Салқындату сұйықтығын ауыстыру

22 ноября, 2017 18:30

Автомобиль әр 60 мьщ шақырым жол жүргеннен кейін, салқындату жүйесіне жөндеу жұмыстарын жүргізгенде немесе оның бір элементін ауыстырғанда, салқындату сұйықтығын ауыстыру қажет.

 

Өйткені жүйедегі коррозияға қарсы нэрселер жаңа, жөнделген немесе тазартылған бөлшектерге коррозияға қарсы қабат тудырып, орнығып қалады. Ал сұйықтықтың құрамындағы коррозияға қарсы заттар азаяды.

Салқындату сұйықтығын қозғалтқыштың суық кезінде ауысты- рады. Егер қозғалтқыш қызып тұрған кезде салқындату сұйықтығын ағызып алатын болсақ, металл бөлшектер күрт салқындайды. Сондықтан салқындату сұйықтығын жұмыс істеп тоқтағаннан біраз уақыт өткеннен кейін ауыстырған жөн.

Салқындату жүйесіндегі сұйықтықты ауыстыру үшін келесі операция- ларды  орындау керек:

 

•       кеңейтілген күбінің тығынын (2) ашып (суретте) жэне қозғалтқыш астына сұйыктықты ағызып алуға ыдыс кояды;

•       цилиндрлер блогында орналасқан (13) сұйықтықты ағызуға арналған тығынды ашып, салқындату сұйықтығын ағызады;

•       радиатордан салқындату жүйесіндегі сұйықтықты ағызу үшін, оның оң жағында орналасқан тығынды (16) ашады;

Қозғалтқыштан сұйықтықты ағызып алғаннан кейін:

•       цилиндрлер блогында жэне радиатордағы тығынды жабу керек;

•       кеңейтілген күбішік (4) арқылы салқындату жүйесін таза сумен толтырады, сұйықтықтың көлемі күбінің (3) сызығынан 8-10 мм жоғары болуы керек;

•       тығынды (2) жабады;

•       қозғалтқышты іске қосады;

 Қозғалтцыіитың салқындату жүйесінің сұлбасы:

1 — салонды жылыту жүйесінің радиаторы; 2 — кеңейтілген күбінің тыгыны;

3 — күбінің төменгі және жогаргы жартысының жалганган сызыгы;

4 — кеңейтілген күбішік; 5 — буды жүйеден шыгаруга арналган түтік;

6 — салқындату жүйесінің радиаторы; 7 — салқындату жүйесінің электрлі
желдеткіші; 8 — электр қозгалтқышты қосатьін сезгі; 9 — термостат;

10 — сусоргы; 11 — қозгалтқыш; 12 — температура көрсеткішінің сезгісі;

13 — цилиндрлер блогындагы сүйықтықты агызуга арналган шүмек;

14 — енгізу қүбыры; 15 — салонды жылыту жүйесінің шүмегі;

16 — радиатордагы сүйықтықты агызуга арналган тыгын

 

•       радиаторды жуу мақсатында сұйыктық үлкен шеңбермен айнал- ғанша, иінді біліктің төменгі айналымында қозғалтқышты қызды- рады;

•       одан кейін қозғалтқышты тоқтатады;

•       сұйықтықты ағызады;

•       жүйені қайта сумен толтырып, жууды қайта қайталайды;

•       жүйе қайтадан жуылғаннан кейін суды ағызады;

•       радиатор мен цилиндрлер блогының арасындағы резеңке қүбырды ағытады;

•       радиаторды және цилиндрлер блогын 1 кгс/см2 қысымды сумен сұйықтықтың айналымына қарсы бағытта үрлейді.

Сумен үрлеп жуудан кейін радиатор мен цилиндрлер блогы арасындағы резеңке құбыршегін қайта орнына кигізіп, оларды қамытпен бекітеді. Одан кейін салқындату жүйесін сұйықтықпен толтырып, қозғалтқышты бос жүріс режимінде иінді біліктің жоғарғы айналымында 3-4 минут жұмыс істетеді. Бұл операцияның көмегімен жүйенің тығыздығын тексеріп жэне жүйедегі ауа кептелісін жояды. Қозғалтқыш жұмыс істеп тоқтағаннан кейін сұйықтықтың көлемін тексереді. Егер сұйықтық көлемі қалыптыдан төмен болса жэне салқындату жүйесінде сұйықтықтьщ ағып тұрған жері болмаса, салқындату сұйықтығын қалыпты көлемге дейін толықтырады.

 

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля