15 октября, 2017 9:53
Механикаландырылған жуу технологиясының өзіндік ерекшеліктерін автомобильдердің ластану түрлеріне байланысты қарастыратын болсак, онда біртектес құрылғылардың қайталануын болдырмауды дұрыс түсінуге бағыттайды.
1. Топырақ құрамдас кірдің автомобильдің металл бөлшектеріне қатты жабысқандығынан оны кетіру қиынға түседі, ондай кірді кетірудің жолы — сумен алдын ала жібітіп алып, содан кейін жуу, сонда су кірді толық жібітеді, бұл сапалы жуудың шарты болып табылады. Топырақ құрамдас кірді кетіру үшін автомобильді алдын ала сулап қою кажет. Сондықтан да барлық қозғалмайтын жуу қондырғылары бүріккіші бар себезгі бөлімшесімен жабдыкталған. Ол автомобильдің сыртқы бетін алдын ала сулап қоюға арналған. Кейбір жағдайда ол құрылғыны жуатын орыннан бөлек жерге орнатылады, мұнда суланған машинаның кірі жібіп тұруы мақсаты көзделген.
Кейде сондай себезгі бөлімшесін жуу қондырғысынан кейін де орналастырады, онда ол ақырғы жууда қалған майда құм тәріздес қалдықтарды кетіру үшін қолданылады.
2. Битумды және майлы дақ синтетикалық жуғыш заттар қосылған сумен жоғарғы қысым арқылы жуылады. Бұл жуу тәсілі жалпылама қолданылмайды, себебі жуудың құнын қымбаттатады, сондай-ақ жуылған суды қайта пайдалануға болмайды, себебі ол суды тазалау қымбатқа түседі.
3. Автомобильдің астыңғы жағы, оның астына орнатылған агрегаттары, аспалары әртүрлі қалдықтардан (топырак, лай, битум, қүммен араласқан асфальт, қысқы кезде мұз) қүралған ластардан өте қатты ластанады. Күнделікті қызмет көрсету кезінде көптеген автопарктерде автомобильдердің асты жуылмайды. ТҚ-1, ТҚ-2 және жөндеу жүргізу кезінде ғана толық жуылады. Соның нәтижесінде автомобильдің астына кеп рет жуғанда да тазаланбайтын кір жиналады. Ондай кірлерді тек 100°С-қа дейін қызған, жоғарғы қысыммен шашырап атқылаған сумен кетіруге болады. Кейде ондай кірлерді 140°-қа дейін қызған су мен буды 2,8 МПа қысыммен беру арқылы кетіруге болады.
4. Автомобильдің шанақтарын жуған кезде қатты щетка қолданатын жағдайда, олардың айналу жылдамдығы тез болатындықтан, щетканың кейбір қылшықтары бояудың бетін бүлдіріп, бояудың беті күңгірттенеді. Сондықтан боялған бет бүлінбеуі үшін, щетканың алдына қосымша су беріліп, щетканың шанақ бетіне тимеуін қамтамасыз етеді. Кейбір фирмалар щетканың орнына жұмсақ синтетикалық жіп қолданады.
5. Щетка ақаусыз жұмыс істеуі үшін электр қозғалтқыш редуктормен бірге қолданылады, оны мотор-редуктор деп атайды. Бұрынғы жуу құрылғыларында белдікті беріліс қолданылған, ол тез істен шыға беретін болған.
6. Жуу барысында щеткалардың күрделі қозғалыс жасауын автомат қадағалайды. Щетка жуылатын бетпен қозғалғанда оған тақалып тұруы қажет, оны щеткаға қойылған серіппе реттеп тұрады.
7. Шашыратып жуатын қүрылғыларда судың шашырайтын ауданын ұлғайту үшін қосалқы құрылғы орнатылады, ол тербелмелі қозғалыс жасап түрады. »
8. Электр энергиясын және суды үнемдеу үшін, автомобиль жуатын орынға жақындағанда судың берілуі жэне щеткалардың жұмыс істеуі іске қосылады, ал автомобиль жуудан шыққанда судың жэне электр қуатының берілуі тоқталады.