Қазақ автомобиль көлігі

4 октября, 2017 18:19

XXI ғасырдың басында Қазакстанда автомобильдердің саны 4 млн.-ға жетті, оның ішінде 2012 жылдың 1 тамызында жеңіл автомобильдердің саны 3,6 млн.-ды кұраса, мұның төрттен үш бөлігі — жеке тұлғалардың еншісіне тиетін автомобильдер. Бүгінгі таңда тек Алматы қаласының өзінде автомобильдердің саны 500 мыңнан асады екен.

Автомобильдердің жұмысқа жарамдылығы, оның қозғалыста қауіп- сіздікті қамтамасыз етуі оларға өз уақытысында техникалық қызмет көрсетуге жэне жөндеу жұмыстарын сапалы орындауға байланысты.

Қазіргі кұрылысы жағынан күрделі көліктерге техникалық қызмет көрсету жэне жөндеу жұмыстарын жүргізу білікті мамандарды қажет ететіндігі белгілі.

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсететін және жөндейтін мамандарды дайындаудағы негізгі мақсат: машиналардың техникалық жағдайының өзгеріске ұшырауын; оларға техникалық қызмет көрсету тэртібін жэне қолданылатын кұрал-жабдықтарды орынды пайдалана білуді; техникалык кызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын талаптарға сай басқаруды ұйымдастыру болып табылады.

Қазіргі таңда автомобильдер жэне тасымалдау саласында ұйымдастыру мен басқару жұмыстарының өзгеруіне байланысты автомобильдерді техникалық талаптарға сай пайдалануда ауытқу пайда болды. Қазіргі нарьщтык кезеңде табыс табу жағына көбірек назар аударылып, автомобильдерге техникалық кызмет көрсету шаралары көлеңкеде қалып бара жатқанына көңіл бөлмеуге болмайды.

Автомобильдерге мерзімдік техникалық қызмет көрсетудің өз уақытысында міндетті түрде жүргізілуі қағидасының бұзылуы осы саладағы білікті мамандардың жетіспеушілігінен деп есептеуге болады.

Президенттің техникалық саладағы мамандарды дайындауға аса көңіл бөлуі — бұл саладағы мамандардың жетіспеушілігінен шыккан шешім. Техникалық мамандар даярлайтын оқу орындарында мемлекеттік тапсы- рыс бойынша мамандар дайындалуда.

Бұрынғы ірі техникалық қызмет көрсететін, жөндейтін кәсіпорындар- дың орнына майда кэсіпорын пайда болып, қажетті жабдықтардың тапшылығының нәтижесінде, қазіргі күрделі жабдықтарда жұмыс істейтін мамандардың жетіспеушілігінен көліктердің жай-күйін анықтау, техникалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстардың сапасы нашар- лады.

Автомобиль көліктерінің пайдаланылатын көліктердің ішіндегі ең қауіптісі болып бара жатқанын күнделікті мэліметтерден білеміз. Көліктердің техникалық жағдайы талаптарға сай болмауынан жанармай шығынының артуы, қоршаған ортаны ластауы, ең қауіптісі, жол-көлік оқиғаларының орын алуы жиі кездеседі. Ірі қалаларда, мысалы, Алматыда ауаның ластануының 85%-ы автомобильден екенін айтпауға болмайды.

Бұл келтірілген келеңсіз жағдайлардың барлығы автомобильдердің техникалық жағдайының талаптарға сай еместігінен, оларға сапалы техникалық қызмет көрсететін білікті мамандардың жоқтығынан болады.

Кейінгі кезде автомобиль көліктерінің техникалық жағдайын жақсартуға қойылатын талап айтарлықтай артты, оларға халықаралық нормаларға сай жұмыс жүргізу — қазіргі таңның талаптары.

 

 

0

Автор публикации

не в сети 3 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля