16 октября, 2017 9:42
Жеңіл автомобильдерді жууға арналған стационарлы қондырғы \ҮазһТес бірнеше бөлімнен тұрады және әрқайсысы белгілі бір жұмысты атқарады.
Алдын ала жуу жалпы жуудың нәтижесіне ықпал етеді. Ү/ахһТес қондырғысы аз уақыттың ішінде сапалы жуу жұмысын аткарады. Алдын ала жуу порталында үш шашыратқыш жүйені біріктіруге болады: алдын ала химиялық сулау; көбік беру жүйесі жэне дөңгелекті жуатын арнаулы жүйе. Көбіктенген жуғыш зат топырақ, лайды тез жібітіп, келесі жуу жүмысын тездетуге әсер етеді. Судың жоғарғы қысымының арқасында жабысып қалған дактар мен қоқыстарды кетіреді. Еденге орнатылған бүріккіш автомобильдің астыңғы жағын тазалайды.
ТВ сериялы автомобильді жуғыш конвейер. Бұл сериядағы конвейердің бес түрі пайдаланылады, 10,9 м.-ден 17,4 м.-ге дейін. Жоғары өнімді, сағатына 30-50 автомобиль жууға қабілетті.
Жуғыштың гұркы болаттан жасалып, сырты галваникалық затпен қапталған. Конвейердің ұзындығына байланысты оған полиэтиленнен жасалған үш немесе бес щетка орнатылған. Щеткалар өте жұмсақ талшықтардан жасалған. Көлденең щеткалардың козғалысы гидравликалық жүйемен басқарылады, ал олардың қысымы бергіштер арқылы реттеледі.
Автомобильді кептіру өнімділігі жоғары желдеткіштер арқылы атқарылады, жалпы қуат қажеттілігі — 11-30 кВт. Химикатты қатаң дозамен береді.
Автоматтандырылған жеңіл автомобильдерді жуатын конвейердің туннельді түрі төменгі суреттерде көрсетілген: 1-суретте конвейердің жалпы көрінісі; 2, 3, 4-суреттерде әртүрлі жұмыс бөлімшелері келтірілген; 5 — соңғы кептіретін бөлім.