12 октября, 2017 10:34
Бақылау және жай-күй анықтау жұмыстары автомобильдің, оның агрегаттарының жағдайын, техникалық жағдайын бөлшектеп бұзусыз анықтауға арналған. Бақылау, жай-күй анықтау жұмысының мөлшері қазіргі автомобильдер үшін орындалатын жұмыс бөлігінің 30%-ын құрайды.
Автомобильдің жай-күйін анықтағанда, қозғалыс қауіпсіздігінің талаптарына сай келмейтін техникалық жағдайлар анықталады, ал техникалық қызмет көрсету алдында атқарылған жай-күй анықтау ақауларды жою қажеттілігін анықтап, ТҚ және АЖ жұмыстарының сапасын қадағалайды.
Жай-күй анықтау автопарктің техникалық қызметін басқару жүйесінде ақпараттық-бақылау блогы болып табылады және ол өндірісті басқару бөліміне бағынады.
Арналуына, мерзімділігіне, еңбек қажеттілігіне, орындалатын жұмыстың тізіміне, ТҚ және АЖ технологиялық үдерістерінің орындалуына байланысты кезеңдік жай-күй анықтау, жоғарыда көрсетілгендей, Д-1 және Д-2 болып бөлінеді.
Д-1 автомобиль механизмдерінің (тежеу жүйесі, баскару механизмі, жарықтандыру аспаптары) жай-күйін анықтап, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Д-1 ТҚ-1 жасалғанда немесе соның алдында жүргізіледі.
Автомобильдің толық экономикалык көрсеткіштері және оның негізгі агрегаттарында ақаулардың анықталуы бойынша Д-2 жай-күй анықтау жұмыстары жүргізіледі. Д-2 техникалық қызмет көрсету ТҚ-2 жұмыстарын жүргізу алдында атқарылады.
ТҚ-2 және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті ақпаратты күй анықтағыш стендтер және тасымалды аспаптар арқылы алады. Техникалық қызмет көрсету жэне жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ақауларды айқындау үшін (арнаулы бекеттерде, желіде, жэне цехтарда) тасымалды аспаптарды пайдалана отырып, жедел технологияльщ күй анъщтау (Др) жүргізеді. Ірі автопарктерде жедел күй анықтауды қажет болған жағдайда стендтермен жабдықталған арнаулы бекеттерде жасайды.
Реттеу жұмыстары — бөлшектер мен механизмдерді ауыстырмай, берілген нысандардың техникалық жағдайын қалпына келтіру. Ол жұмыстар жай-күй анықтау нәтижелері бойынша жүргізіледі.
Автомобильдерге толык күй аныктау жүргізу. Автомобильдерге толық күй анықтау жүргізудегі мақсатының пайдалану көрсеткішінің деңгейін: қуатын; жанармай үнемдегіштігін; қозғалыс қауіпсіздігін жэне оның қоршаған ортаға тигізетін эсерін анықтау. Осы көрсеткіштердің белгіленген мөлшерден төмендеуін анықтап, тереңдетілген күй анықтау жұмыстарын жүргізеді.
Қазіргі кезде автомобильдің жэне оның кұрылғыларының жай-күйін толық анықтау үшін неше түрлі стендтер мен аспаптар қолданылады. Оның ішінде көліктің жай-күйін анықтауда компьютерлік тексеру тәсілдері жетілдірілуде.