №3.   Б. 325-345.

Кореньков Д.А., Руделев Е.В. Минерализация и иммобилизация азота почвы и удобрения  //Агрохимия. – 1984. — №11. Б. 130-138.

Башкин В.Н., Кудеяров В.Н. Определение азот — минерализую-щей способности почв для диагностики их азотного режима. //Агрохимия. – 1987. — №10. Б. 96-103.

Кудеяров В.Н. Цикл азота в почве и эффективность удобрений. – М.: Наука, 1989. – 216 б.

Ромейко И.Н., Битюкова Л.Б., Плишко М.К., Зиль Л.М.  Влияние агротехнических приемов на микробиологические процессы трансформации гумуса в мощном черноземе левобережной лесостепи Украины.  // Бюллетень ВНИИСХМ. – 1988. — №49. Б. 30-36.

Кидин В.В., Ионова О.Н. Трансформация и баланс азота удоб-рений при разных их формах и дозах в длительном лизиметрическом опыте.  // Изв. ТСХА. – 1993. — №3. Б. 92-107.

  1. 11. Абрамян С.А. Изменение ферментативной активности почвы пд влиянием естественных и антропогенных факторов // Почвоведение. – 1992. — №7. Б. 70-83.
  2. Носко Б.С. Минеральные удобрения в системе факторов антро-погенной эволюции черноземов //Почвоведение. – 1996. -№12. Б. 1508-1516.
  3. Ремпе Е.Х., Рагимова Р.У. Биологическая активность и режим азотного питания в сероземно-луговой почве при систе-матическом внесении возрастающих доз минеральных удобрений // Агрохимия. – 1988. -№6. Б. 73-83.
  4. Домрачева Л.И., Панкратова Е.М., Перминова Г.Н. Оценка биологического состояния почвы по ее » цветению» // Почвоведение. – 1992. — №12. Б. 71-80.
  5. Мишустин Е.Н., Калининская Т.А., Петрова А.Н. Влияние аль-голизации на урожай риса //Повышение плодородия почв рисовых полей // Сб. научн. трудов. – М.: Наука. – 1977. Б. 204-212.
  6. Умаров М.М. Ассоциативная азотфиксация в биогеоценозах //Почвенные организмы как компоненты биогеоценоза // Сб. научн. трудов. – М.: Наука. 1984. – Б. 185-199.

Николаенко Ж.И., Геллер И.А.  Влияние органических и минеральных удобрений на почвенную микрофлору  //Удобрение и продуктивность сахарной свеклы  // Сб. научн. трудов. – Киев, -1989. – Б. 90-94.

Щапова Л.Н. Количественная характеристика микро-флоры почв рисовых полей Приморья  // Сб. научн. трудов. – Л.: Наука. 1972. – Б. 136-146.

  1. Алехин В.Г., Алехина Л.В. Роль удобрений в регу-лировании почвенно — биологических процессов воспроизводства плодородия почв в агрофитоценозе  // Применение удобрений и химических средств в интенсивном земледелии Кыргызской Республики  // Сб. научн. трудов. – Бишкек. 1993. – Б. 12-27.
  2. Абжалелов А.Б. Биологическая активность лугово-болотных почв в зависимости от внесения минеральных удоб-рений и растительных остатков: Автореф. дис. докт. – Алматы, 1999. –46 б.
  3. Каутская Л.Б. Биологическая активность и состояние органи-ческого вещества серой лесной почвы при многолетнем внесении удобрений //Почвенно-агрохимические и эколо-гические проблемы формирования высокопродуктивных агроценозов  // Сб. научн. трудов. – Пущино. 1988. – Б. 87-88.
  4.  Стахурлова Л.Д., Щербаков А.П. Влияние различных способов внесения азотных удобрений на динамику минеральных соединений азота и ферментативную активность чернозема выщелоченного  // Почвоведение. – 1996. — №8. – Б. 992-998.
  5. Макаров Б.Н. Дыхание почвы и роль этого процесса в углерод-ном питании растений  // Агрохимия. – 1993. -№8. –Б. 94-105.
  6. 2 Благодатский С.Ф., Ларионова А.А., Евдокимов И.В.  Действие минеральных соединений азота на интенсивность дыхания и эффективность роста микроорганизмов в почве  //Почвоведение. – 1992. -№9. – Б. 88-97.
  7. Шарков И.Н. Влияние азотных удобрений на баланс углерода в почве в условиях вегетационнного опыта //Агро-химия. –1984. -№10. Б. 3-11.
  8.   Ларионова А.А., Розанова Л.Н., Стрекозова В.Н., Самойлов Т.И.  Влияние различных агроприемов на скорость газообмена серой лесной почвы  // Агрохимия. –1988. -№9. Б. 75-81.
  9. Карамщук З.П. Микробиологические основы почво-защитного земледелия. – Алма-Ата.: Наука, — 1989. – 199 б.
  10. Шарков И.Н.  Азотные удобрения и минерализация азотсодер-жащих соединений почв  // Почвоведение. – 1992. -№2. Б. 91-103.
  11. Помазкина Л.В., Лубнина Е.В., Зорина С.Ю., Котова Л.Г.,

Картоаломей И.В.  Динамика выделения  СО2 серой лесной почвой в лесостепи Прибайкалья  // Почвоведение. – 1996. №12. Б. 1454-1458.

  1. Кудеярова А.Ю., Корнягева Н.Н., Давыдкина Л.В., Кварацхелия М.З.  Влияние форм фосфатов удобрений на биологическую активность и подвижность органического вещества серой-лесной почвы  // Почвоведение. – 1991. -№4. – Б. 143-154.
  2. Бардышев М.А., Павловская Г.А., Яцевич В.А.,  Тикавый В.А.    Влияние системы удобрений на протеалитическую активность почвы  // Почвоведение. – 1995. -№12. Б. 1504-1508.
  3. Свирскене А.К., Донкуне Р.И. Влияние высоких доз  азотных  удобрений на микробный ценоз и ферментативную активность почвы культурного пастбища // Микробиологические процессы в почвах и урожай сельскохозяйственных культур  // Сб. научн. трудов.- Вильнюс. 1986. – Б. 338-340.
  4. Бардышев М.А., Павловская Г.А., Яцевич В.А., Свирид И.А. Изменение биологической активности дерново-подзолистой почвы в севообороте под воздействием повышенных доз азотных удобрений  // Вестник АН БССР, сер. биол. наук. – 1991. -№5. Б. 22-26.
  5. Одум Ю. Экология. Часть 1-2 – М., 1986 г.
  6. Риклефс Р. Основы экологии. –М., 1979 г.
  7. Новиков Г.Л. Основы общей экологии и охраны природы – М., 1979 г.
  8. Бродский А.К. Краткий курс экологии. Алматы Наука. – 1998 г.
  9. Фурсов В.И., Амиргалиев М.Г. Краткий курс экологии. – Алматы, 1996 г.

Гиляров А.М. Популяционная экология. –М., 1995 г.

Банников А.Г., Рустамов А.К., Вакулин А.А. Охрана природы – М., 1985 г.

Фурсов В.И. Охрана природы в сельском хозяйстве. – Алматы, 1987 г.

Сагимбаев Г.К. Экология и экономика. – Алматы.: Каржы-каражат, 1997.

Уатт К. Экология и управление природными ресурсами. – М.: Мир, 1971.

Федоров В.Д., Гильманов Т.Г. Экология. –М.: Изд-во МГУ, 1980.

Чернова Н.М. Лабораторный практикум по экологии. – М.: Изд-во МГУ, 1986.

Чернова Н.М., Былова А.М. Экология. – М.: Просвещение, 1987.

Шилов И.А. Экология. – М.: Высшая школа, 1998.

Саданов А.К., Абжалелов А,Б., Аскарова У.Б.  Практикум по экологии.  Алматы, 1999 г.

Саданов А.К., Абжалелов А,Б., Аскарова У.Б.   Экология. Учебник для студентов ВУЗов. Алматы, 2001 г.

Канаев А.Т., Сагындыкова С.З.  Экология окружающей среды Казахстана. Алматы, 2002 г.

  1. Звягинцев Д.Г. Успехи и современные проблемы почвенной                                  микробиологии  // Почвоведение. – 1987. — №10. Б. 44 — 52
  2. Никитишен В.И., Дмитракова Л.К., Забарин А.В., Егорова Е.Ф.   Эколого- агрохимические аспекты длительного применения минеральных удобрений в агроценозах на серой лесной почве подмосковья  // Почвоведение. – 1996. — №11. Б. 1376 — 1384
  3. Нирка Е. Единственый верный путь – биологическое земледелие. // Сельское хозяйство Молдавии. – 1990. — №9. Б. 9 –10.
  4. Возняковская Ю.М. Микробиологические основы экологической системы земледелия  // Агрохимия. – 1995. — №5. Б. 115 – 125.
  5. Абжалелов А.Б. Биологическая активность лугово-болотных почв в зависимости от внесения минеральных удобрений и растительных остатков: Автореф. дис. докт. – Алматы, 1999. –46 б.
  6. Андреюк Е.И., Иутинская Г.А., Дульгеров А.Н. Почвенные микроорганизмы и интенсивное землепользование. – Киев: Науково думка, 1988. – 192 б.
  7. Орлов Д.С. Проблемы контроля и улучшения гумусного сос-тояния почв // Биологические науки. –1981. — №2. Б. 9-21.
  8. Семенов А.М., Мурзаков Б.Г., Мишустин Е.Н. Сохранение и приумножение запасов гумуса – глобальная природоохранная проблема  // Микробиологические методы защиты окружающей среды  // Сб. научн. трудов. – М., 1998. –Б. 67 – 69.
  9. Давлятшин И.Д., Беспаева Р,С., Черницына Л.Н. Статисти-ческие параметры содержания гумуса в черноземах обыкновенных Северного Казахстана  // Почвоведение. – 1996. — № 2.  Б. 208 – 212.
  10. Саданов А.К., Абжалелов А.Б. Сохранение и воспроизводство

гумуса и способы его стабилизации  //Экологическая методология возрождения человека и планеты Земля // Тез. Докладов. – Алматы, 1997. — №2. – 171 б.

  1. Багданавичене З.П., Буравичене И.А., Ваганас И.Ю., Ласкаус- кайте Д.А.  Действие повышенной дозы азотных удобрений на биологическую активность дерново – подзолистой субпесчаной почвы  // Научные достижения микробиологии – народному хозяйству  // Сб. научн. трудов. – Вильнюс, 1988, №2. – Б. 72 – 75.
  2. Аскарова У.Б. Влияние различных доз минеральных удобрений на экологическое состояние лугово-болотных почв. Автореферат дис. канд. – Алматы, 2002г.
  3. Саттаров Д.С., Валиев В,В. Динамика содержания гумуса в почвах Узбекистана // Агрохимия. – 1990. №9.  Б. 95 –98.
  4. Орлов Д.С. Химия почв. – М.: Изд-во МГУ, 1992. – Б. 400

 

 

    

 

 

0

Автор публикации

не в сети 3 года

Назира

1
Комментарии: 0Публикации: 167Регистрация: 25-12-2019

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля