9 октября, 2017 10:52
Қандай да бір нысанның техникалық жағдайын бағалау үшін, қүрылғының дәл осы сәттегі мэндерін нормативтік көрсеткіштермен салыстыру қажет. Дегенмен көп жағдайда құрылымдық өлшемдер бөлшектеусіз өлшенбейді және де ол орынсыз, бөлшектеп бұзу-жинау бөлшектердің жұмыс істеу қорын 30…40% қысқартады. Ол үшін жай-күйін анықтағанда құрылғыны бөлшектеп-жинамайақ жанама мәліметтерге сүйене отырып, бергіштердің көрсеткіштерін салыстыру қажет.
Жай-күй анықтау тәсілдері автомобильдердің, оның құрылғыларының, жүйелерінің параметрлерін өлшеу тэсілімен атқарылады. Қазіргі кезде күй анықтау параметрлерінің түрлері бойынша техникалық өлшеу құралдары үш топқа бөлінеді . Бірінші топтагы жабдықтар жылдамдық жэне күш түсіріп жұмыс істеу тэртібіне ұқсастыру арқылы есептеуге негізделген. Бұл үшін айналатын барабанды стенд немесе параметрлері жұмыс барысында желіде анықталатын аспап қолданылады.
Екінші топта келесі тәсіл қолданылады: қозғалтқыштың цилиндрлі-поршеньді топтарының тозу дәрежесін; тежеу жүйесінің жұмысқа жарамдылығын; клапандардың тығыз орналасуын анықтау үшін тексерілетін нысандарға сығымдалған ауа немесе вакуум орнату аркылы оның көрсеткішінің өзгеру қаркындылығын өлшеу арқылы бағалау.
Үшінші топ — тетіктердің геометриялық параметрлерін эділетті бағалауға бағытталған тәсіл.